Қазақстан республикасының азаматтық ҚҰҚЫҒЫ (жалпы бөлім) «Юриспруденция»



бет4/6
Дата11.06.2016
өлшемі496 Kb.
#128302
1   2   3   4   5   6

6.1 Келісімшарттың түрлері 


         1) Мәмiленiң тараптарының сандарына байланысты (ҚР АК 148-шi, 149-шы баптары) келiсiмшарттар бір жақты (өсиет, сенiм хатты беру), екi жақты (жалға алу келісімі, қарыз алу келісімі және т.б.) және көп жақты (мысалы, үш тұлғаның арасындағы бiрлескен қызмет туралы келiсiм шарты) болып бөлінеді. Мәмiленiң тараптарының саны бiрнеше меншiк иелеріне ортақ дүниелердi сатып алу-сату келiсiмшарты бойынша (дүкеншiмен) бiр тарап бола тұра сататын кезде бiр тарапты сөйлеушi тұлғалардың көптiгiмен шатыстыруға болмайды. Екi жақты және көп жақты мәмiлелерді келiсiм шарттары деп атайды;

         2) Олар келісімнің негiздерiмен байланыстылығының дәрежелерi бойынша себепсiз және абстрактiлi болып жiктеледi. Себепсiз мәмiленiң заңға сүйенген мақсаттары заңсыздық немесе қол жетерлiк еместiк оның нақты еместiгiн бiлдіредi;

        3) Бір жақтың міндеттемелері екінші жақтың қарсы міндеттемелеріне сәйкес келу-келмеуіне байланысты келісімдер ақылы және ақысыз шарттар болып бөлінеді;

         4) Егер де келісімшарт жасау үшін екі тараптың келісімі ғана жеткілікті болатын болса, онда бұл – консенсуалды келісім. Егер бұдан басқа келісімнің нысаны олып отырған мүлікті беру қажет болса, онда бұл – шынайы келісім (қарыз келісім, сыйлау келісімі және т.б.);

         5) Бір келісімнің екінші бір келісімге тәуелділігіне қарай олар негізгі және акцессорлық деп те бөлінеді (қосымша). Мысалы, үйді сату немесе сатып алу туралы келісімшарт – негізгі, ал алдын-ала кепілдеме төлем төлеу туралы келісім – акцессорлық;

         6) Көп жағдайда мәмiледе тараптарда құқықтар мен мiндеттемелердің пайда болуы қандай болмасын белгiсiз айғақтың болуымен байланыстырылады, бірақ олар болады немесе жоқ бұл белгісіз, яғни - шартты мәмiлелер. Шартты мәмiлелер мәмiледе мүлтiксiз (заңға сүйенген салдардың пайда болуы шарттарға тәуелдi болады) кейiнге қалдырылған шартпен және мүлтiксiз (заңға сүйенген салдардың тоқтатылуы шартқа тәуелдi болады) жоятын шарттармен жiктеледi. Шартты мәмiлелердiң ерекшелiктері ҚР АК 150-шi бабында ескерiлген. «Шартқа» қойылатын нақтылы талаптар бар болады. Шартты мәмiленi жарамсыз деп мойындаулары үшiн солардың ең болмаса бірінің жоқтығы жеткiлiктi. Шартты жағдай болуы, тараптың ерiктеріне байланысты емес.

АК 150 бабы шартты келісім қатысушыларының мүдделерін қорғайды.
6.2 Келісімшарт формасы 

         Келісім формасы ретінде келісімді жасауға бағытталған әдіс аталынады, оның көмегімен ерік білдіру реттеледі.

          Келісім формасына ҚР АК 151 – 155 баптары арналған.  Жалпы формалар (РФ АК 151 бабы) ауызша және жазбаша келісімдер деп бөледі, ал жазбаша келісім қатарынан – қарапайым немесе нотариалдық формада жасалған келісімдер.

          а) ауызша келісімдер.

ҚР АК 151-шi бабының 2 тармағында айтылғандай, заңнамамен немесе тараптардың мақұлдауымен жасалған келісімде міндетті жазбаша форма қарастырлмаған болса, ол ауызша бола алады. Осылайша, мәмiле жасайтын тұлғада ауызша және жазба түрдегi формаларын таңдау еркі ереже болып табылады, ал міндетті жазбаша түрi – ерекшелік болып табылады. Жазбаша түрi мына жағдайларда ғана міндетті болады: бұл туралы заңда тікелей нұсқау бар болса немесе тараптар олар жасаған келісімді жазбаша түрдегі формаға келтіру қажеттілігі туралы келісімге келеді. Ауызша мәмiлелер (ҚР АК 151-шi бабы) тұлғаның ерiгiнiң сөздік сөйлесімі арқылы жасалады. Оған қоса мына жолмен жасалатын келісімдер де бар: конклюденттік жолмен жасалатын келісімдер (тұлғаның келісімге келгісі келетінін көрсететін әрекеттер (банкоматтың көмегімен операцияны жүргізу), ал заңда немесе келісімде осы мақсатта нақты нұсқаудың бар болуы жағдайында үндемеу жолымен (ҚР АК 151 бабының 4 тармағы). Сонымен қатар  ҚР АК 151-шi бабының 3 тарауына сәйкес билет, жетон немесе басқа растайтын таңбаны берумен жасалған келісім ауызша жасалған келісім деп танылады.

          АК келісімнің ауызша жасалу мүмкіндігін ерекше бағалайды, ол сол жерде орындалады (мысалы, тауарды көтерме немесе бөлшектеп сататын дүкеннен алған кезде тауарды беру мен оны құнын төлеу бір мезгілде болады).

          б) жазбаша келісімдер.

         АК (ҚР АК 151 бабының 1 тармағы) жазбаша түрге негізделген келісім жасау мүмкіндігін қарастырады, егер заңда, басқа да құқықтық актіде немесе келісімнің өзінде осы брінші келісім туралы міндетті жазбаша форма қарастырылмаған жағдайда жасалады.

   ҚР АК 152, 153, 154 баптары ортақ ережені бекітеді, олар келісімді жазбаша жасау тәртібін анықтайды, сонымен қатар мұндай форма міндетті болған жағдайларды да қарастырады.

         Жазбаша келісім құжат құрастыру жолымен іске асырылады.  

       ҚР АК 152-шi бабы жазбаша мәмiлелер жасауға арналған, арнаулы шешiмiмен басқа арнайы нормалардың қатарына қарағанда ортақ болып табылады. 152-шi баптарымен қатарлас басқа да нормалар бар, олар міндетті жазбаша форманы қарастырады. Жазба түрiндегi сондай абсолюттi мiндеттiлiктен 166-шы бап (коммерциялық өкiлдiк туралы келiсiм шарты), 167-шi бап (сенiмхат), 294-шi бап (тұрақсыздық айыбының мiндеттемесi), 307-шi бап (кепiлзат туралы келiсiмшарт), 331-шi бап (кепiлшiлiк), 337-шi бап (кепiлпұл ), 346-шы бап (талаптан бас тарту ), 348-шi бап (борышты ауыстыру ), 390-шi бап (алдын ала келiсiм шарты) тағы басқалар.

Сөзсiз жазба түрiндегі талаптардың бұзылулары басты салдармен сол туралы дау пайда болған болады. Келісім заңның талаптарына қарсы болуы мүмкiн бе? Заңның талаптарына қарамастан ауызша болған келісімдер, оны растауда дәлелдердiң шектелген шеңберiн қолдануға құқығы болатын тараптар бар.

Бұл Азаматтық iс жүргiзу заңдарымен ескерiлген кез-келген дәлелдеу құралдары (тараптардың түсiндiруi, жазбаша және айғақты зат, сарапшы қорытындысы) (ҚР АК 153-шi бабы) куәгерлiк мәлiметтерден басқа да бола алады. Куәгерлiк мәлiметтердi қолдануға тыйым салу мына жағдайларға таралады: тараптың мәмiленi iске асыру жағдайы, оның мазмұны немесе (орындамау) орындауы т.б. Осылайша, егер заңға қарсы, керiсiнше жазба түрiнде талап ететiн келісім ауызша болса, сайып келгенде, «ақша алмадым» деген сияқты сөздер (несиелік келісім жасалмаған) екінші тарап куәлардың жоқтығынан мұнымен сөз таластыруға құқылы емес.

       в) келісімнің нотариалды куәландырылуы және келісімнің мемлекеттік тіркеуі.

        Мәмiлелердiң нотариус арқылы куәландырылуы ҚР АК 154-шi бабы бойынша екi жағдайларда сөзсіз деп танылады: егер бұл заң актiлерімен немесе тараптардың келiсiмiмен ескерiлсе. Нотариалдық форманың сөзсiз болу талаптары АК баптарында бар.

Егер өздерiнiң талабы немесе парызы мәмiледе негiзделсе, мәмiленiң шешiмi, (ҚР АК 169 баптары, 2 тарау) сенiм ретiнде берiлген талап ететiн (ҚР АК 167-шi бабы) нотариалдық форма, талаптан бас тартуды келiсiм шарты немесе борышты ауыстыруды құқықты сенiмхаттың нотариус арқылы куәландырылуын қажет етеді, 346-шы бап мүлтiксiз нотариалдық болып саналады.

        Келісімді куәландыру, басқа да нотариалдық істер секілді ҚР «Нотариат туралы» Заңына сәйкес жасалады.

         АК 155 бабына сәйкес жерге және басқа да жылжымайтын мүлікке қатысты келісімдер мемлекеттік тіркеуге тұруы талап етіледі. Ал егер осындай мемлекеттік тіркеуді талап ететін келісімдер дұрыс жасалмаса, ол келісім заңсыз деп саналады.



6.3 Келісімнің нақты екендігінің шарттары 

Мәмiленiң нақты екендігі оның заңды талаптарға сай екендігін білдіредi, сонымен қатар тараптардың жасау кезіндегі қол жеткізгісі келген құқықтық салдарларын тудыру мүмкіндігін де бiлдiредi.

Мәмiлелердiң нақты екендігінің шарттары 4 топтарда жiктеледi:

- мәмiленiң тиiстi жеке құрамының бар болуы;

- тараптардың нақты ерiгiне ерік білдіру сәйкестiгі;

- мәмiленiң формасын сақтау;

- мәмiленiң заңдылық мазмұны.

Бiрiншiден, тиiстi жеке құрамның бар болуы жеке тұлғалардың қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, екiншiден заңды тұлға мәмiлеге қатысушылардың құқықтық қабiлеттiгiн көрсетеді.

        Мәмiленiң тиiстi жеке құрамының бар болуы мынаны білдіреді: біріншіден, жеке тұлғаның әрекетке қабілеттілігі, екіншіден, келісім жасаушы заңды тұлғаның-қатысушылардың құқықтық қабілеті.

         ҚР АК 22-29 баптарында жартылай ғана немесе шектеулі әрекетке қабілеттілігі бар азаматтардың жасай алатын келісімдері анықталған.

           Бұлардан басқа, келісімнің басқа да түрлері құзырлы органдардың берген арнайы рұқсаттарының (лицензия) бар болуымен ғана жасалады.

         Келісім формасын сақтау. Келісімнің мынадай үш формасы бар: ауызша, жазбаша және нотариалдық. Оларды дұрыс сақтамау салдарын біз жоғарыда қарастырдық.

         Келісім мазмұнының заңдылығы. Бұл шарттарды заңды түрде жасалған келісімнің өзінен айыра білу қажет, ол кең мағынасында оның нақты екендігін білдіреді.
6.4 Келісімшарттың жарамсыздық негіздемесі және оның құқықтық салдарлары 

Жарамсыз мәмiле – бұл мәмiле тараптарға керектi заңға сүйенген нәтиженiң тудырмағанында емес, шарттарының нақтылы күйiнде тараптар үшiн қолайсыз зардаптардың пайда болуындағы мәміле.

Жарамсыз мәмiленi жасалмай қалған келісімнен айыра білу керек, себебі қажеттi элементтердің жоқтығына байланысты қандай болмасын заң фактысы болып табылмайды және ешқандай да заңға сүйенген салдарларды тудырмайды. ҚР АК 157-162 баптары мәмiлелердiң нақты еместiгіне қатысты нормаларды бекiтедi.

Келісім тек қана заңмен бекітілген негіздемелер бойынша ғана жарамсыз деп танылады.

          Келісімнің жарамсыздығының жалпы негіздемесі – келісімнің заң актілеріне немесе басқа да сқұқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеуі (ҚР АК 167 бабы). Осы негіздеме бойынша келісімнің жарамсыздығының жалпы негіздемесі туралы нормалар бойынша келмейтін заңсыз келісімдер жарамсыз деп танылады.

           Арнайы негіздеме 4 топқа бөлінеді:

        - келісімнің мазмұны туралы талаптарды бұзу (мазмұнының ақаулығы бар келісімдер);

      - келісім жасауға қабілетсіз тұлғамен келісім жасау (субъекттік құрамының ақауы бар келісімдер);

       - келісім формасын бұзу немесе оны мемлекеттік тіркеу туралы талаптар (формасының ақауы бар келісімдер);

        - екі тарапқа да ерік білдірудің сәйкес келмеуі (ерік бойынша ақаулары бар келісімдер).

        Келісімдер, оны іске асыруға қабілетсіз тұлғалар жасаған келісімдер былайша бөлінеді:

- әрекетке қабілетсіз тұлғаның жасаған келісімдері немесе

- жартылай әрекетке қабілетсіз тұлғаның жасаған келісімдері және

олардың құқыққа қабілеттілігін үзетін заңды тұлғаның жасаған келісімдері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет