Демалыс, бос уақыт және мәдени қызмет
(31-бап)
Конвенцияның 31-бабын iске асыру мақсатында республикада балалардың демалуға, мәдени және шығармашылық қызметке жан-жақты қатысуына құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында шаралар қабылдануда.
Әлеуметтанушылар және саясатшылар қауымдастығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде 2008 жылы «Балалардың мәдени өмірге қатысу құқықтары: қамтамасыз етілуі және іске асырылуы» бойынша әлеуметтану зерттеуі жүргізілді. Әлеуметтану зерттеуі республиканың 63 мектебінде өткізілді –республикалық, облыстық, жергілікті маңызды 18 қалаларда және 14 ауылдық аудандық орталықтарда. Зерттеу жұмыстарына 1511 бастауыш, орта және жоғарғы сыныптардың оқушылары қамтылды. Зерттеу қорытындылары бойынша барлық қазақстандық балалар кітапханаларға еркін кіре алады, бірақ мәдени мекемелерде, демалыс және ойын-сауық орындарында, көбінесе ауылдық жерлердің балаларының барлығының, демалуға мүмкіндіктері бола бермейді. 80,5 оқушылардың пікірлері бойынша балалардың мәдени өмірге қатысудың практикалық дағдыларымен танысуы мектеп қабырғасында болады. Оқушылар мен мұғалімдердің көпшілігі (жартысынан артық 2/3 бөлігіне дейін) зерделенген мектептерде балалардың демалуына, бос уақытын өткізуге, демалуға, ойнауға, сондай-ақ қосымша білім алуға әртүрлі нысандардың бар екендігін атап өтті.
Әлеуметтану зерттеудің нәтижелерін есепке ала отырып, балалардың бос уақытын, мәдени өмірге құқығын іске асыру үшін ұйымдастыру шаралары қабылданды.
2010 жылы республикада 23º396 мектепішілік спорттық секциялар, 425 балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері, 563 балалар мен жасөспірімдер клубтары, 330 балалар мен жасөспірімдер көркемөнерпаздар және көркемсурет мектептері жұмыс жасауда.
2010 жылы жазғы демалыс кезеңінде 8791 балалар сауықтыру ұйымдары балалардың демалысын қамтамасыз етті (212 қала сыртындағы лагерлер, олардың 7-і жыл бойы жұмыс істейді; 5º900 - мектеп жанындағы; 84-санаторийлік; 1º628 профильдік және дебаттық; 967-спорттық және палаталық лагерлер).
8º751 ұйым мектеп оқушыларының бос уақытын ұйымдастырды (676 аула клубтары, 3º029 қызығушылығы бойынша клубтар және 5º046 мектеп жанындағы алаңдар).
1 млн. 953 мың. 351 оқушылар демалудың, сауықтырудың және жұмыспен қамтудың барлық нысандарым қамтылды, бұл 1-10 сынып оқушыларының жалпы санының 83% құрайды.
886º222 оқушы сауықтыру демалысымен қамтылған, оның ішінде қала сыртындағы сауықтыру ұйымдарында-11%.
Балалардың бос уақытын ұйымдастыру, аула клубтар желісін дамыту бойынша Қарағанды облысында - 112, Шығыс Қазақстан облысында - 79, Павлодар облысында - 60, Қостанай облысында - 46 оң тенденция байқалады.
Балаларды сауықтыру мекемелерінің желісін кеңейту, жаңғырту және сақтау бойынша шаралар қабылданды (Павлодар облысында жыл бойы жұмыс істейтін оқыту-сауықтыру орталығы ашылды, Қостанай облысында жетім балаларға арналған лагерь жаңартылды; Шығыс Қазақстан - 26, Солтүстік Қазақстан - 19, Батыс Қазақстан облыстарында - 13 желісі сақталуда).
Жазғы демалыс кезеңінде республикада 153-тен астам спорт лагерлері жұмыс атқарды, олардың қызметімен жалпы бала санының 3% қамтылды.
VIII. Арнайы қорғау шаралары
i) Босқын балалар
(22-бап)
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының «Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың құқықтарын қорғау» деген 47-бабында мыналар көзделген:
1. Босқын және амалсыз қоныс аударушы балалардың өз мүдделерiнiң қорғалуына құқығы бар.
2. Баланың тұрып жатқан жерiндегі қорғаншы және қамқоршы органдар, аумақтық көшi-қон қызметтерi ата-анасының не өзге де заңды өкілдерiнiң бар екендiгi және олардың тұратын жерi туралы мәлiметтер алуға жәрдемдеседi, қажет болған жағдайда баланы емдеу-профилактикалау немесе бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын өзге де ұйымдарға орналастырады.
2008 жылы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің «Қазақстан Республикасындағы босқындар мен оралмандардың құықтары сақтау туралы» арнайы баяндамасы басып шығарылды, ол Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰ-ның ҚР-дағы босқын балалар жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасының құру жөніндегі бірлескен жобасы бойынша жұмыстың нәтижесіне айналды.
Баяндамада босқындар мен оралмандар тап болатын проблемалар талданды, жобаның барысында жүргізілген босқындар мен оралмандардың, оның ішінде балалардың құқықтарын сақтау мониторингінің нәтижелері тұжырымдалды.
2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пана іздеп жүрген адамдардың және республиканың аумағындағы босқындардың құқықтық жағдайын анықтауға бағытталған «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді. Құқықтық көмекпен қатар олар ҮЕҰ-дан, халықаралық ұйымдардан материалдық және гуманитарлық қолдау алады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, оның ішінде босқындарға әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік шаралары қолданылмайды.
Көші-қон саясаты саласындағы қолданыстағы заңнама пысықтауды талап етеді. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының көші-қон сасатының 2007 – 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көші-қон саясаты комитетінің деректері бойынша 2011 жылғы 15 қаңтарда Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында Ауғанстаннан (106), Ираннан (5), Қырғызстаннан (1), Пәкістаннан (1), Қытайдан (2) және Өзбекстаннан (11) келген 226 босқын бала (мектепке дейінгі жастағы - 66, мектеп жасындағы - 160 бала) тұрады. Оның ішінде 100 босқын бала Қазақстанда туған.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8, 47-баптарына сәйкес мемлекет Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шегінде тегін жалпы орта білім алуға кепілдік береді.
БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясының 2-бабының ережелері қазақстандық заңнамада әрбір баланың тең құқығын қамтамасыз етуді бекітіп берді, сондықтан тұруға рұқсаты бар шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың балалары үшін ана тілін тереңдетіп оқуға жағдайлар жасалған.
Алматы қаласында Ауған мәдени орталығы, Ауған босқын әйелдері қауымдастығы, Ауған мектебі сияқты босқындардың қоғамдық бірлестіктері құрылып, жұмыс істеуде, онда 60-тан астам бала білім алады, ауған балаларына арналған балабақша жұмыс істейді.
Қазақстан БҰҰ-ның БЖКБ (Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасы) іс-шараларына белсенді түрде атсалысуда.
2011 жылғы 7 сәуірде Астана қаласында 2007 жылғы 14 қарашада қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссар Басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді.
b) Кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін орындау
(40-бап)
Кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар бойынша және оларға қатысты қылмыстық істерді тергеу ерекше бақылауда тұрады. Мәселен, осы санаттағы қылмыстық істерді тергеудің жай-күйі ай сайын талданып отырады және талдау негізінде кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке немесе өзге де құқық бұзушылықтарға тартатын адамдарды (ата-аналарын, ересек таныстарын, достарын) анықтау және қылмыстық, азаматтық, отбасылық және әкімшілік заңнамаға сәйес оларға шаралар қабылдау жөніндегі жұмысты жандандыру туралы нұсқаулар жіберіледі.
Сонымен қатар алдын ала тергеуді жүзеге асыру барысында кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері шығып отыр. Мәселен, 2008 жылы 7 бұзушылыққа жол берілді (3 кәмелетке толмағанды сот ақтады; сотқа аса ауыр қылмыс туралы қылмыстық істің жіберілуін ведомстволық бақылаудың нашар болуына байланысты Ақтөбе облысында Тен қасақана адам өлтірудегі кінәсіне айғақтардың жеткіліксіз болғаны үшін ақталды, Ақмола облысында – ҚК 2-бөлігінің 145-бабы бойынша Рудобаба және Солтүстік Қазақстанда – ҚК 1-б. .177-бабы бойынша Байманов). Қылмыстық жауапкершілікке мыналар негізсіз тартылды – 3 (Солтүстік Қазақстан облысынан – А.А.Колбасов ҚК 3-б. 103-бабы бойынша және А.Ю.Коваленко ҚК 2-б «а», 257-бабы бойынша– Б.Т.Халиуллин ҚК 2-б. 96-бабы бойынша). 1 кәмелетке толмаған заңсыз ұсталды (денсаулыққа аса ауыр зиян келтіргені үшін күдікті А.Р.Каменских (СҚО).
Ювенальды әділет
2008 жылғы 19 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасында ювенальды әділет жүйесін дамытудың 2009 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы» (бұдан әрі – Тұжырымдама) бекітілді және 2008 жылғы 18 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен осы Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында ювенальды әділет элементтерін кезең-кезеңмен енгізу және дамыту болып табылады, бұл кәмелетке толмағандарға қатысты сот төрелігін оның барлық кезеңінде атқарудың тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Тұжырымдамада Әділет, Ішкі істер, Білім министрліктерінде, соттарда, прокуратураларда және адвокатурада кәмелетке толмағандармен жұмыс істеу жөніндегі мамандандырылған бөлімшелер құру көзделеді.
2008 жылғы 1 сәуірде Алматы қаласы Бостандық ауданының және Астана қаласы Алматы ауданының ішкі істер органдары базасында ювенальды полиция жұмыс істеді, 2011 жылғы маусымнан бастап ювенальды полиция бөлімшелерін құру жөніндегі жұмыс елдің барлық ауданында басталды.
Астанада, Алмаматыда, Көкшетауда, Павлодарда және Екібастұзда арнайы конкурстан өткен адвокаттардан және әлеуметтік қызметкерлерден тұратын мамандандырылған ювенальды заң консультациялары жұмыс істейді.
Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Басқармасында ювенальды әділет тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бас маманының лауазымы және облыстардың және Астана қаласының ҚАЖ департаменттерінде ювенальды әділет тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспектор маманның 15 лауазымы енгізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 мамырдағы № 494 қаулысымен қылмыстық-атқару инспекцияларының штат саны 2010 жылы 591 бірлікке ұлғайды. Оның ішінде аудандық және қалалық инспекциялардың штаттарына қосымша саны 241 бірлік ювенальды әділет тобының мамандары енгізілді.
Ювенальды әділеттің басты міндеті балалар арасындағы қылмысты, қараусыз және қадағалаусыз қалудың алдын алуды қамтамасыз ету және оларға қатысты қылмыстық жазалар қолдану жағдайларын азайту болып табылады.
Ювенальды әділет тұжырымдамасын орындау үшін ішкі істер органдары жүйесінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру жөніндегі бөлімшелер ювенальды полиция бөлімшелері болып қайта құрылды («Ұйымдық-штаттық мәселелер туралы» ІІМ-нің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 281 бұйрығы). Бұдан басқа, кәмелетке толмағандарды тараптардың татуласқаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен босату мүмкіндігі пайда болды (ҚК-нің «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату» деген 67-бабы).
Медиация рәсімі заңнамалық түрде ресімделе бастады – 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Медиация туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне медиация мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдармен отбасы және балалар істері жөніндегі ерекшеліктерді ескере отырып, медиация рәсімін азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға (жанжалдарға) қатысты қолдану негіздері регламенттелді.
Соттылығына кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстар туралы қылмыстық істер және кәмелетке толмағандардың құқықтарын тікелей бұзатын қылмыстар туралы қылмыстық істер ғана емес, баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы, ата-аналарды құқықтарынан айыру (шектеу) және қалпына келтіру туралы, бала асырап алу туралы; кәмелетке толмаған балаларды қорғауға және қорғаншылыққа алудан (патронаттан) туындаған даулар бойынша азаматтық істер де; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер де (кәмелетке толмағандардың құқықтарына бас сұғу – ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамауы, кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту) және басқалар жатқызылған кешенді заңдық құзыреттегі соттар болып табылатын ювенальды соттар жұмыстарын табысты жалғастырып отыр.
Соңғы екі жылдың ішінде ювенальды соттар қараған істердің саны екі есеге өсті. Қылмыстық істер жасаған кәмелетке толмағандардың көпшілігіне қылмыстық жазалау шарасы тағайындалады. Биылғы жылы бас бостандығынан айыруға тек 11 % жазаланды, Астана қаласы бойынша бұл көрсеткіш 8%-ды құрады.
Тергеу практикасын талдау кәмелетке толмағандарға қатысты тұтқынға алудың баламалы шараларын қолдану фактілерінің ұлғаю үрдісі бар екенін куәландырады.
№
|
Есепті кезең
|
Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы жазылым
|
Жеке кепілгерлік
|
Кәмелетке толмағанды қарауға беру
|
Кепіл
|
Үйде қамауда ұстау
|
қамау
|
|
1
|
2007 ж.
|
74
|
4
|
31
|
2
|
11
|
600
|
2
|
2008 ж.
|
96
|
5
|
10
|
1
|
1
|
571
|
3
|
2009 ж.
|
2979
|
59
|
704
|
0
|
7
|
534
|
4
|
2010 ж.
|
2481
|
56
|
635
|
0
|
11
|
293
|
Мәселен, 2007 жылы 600, 2010 жылы – 293 (-45,1%) қамау қолданылды.
Үкіметтік емес сектормен ынтымақтастық дамуда. Мәселен, Астана қаласында 2010 жылдан бастап әкімдіктің және ЮНИСЕФ-тің қолдауымен балаларды жабық мемлекеттік мекемелерге жіберудің тиімді қоғамдық баламасын ұсыну, оларды қамауда күтіп-ұсату және оларға қатысты бас бостандығынан айыруға байланысты жазаларды жүзеге асыру жөніндегі жобаны жүзеге асыра отырып, «Шанс» әлеуметтік-құқықтық қолдау орталығы жұмыс істейді.
Жоғарыда келтірілген шаралар олар бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты түзеу мекемелерінде болу шарасы қолданылған істер санының азаюына алып келді (шамамен істің 60%-ы бойынша шартты жазалау шарасы немесе тәрбиелік ықпал ету шарасы тағайындалды), татуласу жағдайларының саны артты, соңғы төрт жылдың ішінде түзеу колонияларында жазаларын өтеп жатқан және сотқа дейін қамауда ұсталып отырған балалар саны екі есеге қысқарды.
Ювенальды әділет саласындағы мамандарды даярлау үшін Жоғарғы Сот Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институтымен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың қатысуымен істерді қарауға маманданған судьяларды оқыту жөніндегі арнайы бағдарлама және тақырыптық жоспар әзірледі.
Ұстаудың, түрмеге қамаудың немесе күзетпен ұстаудың кез келген нысандарын қоса алғанда, бас бостандығынан айрылған балалар
(37 b) d бап)
2008 жылғы 26 маусымда Қазақстан 2007 жылғы 24 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылған Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялады және тәуелсіз ұлттық превентивті тетікті (ҰПТ) әзірлеу жөніндегі міндеттемені қабылдады.
Факультативтік хаттама ратификацияланған сәттен бастап Қазақстанда ҰПТ құру, оның моделі және заңнамалық бекітілуі конференцияларда, дөңгелек үстелдерде, жұмыс отырыстарында, семинарларда бірнеше рет талқыланды.
ҰПТ тағайындау кезінде негізгі мәселе аталған тетікке өз функцияларын орындау үшін жеткілікті мандат беру болып табылады.
ҰПТ шеңберінде баратын орындар барлық жабық мекемелер, оның ішінде балаларға арналған мекемелер болып табылады. Нәтижесінде Ұлттық превентивті тетік шеңберінде тексерілуі мүмкін 244 мекеме анықтады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесінде (бұдан әрі – ҚАЖ) бүгінгі таңда 4 тәрбиелеу колониясы (бұдан әрі – ТК) және Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша ҚАЖ комитеті департаментінің (бұдан әрі – ҚАЖКД) ЛА-155/4 мекемесі жанында қыздарға арналған бір жергілікті учаске бар. Соңғы үш жыл ішінде көрсетілген колонияларда ұсталып отырған сотталғандар санының азаю үрдісі байқалды. Жобалық қуаты 1300 орындық тәрбиелеу колониясында: 2008 жылы - 449, 2009 жылы - 427, 2010 жылы - 243 кәмелетке толмаған сотталғандар (о.і. 3 – әйел жынысты) болды.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, төрт тәрбиелеу колониясының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасында Алматы қаласында күтіп-ұстау шарттары бойынша лимиті 350 орындық (1223 ш.м) халықаралық стандарттарға жақындатылған бір колония құруға шешім қабылданған.
Республиканың мәдени өмірінің орталығы болып табылатын, климат жағдайы жұмсақ Алматы қаласында кәмелетке толмаған сотталғандарды күтіп-ұстау тәрбиелеу процесінің тиімділігіне ықпал ететін болады. Бұл бастаманы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қолдады.
Бүгінгі таңда кәмелетке толмаған сотталғандар Ақтөбе мен Өскемен қалаларының тәрбиелеу колонияларынан Алматыға көшірілді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен Ақтөбе мен Өскемен қалаларындағы тәрбиелеу колониялары оңынан сипаталатын ересек сотталғандарға арналған колония қоныстар етіп қайта бейімделді. Аталған шара Республиканың басқа колония қоныстары етіп қайта лимиттеу проблемасын оңынан шешуге мүмкіндік береді.
2011 жылғы маусымның соңына дейін тәрбиленушілерді Петропавл қаласының тәрбилеу колониясынан көшіруді аяқтау жоспарлануда.
2010 жылы 170 кәмелетке толмаған сотталғандар мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды (2009 ж. - 157).
2011 жылғы 1 қаңтарда ҚАЖ қылмыстық-атқару инспекцияларында қоғамнан оқшаулаусыз 707 кәмелетке толмаған сотталғандар есепте тұр (1286 – 2010 ж.)
Сотталғандарға тәрбиелік ықпал ету тиімділігін арттыру және колония әкімшілігіне көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 21 қазандағы № 305 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандармен тәрбиелік жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілді. Қамқоршылық кеңестер, сондай-ақ сотталғандардың ата-аналары және басқа да туыстары қатарынан ата-аналар комитеттері құрылды.
Барлық тәрбиелеу колонияларында тәрбиеленушілер құқықтарының сақталуын қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету үшін қоғамдық бақылаушы комиссиялар әрекет етеді.
Сотталғандардың жеке басын толыққанды дамыту, олардың жалпы зердесін кеңейту және ой-өріс деңгейін арттыру мақсатында республиканың тәрбиелеу колонияларында оқыту ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда тәрбиелеу колонияларында 5 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда орта білім алмаған тәрбиеленушілер білім алады, оның ішінде бір бөлігі мемлекеттік тілде оқиды. Үйірмелерде тәрбиеленушілер сурет салу, қолданбалы өнер техникасына және компьютерлік сауаттылыққа оқып-үйренеді.
Кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған түзеу мекемелерінде 5 кәтапхана жұмыс істейді, онда сотталғандар көркем және заң әдебиетін, газеттер мен журналдарды пайдалана алады. Сондай-ақ сотталғандардың жеке қаражатына баспа басылымына жазылуды жүзеге асыруға құқығы бар. 2010 жылы тәрбеилеу колонияларының кітапхана қоры 43212 кітапты құрады.
Көшеде тұратын немесе жұмыс істейтін балалар
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңына сәйкес балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алудың әртүрлі бағыттары жөніндегі іс-шаралардың тұтас кешені жүргізілуде.
2007 жылдан бастап елде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Комиссияның отырыстарында 30-дан астам, оның ішінде балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу проблемалары бойынша 10 мәселе қаралды. Мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін біріктіретін осындай комиссиялар елдің барлық өңірлерінде жұмыс істеуде.
Құқықтық сауаттылықты арттыру және жасөспірімдердің қадағалаусыз және панасыз қалуын азайту мақсатында 2010 жылы Білім және ғылым, Ішкі істер, Денсаулық сақтау және Әділет министрліктері Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық жоспарды әзірледі.
Қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, ҮЕҰ және жұртшылық «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім», «Көше», «Қамқор», «Мектепке жол» атты және басқа да рейдтік іс-шаралар мен акцияларды үнемі жүргізіп отырады.
2010 жылы ҚР ІІМ «Балалар біздің болашағымыз» (15 сәуірден бастап 15 мамырды қоса алғанда) және «Полиция және мектеп» (13 қыркүйектен бастап 6 қазанды қоса алғанда) атты акцияларды өткізді. Акциялар барысында кәмелете толмағандар арасындағы маскүнемдіктің, алкоголизмнің, нашақорлық пен темекі шегудің алдын алуға бағытталған 10 мыңнан астам лекциялар мен әңгімелесулер, 500 семинар, бір мыңнан астам дөңгелек үстел, 300 брифинг өткізілді. Мектептегі полиция инспекторлары қызметінің тиімділігін айқындау мақсатында мектеп оқушылары мен педагогтарға 2 мыңға жуық сауалнама жүргізілді. Мыңнан астам спорттық және 800-ден көп мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың ерте алдын алудың неғұрлым тиімді әдістерінің бірі жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру және оларды спорттық секциялар мен үйірмелердегі сабаққа тарту болып табылады.
Осыған байланысты Ішкі істер министрлігінің барлық ведомстволық спорт залдарында тегін негізде нашар отбасыларынан шыққан кәмелетке толмаған балаларға арналған сабақтар өтеді. Сабаққа шамамен 10 мың кәмелетке толмаған тартылған.
Өмірлік қиын жағдайдағы кәмелетке толмағандарды бірыңғай есепке алу деректерінің интеграцияланған банкі құрылды. Деректер банкіне дәлелсіз себеппен мектепке бармайтын, арнайы білім беру ұйымдарындағы балалар, қатал қарау мен зорлық-зомбылықтың құрбандары, нашар отбасыларынан шыққан, қадағалаусыз, панасыз қалған, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізілген балалар туралы мәліметтер енгізіледі.
Қызылорда облысында Өмірлік қиын жағдайдағы балаларға арналған оңалту орталығы жұмыс істейді.
Саран қаласында үш балабақша мен жасөспірімдер клубы жанында Проблемасы бар отбасы орталық және Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді.
2010 жылы «Мектепке жол», «Қамқор» атты акциялар барысында әлеуметтік қорғалмаған санаттағы 374 655 балаға шамамен 1,7 млрд. теңге сомасына (2009 жылы – шамамен 439 мың бала 1 ,6 млрд. теңге сомасына) көмек көрсетілді.
Бұдан басқа, әлеуметтік қорғалмаған мектеп оқушыларына барлығын оқыту қорынан көмек көрсетіледі. Барлығын оқыту қорларына аударымдар сомасы 5,5 млрд. теңгені немесе мектептерді күтіп-ұстауға арналған шығыстар сомасының 1,7%-ын (2009 жылы - 4,6 млрд. теңге немесе 1,6%) құрады.
Нашар отбасыларымен және қадағалаусыз қалған балалармен жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін мектептердің штаттарына 3 139 әлеуметтік педагог, 7 мыңнан астам психолог енгізілді, сондай-ақ мектептерде 1,5 мың полиция инспекторлары жұмыс істейді.
ҮЕҰ-мен («Сандж» зерттеу орталығымен, «Балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» АБ) бірлесіп, отбасылық нашарлықты ерте анықтау жөнінде әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізілуде, осы мәселе бойынша ұсынымдар әзірленді.
Мынадай әдістемелік құралдар шығарылды: «Отбасылық нашарлық: себептері және алдын алу», «Мектепте отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру».
ҚР-дағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен БҰҰ-ның Балалар қоры өкілдігінің (ЮНИСЕФ) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Қазақстанда 2011 жылғы шілде – қарашада Қазақстанның қалалық жерлерінде тұратын ең әлсіз балалардың және тәуекел тобындағы балалардың жағдайын, сондай-ақ балаларды жыныстық пайдалану аспектілерін және ішкі трафикті, қараусыз қалушылық және зорлық-зомбылық жағдайына жедел бағалау өткізу жоспарланып отыр.
Көшедегі балалар арасындағы ахуалды зерделеу үшін үкіметтік емес ұйымдарды тарту жоспарланып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |