c) Балалардың еңбегін қоса алғанда, балаларды экономикалық пайдалану (32-бап)
Еңбекпен пайдаланудан балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңнама жетілдірілуде. Мәселен, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «баланы экономикалық пайдалану» ұғымы енгізілді және экономикалық пайдаланудан қорғауға баланың құқығы бекітіп берілді.
Халықаралық Еңбек Ұйымының Балалар еңбегінің ең нашар нысандарына тыйым салу және олардың жолын кесу жөніндегі шұғыл шаралар туралы № 182 Конвенциясының (Женева, 199 жылғы 17 маусым) және Жұмысқа қабылдау үшін ең төмен жас туралы № 138 Конвенциясының ережелері (Женева, 1973 жылғы 26 маусым) «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілді.
Мысалы, заңнамалық актінің 30-бабында былайша белгіленген: «Он алты жасқа толған азаматтармен еңбек шартын жасасуға жол беріледі. Ата-анасының біреуінің, қорғаншысының, қамқоршысының немесе асырап алушысының жазбаша келісімімен: 1) орта білім беру ұйымында негізгі орта, жалпы орта білім алған жағдайда, он бес жасқа толған азаматтармен; 2) сабақтан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмысты орындау үшін, он төрт жасқа толған оқушылармен; 3) кинематография ұйымдарында, театрларда, театр және концерт ұйымдарында, цирктерде денсаулығына және адамгершілік тұрғысынан дамуына нұқсан келтірмей, шығармалар жасауға және (немесе) орындауға қатысу үшін, осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасында айқындалған талаптарды сақтай отырып, он төрт жасқа толмаған адамдармен еңбек шарты жасалуы мүмкін. Еңбек шартына кәмелетке толмаған адаммен қатар оның ата-анасының біреуі, қорғаншысы, қамқоршысы немесе асырап алушысы қол қоюға тиіс».
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсіп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға құқығы бар деп белгіленген. Осы баптың 4-тармағына сәйкес баланы еңбек жағдайлары зиянды немесе қауіпті ауыр жұмысқа қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. Жұмысты орындау білім алу процесін бұзбауға тиіс.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 31 шілдедегі № 185-ө бұйрығымен он сегіз жасқа толмаған адамдардың еңбегін қолдануға тыйым салынатын ауыр білек күшімен істелетін жұмыстардағы және еңбек жағдайлары зиянды (аса зиянды), қауіпті (аса қауіпті) жұмыстардағы өндірістердің, кәсіптердің тізімі бекітілді.
Жұртшылықты бала еңбегінің пайдаланылуы туралы хабардар ету мақсатында жыл сайын «12 күн бала еңбегін пайдалануға қарсы күрес» атты ұлттық ақпараттық науқан өткізіледі. Науқан кезінде республикада бала еңбегін пайдалану фактілерін анықтау бойынша алдын ала рейдтер, кәмелекте толмағандармен бала еңбегінің ерекшеліктерін түсіндіру бойынша әңгіме өткізіледі, бала еңбегін пайдалану туралы буклеттер мен жадынамалар таратылады, баспасөз-конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, конкурстар мен концерттер өткізіледі. Науқан шеңберінде жыл сайын 300 мыңнан астам ересектер мен балаларды қамти отырып, төрт мыңнан астам іс-шара өткізіледі.
2007 жылы «Зияткерлік еңбек әйелдерінің одағы» АБ-мен бірлесіп, әлеуметтанушылық зерттеу өткізілді және «ҚР-дағы бала еңбегінің ең жаман нысандары: ахуалды бағалау және елде қабылданған шаралар туралы» атты жинақ шығарылды.
2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Бала еңбегінің ең нашар нысандарын түбегейлі жою және ХЕҰ-ның № 182 Конвенциясын іске асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бірлескен жұмыс жоспары іске асырылуда.
2009 жылы Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының мақта және темекі өсіретін алқаптарында жұмыс істеген 900 бала, 2010 жылы – бала еңбегінің 532 фактісі анықталды.
2010 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтауы бойынша 18,0 мыңнан астам тексерулер жүргізілді. Әрбір тексеруді жүргізу кезінде мемлекеттік еңбек инспекторлары міндетті түрде бала еңбегінің заңсыз пайдаланылуына назар аударады.
Тексеру қорытындылары бойынша балалар еңбегін пайдалануға жол берген лауазымды адамдар жауапкершілікке тартылды.
Есірткі құралдарын пайдалану
(33-бап)
Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарлама бекітілді.
Республикада үнемі «Жастар есірткіге қарсы» атты акция өткізіліп тұрады. 2010 жылғы маусымда республиканың барлық қалалары мен өңірлерінде Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған және есірткіні пайдалану проблемасына жұртшылықтың назарын аударуға және қоғамдық есірткі иммунитетін қалыптастыруға бағытталған жаппай акциялар өткізілді.
Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті (бұдан әрі – Комитет) Астана қаласының әкімдігімен және астананың Ішкі істер департаментімен бірлесіп, «Бостандық. Бақыт. Өмір» атты кең ауқымды акция өткізді. Акция БАҚ-та жарық көрді.
Көрсетілген іс-шараларға Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде 2,176 млн. теңге бөлінді.
Елдің барлық өңірлерінде шерулер, веложүрістер, концерттік бағдарламалар, конкурстар, викториналар, спорттық жарыстар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің «Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК Білім және ғылыми министрлігімен бірлесіп, психоактивті заттарға тәуелді болуға тарту тәуекелдерін психологиялық тестілеудің диагностикалық компьютерлік бағдарламасын (бұдан әрі – компьютерлік бағдарлама) енгізу жөніндегі жұмысты жалғастырды.
2010 жылы компьютерлік бағдарламаны сынақтан өткізу және енгізу Павлодар, Астана, Алматы қалаларындағы 161 орта білім беретін оқу орындарында өткізілді.
Аталған қалаларда психологтарға, әлеуметтік педагогтарға арналған «Балалар мен жасөспірімдердің бойында психоактивті заттарға тәуелді болудың қалыптастысу тәуекелдерін және дамуын ерте анықтау тәсілі» тақырыбында үш күндік семинар-тренингтер өтті, оның барысында 161 маман оқытылды (Астана – 61, Алматы - 75, Павлодар – 25 адам).
Днсаулық сақтау министрлігіне осы іс-шараны іске асыруға Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы 2009-2011 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде 6,0 млн. теңге бөлінді.
Білім беру мекемелерінде психологиялық тұрақтылық деңгейін анықтау бойынша тестілеудің компьютерлік бағдарламасын пайдалану тиімділігін мониторингілеу жүйесі әзірленді, Қарағанды, Павлодар және Тараз қалаларының мектептерінде алдын ала бағалау жүргізілді. Мониторингтің нәтижелері бойынша осы бағдарламаның тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы тұжырымдар жасалды.
Бірқатар өңірде сондай-ақ халықтың әртүрлі тобы арасында әлеуметтанушылық зерттеулер өткізілді.
2010 жылы Аөмола облысында әлеуметтанушылық сауал қою өткізілді. Оның нәтижелері бойынша адамдардың есірткіні пайдалана бастауының басты себептері анықталды: серіктерінің әсер етуі – 44,4% және жұмыс істемеуі — 13,8%. Қатысқан респонденттердің 19,2%-ы есірткі қолданған. 79,9%-ы есірткі сатушыларға ешқаншан жолықпаған. Респонденттердің 61,9%-ы есірткі туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарынан, 17,4%-ы – арнайы әдебиеттен, 12,3%-ы - достарынан, 7,0% - ата-аналарынан алған.
Солтүстік Қазақстан облысында өткізілген әлеуметтанушылық сауал қою есірткі пайдаланудың неғұрлым кең тараған себептері ретінде жастар басқа адамдардың ықпалын көрсетеді, компаниялар - 24%, жұмысының болмауы (бос уаұқыт) - 16,4%, «тыйым салынған жеміске» қызығушылық - 9,9% және есірткілерді пайдаланудың барлық салдарын білмеуі - 8,6%.
2010 жылы СӨС (Салауатты өмір салты) орталықтарымен бірлесіп, 96 мыңнан астам қатысушыны қамти отырып, маскүнемдік пен темекі шегудің алдын ала жөнінде 128-ден астам дәріс беру сабақтары, 1500 әңгімелесу өткізілді.
ЖОО-лар есірткі қолданудың зияны мен салдары туралы 189 дөңгелек үстел, 206 оқытушы семинар-тренингтер, 152 акция өткізді, 210 брошюра және 22 бейнефильм шығарылды.
Нарколог-дәрігерлердің, ішкі істер органдары инспекторларының, психологтардың, әлеуметтік педагогтардың қатысуымен «Бірге ойланайық» атты ата-аналарға арналған консультациялық пункттер жұмыс істейді.
Оқу орындарында тақырыптық стенділер, кітапханаларда кітап көрмелері үнемі жұмыс істейді, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, есірткіге қарсы бағыттағы ақпараттық парақтар шығарылып отырады.
Оқу орындарында есірткіге қарсы насихаттау жөніндегі ұтқыр топтар құрылған, басшылардың бұйрықтарымен бағдарламаның іске асырылуына жауапты педагогтар тағайындалған. Педагогтар үшін жыл сайын курстар өткізіліп тұрады.
Мәселен, 2010 жылы АИТВ-ның, нашақорлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша 4, оның ішінде 2 – АИТВ мен нашақорлықтың алдын алу бойынша «Оқушылардың бойында өмірлік дағдыларды қалыптастыру негізінде АИТВ-ның, уытқұмарлықтың, нашақорлықтың, маскүнемдік пен темекі шегудің алдын алу жөніндегі жұмысты ұстау» тақырыбы бойынша біліктілігін арттыру курсы өткізілді, оған 120-дан астам адам қатысты.
Жалпы білім беретін мектептерге көмекке ЮНЕСКО ҚМПА-ның (Қазақстандық медициналық-педагогикалық қауымдастық) қолдауымен Республикалық біліктілікті арттыру институты ата-аналарға арналған «АИТВ-ның, нашақорлықтың, уытқұмарлықтың, маскүнемдік пен темекі шегудің алдын алу» атты құрал әзірледі.
Азшылыққа тиесілі балалар
(30-бап)
Мемлекет Қазақстан Республикасының саны аз халқы мен этникалық топтарына жәрдем көрсетеді, олардың мәдениетін, ұлттық ерекшелікті сақтау мен қалпына келтіру жөніндегі саясатты жүргізеді.
Барлық осы топтардың өте жоғары азаматтық-құқықтық және қоғамдық мәртебесі бар. Олардың өкілдері ұлттық азшылық ретінде әрекет етпейді, Қазақстанның біртұтас халқының түгел барлық құқыққа ие азаматы ретінде қаралады. Этникалық топтардың мүдделері Ассамблеяның парламенттік кепілдік берілген өкілдігі арқылы қамтамасыз етіледі, нәтижесінде Ассамблеядан тағайындалатын ел Парламенті Мәжілісінің 9 депутаты елдің барлық этностары мүдделерінің жиынтығы ретінде оның мүдделерін білдіреді.
Ақпараттық алаңда 35-тен астам этникалық газеттер мен журналдар жұмыс істейді. Газеттер мен журналдар 11 тілде шығарылады, радиохабарлар – 8, ал телебағдарламалар 7 тілде жүргізіледі. 2010 жылы этникалық БАҚ-ты қолдауға 76 млн. 995 600 теңге (531 мың АҚШ доллары), оның ішінде «Украински новини», «Deutsche Allgemeine Zeitung», «Коре ильбо», «Уйгур авази», «Ватан», «Ақ барыс» және «Ахыска» газеттеріне бөлінді.
50 қазақстандық театрлардың ішінде 9 аралас, 15 орыс, 1 корей, 1 неміс,1 өзбек және 1 ұйғыр театры жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 өкімімен бекітілген 2001-2011 жылдарға арналған тілдердің қызметі және дамуы мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанда тұрып жатқан этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды. Республиканың білім беру ұйымдарында негізгі ережелердің бірі ретінде ана тілін үйренуде ұлттық саны аз топтардың құқықтарын іске асыру орындалуда.
Республикадағы 7 516 жалпы білім беретін мектептердің ішінде 1 524 орыс тілінде, 58 өзбек тілінде, 14 ұйғыр тілінде, 2 тәжік тілінде оқытатын, 2 097 аралас мектеп.
2 261 мектепке дейінгі мекемелердің 272 орыс тілінде, 3 басқа тілдерде оқытады; этномәдени бірлестіктерінің 190 жексенбілік мектептерінде ана тілін 30 этникалық топ оқиды.
Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерін оқытатын жалпы білім беретін мектептердің түлектері қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) тапсыруға қатыса алады. ҰБТ қорытындылары бойынша бітірушілердің орта мектептен кейінгі және жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына түсуге құқығы бар.
Бала құқықтары туралы конвенцияға Балалардың қарулы
жанжалдарға қатысуына қатысты факультативтік хаттама
ережелерінің жүзеге асырылуы туралы ақпарат
( Нью-Йорк қ., 2000 жылғы 6 қыркүйек)
Қазақстан Республикасы ратификациялаған Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты факультативтік хаттама 18 жасқа толмаған адамдардың әскери іс-қимылдарға тікелей қатысуына және қарулы күштерге шақырылуына жол бермеуді жариялайды. Осы хаттаманың нормалары «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының баланың әскери іс-қимылдарға, қарулы күштерге қатысуға тартылуына, балаларға арналған мамандандырылған құрамаларды құруға тыйым салатын 41-бабына, сондай-ақ «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды айқындайтын 23-бабына енгізілген.
Қазақстандағы мемлекеттік-конфесииялық қатынастардың қазіргі жай-күйі елде әртүрлі діндер мен ұлттар өкілдерінің бейбіт өмір сүруі үшін құқықтық, идеологиялық және қоғамдық жағдайлардың жасалғаны туралы куәландырады.
Қазақстан бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы халықаралық қозғалысқа белсенді қатысушы болып табылады және бейбіт азаматтардың өміріне, денсаулығы мен тыныштығына қол сұғатын террористік актілердің кез келген көріністеріне қарсы тұрады. 2010 жылғы сәуірде бейбіт халықты қорғау кепілдіктері және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің терроризмге қарсы операцияларды жүргізу үшін жауапкершілігі заңнамалық түрде күшейтілді.
«Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (2005 жылғы 18 ақпандағы № 31) сәйкес балаларды қарулы жанжалдарға қатысуға тартқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жаза көзделген.
Елде балалардың қарулы соқтығыстар мен жанжалдарға қатысуының алдын алу мен қорғау мақсатында ақпараттық-құқықтық білім беру жүргізілуде.
Республиканың барлық облыстарында Жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі үйлестіру кеңестері әрекет етеді. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде жұмыс жүргізетін ардагерлер, ауған соғысы жауынгерлері кеңестері, үкіметтік емес ұйымдар жұмыс істейді. Республикада негізгі мақсаты балаларды патриоттық тәрбиелеу, дене бітімін дамыту болып табылатын «Ұлан» әскери-спорттық ойыны өткізіледі.
Барлық білім беру ұйымдарында Құқықтық білім беру мектептері жұмыс істейді, Факультативтік хаттаманың қағидаттары мен ережелерін түсіндіру жөнінде іс-шаралар, акциялар, сабақтар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Мәселен, Астана қаласында 2010 жылы «Бейбіт уақыттағы қарулы жанжалдар», «Халықаралық терроризм және балалар» атты дөңгелек үстелдер өтті. Жыл сайын Бесландағы оқиғалар туралы еске алу үшін «Бесландағы оқиғалар», «Терроризм дегеніміз не?», «Соғыстың бала келбеті жоқ» және басқа да іс-шаралар, жиындар, сынып сағаттары өткізіліп тұрады.
Факультативтік хаттаманың ережелері «Тіршілік-әрекет қауіпсіздігінің негіздері» атты мектеп курсында оқып-үйретілді.
Әскери мектеп-интернаттарда, училищелерде Бала құқықтары туралы конвенцияға Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты факультативтік хаттаманы зерделеу жөніндегі іс-шаралар жоспарлар әзірленді.
2010-2011 оқу жылында республикада әскерге шақыруға дейінгі тереңдетілген даярлықпен 4 облыстық кадет мектеп-интернаттары жұмыс істейді, онда 980-нен астам оқушы оқиды жән жалпы білім беретін смектептер жанындағы 22 кадет сыныптары жұмыс істейді, онда 500 мектеп оқушысы білім алады. Осы білім беру Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды облыстарында және Астана қаласында жұмыс істейді.
Негізгі мектеп оқушыларының кадрлық әскери кәсіпті таңдауына ерте кәсіптік бағдар беру үшін республикада үш республикалық әскери мектеп-интернат ашылды, онда 1350 тәрбиеленуші білім алады.
Әскери мектептердің негізгі міндеті – мемлекеттік және шет тілдерін үйрену, жасөспірімдердің дене бітімін күшті даярлау. Әскери мектептерде оқу мерзімі – 2 жыл – 10 және 11-сыныптар.
2010 жылы балаларлдың өз құқықтары туралы хабардар болу деңгейі, Бала құқықтары туралы конвенция сияқты негіз қалаушы халықаралық құжаттарды білуі туралы зерттеу жүргізілді. Зерттеуде республикадан 193 025 бала қамтылды. Сауалнамаларға балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына қатысты бірқатар сұрақтар енгізілді.
Зертеудің нәтижелері бойынша республиканың бес (16-дан) облысындағы балалар өз құықтары туралы жақсы хабардар екені, Қарулы жанжалдарға қатысу туралы факультативтік хаттаманың негізгі ережелерін білетіні (қалған өңірлерде хабардарлылық деңгейі 52-ден 70%-ға дейінді құрайды) анықталды. Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының дерлік 100 %-ы, 77,7% - Жамбыл, 76,5% - Қызылорда және 75% - Маңғыстау облыстарының сауал қойылған оқушыларын 18 жасқа толмаған азаматтар әскери іс-қимылдарға тікелей қатыса алмайтынын және Қарулы Күштер қатарына шақырыла алмайтынын атап өтті. Барлық облыстарда балалар қарулы жанжалдарға қатыспағанын, қарулы жанжалдардың куәсі немесе құрбаны болмағаны туралы және ешқашан болғысы да келмейтіні туралы атап өтті.
«Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты Баланың құқықтары туралы» конвенцияның факультативтік хаттамасы
Қазақстан Баланың құқықтары туралы конвенцияны, ХЕҰ-ның Балалар еңбегінің ең нашар нысандарына тыйым салу және олардың жолын кесу жөніндегі шұғыл шаралар туралы № 182 Конвенциясын (Женева, 1999 жылғы 17 маусым), сондай-ақ 2000 жылғы 6 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында жасалған «Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты Баланың құқықтары туралы» конвенцияның факультативтік хаттамасын ратификациялай отырып, балаларды жан-жақты қорғауға өзінің берілгендігін көрсетті.
2006 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты конвенцияның факультативтік хаттамасын іске асыру жөніндегі алғашқы есепті дайындап, Бала құқықтары жөніндегі комитетке жіберді.
2010 жылы Қазақстан Республикасы басқа мемлекеттердегі балалардың тағдырын бақылап отыруға құқық беретін Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялады.
Балаларды халықаралық ұрлаулың азаматтық аспектілері туралы конвенцияға қосылу туралы мәселені шешу жөніндегі жұмыс басталды. Оның мақсаты балаларды заңсыз алып кетуден немесе ұстап отырудан халықаралық қорғауды қамтамасыз ету және оларды әншейіндегі тұрғылықты жеріне жылдам қайтару жөніндегі рәсімді белгілеу болып табылады.
Қазіргі уақытта ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Көрсетілген Заңмен «баланы экономикалық пайдалану» ұғымы енгізіліп қана қоймай, баланың экономикалық пайдаланудан қорғау құқығы да бекітіледі (баланы пайдалану – бұл бала еңбегінің ең жаман нысаны, о.і. кәмелетке толмағандарды саудаға салу, зинақорлықпен айналыстыру және т.б.)
Кәмелетке толмағандарға жыныстық қолсұғылмаушылыққа қарсы қылмыстар жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершілігі едәуір күшейтілді ( ҚК-нің 120, 121, 122 және 124-баптары балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндет жүктелген адамдар (ата-аналары, қамқоршылары, педагогтар) жасаған нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттерге байланысты жаңа нормалармен толықтырылды).
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы кәмелетке толмағандарға нәпсұмарлық зорлық көрсеткені үшін мерзімі 20 жылға дейн бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Кәмелетке болмағандардың тәрбиешілері үшін жаза қатаңдатылды. Қамаудан шыққаннан кейін оның 10-нан 20 жылға дейін балалармен жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Заңда Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару үшін, сондай-ақ не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тартқаны үшін жауаптылық көзделген (273-1-бап. «Кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды немесе заттарды жасау және айналымға шығару не оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысу үшін тарту»).
Қазақстан Республикасының аумағында қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды және порнографияны насихаттауға бағытталған мәліметтер мен материалдарды қамтитын бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін таратқаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында әкімшілік және қылмыстық жауакершілік көзделген.
Астана қаласының соты балалар порнографиясын насихаттайтын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының, интернет-ресурстардың өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағында таратуды тоқтату туралы 2011 жылғы 3 маусымдағы №2-1078/11 шешімді қабылдады.
Балаларды нәпсіқұмарлық немесе жыныстық сұрап тиісуден қорғау мақсатында заңда осындай қылмыстар үшін сотталған адамдарға қосымша талаптар белгіленген. Олар мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тек жазасының кемінде төрттен үш бөлігін іс жүзінде өтегеннен кейін ұсынылуы мүмкін. Бала еңбегін пайдалануды болғызбау және қорғау мақсатында заң жүзінде кәмелетке толмағанның эротикалық мазмұндағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылымдарды сатуына тыйым салу белгіленген.
Осыған байланысты «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңның 14-бабы кәмелетке толмағанның эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімді басылымдарды сатуына тыйым салуды белгілейтін нормамен толықтырылды.
Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы заңнамасының тұрмыстық күш қолдануды, нәпсіқұмарлыққа және экономикалық пайдалануды, адамдарды ұрлау мен саудаға салуды қоса алғанда, қылмыстардың құрбандары және/немесе куәлары болған балаларды қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Адамды саудаға салуға қарсы күрес жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын қабылдады.
Қылмыстардың көрсетілген санаттардың серпіні былайша көрсетіледі:
- 2007 жылы:
- Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ҚК) 128-бабы (адамды саудаға салу) – 16 іс;
- ҚР ҚК-нің 133-бабы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) – 5 (Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті (бұдан әрі - ІІД) – 2 факт; Атырау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ІІД – 1 фактіден);
- ҚР ҚК-нің 125-бабы 3-т. «б» бөлігі (пайдалану мақсатында адамды ұрлау) – 4;
- ҚР ҚК-нің 126-бабы 3-т. «б» бөлігі (пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) – 2;
- ҚР ҚК-нің 270-бабы (жезөкшелiкпен айналысуға тарту) – 7 іс;
2007 жылы әртүрлі мерзімге 17 адам сотталды.
Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында 2007 жылғы 6 қазанда У.М. Ангарбекованың кәмелетке толмаған қызды С.С.Айтбаева ұйымдастырған жезөкшелікпен айналысу үшін притонға сату фактісі анықталды.
Осы факт бойынша У.М. Ангарбекова сот 7 жылға бас бостандығынан айыруға, С.С.Айтбаева 6 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланды.
- 2008 жылы:
- ҚР ҚК-нің 128-бабы (адамды саудаға салу) – 15 іс;
- ҚР ҚК-нің 133-бабы (кәмелетке толмағандарды саудаға салу) – 5 (Ақмола облысының ІІД) – 2; Батыс Қазақстан ІІД, Маңғыстау ІІД және Солтүстік Қазақстан облыстарының ІІД – 1 фактіден);
Достарыңызбен бөлісу: |