тiркеу
1. Жылжымайтын мүлiкке құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауы, өзгеруi және тоқтатылуы осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда мемлекеттiк тiркелуге жатады.
Мемлекеттiк тiркеудiң жылжымайтын мүлiкке байланысты өзге де объектiлерi «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
2. Егер осы Кодексте және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше белгiленбесе, жылжымайтын мүлiкке құқықтар (құқықтар ауыртпалығы) мемлекеттiк тiркелген кезден бастап туындайды, өзгередi және тоқтатылады. Егер тiркеуден бас тартылмаса, өтiнiш берген кез мемлекеттiк тiркеу кезi болып танылады.
3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган тiркеуге ұсынылған құқық белгiлейтiн құжатта жазба жасау арқылы жүргiзiлген тiркеудi құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша куәландыруға мiндеттi. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда тiркеудi жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы (өзге заттай құқық) туралы куәлiк бередi.
4. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу жариялы болып табылады. Тiркеудi жүзеге асыратын орган жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар туралы ақпаратты кез келген тұлғаға «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген шектеулердi ескере отырып беруге мiндеттi.
5. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеуден бас тарту не тiркеуден негiзсiз жалтару жағдайларында сотқа шағым жасалуы мүмкiн.
6. Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi осы Кодекске және «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленедi.
7. Азаматтық әуе кемелерiн, теңiз кемелерiн, iшкi суда жүзу кемелерiн, «өзен-теңiз» жүзу кемелерiн жылжымайтын мүлiкке теңестiрiлген объектiлер ретiнде мемлекеттiк тiркеу тәртiбi Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi, сауда мақсатында теңiзде жүзу, iшкi су көлiгi саласындағы заңдарымен реттеледi.
Ескерту. 118-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
119-бап. Кәсiпорын
1. Кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк кешен құқық объектiсi түрiндегi кәсiпорын деп танылады.
2. Мүлiктiк кешен ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгiлерi) және, егер шартта өзгеше көзделмесе, басқа да айрықша құқықтар енедi.
3. Кәсiпорын тұтасымен немесе оның бiр бөлiгi сатып алу-сату, кепiлге, арендаға беру және заттық құқықтарды белгiлеуге, өзгертуге және тоқтатуға байланысты басқа да мәмiлелер объектiсi болуы мүмкiн.
3-1. Кәсiпорынның құрамына мүлiктiк кешен ретiнде кiретiн жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеудiң ерекшелiктерi «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленедi.
4. Мүлiк кешенi ретiндегi кәсiпорын құрамындағы борыштарды берген кезде несие берушiлердiң құқықтарына осы Кодекстiң 48-бабында көзделген тәртiппен кепiлдiк берiледi.
Ескерту. 119-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.03.02 N 211, 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
120-бап. Бөлiнетiн және бөлiнбейтiн мүлiк
1. Мүлiк бөлiнетiн және бөлiнбейтiн болуы мүмкiн.
Бөлiнетiн мүлiк дегенiмiз - бөлу нәтижесiнде бөлiктерi өз мақсатын (мiндетiн) жоғалтпайтын мүлiк.
Бөлiнбейтiн мүлiк дегенiмiз - өзiнiң шаруашылық мақсатын (мiндетiн) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлiк.
2. Құқық объектiлерi ретiнде бөлiнбейтiн заттардың ерекшелiктерi заңдарда белгiленедi.
121-бап. Күрделi заттар
1. Егер әртектi заттар оны бiрiгу мәнi белгiлейтiн мақсаты бойынша пайдалануға мүмкiндiк беретiн бүтiн бiр затты құрайтын болса, олар бiр зат (күрделi зат) деп қаралады.
2. Күрделi зат жөнiнде жасалған мәмiленiң күшi, егер шартта өзгеше белгiленбесе оның барлық құрамдас бөлiктерiне қолданылады.
122-бап. Басты зат және керек-жарақ
Керек-жарақ, яғни басты затқа қызмет етуге арналған және ортақ шаруашылық мақсатқа қолданылуы сонымен байланысты болатын зат, егер заңдарда немесе шартта өзгеше белгiленбесе, басты затқа iлесiп жүредi.
123-бап. Жемiстер, азық-түлiк және табыстар
Мүлiктердi пайдалану нәтижесiнде алынған түсiм (жемiстер, өнiмдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлiктi пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлiктi заңды негiзде пайдаланушы адамға тиесiлi болады.
124-бап. Жануарлар
Заңдарда өзгеше белгiленбегендiктен, жануарларға заттар туралы жалпы ережелер қолданылады.
125-бап. Интеллектуалдық меншiк
1. Осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген реттер мен тәртiп бойынша азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерiне және оларға теңестiрiлген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзi орындайтын жұмысының немесе қызметiнiң өнiмдерiне (фирмалық атау, тауар белгiсi, қызмет көрсету белгiсi және т.б.) ерекше құқығы танылады.
2. Шығармашылық интеллектуалдық қызметтiң нәтижелерi мен ерекше құқықтардың (интеллектуалдық меншiктiң) объектiсi болуы мүмкiн даралану құралдарын пайдалануды үшiншi жақтар құқық иеленушiнiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 125-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.
126-бап. Қызметтiк және коммерциялық құпия
1. Үшiншi жаққа белгiсiз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негiзде еркiн танысуға болмайтын және ақпаратты иеленушi оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, қызметтiк немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат азаматтық заңдармен қорғалады.
2. Мұндай ақпаратты заңсыз әдiстермен алған адамдар сондай-ақ еңбек шартына қарамастан қызметшiлер немесе азаматтық-құқықтық шартқа қарамастан контрагенттер қызметтiк немесе коммерциялық құпияны жария етсе, келтiрiлген залалдың орнын толтыруға мiндеттi.
127-бап. Ақша (валюта)
1. Қазақстан Республикасының ақша бөлiнiсi теңге болып табылады.
2. Теңге Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында өз құны бойынша қабылдануға мiндеттi заңды төлем құралы болып табылады.
3. Қазақстан Республикасы аумағында төлемдер қолма қол төлеп және қолма қол төлемей есеп айырысу түрiнде жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасы аумағында шетел валютасымен есеп айырысудың реттерi, тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
128-бап. Валюталық қазыналар
1. Валюталық қазыналар деп танылатын мүлiк түрлерi және олар арқылы мәмiлелер жасау тәртiбi заң құжаттарында белгiленедi.
2. Валюталық қазыналарға меншiк құқығы Қазақстан Республикасында жалпы негiздерде қорғалады.
Параграф 1-1. Қаржы құралдары
Ескерту. 3-тарау 1-1параграфпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
128-1-бап. Қаржы құралдары
1. Қаржы құралы — операциялар нәтижесiнде бiр ұйымның қаржылық активiмен бiр мезгiлде басқа ұйымда қаржылық мiндеттеме немесе үлестiк құрал туындайтын ақша, туынды құнды қағаздарды қоса алғанда, құнды қағаздар, туынды қаржы құралдары мен басқа да қаржы құралдары.
2. Қаржылық актив — ақшасын, басқа ұйымның үлестiк құралын бiлдiретiн кез келген актив, басқа ұйымнан ақшасын немесе өзге де қаржылық активтi алуға немесе өзi үшiн ықтимал тиiмдi жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық мiндеттемелермен алмасуға шарттық құқық немесе есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн және бұл ретте, ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының ауыспалы санын алатын немесе алуы мiндеттi болатын туынды құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтiң белгiленген сомасын алмастыру жолынан гөрi есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының белгiленген санына кез келген өзге тәсiлмен жүргiзiлетiн немесе жүргiзiлуi мүмкiн туынды құрал болып табылатын шарт.
3. Қаржылық мiндеттеме — ақшасын немесе өзге де қаржылық активтi басқа ұйымға беру немесе өзi үшiн ықтимал тиiмсiз жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық мiндеттемелерiмен алмасудың шартты мiндеттемелерiн бiлдiретiн кез келген мiндеттеме немесе есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк құралдарымен жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылуы мүмкiн және бұл ретте, ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының ауыспалы санын беретiн және беруге мiндеттi болатын туынды емес құрал немесе ақшасының немесе өзге де қаржылық активтiң тiркелген сомасын алмастыру жолынан гөрi есеп айырысу ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының тiркелген санына кез келген өзге тәсiлмен жүргiзiлетiн немесе жүргiзiлуi мүмкiн туынды құрал болып табылатын шарт.
4. Үлестiк құрал — ұйымның барлық мiндеттемелерi шегерiлгеннен кейiн қалатын оның активтерiндегi қалдық үлесiне құқығын растайтын кез-келген шарт.
128-2-бап. Туынды қаржы құралдары
1. Туынды қаржы құралдары — болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүргiзудi көздейтiн, құны шарттың базалық активiнiң мөлшерiне (мөлшердiң ауытқуын қоса алғанда) тәуелдi шарт.
2. Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және осы белгiлерге сай келетiн басқа да туынды, оның iшiнде жоғарыда аталған туынды қаржы құралдарының комбинациясы болып табылатын қаржы құралдары жатады.
3. Тауарлар, тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта, индекстер, проценттiк ставкалар және нарықтық құны бар басқа да активтер, болашақтағы оқиғалар немесе жағдайлар, туынды қаржы құралдары туынды қаржы құралдарының базалық активтерi болып табылады.
128-3-бап. Опцион
1. Опцион — оған сәйкес бiр тарап (опцион сатушысы) екiншi тарапқа (опционды сатып алушы) болашақта келiсiлген жағдайларда пәтуаласқан баға бойынша базалық актив сатып алу немесе сату құқығын сататын туынды қаржы құралы. Опционды сатушы өзiне мiндеттемелер алады, ал сатып алушы құқыққа ие болады.
2. Опционды сатушы опционды сатып алушыға сыйлықақы деп аталатын сыйақыға опционды сатады. Опционның келiсiлген жағдайлары деп мынадай мiндеттi шарттарды келiсу түсiнiледi: базалық активтiң түрi, базалық активтiң жалпы құны (опцион жасалатын сома), базалық активтiң бағасы (страйк — опционды орындау бағасы), опционның сыйлығы, опционның мерзiмi (опционның қолданылу кезеңi), опционның түрi.
3. Егер опционды сатып алушы өзi сатып алған құқықты iске асырса, онда опцион орындалды деп есептеледi.
128-4-бап. Своп
Своп — оған сәйкес тараптар келiсiлген шарттармен базалық активтер немесе болашақтағы базалық активтер бойынша төлемдердi айырбастау жөнiнде пәтуаласатын туынды қаржы құралы.
128-5-бап. Форвард
1. Форвард — сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келiсiлген шарттарда базалық активтi сатып алудың (немесе сатудың) белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн мiндеттеменi өзiне алатын туынды қаржы құралы.
2. Форвард ұйымдастырылмаған нарықта жасалады.
128-6-бап. Фьючерс
Фьючерс — сатып алушы (немесе сатушы) ұйымдастырылған нарықта белгiленген стандартты шарттарға сәйкес базалық активтi сатып алудың (немесе сатудың) белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн мiндеттеменi өзiне алатын тек ұйымдастырылған нарықта айналымға түсетiн туынды қаржы құралы.
Параграф 2. Бағалы қағаздар
129-бап. Бағалы қағаздар
1. Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы.
1-1. Бағалы қағаздар борыштық және үлестiк болуы мүмкiн.
Борыштық бағалы қағаз — эмитенттiң (борышкердiң) осы бағалы қағаздарды шығару шарттарында борыштың негiзгi сомасын төлеу жөнiндегi мiндеттемесiн куәландыратын бағалы қағаздар.
Үлестiк бағалы қағаз — Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлiк иесiнiң мүлiкке белгiленген үлесiне иелiк ету құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
2. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған өзге де түрлерi жатады.
3. Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:
1) құжатты және құжатсыз;
2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;
3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi.
Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткiзушi) шығарылған бағалы қағаздар.
Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.
Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар.
Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар.
Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар осы Кодекстiң 132-бабының 3-тармағында көзделген тәртiппен берiлген жағдайда, басқа тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.
4. Осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен бағалы қағаздардың белгiлi бiр түрiн қайсыбiр нысанда шығару мүмкiндiгiне жол берiлмеуi мүмкiн.
Ескерту. 129-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.05.16 N 416 , өзгерту енгiзiлдi - 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
130-бап. Бағалы қағазға құқықтарды растау
1. Бағалы қағаздың өзi құжатты бағалы қағазға құқықты растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаздар бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысына сақтауға берiлген жағдайда, оның есебiн жүргiзу мақсатында осы кәсiби қатысушы ашқан шоттан алынған үзiндi көшiрме оған берiлген лицензияға сәйкес уәкiлеттiнiң осы бағалы қағазды осылай сақтауға құқығын растау болып табылады. Құжатты бағалы қағаз бен аталған шоттан берiлген үзiндi көшiрменiң арасында алшақтық болған кезде үзiндi көшiрмеге басымдық берiледi.
2. Бағалы қағаздар рыногының өзiне берiлген лицензияға сәйкес бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеуге уәкiлеттi кәсiби қатысушысындағы бағалы қағаздың есебiн жүргiзу мақсатында ашылған шоттан үзiндi көшiрме құжатсыз бағалы қағазға құқықты растау болып табылады.
3. Бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушыларының бағалы қағаздардың есебiн жүргiзуге арналған шоттарды ашу және жүргiзу тәртiбi, сондай-ақ осындай шоттардан берiлетiн үзiндi көшiрменiң мазмұны мен ресiмделуiне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
Ескерту. 130-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
131-бап. Бағалы қағазға қойылатын талаптар
1. Бағалы қағаздармен куәландырылатын құқықтардың түрлерi, бағалы қағаздардың мiндеттi реквизиттерi, бағалы қағаз нысанына талаптар және басқа да қажеттi талаптар заң құжаттарымен немесе соларда белгiленген тәртiп бойынша белгiленедi.
2. Бағалы қағаздың мiндеттi реквизиттерi болмауы немесе бағалы қағаздың ол үшiн белгiленген нысанға сәйкес келмеуi оның жарамсыз болуына әкелiп соқтырады.
132-бап. Бағалы қағаз бойынша құқықтар беру
1. Ұсынушыға бағалы қағазбен куәландырылған құқықты басқа адамға беру үшiн бағалы қағазды сол адамға тапсыру жеткiлiктi.
2. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар талапты (цессияны) жеңiлдету үшiн белгiленген тәртiп бойынша берiледi. Бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам осы Кодекстiң 347-бабына сәйкес бұл талапты орындау үшiн емес, тиiстi талаптың жарамсыздығы үшiн жауапты болады. Атаулы бағалы қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берiлетiн қағаз жойылады, ал оның жаңа иесiне басқа бағалы қағаз берiледi.
2-1. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар беру және солар бойынша құқықтарды растау ерекшелiгi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен айқындалады.
3. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқықтар бұл қағазға берiлгенiн жазу - индоссамент арқылы берiледi. Ордерлiк бағалы қағаз бойынша құқық берушi адам (индоссант), жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, құқықтың болуы үшiн ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшiн де жауапты болады.
Бағалы қағазда жасалған индоссамент бағалы қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды бағалы қағаз бойынша құқықтар берiлетiн адамға - (индоссантқа) немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкiлiк болуы мүмкiн (орындауға тиiс адам көрсетiлмейдi).
Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаментi) индоссаментке тапсырумен ғана шектелуi мүмкiн. Бұл жағдайда индоссант өкiл ретiнде әрекет жасайды.
Ескерту. 132-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен , 2003.05.16. N 416 Заңымен , 2003.06.03. N 426 Заңымен .
133-бап. Бағалы қағаз бойынша орындау
1. Бағалы қағазды берген адам және оны индоссиялаған барлық адамдар, жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларды қоспағанда, оның заңды иесiнiң алдында бiрге жауап бередi. Бағалы қағаздың заңды иесiнiң сондай қағазбен куәландырылған мiндеттемесiн бағалы қағаз бойынша мiндеттенгендердiң арасынан бiр немесе бiрнеше адамның орындауы туралы талабын қанағаттандырған ретте олар бағалы қағаз бойынша өздерiнен бұрын мiндеттенген өзге адамдарға керi талап қою (регресс) құқығына ие болады.
2. Мiндеттеменiң негiзi болмауын не оның жарамсыздығын сылтауратып бағалы қағазбен куәландырылған мiндеттеменi орындаудан бас тартуға жол берiлмейдi.
3. Бағалы қағаздың жалғандығын немесе жасандылығын байқаған бағалы қағаз иесi өзiне қағазды берген адамға, бағалы қағазбен куәландырылған мiндеттеменi лайықты орындау туралы және залалдардың орнын толтыру туралы талап қоюға құқылы.
4. Заңсыз иеленушiнiң қолындағы бағалы қағаз бойынша құқықтар жүзеге асырылмауға тиiс.
Ескерту. 133-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 426 Заңымен.
134-бап. Бағалы қағазды қалпына келтiру
Жоғалған бағалы қағаз бойынша және ордерлiк бағалы қағаз бойынша ұсынушы құқығын қалпына келтiрудi iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiппен сот жүргiзедi.
135-бап.
Ескерту. 135-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.05.16. N 416 Заңымен .
136-бап. Облигация
1. Облигация - шығару кезiнде айналыс мерзiмi алдын ала белгiленген, оны шығару шарттарына сәйкес облигацияны шығарған тұлғадан ол бойынша сыйақы алу және оның айналыс мерзiмiнiң аяқталуы бойынша облигацияның ақшалай немесе өзге де мүлiктiк балама түрдегi нақты құнын алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
2. Облигациялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.
3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, коммерциялық ұйымдар облигациялар шығаруға құқылы.
4. Облигациялардың түрлерi және оларды шығару тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi.
Ескерту. 136-бап жаңа редакцияда - 1998.07.10. N 282 Заңымен , 2003.05.16. N 416 , өзгерту енгiзiлдi - 2004.12.20. N 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
137-бап.
138-бап.
Ескерту. 137, 138-баптар алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.
139-бап. Акция
1. Акция - акционерлiк қоғам шығаратын және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және акционерлiк қоғам таратылған жағдайда оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.
2. Акциялар тек атаулы эмиссиялық бағалы қағаздар ретiнде шығарылады.
3. Акциялардың түрлерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.
Акцияларды шығару тәртiбi Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарымен белгiленедi.
4. Акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар өз акциялары бойынша дивидендтер төлеудi жүзеге асырмайды.
5. Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзiнiң әрекетiмен немесе әрекетсiздiгiмен акционерлiк қоғамның мүддесiн бұзған акционерден акцияларды сот шешiмi бойынша сатып алу мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн.
Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен есептелетiн меншiктi капиталдың тepic мөлшерi болған жағдайда, олардың акцияларын мәжбүрлеп сатып алудың мүмкiндiгi мен негiздемесi көзделуi мүмкiн.
Ескерту. 139-бап жаңа редакцияда - 2003.05.16. N 416 Заңымен , 139-бапқа өзгерту енгiзiлдi - 2005.07.08. N 72 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен .
139-1-бап. Банктiк депозит сертификаты
Банктiк депозит сертификаты - өз ұстаушысының шығару шарттарында белгiленген айналыс мерзiмi аяқталғаннан кейiн не ол аяқталғанға дейiн номиналды құнын, сондай-ақ шығару шарттарында белгiленген мөлшерде сыйақы алу құқығын растайтын атаулы эмиссиялық емес бағалы қағаз.
Ескерту. 139-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
140-бап.
Ескерту. 140-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен .
Параграф 3. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар
141-бап. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтарды қорғау
1. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтары бұзылған жеке тұлғаның, осы Кодекстiң 9-бабында көзделген шаралардан басқа, осы Кодекстiң ережелерi бойынша моральдық зардаптарын өтетуге құқығы бар.
2. Мүлiктiк емес өзiндiк құқықтардың қорғалуын азаматтық iс жүргiзу заңдарында көзделген тәртiп бойынша сот жүзеге асырады.
3. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе құқық бұзған адамның кiнәсiне қарамастан, мүлiктiк емес өзiндiк құқықтар қорғалуға тиiс. Қорғау туралы талап қойған адам өзiнiң мүлiктiк емес өзiндiк құқығының бұзылуын нақты дәлелдеуге тиiс.
4. Мүлiктiк емес өзiндiк құқығы бұзылған адам өз таңдауы бойынша оны бұзушыдан бұзылу зардаптарын жоюды немесе бұзушының есебiнен өз бетiнше қажеттi әрекеттер жасауды не олардың орындалуын үшiншi жаққа тапсыруды талап етуi мүмкiн.
Ескерту. 141-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР 1998.03.02 N 211 , 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
142-бап. Мүлiктiк құқықтармен байланысты мүлiктiк
Достарыңызбен бөлісу: |