Жануардың клинкалық тексеру жоспарын айтыңыз.
Ауру малды тіркеуге не кіреді?
Анамнез түсінігіне анықтама беріңіз.
Жануардың ауырған кезеңінде жиналатын анамнезге қандай сұрақтар кіреді?
Жылқылар мен ірі қара малға қалай жақындау керек?
Жылқыны, ірі қара малды, құстарды, иттерді бекітудің негізгі әдістерін атаңыз.
№ 3 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Габитусты анықтау. Тері және тері асты клетчаткасын тексеру.
Құрал – жабдықтар: бұраулар, мұрын қысқыштары, арқан, ілгек.
Жануарлар: жылқы, сиыр, қой.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге габитусты анықтауды үйрету. Теріні тексеру. Тері және тері асты клетчаткасының өзгерістерінің диагностикалық мәнін анықтау.
Габитусты анықтау
Габитус – малдың сыртқы түр тұлғасы. Оған малдың өзін кеңістікте ұстауы, қоңдылығы, дене құрлысы, дене температурасы кіреді.
Дене құрылымын бағалағанда оның сүйектері мен бұлшықеттерінің даму дәрежесіне көңіл бөледі. Дене құрылымы мықты, әлсіз, орташа болуы мүмкін. Денсін кеңістікте ұстауы қалыпты және қалыпты емес (амалсыз) болуы мүмкін.
Жылқы мен сиыр сау болса, көбінесе тұрып тұрады. Жылқы артқы аяқтарын кезек-кезек босатып, тек бір аяғымен тіреліп тұрады. Ірі қара малдар төрт аяғымен бірдей толық тіреліп тұрады. Ал азықтанған соң жатып күйіс қайырады. Қойлар да ірі қара мал сияқты жатып күйіс қайтарады.
Ауру малдарда амалсыз тұру және жату мақсатсыз жүру байқалады. Амалсыз тұру плевритте, жіті эмфиземада, перикардитте байқалады. Амалсыз жату аяқ ауруларында, төлдеуден кейінгі парезде, шошқалар температурасы көтерілгенде астына жайылған сабанға көміледі.
Мақсатсыз жүру, қимылдау мишық, сопақша ми ауруларында, құлақ лабиринті ауырғанда байқалады.
Дене қомақтылығы – организмдегі зат алмасу процессіне және дұрыс уақытында қоректенуіне байланысты. Қомақтылықты жақсы, орташа, орташадан төмен, жаман немесе арық деп бөледі.
Темперамент (мінез) – жануардың сыртқы орта тітіркендіргіштеріне жауап беру жылдамдығы мен дәрежесі. Оны жануардың өзін ұстауына қарап анықтайды. Жануардың көзіне, құлақ қозғалысына және тітіркендіргішке жауап беру жылдамдығына байланысты сипаттайды. И.П. Павловтың анықтағаны бойынша темперамент жоғарғы жүйке қызметіне байланысты төрт типке бөлінеді:
Жоғарғы жүйке қызметінің күшті ұстамсыз қозғыш типі;
Жоғарғы жүйке қызметінің күшті ұстамды, ширақ типі;
Жоғарғы жүйке қызметінің ұстамды баяу типі;
Жоғарғы жүйке қызметінің әлсіз типі.
Конституция - организмнің анатомиялық, морфологиялық ерекшеліктерінің жиынтығы. Н.П. Кулешов, Е.А. Богданов бойынша конституцияның төрт түрі бар: ірі, нәзік, тығыз және балбыр. 1) Ірі конституция – сүйектері ауыр, басы үлкен, терісі қалың, бұлшық еті жақсы дамыған, май ұлпасы нашар дамыған. Көп қоректенеді, бірақ өнімі аз. 2) Нәзік конституция- сүйектері жеңіл, жіңішке, басы жеңіл, мойны жіңішке, аяқтары жіңішке, ұзын болады. Терісі жұқа, сирек, қысқа, жіңішке түктермен жабылған. Бұлшық еті, май ұлпасы нашар дамыған. Зат алмасуы интенсивті. Темпераменті ширақ. 3) Тығыз конституция- май ұлпасының жақсы дамуымен ерекшеленеді. Басы қалақты, мойны қысқа денесі қопақты, дөңгеленген, аяқтары қысқа болады. Қозғалысы баяу болып келеді.
Таза конституция сирек кездеседі. Жиі олардың қосындысы болады. Ірі қара малдарда жұмысқа бейімделген болса, ірі конситутция мен тығыз консититуцияның қосындысы, ет тұқымды жануарларда нәзік конституциялы мен болдыр конситутцияның қосындысы, сүт тұқымды жануарларда нәзік конституциялы мен тығыз конситутциялы қосындысы болып келеді.
1 тапсырма. Жылқы, сиыр, қойдың өзіндік тексеру бойынша габитусын анықтау. Нәтижесін оқытушыға тексерту.
Тері және тері асты клетчатканы тексеру
Тері және тері астындағы клетчатканы көру және сипалау арқылы тексереді. Кейде нұқуды пайдаланады. Паразиттік және инфекциялық ауруларда микроскоптық әдісті қолданады. Алдымен терінің физикалық жағдайын (тері қабының, құстың қауырсындарының жағдайын, тері түсін, ылғалдығын, иісін, қызуын және иілгіштігін), ал содан кейін терінің патологиялық өзгерістерін (ісік, қабыну, эмфизема), бүтіндігінің бұзылуын тексереді.
Терідегі болуы мүмкін патологиялық өзгерістер
Мұнда тері көлемінің ұлғаюы- қабынулар, тері асты клетчатканың эмфиземасы, элефантиазис жатады. Тері бөртпелері біріншілік болып және екіншілік болып бөлінеді. Біріншілік бөртпелерге – дақ, төмпешік, күлдіреуік немесе күлдіреу жатады. Екіншілік бөртпелерге – қабыршық, қыртыс, эрозия жатады. Екіншілік бөртпелер біріншілік бөртпелерден түзіледі. Тері бүтіндігінің бұзылуына – сызат, жарылу, жарақат, ойық жара, шіру, тері жарасы мен тыртықтар жатады.
2- тапсырма. Осы тақырыпқа әр студент өзі тәжірибелік жұмыс жасап, оқытушыға тексерту керек.
Тексеру сұрақтары
1.Жануардың габитусы деген не және оның мағынасы қандай?
2.Жануардың денесін кеңістікте ұстауы қандай болады?
3.Жануарларда конституцияның қандай түрлері болады және олардың мағынасы қанадай?
4.Біріншілік және екіншілік бөртпелер қандай ауруларда болады?
5.Терінің патологиялық өзгерістеріне не жатады?
№ 4 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Көрінетін кілегей қабықтарды және беткі лимфа түйіндерін тексеру.
Құрал-жабдықтар: Бұраулар, қысқыштар, вазелин, термометр, залалсыздандыру заттары.
Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой, ауру жануарлар.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге көрінетін кілегей қабықтары мен беткі лимфа түйіндерін тексеруді үйрету. Олардың жұқпалы емес аурулардағы өзгерістерін анықтауды үйрету. Студенттерге қызбаның түрлерін ажыратуды үйрету.
Жұмысты ажырату әдістемесі
1. Жануарлардың (жылқы, сиыр, қой, қоян) конъюнктивасының және кілегей қабаттарының түсіне, ылғалдығына, ісінулеріне және түзілістердің бар-жоқтығына назар аудару.
Сау малдарда кілегей қабаты қызғылт түсті, қалыпты ылғалданған, ісінулер мен түзілістерсіз болу керек. Жылқылардың танау аралық пердесінің кілегей қабатының түсі көкшіл болады. Ауруларда кілегей қабаттар өзгереді. Қан кетуде кілегей қабаттары ақшыл түсті болып кетеді. Пневмонияда, жүрек мүкісі, қызба, қозу кезінде кілегей қабаттарының қызаруы байқалады. Сары ауру, инфекциялық анемияда кілегей қабаты сарғыш түсті болады. Кілегей қабаттарының домбығуы қабынуларда байқалады. Үлкейген конъюнктива көз саңылауынан қызыл валик тәрізді қатпар түрінде шығып тұрады. Ол инфлюэнца, жұғымтал ала өкпе, оба ауруларында кездеседі.
Кілегей қабаттарында ақ және сұр түсті түзілістер болады. Асқорыту трактісінің ауруларында ақшыл-сұр түсті түзіліс байқалады. Жылқылардың энфлюэнца ауруында конъюнктивада фиброзды түзілістер пайда болады.
Кілегей қабаттарының секрециясының көбеюі қабынуларда байқалады. Конъюнктивалық қап, ауыз, танау және қынап ауруларымен сипатталады. Ағындылар сірлі, кілегейлі, іріңді т.б. болады.
2. Дені сау жылқы, сиыр, қойдың лимфа түйіндерін және ауру малдардың лимфа түйіндерін тексеру.
Көру және сипалау арқылы лимфа түйіндердің көлеміне, пішініне, тығыздығына, қозғалғыштығына және лимфа түйінін жауып тұрған терінің қызуына назар аударады. Жылқыларда жақ асты, тізе қатпары және шап лимфа түйіндерін тексереді.
Ірі қара малдарда және ұсақ малдарда жақ асты, жаурын алды, тізе қатпары және желін үсті лимфа түйіндерін тексереді. Түйелерде жақ асты, жоғары және төменгі мойын, жаурын алды, тізе қатпары және шап лимфа түйіндерін тексереді.шошқаларда лимфа түйіндерін сипап табу өте қиын, бірақ оларды жұтқыншақ арты безі міндетті түрде тексеріледі, өйткені олар туберкулез, сібір жарасы кезінде зақымдалады. Иттерде, мысықтарда шап бездерін, ал құстарда төменгі мойын бездерін тексереді.
Ауруларды (лейкоз, туберкулез, сақау және т.б.( лимфа түйіндерінің ісінуі мен үлкеюі байқалады.
3. Әрбір студент жылқы, қой, сиырдың дене қызуын максимальді малдәрігерлік термометрді тік ішекке, ал құстарда клоакоға салу арқылы өлшейді. Дене қызуын өлшегенге дейін термометр дезинфекциялық ертінді құйылған сауытта тұрады. Дене қызуын өлшеу алдында термометрге вазелин жағады, түсіп қалмау үшін арнайы құрал арқылы құйрық түбіне қыстырып қояды. Дене қызуын жұмыс дәптеріне жазып алу керек.
Қызба. Патологиялық тітіркендіргіштердің әсеріне ағзаның жалпы жақсы жауап беруі, ал жылу түзілудің бұзылуымен және дене қызуының көтерілуімен және дене қызуының көтерілуімен сипатталады. Қызбалық процесте қалтырау, асқорыту, тыныс алу, жүрек-қантамыр жүйелері мүшелерінің, жүйке жүйесінің өзгерістері байқалады.
Дене қызуының көтерілу дәрежесіне байланысты қызба төмендегідей бөлінеді:
1) субфибрильді (1° жоғарылауы);
2) Фибринді (2° жоғарылауы);
3) Перитикалық ( 3° жоғарылауы);
4) Гипер перитикалық (3°ары қарай жоғарылауы);
Қызба түрлері:
Эфимерлік және өткінші:
Тұрақты;
Әлсіздендіргіш;
Аралық;
Қайталанбалы;
Антиптік;
Арықтандырғыш
Қызба ауруын емдеудің үш кезеңі:
Дене қызуының жоғарылау кезеңі;
Дене қызуының ең қатты жоғарылау кезеңі;
3) Дене қызуының төмендеуі, ол литикалық және критикалық болады.
4. Оқытушы берген мәлімен бойынша студенттер дене қызуының қисығын құрады да, қызба түрін және ол қай ауруды кездесетінін анықтайды.
Гипотермия – дене қызуының қалыпты жағдайдан төмендеуі. 1° төмендеуді субнормальді деп атайды. Дене қызуының ең тез төмендеуі талу кезінде байқалады. Дененің қызуының 2° төмендеуін қалыпты талу дейді, ал 3-4° төмендеуін альгидтік талу деп атайды.
Әрбір студент оқытушы берген мәлімет бойынша дене қызуының әртүрлі төмендеуімен сипатталатын қызба қисығын салады.
Тексеру сұрақтары:
1.Жануарлардың қандай кілегей қабаттары тексеріледі?
2.Кілегей қабаттарын тексергенде неменеге көңіл аударады?
3.Жылқы, сиыр, түйе, шошқа, ит, мысық, құстардың қай лимфа түйіндері тексеріледі?
4.Лимфа түйіндерін тексергенде неге көңіл аударады?
5.Қандай ауруларда лимфа түйіндердің өзгерістері байқалады?
6.Жануарлардың дене қызуы қалай өлшенеді?
7.Қызба дегеніміз не? Оның түрлері қандай?
8.Дене қызуының көтерілу дәрежесіне байланысты қызбаны қалай бөледі?
9.Қызба кезеңдерін атаңыз?
10.Дене қызуының литикалық және критикалық төмендеуі дегеніміз не?
11.Гипотермия дегеніміз не және ол қашан болады?
12.Қалыпты және альгидтік талу дегеніміз не?
№ 5 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлардың мінез-құлқын, бас сүйегін, омыртқа жотасын және сезім мүшелерін тексеру.
Құрал-жабдықтар: Плессиметр, перкуссиялық балғашық, бұрау, риноскоп, шпатель, сферикалық айна, қысқыш, шам (фонарик).
Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге жануарлардың мінез-құлқын, бас сүйегін, омыртқа жотасын және сезім мүшелерін тексеру.
Жануарлардың мінез-құлқын, бас сүйегін, омыртқа жотасын және сезім мүшелерін тексеру.
Қажетті құралдар және реактивтер. И.П. Шатала аппараты, шөп, концентраттар және т.б. азықтар, маталар, мүсәтір спирті.
Жануарлар. Жылқы, сиыр, қой.
Сабақтың мақсаты. Студенттерге бассүйекті, омыртқа жотасын, анализаторларды және сезімталдықты жүйке жүйесінің аурулары кезінде дұрыс диагноз қою үшін қажет.
Тексеру техникасы. Жануарлардың бассүйегі мен омыртқа жотасын тексеру. Қарау арқылы бассүйектің пішіні мен көлеміне, бассүйектің болуы мүмкін деформацияларына назар аударады. Сипалау арқылы жергілікті температураның өзгеруін (менингитте, инфекциялық энцефалитте жоғарлайды), ауырсынуын (қой айналмасы, эхинококкоз, ми ісігі) және сүйек ұлпасының жағдайын анықтайды. Нұқу арқылы перкуссиялық дыбыстың өзгерістері бар, жоғын анықтау керек. Омыртқа жотасын тура жоғарыда айтылған әдістерімен тексереді, нәтижесін жұмыс дәптеріне жазады.
Сезім мүшелерін тексеру.көру аппаратын тексеру. Қабықты, коньюнктиваны, мүйізді қабықты, қарашықты және торлы қабықты қарау арқылы тексеріп, қабақта инфильтрациясының қарашықтың кішіреюінің, мүйізді қабықтың қабынуының торлы қабықтың лайлануының бар, жоғын т.б. анықтайды. Жануардың табиғи және жасанды бөгеттерден қалай өтетіндігін тексеру керек.
Есту аппаратын тексеру. Көру арқылы жануардың дыбысты қабылдауына (лақап атын айтқанда, шапалақтағанда) назар аударады. Сау жануарларда естуінің белгісі-құлағын қозғалтуы, тынышсыздану, қозу, шошыну болып есептеледі. Тексеру кезінде гиперэстезия мен гипоэстезияның бар- жоғына, есту қабілетіне назар аудару керек.
Иіс сезу мүшесін тексеру. Жануардың көзін орамалмен байлау арқылы көру аппаратының жұмысын тоқтатады. Көру арқылы жануардың әртүрлі азықтардың иісін сезуіне және мүсәтір спиртінің иісіне, реакциясына назар аудару керек. Жануарға азық пен мүсәтір спиртін, әртүрлі қашықтықта апару керек. Иіс сезу мүшесі қалыпты болса, онда жануар бірінші азықты жеуге ұмтылады, сол кезде мүсәтір спиртінің иісін сезсе алшақтап кетеді.
Тері сезімталдығын тексеру. Ауруға сезімталдығын тексеру. Жануар денесінің әртүрлі бөлігіндегі теріге иненің ұшын пісу арқылы оның ауруға сезімталдығын тексереді. Бұл кезде рефлекстен босату үшін тексерілетін тері аймағының үстіне қолды қойып тұрады. Сау жануарлар тынышсызданады, бұлшықеттерін жиырады, құлағын қозғалтады.
Тактильді сезімталдықты тексеру. Орамалмен жануардың көзін жауып, шоқтың аймағындағы жүнге ауамен немесе жіңішке қылқаламмен әсер еткенде, сау жануарлар тері асты бұлшық еттің жиырылуымен, тынышсызданып, құлағын қозғалтып, басын бұрып жауап береді.
Бақылау сұрақтары
1. Қандай ауруларда бассүйек пен омыртқа жотасының қисаюы, бүгілуі байқалады?
2. Ауыру және тактильді қоздырғышқа сау жануарлар қалай жауап қайтарады?
3. Жануарлардың есту қабілетін қалай анықтайды?
№ 6 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлардың мінез-құлқын, бас сүйегін, омыртқа жотасын және сезім мүшелерін тексеру.
Рефлекстерді және қимыл жүйесін тексеру.
Қажетті құралдар: И.П. Шатала аппараты, мақта, қағаз.
Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге рефлекстерді және қимыл жүйесін тексерудің техникасын үйрету. Бұл нерв жүйесі ауруларында диагнозды дұрыс қою үшін қажет.
Рефлекстерді тексеру.
Жануардың рефлекстерін тексергенде оның 2 көзін орамалмен жауып нұқу балғашығының сабымен терісіне тиіп, оның жауап реакциясын қарайды. Сау жануарларда тері асты бұлшық еттің жиырылуы, құйрығын артқы аяқтарының арасына кіргізуі, сыртқы сфинктердің жиырылуы т.б. болады. Рефлекстердің әлсіреуі немесе жоғалуы, күшеюі немесе қатуы, оның патологиялық өзгерістері болып табылады. Осы әдістемені пайдаланып, келесі рефлекстерді тексеріңіздер.
Беткейлі рефлекстер:
Шоқтық рефлекс.
Құрсақ рефлексі (алдыңғы, ортаңғы, артқы).
Құйрық рефлексі.
Аналь тесігінің рефлексі.
Тұяқтың рефлексі.
Кремастер рефлексі (еркек жануарларда).
Кілегей қабаттарының рефлекстері.
1. Кеңіредектің алдыңғы сақиналарын басқанда пайда болатын жөтелу рефлексі.
2. Мұрынның кілегей қабатын тітіркендіргенде болатын түшкіру рефлексі.
3. Корнеалдық рефлекс-көздің мүйізді қабатына жұмсақ затпен тигізгенде байқалады.
Тереңдік рефлекстер:
1. Тізе рефлексі - тізе ұршығының тік байланысынан балғашықпен ақырын соққы жасағанда байқалады.
2. Ахиллов рефлексі – ахиллов сіңірінен балғашықпен ақырын ұрғанда болады.
Қимыл жүйесін тексеру
1. Көру, сипалау арқылы дененің, аяқтарының және бұлшық ет топтарының бұлшық еттерінің напряжениесін аықтау. Гипотония мен гипертонияның бар, жоқтығына назар аудару керек.
2. Көру арқылы жануардың жүрісіне, жүру кезінде қатысатын бұлшық еттер мен мүшелерге назар аудару қажет. Статситикалық және динамикалық атаксияның бар-жоқтығына назар аудару.
3. Жүректің артқы шекарасы, бауыр, қабырға асты және омыртқа жотасы аймағын нұқу арқылы бұлшық еттердің жоғары қозғалғыштығын анықтау. Ол кезде ауырсыну, тынышсыздану, ыңырсу байқалады.
4. Көру арқылы жануарда салдануының, гиперкинез, тремор, тик, мүшелердің тартылуының бар-жоқтығына назар аударады.
№ 7 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Қортынды сабақ
Бақылау сұрақтары
1.Рефлекс деген не?
2.Рефлекторлық доға неден тұрады?
3.Рефлекстердің клиникалық классикациясын беріңіз?
4.Қандай патологиялық процесстер беткейлі рефлекстердің күшеюімен сипатталады?
5.Қандай ауруларда тереңдік рефлекстердің күшеюі байқалады?
6.Қандай ауруларда рефлекстердің қажуы байқалады?
7.Қимыл жүйесіне не жатады?
8.Сау жануарлардың бұлшық ет тонусы қандай және ол қалай анықталады?
9.Парез және салдану деген не?
10.Моноплегия деген не және ол нені көрсетеді?
11.Тартылу (судороги) деген не?
12.Клиникалық тартылу қандай ауруларда байқалады?
13.Қандай ауруларда бассүйек пен омыртқа жотасының қисаюы, бүгілуі байқалады?
14.Ауыру және тактильді қоздырғышқа сау жануарлар қалай жауап қайтарады?
15.Жануарлардың есту қабілетін қалай анықтайды?
16.Жануарлардың қандай кілегей қабаттары тексеріледі?
17.Кілегей қабаттарын тексергенде неменеге көңіл аударады?
18.Жылқы, сиыр, түйе, шошқа, ит, мысық, құстардың қай лимфа түйіндері тексеріледі?
19.Лимфа түйіндерін тексергенде неге көңіл аударады?
20.Қандай ауруларда лимфа түйіндердің өзгерістері байқалады?
21.Жануарлардың дене қызуы қалай өлшенеді?
22.Қызба дегеніміз не? Оның түрлері қандай?
23.Дене қызуының көтерілу дәрежесіне байланысты қызбаны қалай бөледі?
24.Қызба кезеңдерін атаңыз?
25.Дене қызуының литикалық және критикалық төмендеуі дегеніміз не?
26.Гипотермия дегеніміз не және ол қашан болады?
27.Қалыпты және альгидтік талу дегеніміз не?
28.Жануардың габитусы деген не және оның мағынасы қандай?
29.Жануардың денесін кеңістікте ұстауы қандай болады?
30.Жануарларда конституцияның қандай түрлері болады және олардың мағынасы қанадай?
31.Біріншілік және екіншілік бөртпелер қандай ауруларда болады?
32.Терінің патологиялық өзгерістеріне не жатады?
33.Жануардың клинкалық тексеру жоспарын айтыңыз.
34.Ауру малды тіркеуге не кіреді?
35.Анамнез түсінігіне анықтама беріңіз.
36.Жануардың ауырған кезеңінде жиналатын анамнезге қандай сұрақтар кіреді?
37.Жылқылар мен ірі қара малға қалай жақындау керек?
38.Жылқыны, ірі қара малды, құстарды, иттерді бекітудің негізгі әдістерін атаңыз.
№ 8-9 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Жоғарғы тыныс жолдарын (мұрын қуысы, қосалқы қуыстар, көмекей, кеңірдек, қалқанша без) тексеру. Тыныс алу қозғалыстарын тексеру.
8-9 сабақ. Жоғарғы тыныс жолдарын (мұрын қуысы, қосалқы қуыстар, көмекей, кеңірдек, қалқанша без) тексеру. Риноскопия, Ларингоскопия.
Құрал-жабдықтар: Плессиметр, перкуссиялық балғашық, бұрау, риноскоп, шпатель, сферикалық айна, қысқыш, шам (фонарик).
Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге жоғарғы тыныс жолдарын тексерудің әдісін және клиникалық тексерудің нәтижесін өз бетімен бағалауды үйрету.
Студенттерге түсіндіру және көрсету әдісімен жоғарғы тыныс жолдарын тексерудің әдістемесін келесі ретпен уйретеді:
а) мұрын ақпасының және шығарылатын ауаның түрін анықтау;
б) мұрын қуысының кілегей қабатын тексеру;
в) жылқы ауақабының маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының шекарасын анықтау;
г) қосалқы қуыстарды көру, сипалау, нұқу арқылы тексеру:
д) жылқы ауақабын тексеру:
е) көмекей мен кеңірдекті көру, сипалау және риноскоп, ларингоскоп құралдары арқылы тексеру;
ж) жөтел мен қақырықты тексеру;
з) қалқанша безін (орнын, көлемінің, тығыздығының, қозғалғыштығының өзгерісін) тексеру.
Сау малдарда мұрын ақпасы білінбейді (немесе сірлі, сірлі-кілегейлі ағынды түрінде аздап ағады).
Ринит, бронхит, пневмония, қосалқы қуыстардың қабынуы, өкпе ісінуі, ларинго-фарингит кезінде мұрын ақпасы үнемі немесе кезеңмен сірлі, сірлі-іріңді немесе шірікті ағынды түрінде бөлінеді.
Шығарылатын ауаны тексергенде оның күшін, температурасын, иісін ( өкпе гангренасында жағымсыз иіс, кетоз кезінде ацетон иісі, уремия кезінде аммиак иісі) анықтайды.
Мұрын қуысының кілегей қабатын көру арқылы немесе рефлектор көмегімен тексереді. Жылқыларда ол көкшіл-қызғылт, ірі қара малда- қызғылт болады. Ауру кезінде қызаруы, көгеруі, бозаруы, сарғаюы, ісінуі мүмкін. Кейде кілегей қабатының бүтіндігінің бұзылуы-жара, күлдіреуік, тыртық, бөртпе кездеседі.
Жылқылардың маңдай және үстіңгі жақ қуыстарының топографиялық шекаралары: маңдай қуысының алдыңғы шекарасы-бет қырларының ортасына дейін, артқы шекарасы- жақ буынына дейін, бүйір шекарасы- сыртқы маңдай қырына дейін жетеді. Үстіңгі жақ қуысының жоғарғы шекарасы-көздің ішкі бұрышынан жақ бұрышына дейін, төменгісі – бет қыры деңгейінде, алдыңғысы- орбита ортасының деңгейінде болады.
Ірі қара малда маңдай қуысының алдыңғы шекарасы- орбиталардың алдыңғы шеттерін қосатын сызық бойымен, артқысы-мүйіз аралық қырмен, бүйір шекарасы-маңдай сүйегінің сыртқы қырымен өтеді. Үстіңгі қуысының жоғарғы шекарасы- орбитаның ішкі қырынан бірінші премолярдың алдыңғы қырына дейінгі сызық бойынша, алдыңғысы- көзасты тесігінің деңгейінде, артқысы- орбита ортасының деңгейінде, төменгісі- бет төмпегінен мұрынға паралелль жүргізілген сызық бойымен өтеді.
Тақ тұяқтылардың ауа қаптары құлақ қалқанынан төменірек, атлант каналы мен төменгі жақ бұтағының артқы қырының арасында орналасқан. Ауа қабын көру, сипалау, нұқу әдістерімен және қажет болған жағдайда ренгеноскопия, рентгенографияны қолданып тексереді.
Өңеш пен кеңірдекті көру, сипалау және тыңдау әдістерімен тексереді. Бірқатар аурулар (сақау, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катары, ларингит және т.б.) кезінде ауырсыну, қабынулар, жергілікті температураның жоғарылауы байқалады.
Жөтелді зерттегенде оның күшіне,жиілілігіне, ұзақтығына және жөтелдің табиғатына (бронхит, трахеит кезінде- жаңғырған, пневмония кезінде –глухой, плеврит, өңеш қабынуы, бронхит және плевропневмония кезінде ауырсынудың байқалуы).
Тапсырма. Оқытушы түсіндіріп, көрсеткеннен кейін студенттер өздігінен жылқы, сиыр, қойдың жоғарғы тыныс алу жолдарын тексеріп, клиникалық баға беру керек.
Тексеру сұрақтары.
1). Малдардың ауа қабын және қосымша қуыстарын тексеру әдістерін және олардың топографиясын айтыңыз.
-
2) Әртүрлі жануарлар мен құстардың кеңірдегін қалай тексереді?
3) Жоғарғы тыныс жолдары ауруларының диагностикасында арнайы тексеру әдістері (риноскопия, ларингоскопия, рентгенологиялық тексеру) қалай қолданылады?
4) Қалқанша безінің топографиясы мен тексеру әдістерін айтыңыз?
-
5) Қандай ауруларда қалқанша безінің көлемі мен тығыздығы өзгереді?
6) Жылқы, сиыр, ит және басқа жануарларда мұрын қуысының кілегей қабатын қалай тексереді?
7) Қандай ауруларда мұрын қуысынан бір жақты және екі жақты ағындылар байқалады.
№ 10 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Жануарлардың көкірек қуысын нұқу.
10 сабақ. Жануарлардың көкірек қуысын нұқу. Әртүрлі жануарлардың көкірек қуысын салыстырмалы нұқу.
Құрал-жабдықтар: Плессиметрлер, перкуссиялық балғашықтар.
Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге әртүрлі жануарлардың көкірек қуысына нұқу жүргізу техникасын және перкуссиялық дыбыстарды анықтап, ажыратуды үйрету.
Көрсету және түсіндіру әдісімен студенттерге әртүрлі жануарлардың көкірек қуысын нұқу әдістемесін үйрету.
Ірі қара малға құрал арқылы нұқу, ал ұсақ малдарға дигитальді нұқу жүргізеді. Көкірек қуысын нұқуды қабырға аралықтарын жоғарыдан төмен қарай жүргізеді. Сау жануарлардың перкуссиялық дыбысы анық, ұзақ, атимпаникалық болу керек. Оны өкпенің анық перкуссиялық дыбысы деп атайды.
Нұқу арқылы өкпе шекарасын анық өкпелік дыбыстың топас немесе тимпаникалық дыбысқа ауысуынан анықтайды.
Өкпенің артқы перкуссиялық шекарасынның маңызды клиникалық мәні бар. Ол ұш горизонтальді сызықпен анықталады: а) мықын сызығы: б) шонданай төмпегінің сызығы; в) иық буынының сызығы.
Сау малдарда перкуссиялық дыбыс анық өкпелік, атимпаникалық болу керек. Бірақ, перкуссиялық дыбыстардың өзгерістері де болуы мүмкін.
-
Топастау (тері асты ісіктер, фиброзды плеврит, пневмония).
2.Топас дыбыс (экссудатты плеврит, крупозды пневмония, контагиозды плевропневмония).
3. Тимпаникалық дыбыс (беткі орналасқан ауалық қуыстар- каверна, бронхоэктази, пневмоторкас).
4. Металлдық дыбыс (каверна) диафрагма жарығы).
5. Шытынаған құмыра дыбысы (каверна, ашық пневмотораксте).
Күйіс қайыратын жануарларда мықын сызығы мен шонданай төмпешігінің сызығы сәйкес келеді, сондықтан нұқуды екі сызық бойынша жүргізеді: 1) мықын сызығы: 2) иық буынының сызығы.
Төменде жануарлар өкпесінің артқы шекарасының мәліметтері көрсетілген:
Жануар түрі
|
Мықын сызығы бойынша қабырға аралықтары
|
Шонданай төмпегі сызығы бойынша қабырға аралықтары
|
Иық буыны сызығы бойынша қабырға аралықтары
|
Жылқы
|
16, 17
|
14, 15
|
10, 11
|
Ірі қара мал, қой, ешкі
|
11
|
-
|
8
|
Шошқа
|
11
|
9
|
7
|
Түйе
|
10
|
Сегіз көз төмпегінің сызығы бойынша 12-ші қабырға аралығында
|
8
|
Өкпенің артқы шекарасының үлкеюі эмфизема, пневмония, өкпе эхинококкозы кезінде болады, ал кішіреюі мес қарын типманиясы, ішектердің метеоризмі, бауыр церрозы кезінде байқалады.
Тапсырма. Оқытушының қадағалауымен әрбір студент өздігінен әртүрлі жануарларға салыстырмалы нұқу жүргізеді. Нұқу арқылы жылқы, ірі қара және ұсақ малдардың өкпесінің алдыңғы, жоғарғы және төменгі шекараларыын анықтайды.
Тексеру сұрақтары
1.Перкуссиялық дыбыстар қандай болады? Олардың клиникалық мәні неде?
2.Перкуссия кезінде көкірек қуысы шартты түрде қандай бөліктерге бөлінеді?
3.Естілетін дыбыстардың интенсивтілігі неге әртүрлі болады?
4.Жануарлардың перкуссия аумағының шекараларын айтыңыз.
5.Қандай өкпе ауруларында және неліктен перкуссиялық дыбыс өзгереді?
№ 11 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Тыныс алу қозғалыстарын тексеру.
Құрал-жабдықтар: фонендоскоп, стетофонендоскоп, тікелей тыңдау үшін қолданылатын бұл (материал), секунд өлшегіш.
Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой. Пневмониямен ауыратын жануарлар.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге тыныс алу қозғалыстарының жиілілігін, ырғағын, бұзылуын, тыныс алу түрін анықтауды, сонымен қатар көкірек қуысын сипалауды үйрету.
Тыныс алу қозғалыстарын зерттеуді көкірек қуысын көру арқылы тексеруден бастайды. Мұнда көкірек қуысының пішініне, көлеміне, қозғалғыштығына; тыныс алу түріне, жиілігіне, симметриялығына және ырғағына назар аударады. Көкірек қуысының пішінін, көлемін, қозғалғыштығын бүйірінен және артынан қарау арқылы анықтайды.
Тыныс алу түрін кеуде және құрсақ бұлшықеттерінің қозғалысы бойынша анықтайды. Ауылшаруашылық малдарында тыныс алудың кеуде-құрсақтық (косто-абдалинальдық),иттер мен терісі бағалы аңдарда – кеуделік тыныс алу. Ауылшаруашылық малдарында кеуделік тыныс алу- перитонит, қарынның жіті үлкеюінде, ішектердің метеоризмінде, мес қарынның тимпаниясында т.б. кездеседі. Ал, құрсақтық тыныс алу-плевритте, өкпе эмфиземасында, пневмонияда байқалады.
Тыныс алу жиілілігін көкірек қуысының, құрсақ қабырғасының, жылқыда мұрын қанаттарының қозғалысы бойынша, шығарылатын ауа ағындары бойынша, өкпе немесе кеңірдекті тыңдау арқылы анықтайды.
Ауруларда тыныс алудың жиілілеуі (палипноэ) және тыныс алудың сиреуі (олигопноэ) байқалады.
Палипноэ – өкпе ауруларында, плевра ауруларында, жүрек жетіспеушілігінде, анемияда, көптеген лихорадкалық ауруларда кездеседі.
Олигопноэ - көмекей мен ірі бронхиттардың диаметрінің кішіреюі, бас қысымының жоғарылауы, гастрит, кетоз т.б. ауруларда болады.
Тыныс алу мүшелерін тексергенде тыныс алу ырғағына назар аударады. Тыныс алу ырғағы дегеніміз- дем алу және дем шығару фазаларының дұрыс кезектесуі.
Тыныс алу аритмияларына келесілер жатады:
Саккадирлі немесе үздікті тыныс алу.
Плеврит, микробронхит, өкпе эмфиземасы, менингит, кетоз, уремия ауруларында байқалады.
Кусемаульдің үлкен тыныс алуы. Минутына тыныс алу санының азаюымен және тыныс алу фазаларының ұзаруымен сипатталады. Бұзау сальмонеллезі жылқы ИЭМ, кала кезінде байқалады.
Биоттік тыныс алу. Бірдей тыныс алу қозғалыстарынан кейін ұзақ үзілістің пайда болуымен сипатталады. Энцефалит, менингит, ми қабынуларында, миға қан құйылғанда байқалады.
Чейн-Стокс тыныс алуы. Ұзақ үзілістен кейін бірте-бірте күшейе беретін тыныс алу қозғалыстарының пайда болып, содан кейін қайтадан тыныс алу қозғалыстары әлсізденіп, үзіліске ауысуымен сипатталады. Миға қан құйылғанда, шаншуда, миокардитте, улануда байқалады.
Грокктың дислоцирленген тыныс алуы. Тыныс алу координациясының бұзылуы, тыныс алудың көкірек қуысының бұлшықеттерінің жұмысына сәйкес болмауымен сипатталады. Аутоинтоксикация және жылқы ПЭМ кезінде болады.
Ентігу (диспноэ)- тыныс алудың түрінің, ырғағының, тереңдігінің және жиілілігінің өзгеруі. Ентігу инсператорлық, эксператорлық және аралас болып бөлінеді.
Инсператорлық ентігу – дем алудың күшеюі мен ұзаруы салдарынан қиындауы. Ол жоғарғы тыныс алу жолдарының тарылуы нәтижесінде пайда болады. Мұрын кілегей қабығының қабынуында, сақау кезінде, жоғарғы тыныс алу жолдарының жұқпалы катарінде және т.б. ауруларда болады.
Экспираторлық ентігу. Дем шығарудың қиындауы, шап соғуын түзеді. өкпенің альбеолалық эмфиземасында байқалады.
Аралас ентігу дем алу мен дем шығарудың қиындауымен сипатталады. Пневмония, пневмоторакс, плеврит, жүрек жетіспеушілігі, лейкоз, энцефалит, анемия ауруларымен ауыратын жануарларда кездеседі.
Көкірек қуысын сипалау арқылы оның сезімталдығын, температурасының өзгеруін, терісінің зақымдалуының бар-жоғын, ісіктер, эмфизема және т.б. өзгерістерді анықтайды.
Тапсырма. Оқытушының қадағалуымен әр студент өзі жылқы, сиыр және қойдың тыныс алу қозғалыстарын санайды, тыныс алу түрін, симметриясын, температурасын, ауырсынуын анықтайды және шулардың жоқтығын анықтайды. Жылқы, сиыр және қойды тексергенде жинаған мәліметтерін оқытушыға тексеруге тапсыру керек. Сабақтың соңында жүргізілген тексерудің нәтижесі бойынша клиникалық баға беріледі.
Тексеру сұрақтары.
1. Жануарлар мен құстардың тыныс алу қозғалысының санын қандай әдістермен анықтайды?
2. Тыныс алу қозғалыстарының артуы мен азаюы қандай аурулара кездеседі?
3. Жануарлардың тыныс алу түрлерін атап, олардың өзгеру себептерін айтыңыз?
4. Көкірек қуысын сипалау қалай жүргізіледі? Оның клиникалық мәне неде?
№ 12 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Плегофония. Өкпенің функционалдық қабілетін тексеру.
12- сабақ. Жануарлардың тыныс алу мүшелерін тыңдау. Плегофония.
Құрал-жабдықтар: Бұлдар (материал), фонендоскоптар, стетофонендоскоптар, проиргрыватель, грамзаписи с придаточными шумами дыхания.
Жануарлар Жылқы, сиыр, қой және тыныс алу мүшелері ауыратын жануарлар.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге көкірек қуысын тыңдау техникасын және әртүрлі жануарлардың кеңірдегін нұқуды үйрету. Студенттерге негізгі тыныс алу шулары мен қосалқы шуларды ажыратуды, тыныс алу мүшелері ауру және сау малдарға салыстырмалы тыңдау жүргізуді үйрету. Түсіндіру және көрсету әдісімен студенттерге әртүрлі жануарлардың көкірек қуысына тікелей және тікелей емес тыңдау жүргізу техникасын үйрету. Жануарлардың түріне, дене бітіміне, көкірек қуысының құрылымына, азықтануына, жасына және тыным алу қозғалыстарының интенсивтігіне байланысты везикулярлы тыныс алудың күші мен табиғатының негізгі айырмашылығын түсіндіру және жануарларда көрсету.
Негізгі тыныс алу шулары.
1. Везикулярлық тыныс алу-дем алу және дем шығару кезінде альвеола қабырғаларының тербелуі нәтижесінде түзіледі. Везикулярлық тыныс алудың күшеюі және әлсізденуі мүмкін.
Везикулярлық тыныс алудың күшеюі ентігу, постгеморрагиялық анемия, интоксикация, инфекция кезінде пайда болады. Катаральді немесе іріңді пневмония, гангрена, өкпе ісінуі, өкпе туберкулезі кезінде везикулярлық тыныс алудың жергілікті күшеюі болуы мүмкін.
Везикулярлық тыныс алудың әлсіреуі өкпенің альвеолалық эмфиземасында, обтурациялық ателектазда, ошақтық пневмонияда, экссудаттық плевритте, гидротораксте, өңештің ісінуінде болады.
2. Қалыпты бронхтық тыныс алу. Альвеолалардың қызметі кезінде пайда болған дыбыстар мен шулардың тыныс алу жолдарынан өтуі кезінде түзіледі.
3. Қосалқы тыныс алу шулары: бронхиалдық және амфорикалық болады. Патологиялық бронхиалдық тыныс алу өкпенң инфильтрациясы кезінде түзіледі, өйтені, тығыздалған өкпе ұлпасы ларинготрахеялық шуларды жақсы өткізеді. Патологиялық бронхиальды тыныс алуды қалыптыдан ажырату үшін, басқа өкпенің дәл сол бөлігіне салыстырмалы тыңдау жүргізу қажет.
Амфорикалық тыныс алу. кпе сырылдары құрғақ және ылғалды (ұсақ көпіршікті, орташа көпіршікті, ірі көпіршекті) болады. Сонымен қатар плевраның үйкелу шуын, плеврадағы плеск шуын және өкпелік фистула шуын анықтайды. Ол өкпе кавернасының плевра қуысына ашылған кезде, дем алумен сәйкес келетін шу.
Тапсырма. Оқытушының қадағалауымен әрбір студент өздігінен әртүрлі сау және тыныс алу мүшелері ауру малдарға тікелей және тікелей емес салыстырмалы тыңдау және плегофония жүргізеді де оларға клиникалық баға береді. Негізгі және қосалқы тыныс алудың грамжазбалар тыңдау.
Тексеру сұрақтары
1. Жануарларда көкірек қуысына тыңдау жүргізуде қандай әдістер қолданылады?
2. Тыныс алудың негізгі шуларын және олардың түзілуі туралы теорияларды айтыңыз?
3. Везикулярлы тыныс алудың түзілу механизмі және оның бұзылуын тудырушы себептері қандай?
4. Қандай ауруларда тыныс алудың келесі патологиялық шулары байқалады: бронхиалдық, амфорикалық, аралас, сырылдар, құлаған тамшы шуы, үйкеліс шуы, шум плеска.
5. Плегофонияны қолданудың клиникалық мәнін айтыңыз?
№ 13 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Жүрек-қантамыр жүйесін тексеру әдістері. Жүрек дүрсілі аймағын көру және сипау.
Құралдар мен жануарлар. Нұқу балғашықтары, плессиметрлер. Жылқы, сиыр, қой. Жүрек аймағын малдың алдыңғы сол жақ аяғын алдыға жылжыту арқылы тексереді. Көкірек қуысының төменгі 1/3 бөлігін 3-6 қабырға аралығында көру және сипау арқылы көкірек қуысының тербелмелі қозғалыстарын немесе түктердің тербелісін байқайды. Жүрек аймағын сипағанда көкірек қуысының тербелісі сезіледі.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге жүрек-қантамыр жүйесін тексеру әдістерін үйрету. Көру және сипау арқылы жүрек шекарасын анықтауды үйрету. Көру және сипау арқылы жүрек дүрсілін анықтауды және нұқу арқылы жүрек шекарасын анықтауды үйрету.
Жүрек дүрсілі – қарынша систоласымен бір уақытта көкірек қуысының қабырғасының қайталанып шығып отыруы. Жүрек дүрсілінің ең айқын білінетін орны : ірі қара малда – сол жақтан 4-ші қабырға аралығында, шынтақтан 2-3 см жоғары, ауданы 5-7 см2 ; ұсақ малдарда: ірі қара малдардікі сияқты; жылқыда – сол жақтан 5-ші қабырға аралығында, ауданы 4-5 см2 ; шошқада- сол жақтан 4-ші қабырға аралығында, ауданы 2-4 см2 ;
Жүрек дүрсілін тексергенде келесілерді анықтайды:
1. Перикардитте, плевритте, пневиотораксте, гидротораксте жүрек дүрсілінің ығысыуы болады.
2. Өкпе эмфиземасында, плевритте, перикардитте жүрек дүрсілінің әлсізденуі болады.
3. Қызбада, перикардитте, инфекциялық ауруларда, улануда жүрек дүрсілінің кұшеюі болады.
4. Плевритте, перикардитте, перноститте, миозитте жүрек аймағының ауырсынуы болады.
Жүректі нұқу кезінде табады:
1. Салыстырмалы тұнық- бұл жүректің төске тиіп, өкпемен жабысып тұрған бөлігі. Нұқу кезінде топастау дыбыс естіледі.
2. Абсолютті тұнық - өкпенің жүрек сайында орналасқан, төске жанасып тұрған бөлігі. Нұқу кезінде топас дыбыс естіледі.
Жүрек шекарасын 2 сызық бойынша табады:
Жауырынның артқы бұрышынан шынтақ төмпешігіне дейін.
2. Шынтақ төмпегінен артқа қарай және жоғары 45° бұрышты мықынға дейін.
Ірі қара малда салыстырмалы тұнықтың жоғарға шекарасы иық буыны деңгейінде, ал артқысы –5-ші қабырғаға жетеді.
Қой мен ешкіде жоғарға шекарасы иық буынынан төменірек, артқы шекарасы 5-ші қабырғаның алдыңғы шетіне жетеді, ал алдыңғы шекарасы –3-ші қабырға аарлығында орналасқан.
Жылқыда жоғарға шекарасы иық буыны сызығынан 2-3 см төмен, артқы шекарасы –6-шы қабырғаға жетеді.
Шошқада – жоғарғы шекарасы –иық буынының үшбұрыш пішінді болады. Алдыңғы шекарасы анкомеус сызығы бойымен жүреді, артқы шекарасы- доға тәріздес жоғарыдан төмен қарай 3-ші қабырға аралықтан 6-шы қабырға шетіне жетеді, ал төменгі шекарасы кеуде сүйегінің және бұлшықетінің тұнығына ауысады. Үшбұрыш биіктігі 3-ші қабырға аралықта 10-13 см болады.
Жұрек және өкпе ауруларында салыстырмалы және абсолютті тұнықтың шекаралары ығысады. Ол жүректің гипертрофиясында, өкпе ісінуінде және эмфиземасында, пневмонияда, плевритте, перикардитте, пневмотораксте және гидротораксте т.б. байқалады.
Тапсырма. Оқытушының қадағалауымен әрбір студент жүрек дүрсілін тексереді, жылқы, сиыр, қойдың жүрегінің шекарасын анықтайды. Тексерудің нәтижесін дәптерге жазып, оқытушыға тексеруге тапсырады.
Тексеру сұрақтары
1. Жүрек дүрсілі дегеніміз не?
2. Сау малдардың жүрек дүрсілінің күшіне не әсер етеді?
3. Қандай жануарларда жүрек дүрсілі табиғаты бойынша бүйірлік және ұштық болады?
4. Қандай ауруларда жүрек дүрсілі алдыға және артқа ығысады?
5. Қандай ауруларда жүрек дүрсілінің күші күшейеді және әлсізденеді?
6. Сау жылқылар мен ірі қара малдарда жүректің жоғарға және артқы шекарасы қай жерден өтеді?
7. Қандай ауруларда абсолютті тұнықтың үлкеюі мен кішіреюі байқалады?
№ 14 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Жүректі тыңдау. Жүрек тондары. Жүрек дүрсілінің ең айқын естілетін орны.
Қажетті құрал-жабдықтар: фонендоскоп, бұл (материал).Суреттер: а) жүрек дүрсілінің ең айқын естілетін орны; б) жануар жүрегінің көлденең кесіндісі.
Жануарлар: жылқы, сиыр, қой. Мүмкіндік болса жүрек ақауы бар жануар. Жүректі тыңдау 2 әдіспен жүргізіледі: тікелей және жанама. Жүректі тыңдағанда оның ырғағын, күшін, тондардың тембрін, шулардың бар немесе жоқ екенін анықтайды.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге жануарларды тыңдау ережелерін, жүрек тондарын ажыратуды, жүрек дүрсілінің ең айқын естілетін орнын табуды, жүрек шуларын ажыратуды үйрету.
Жүрек тондары. Жүректі тыңдағанда екі түрлі тон байқалады. Біріншісі, систолалық тон – ол жүрекшелердің және қарыншалардың жиырылуы, үш жақтаулы клапанды екі жақтаулы клапан жабуы, қарынша систоласы кезінде қалқа және өкпе артериясы қабырғаларының тербелуі кезінде пайда болады.
Екіншісі, диастолалық тон – ол қалқа және өкпе артериясының жартылай айшық клапандарының жабылуы, сонымен қатар диастола кезінде қалқа мен өкпе артериясы қабырғаларының тербелісі кезінде пайда болады.
Жылқыларда:
-екі жақты клапан – сол жақта 4-ші қабырға аралықта;
- үш жақтаулы клапан – оң жақта 4-ші қабырға аралықта; көкірек қуысының төменгі 1/3 бөлігінде;
- қалақаның жартылай айшық клапаны- сол жақта 3-ші қабырға аралықта, иық буыны сызығынан біраз төменірек;
- өкпе артериясының жартылай айшық клапаны- сол жақта 3-ші қабырға аралықта, көкірек қуысының төменгі 1/3 бөлігінің ортасында.
Ірі қара малда және ұсақ малдарда:
- екі жақтаулы клапан – сол жақта 4-ші қабырға аралықта;
- үш жақтаулы клапан – оң жақта 4-ші қабырға аралықта, көкірек қуысының төменгі 1/3 бөлігінде;
- қалқаның жартылай айшық клапаны – сол жақта 4-ші қабырға аралықта иық буынынан төменірек;
- өкпе артериясының жартылай айшық клапаны – сол жақта 3-ші қабырға аралықта, көкірек қуысының төменгі 1/3 бөлігі деңгейінде;
Ит жүрегінің ең айқын естілетін орны жылқыныкі сияқты. Жүректі тыңдағанда жануар жүректерінің шуларын анықтайды. Олар эндокардиальді және экзокардиальді болып екіге бөлінеді.
Эндокардиальді шулардың өздері органикалық және функционалдық деп бөлінеді. Ал экзокардиальді, шулар перикардиальді, плеврокардиальді, кардиопульмональды болып бөлінеді.
Тапсырма. Әрбір студент өздігінен жылқы, сиыр, қой жүректерін тыңдап, жүрек тондарын анықтайды және жүрек дүрсілінің ең айқын естілетін орнын табады.
Тексеру сұрақтары.
1.Жылқы, сиыр және қой жүректерін тыңдау әдістемесін айтыңыз.
2.Жылқы, сиыр және қойдың жүрек тондарына сипаттама беріңіз.
3.Жылқы, сиыр қой және иттерде жүрек дүрсілінің ең айқын естілетін орны қай жерде орналасқан?
4.Эндокардиальді шулардың жіктелуін айтыңыз.
5.Жүректің экстракардиальді шуларының жіктелуін айтыңыз.
6.Жүректің перикардиальді шуларын экстракардиальді шулардан қалай ажыратуға болады?
7.Систолалық және диастолалық шулармен сипатталатын жүректің жай ақауларын атаңыз.
8.Жүрек клапандарының жетіспеушілігінде ненің нәтижесінде шу түзіледі?
№ 15 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Жануарларда қызыл және көк қан қысымын анықтау.
Қантамырларды тексеру (қызыл тамыр соғуы, көк тамырдың оң және теріс соғуы). Аритмияның түрлері.
Сабақтың мақсаты: Әрбір студент қызыл және көк тамырды тексерудің әдістемесін, әртүрлі жануарларда қызыл және көк қан тамырларының соғуын тексеруді үйрену керек және аритмияның түрлерімен танысуы керек.
Қажетті құралдар: Фоенендоскоптар,
Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.
Қызыл қантамырларын тексеру. Тақ тұяқты жануарлардың қызыл қантамырының соғуын: 1) сыртқы жақ: 2) көлденең бет; 3) беткей самай және 4) ортаңғы құйрық қызыл қантамырларында тексереді.
Ірі қара малда: 1) бет; 2) сафен; 3) құйрық қызыл қантамырларында тексереді.
Түйеде: ортаңғы құйрық қызыл қантамырында тексереді;
Итте: иық және жамбас қызыл қантамырларында тексереді;
Тамыр соғуының жиілеуі – тахикардия, қызба, улану, жүрек жетіспеушілігі, жүрек ақаулары, анеми және т.б. кезде кездеседі.
Тамыр соғуының бәсеңдеуі – бродикардия, холемия, бас миының ісіктері, улану кезінде болады.
Тамыр соғуы: толық, жартылай, бос, баяу, қатты, жай, тамырдың білінбей соғуы болады.
Қантамыр қабырғасының керілуіне байланысты тамыр соғуы әлсіз және қатты болады.
Тамыр соғысы жүрек жетіспеушілігінде, коллапс, шок кезінде әлсіз, ал бүйрек ауруларында, улануда қатты болады.
Тапсырма. Әрбір студент көру арқылы тамырлардың толуы мен соғуына назар аударады. Сипалау арқылы тамыр соғуының жиілілігін, көлемін, соғу толқынының түрін, ырғағын анықтайды.
Көк қантамырларды тексеру. Көру арқылы перифериялық көк қантамырлардың жағдайын (көк тамырдың көлемінің ұлғаюын) анықтау. Көк қантамырларының қалыптан тыс толуы оң жақ атриовентрикулярлық тесіктің стенозында, перикардитте, плевритте, лейкозда, өкпе эмфиземасында байқалады. Көктамырдың соғуы оң және теріс болады.
Көктамырлардың теріс (физиологиялық) соғуы жүрекше систоласы кезінде көк қанның ағуының уақытша тоқтауы нәтижесінде түзіледі.
Көк қантамырларының оң (патологиялық) соғуы систола кезінде оң жақ қарыншадағы қанның қайтадан оң жақ жүрекшеге ағуының нәтижесінде пайда болады. Көк қантамырының оң соғуы оң жақ атриовентрикулярлық клапанның жетіспеушілігінде болады. Мойындырақ көк тамырға басып күш түсірсе, перифериялық (шеткі) аймақтарда тамыр соғу жоғалады, ал орталық аймақтарда –күшейеді.
Аритмия түрлерімен танысу
1. Автоматизм қызметінің бұзылуы нәтижесінде пайда болған аритмия (минустық тахикардия және брадикардия).
2. Қозғалыштық қызметінің бұзылуы нәтижесінде пайда болатын аритмия (минустық, жүрекшелік, шекаралық, қарыншалық, экстрасистолия).
3. Өткізгіштік қызметінің бұзылуы нәтижесінде пайда болған аритмия (синосурикулярлық бөгет, жүрекше ішілік бөгет, қарынша ішілік бөгет).
4. Жиырылғыштықтың бұзылуынан пайда болатын аритмия (альтернациялайтын тамыр соғысы).
Тапсырма. Әрбір студент жылқы, сиыр және қойдың қызыл және көк қантамырларының соғуын анықтап, оқытушыға тексертеді. Мына тақырыпқа жазбаша үй жұмысын орындайды: «Аритмия, олардың жіктелуі және өту ерекшеліктері». Жүрек –қантамыр жүйесінің қызметін анықтау әдістері.
Тексеру сұрақтары
1.Тамырдың соғуы дегеніміз не?
2.Жылқы, сиыр және түйенің тамыр соғуын анықтау үшін қандай шеткі (перифериялық) қызыл қантамырлары тексеріледі?
3.Көк қантамыр соғуы деген не? Оның түрлері қандай?
4.Жүрек ақауының қайсысында көк қантамырдың соғуы оң болады?
5.Дені сау жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе, иттерде тамыр соғу саны қанша?
6.Қандай ауруларда тахикардия мен брадикардия байқалады?
7.Көк қантамыр ундуляциясы нені білдіреді?
8.Патология кезінде тамыр соғуының саны қалай өзгереді?
№ 16 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Жүрек-қантамыр жүйесіннің функционалдық қабілетін тексеру. Жануарларда қызыл және көк қан қысымын анықтау.
Сабақтың мақсаты: Студенттерге жануарлардың қызыл және көк қантамыр қысымдарын анықтауды үйрету.
Қажетті құралдар: Сфигмометрлер. И.Г. Шарабриннің фибринінің флебоосцилографы.
Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой.
Қызыл қантамыр қысымын жылқы, ірі қара мал, түйеде құйрық қызыл қантамырларында, қой, ит және т.б. ұсақ жануарларда жамбас немесе иық қызыл қантамырларында анықталады.
Қойларда қызыл қантамыр қысымын (Қ.Қ.Қ) өлшеу үшін жамбас аймағына манжет түтікшесін қызыл қантамырының үстінде тұратындай етіп қойып, оны грушамен қосады. Груша – манжеттің қысымы қызыл қантамыр қысымынан жоғары болатындай етіп манжетке ауа үрлеуге қажет. Содан кейін вентильапператиді ашып, сынап бағанасының немесе пружиналық монометрдің тілшесінің тербелістерін қарайды. Бұл тербелістер максимальді қысымды көрсетеді. Сынап бағанасының немесе пружиналық монометрдің тілшесінің минимальді қысымын көрсетеді. Максимальді және минимальді қысымның айырмасы тамыр соғыс қысымын құрайды. Қызыл қантамыр қысымы азықтанғанда, қозғанда, физикалық күш салғанда, артериолерозде, бүйрек ауруларында жоғарылайды. Ал миокардистрофия, арықтау, коллапс, шаршау, лану кезінде төмендейді.
Тапсырма. Оқытушының қадағалауымен әрбір студент жылқы, сиыр, қойдың қызыл қантамыр қысымын анықтауды жүргізеді.
Көк қантамыр қысымын анықтау (фиботонометрия). Көк қантамыр қысымын ффибооскимостр аспабымен тексереді. Көк қантамырының қысымын анықтау үшін стерильденген инені сулы моншалар түтікшесімен қосып, инені мойындырақ көк қантамырына енгізеді. Манометр көрсеткіші мал санында тұрғанда жүрек негізінің деңгейіне бекітіп, манометр көрсеткіштеріне назар аударады.
Көк қантамырының қысымы оң жақ атриовентрикулярлы клапанның жетіспеушілігі, оң жақ атриовентрикулярлы тесіктің стенозы, өкпе эмфиземасы, пневмония, жарақаттар ретикулоперикардит, миокардиодистрофия кезінде жоғарылайды.
Тапсырма. Студенттер жылқы мен сиырдың көк қантамыр қысымын анықтайды.
Тексеру сұрақтары.
1. Қызыл қантамыр қысымы дегеніміз не?
2. Жылқы, сиыр, қойдың қызыл қантамыр қысымын қай тамырда тексереді?
3. Қызыл және көк қантамыр қысымдарын қандай аспаптармен тексереді?
4.дені сау жылқы, ірі қара және ұсақ малдардың максимальді және минимальді қан қысымы неге тең?
5. Қандай ауруларда қызыл және көк қантамыр қысымдары жоғарылайды және төмендейді?
«
№ 17 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Қортынды сабақ.
Тексеру сұрақтары.
1.Малдардың ауа қабын және қосымша қуыстарын тексеру әдістерін және олардың топографиясын айтыңыз.
2.Әртүрлі жануарлар мен құстардың кеңірдегін қалай тексереді?
3.Жоғарғы тыныс жолдары ауруларының диагностикасында арнайы тексеру әдістері (риноскопия, ларингоскопия, рентгенологиялық тексеру) қалай қолданылады?
4. Қалқанша безінің топографиясы мен тексеру әдістерін айтыңыз?
5. Қандай ауруларда қалқанша безінің көлемі мен тығыздығы өзгереді?
6. Жылқы, сиыр, ит және басқа жануарларда мұрын қуысының кілегей қабатын қалай тексереді?
7. Қандай ауруларда мұрын қуысынан бір жақты және екі жақты ағындылар байқалады.
8. Перкуссиялық дыбыстар қандай болады? Олардың клиникалық мәні неде?
9.Перкуссия кезінде көкірек қуысы шартты түрде қандай бөліктерге бөлінеді? 10.Естілетін дыбыстардың интенсивтілігі неге әртүрлі болады?
11.Жануарлардың перкуссия аумағының шекараларын айтыңыз.
12. Қандай өкпе ауруларында және неліктен перкуссиялық дыбыс өзгереді?
13. Жануарларда көкірек қуысына тыңдау жүргізуде қандай әдістер қолданылады?
14. Тыныс алудың негізгі шуларын және олардың түзілуі туралы теорияларды айтыңыз?
15. Везикулярлы тыныс алудың түзілу механизмі және оның бұзылуын тудырушы себептері қандай?
16. Қандай ауруларда тыныс алудың келесі патологиялық шулары байқалады: бронхиалдық, амфорикалық, аралас, сырылдар, құлаған тамшы шуы, үйкеліс шуы, судың шуы.
17. Плегофонияны қолданудың клиникалық мәнін айтыңыз?
18. Қызыл қантамыр қысымы дегеніміз не?
19. Жылқы, сиыр, қойдың қызыл қантамыр қысымын қай тамырда тексереді?
20. Қызыл және көк қантамыр қысымдарын қандай аспаптармен тексереді?
дені сау жылқы, ірі қара және ұсақ малдардың максимальді және минимальді қан қысымы неге тең?
21. Қандай ауруларда қызыл және көк қантамыр қысымдары жоғарылайды және төмендейді?
22. Тамырдың соғуы дегеніміз не?
23. Жылқы, сиыр және түйенің тамыр соғуын анықтау үшін қандай шеткі (перифериялық) қызыл қантамырлары тексеріледі?
24. Көк қантамыр соғуы деген не? Оның түрлері қандай?
25. Жүрек ақауының қайсысында көк қантамырдың соғуы оң болады?
26. Дені сау жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе, иттерде тамыр соғу саны қанша?
27. Қандай ауруларда тахикардия мен брадикардия байқалады?
28. Көк қантамыр ундуляциясы нені білдіреді?
29. Патология кезінде тамыр соғуының саны қалай өзгереді?
30. Жылқы, сиыр және қой жүректерін тыңдау әдістемесін айтыңыз.
31. Жылқы, сиыр және қойдың жүрек тондарына сипаттама беріңіз.
32. Жылқы, сиыр қой және иттерде жүрек дүрсілінің ең айқын естілетін орны қай жерде орналасқан?
33. Эндокардиальді шулардың жіктелуін айтыңыз.
34. Жүректің экстракардиальді шуларының жіктелуін айтыңыз.
35. Жүректің перикардиальді шуларын экстракардиальді шулардан қалай ажыратуға болады?
36. Систолалық және диастолалық шулармен сипатталатын жүректің жай ақауларын атаңыз.
37. Жүрек қақпақшаларының жетіспеушілігінде ненің нәтижесінде шу түзіледі?
№ 18 – 19 ӘДІСТЕМЕЛІК Н Ұ С Қ А У
ТАҚЫРЫБЫ: Жануардың азық пен суды қабылдауын тексеру. Жануарлардың аузын, жұтқыншағын, өңешін тексеру.
Қажетті құралдар: Шам (фонарик), рефлектор, риноларингоскоп, шөп, концентраттар, су.
Жануарлар: Жылқы, сиыр, қой, тауықтар.
Жұмыс жүргізу техникасы.
1. Ауыл шаруашылық малдарының азық және су қабылдауын тексеру.
Асқорыту аппаратын клиникалық тексеру жануардың азық пен суды қабылдауын бақылаудан басталады. Жануарларға әртүрлі қатаң азық түрлерін және су беру. Жануардың азықтануын және су ішуін тексергенде, оның тәбетіне, анорекцияның бар-жоқтығына, булимия, арекция, парорекцияның бар-жоқтығына, азықты және суды қабылдау әдісінің бұзылуына, шайнауына, жұтуына, күйіс қайруына, кекіруіне және бұлардың бұзылуына назар аудару керек.
2. Жануарлардың аузын, жұтқыншағын, өңешін және құстың жемсауын тексеру.
Ауыз қуысын тексерудің –негізгі әдістерін көру, сипалау. Ауыз қуысын қарау кезінде оның дұрыс жабылуына, еріннің еріксіз қозғалысына, сілекей ағуына және т.б. өзгерістерге көңіл аудару керек. Ауыз қуысы мүшелерін тексеру үшін жануардың ауызын қолмен тіссіз бөлігінен ұстап ашып, езулік қою керек. Бұл кезде назар аудару керек:
1. Көру және сипалау арқылы кілегей қабықтарының жағдайын байқау. Оның түсіне, жаралардың, жарақаттың бар-жоқтығына, жергілікті температурасына, ауырсынуына, кілегей қабықтарының кеуіп кетуіне назар аударады.
2. Иісті, жануар сілекейіне, малынған тампонды иіскеу арқылы анықтайды.
3. Тілді тексергенде ісінулердің, дақтар бар-жоқтығына, тілдің бүрлеріне көңіл аудару керек.
4. Тісті тексергенде, оның желінуіне, қозғалғыштығына, түсуіне, ауысуына назар аударады.
Жұтқыншақты тексеру. Көру, сипалау және ларингоскоп арқылы жүргізеді. Жұтқыншаққа сыртқы сипалауды төменгі жақтың бұтағының артынан екі қолдың саусақтарымен жасайды. Бұның арқасында инфильтрацияның бар, жоғын, ұлпалардың ауырсынуын, жергілікті температураның жоғарылауын анықтауға болады. Көру арқылы бас пен мойынның орналасуына назар аударады, өйткені жұтқыншақ ауруларында жануардың бас пен мойнын кеңістікте ұстауы өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |