Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «атырау мұнай және газ институты» жшқ рмк



бет2/7
Дата05.07.2016
өлшемі0.76 Mb.
#178943
1   2   3   4   5   6   7

Білікті кадрларды даярлау елімізді индустрализациялау жоспарымен байланысты болады.Техникалық, кәсіби және жоғары білім беруде қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес келетін жүйеге өту жүзеге асырылатын болады... (Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев. 2010 жылдың 1 ақпанындағы № 922 Жарлығы)

Кіріспе

Бұл аталған стратегия институттың казақстандык және әлемдік білім беру кеңістігіндегі лайықты орнын ұстауға, білім беру қызметі нарығындағы жетекші орнын бекітуге, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған әлемдік тенденцияларға сәйкес қазіргі заманғы жаңа жоғары оқу орнын құру қажеттілігіне негізделген.

«Атырау мұнай және газ институты» ЖШҚ РМК - Батыс Қазақстандағы еліміздің мұнай-газ саласы үшін жоғары білікті мамандар әзірлеуші бірден бір техникалық жоғары оқу орны, сонымен бірге химиялық технологиялар, өңдеу, мұнай мен газды әзірлеу мен тасымалдау, мұнай-газ геологиясы мен геофизикасы, мұнайгаз кен орындарын әзірлеу мен пайдалану, ұңғыларды игеру мен бұрғылау технологиялары, мұнайгаз машиналарын жасау, энергетика, мұнайгаз кешенінің экологиясы мен ақпараттық технологиясы саласындағы ғылыми зерттеу орталығы болып та табылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз кезегінде бірқатар академиялық ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктіру жолымен ғылымды құрылымдық реформалау мақсатқа сәйкес келетіндігі атап көрсетті. Осы мақсаттарды жүзеге асыру бағыты бойынша АтМГИ оң нәтижелерге қол жеткізді. Атырау мұнай және газ институтының бірегейлігі Қазақстанда бірінші болып, жоғары оқу орны АтМГИ мен академиялық Ұлттық зерттеу институты– Мұнай химиясы мен табиғи тұздар институты біріктірілгендігінде болып табылады. Бұл білім берудің сапасын арттыру мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсендендіруге оң нәтижелер берді.

2011 жылы АтМГИ ҚР БҒМ реестріне қосылған білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша Тәуелсіз қазақстандық агенттікпен (әрмен қарай БСҚТҚА) ұлттық иститутционалдық аккредитацияның бірінші кезеңінен өтті. Қазіргі уақытта екінші кезең - ұлттық иститутционалдық аккредитацияның ішкі экспертизасынан өту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылы БСҚТҚА рейтингі бойынша АтМГИ Қазақстан Республикасының үздік техникалық жоғары оқу орны құрамына енгізілді.


  1. Ағымдағы жағдайларды талдау

АтМГИ да барлық оқыту үлгісі бойынша студенттерге білім мен практикалық дағдыларды алу үшін толық жағдайлар жасалған:

-оқытудың кредиттік технологиясын енгізу;

-бакалавриат-магистратура сатысы бойынша кадрларды бірлесіп даярлауды жүзеге асыру;

- оқу процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;

- бірыңғай білім беру ақпараттық ортасын құру;

Бірінші кезекте бұған жоғары білікті мамандардың барлығы ықпал етеді. Қазіргі уақытта ПОҚ 298 оқытушыларды құрайды, олардың ішінен 1 ҚР ҰҒА академигі, 2 ҚР ҰИА академигі, 26 ғылым докторы, 95 ғылым кандидаты, 47 профессор, 105 доцент бар, 63 оқытушы магистр дәрежесін иеленді. Институттың дәрежелілігінің жалпы көрсеткіші – 41% құрайды. Есепті кезең ішінде тараптық мекемелерден 46 оқытушы біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Институтта оқу процесіне оқытудың жаңа инновациялық әдістерін енгізу жүргізілуде, АтМГИ-ге Қазақстан мен шетелдердің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының тәжірибелері енгізу мақсатында зерттелуде, оқытушылық шеберлікті арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, оқытудың кредиттік технологиясы мен оқу процесіне инновацияларды енгізу бойынша оқытушылар үшін әдістемелік семинарлар ұйымдастырылады.

Оқыту-білім беру процесін ұйымдастыруды басқару үшін қолайлы жағдай туғызған, білім беру мен құжат айналымын жүргізу жүйесінің сапасын арттыру үшін ИСО 9001 : 2008 менеджмент жүйесі енгізілді.

АтМГИ оқу-әдістемелік, ғылыми және басқа да қызметтер процесін оңтайландыру үшін қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен компьютерлік желілерді тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін институттың ішкі шектелген желілерін кеңейту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Институттың материалдық-техникалық базасы үнемі кеңейіп келеді және қазіргі таңда: 3 заманға сай ғылыми зертханалар, 4 ғылыми орталық, 27 компьютерлік сыныптар, 6 лекция оқуға арналған аудиториялар, 2 кітапхана (студенттік және ғылыми техникалық) бар, АтМГИ бес оқу корпустарын, спорт кешенін, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін жатақхана, студенттердің шығармашылық қабілеттері мен олардың қоғамдық белсенділіктерін дамыту үшін салынған Студенттер сарайы, сауықтыру кешенін иеленеді. Жаңадан іске қосылған оқу корпустары мен ғимараттар институттың жеке қаржысы есебінен салынған. 2012 жылы 4 қабатты қазіргі заманға сай кітапхана пайдалануға берілді.

Еуростандарт талаптарына жауап бере алатын 250 орындық студенттер үйі, ғылыми-зерттеу орталығы ғимараты құрлысын ҚР БҒМ, демеушілер мен институттың жеке қаржысымен қаржыландыруы есебінен салу жоспарлануда.

Атырау мұнай және газ институтында ғылыми-зерттеу әзірлемелері мен оқу-білім беру процестерін сапалы жүргізу үшін қажетті зертханалық базалар бар: негізгі-қолданбалы зерттеулер бойынша 3 ғылыми зертханалар, 5 ғылыми орталықтар жоғары оқу орнының мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін оқыту-зертханалық жабдықтардың 50-ден аса түрін иеленеді. 2011-2012 оқу жылында институттың жеке қаржысы есебінен жалпы сомасы 150 млн. теңгеге оқу-зертханалық жабдықтар сатып алынды.

Институттың қызметі ішкі ортамен, Атырау облысының және Каспий маңы өңірінің ерекшеліктерімен байланысты. Институттың қызметіне төмендегідей жалпы өңірлік және ұлттық аспектілер әсер етеді:


  • өңірде өнеркәсіптің ірі ұлттық және шет елдік мұнайгаз кәсіпорындарының шоғырлануы;

  • инженерлік кадрларға сұраныстың жыл сайынғы өсуі;

  • орта мектепті бітірушілер саны динамикасының төмендеуі:

  • өңірлік және республикалық инновациялық әлеуетті дамытудың қажеттілігі;

  • білім беру жүйесінің халықаралық стандарттарға өту процесін жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 20.04.11ж. №152 бұйрығына және Қазақстан Республикасы жоғары білім беру мекемелеріндегі академиялық ұтқырлық Концепциясына сәйкес АтМГИ-да 2011-2012 оқу жылынан бастап 1-3 курс студенттері үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылады. 2011-2012 оқу жылының бірінші жарты жылдығында білім беру қызметін көрсету саласында өзара ынтымақтастық туралы ҚР 11 жоғары оқу орнымен және ТМД елінің 2 ЖОО- мен келісім шарт жасалынды.
Институттың Қамқорлық кеңесінің жұмысы. Институттың 2012-2017 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес жоғары оқу орнындағы менеджментті жақсарту мен оның қызметін қаржыландыру бойынша бір қатар шаралар жүзеге асырылатын болады. Басқару жүйесін жетілдіріліп және корпоративті менеджмент қағидалары енгізілді. Басты мақсаттары институтты дамытудың өзекті мәселелерін шешу мен жоғары білікті мамандар даярлау орталығы ретінде қалыптастыру болып табылатын Қамқорлық кеңесі құрылды.

Осы аталған кезеңде Қамқорлық кеңесі туралы Ереже (01.09.2009), Қамқорлық кеңесінің құрамы (30.09.2011) бекітілді. АтМГИ Қамқорлық кеңесінің жұмыс жоспары әзірленді.

Кәсіби практика және өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындармен байланыстар орнату. 2011-2012 оқу жылында 82 ұйыммен студенттердің кәсіби тәжірибеден өтуіне келісім шарттар жасалынды (ЖАҚ «Интергаз Оралық Азия», ЖШС «Атырау Полимер Строй», ЖШС «РимСтрой», ЖШС «СнабОйлстрой», ЖШС «АМӨЗ», АҚ «Қазтраснойл», ӨФ «Ембімұнайгаз», қонақ үй «Атырау», ЖШС «Ембіведьойл», АҚ АФ «Қазақстан Ұлттық Банкі»),

Институт үнемі өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарымен тығыз байланыс орнатуда. Өнеркәсіптік кәсіпорындар есебінен 406 студент білім алады. Студенттердің оқу ақысын төлеуші кәсіпорындар олардың үлгерімі туралы ақпаратты уақытында алып отырады. Оқу жылының басынан бастап ЖШС «Тенгизшевройл», ЖАҚ «Интергаз – Орталық Азия» және басқа да компанияларға үлгеруші студенттерге оқу ақысын төлеулері үшін хаттар жіберіледі.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде«Қазмұнайгаз» 30 студенттің, СИНОПЕК 29 студенттің, ЖШС «Теңізшевройл» 29 студенттің, ЖШС «Матин» 25 студенттің, АДЖИП ККО 16 студенттің, ЖШС «АрнаОйл» 20 студенттің, ЖАҚ «Интергаз – Орталық Азия» 11 студенттің оқу ақысын төлеуі үшін қаржы бөлді. Атырау облысының бұрынғы әкімі Б.С.Рысқалиевтің бастамасымен облыстық және аудандық әкімдіктер жетім, мүгедек, жартылай жетім және аз қамтылған отбасынан шыққан 133 студенттің оқу ақысына 2011-2012 оқу жылында 33 259 мың теңге сомасы төленді.

Атырау мұнай және газ институты негізінен ҰК «Казмұнайгаз», ЖШС «АМӨЗ», ЖШС «Тенгизшевройл», Аджип ККО, КТК, ЖШС «Эмбаведьойл», ЖШС «Матин», ЖАҚ «Интергаз – Орталық Азия» және тағы да басқа мұнай компанияларына жоғары білімді кәсіби мамандар даярлайды.

Жас мамандарға қызығушылық танытқан компаниялар институтқа бітірушілерді жұмысқа орналастыру мен ынтымақтастық бойынша ұсыныс жібереді. Мысалы, Қазақстандық филиал «Sinopec Engineеring», «Nabors drilling international», Аджип ККО, ЖШС «Тенгизшевройл», АҚ«Казақтелеком», АҚ «Атырау-Жарык», АҚ «АТЭЦ», АҚ «Казкоммерцбанк», АҚ «Қазақстан Халық банкі» сияқты компаниялармен ынтымақтастықты атап өтуге болады.

АтМГИ-дің қаржылық жағдайы: 2011-2012 оқу жылына барлық мамандарды даярлау, ғылыми жобалар мен оқыту бағдарламалары бойынша түсімдерді есепке алғанда 1 277 264 мың теңге кірісті құрады.


Талдау


Күшті жақтар

Әлсіз жақтар

  • жоғары білікті мамандарды әзірлеу мен мұнайгаз саласы үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарының орындалуы бойынша мамандандырылған мемлекеттік техникалық жоғары оқу орны статусының барлығы;

  • Каспий маңы мемлекеттері университеттері Ассоциациясына мүшелік;

  • МС ИСО 9001:2008 халықаралық стандарттарының жаңа үлгісіне өту, СМЖ

  • Институционалды аккредитацияның 1 кезеңінен өту;

  • Кірістердің тұрақты орташа жылдық өсуі;

  • өңіріміз бен еліміздің МГС қолдану үшін институт ғалымдарының зерттеу нәтижелерінің қажеттілігі;

  • АтМГИ 4 қабатты кітапханасының пайдалануға берілді;

  • Қазақ және орыс тілдеріндегі қазіргі заманғы оқу-ғылыми әдебиеттермен қамтылғандығы, институттың барлық мамандықтар пәндері бойынша жыл сайынғы кітапхананың қорын қазіргі заманғы оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылғандығы;

  • Жоғары жылдамдықты интернеттің барлығы, АтМГИ студенттер қалашығында сымсыз желі арқылы WIFI байланысына нүкте бар, студенттер мен қызметкерлерге жектеусіз интернетке шығу;

  • Институтты локалды тораптың бар болуы;

  • Институттың оқу және тәрбие процесі үшін материалдық-техникалық базасының жеткіліктілігі;

  • Институт бойынша ПОҚ 41% дәрежеленуі;

  • Тәуелсіз сарапшылар бағалауларын есепке ала отырып, өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындары үшін мамандарды даярлаудың жоғары деңгейі;

  • Практиканың барлық түрлерінен өту үшін өнеркәсіптік кәсіпорындармен байланыстың барлығы;

  • Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін ғылыми орталықтардың, зертханалардың, ғылыми кадрлардың барлығы;

  • Ғылыми-зерттеу әзірлемелерін қаржыландыруға жыл сайын халықаралық және мемлекеттік гранттарды бөлу;




  • ПОҚ-мен қызметкерлердің төмен еңбек ақы деңгейі;

  • Магистратураға қабылдаудың жоқтығы;

  • ПОҚ-ның ғылыми дәрежелер берілу тәртібіне әлсіз бейімделуі;

  • Білім беру үдерісінде оқытудың моделдік технологиясының болмауы;

  • Бірлескен ҒЗЖ орындау үшін әлемнің ғылыми орталықтарымен байланыстың әлсіздігі;

  • Импакт-фактормен ғылыми басылымдарда және беделді шет елдік журналдарға институт ғалымдарының шығатын мақалаларының аз деңгейі;

  • Барлық оқу корпустарының локалды торапқа тартылмауы;

  • Студенттер үшін практика базасының жеткіліксіздігі;

  • Діни ұйымдар тарапынан келеңсіз әсерлер қаупі;

Мүмкіндіктер

Қауіптер

  • Оқу процесі мен әкімшілік қызметті басқаруды автоматтандыру;

  • Институт ПОҚ халықаралық және мемлекеттік гранттарды алуға;

  • Оқу процесінде ғылыми зертханаларды пайдалану;

  • Қазіргі заманғы әдістер мен технологияларды пайдалану арқылы білім беру процесі сапасын арттыру;

  • ТЕМПУС жобасы бойынша шет елдік университеттермен бірлескен бағдарламаларды орындау бойынша жұмыстарды күшейту;

  • Құжат айналымы жылдамдығын арттыру және қызметкерлерге ақпараттарды мезгілінде жеткізу, тиімді кері байланыс;

  • 15 мбит/с интернет жылдамдығын арттыру болашағы;

  • 2013-2014 жылдары 250 орындық студенттер үйінің құрылысын салу;

  • өнеркәсіптік кәсіпорындардың инженерлік кадрларға қажеттілігін (30%) қанағаттандыру;

  • өнеркәсіптік кәсіорындар базасында Оқу полигонын құру;

  • демографиялық құлдырау әсерінен мектептер мен колледж бітірушілер санының азаюы:

  • жоғары оқу орындарының бәсекелестігінің күшеюі мен білім беруді жахандандыру, оның ішінде техникалық жоғары оқу орындарының;

  • ғылыми дәрежесі бар жас оқытушылар үлесінің төмендігі;

  • жабықтар мен материалдар құнының динамикалық өсуі;







  1. Миссия, кіріспе, мақсаттар мен міндеттер


АтМГИ миссиясы – өңірдің мұнайгаз саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлау, білім беру мен ғылымға жаңа идеялар мен технологияларды үнемі енгізіп отыру, мұнайгаз саласының өзекті мәслелерін шешу үшін ғылыми зерттеулер жүргізу.
Институттың 2013-2017 ж.ж. арналған көрінісі – стратегиялық жоспарлау міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде институт еліміздің мұнайгаз саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мен шығаруды жүзеге асырушы, ғылым мен өңірлік экономиканы дамытуға қабілетті, оқытудың сапасын жақсартуға және оны үнемі арттырып отыруға бақытталған республикамыздың үздік техникалық жоғары оқу орындарының «үштігіне» кіретін Батыс өңір мен мұнайгаз саласының алдыңғы қатарлы білім беретін және ғылыми-зерттеу орталығы болатын қазіргі заманға сай жоғары оқу орынына айналады.
2013-2017 ж.ж. Мақсат
Жоғары оқу орынының білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметін жетілдіру мен дамыту арқылы Қазақстанның қарқынды инновациялық дамуының жүзеге асуына институттың қосар үлесін арттыру, 2017 жылға қарай еліміздің үздік техникалық жоғары оқу орындары «үштігіне» кіру.
2013-2017 ж.ж. Стратегиялық міндеттер


  • Білім беру процесінің сапасын арттыру, инновация мен мұнайгаз өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған, мұнайгаз кешені үшін бакалавриат бағдарламасы бойынша жоғары білікті мамандар даярлап, әзірлеуді жетілдіру:

  • Көмірсутегі ресурстарын пайдалану мен игеру мәселесімен айналысушы ірі ғалымдар мен мамандарды білім беру қызметіне тару;

  • Оқу процесіне жаңа білім беру бағдарламаларын, жаңа әдістерді, оқу құралдарын, жаңа оқу-тәрбие процесін басқару мен ұйымдастырудың тәсілдерін енгізу;

  • АтМГИ профессор-оқытушылар құрамын мұнайгаз өндірісінің тиімділігін арттыру мен дамытудың негізігі мәселелері бойынша қарқынды ғылыми қызметке барынша тару;

  • АтМГИ-дің ТМД (Россия, Азербайджан, Белоруссия, Украина, Узбекистан.) және алыс шет елдердің (Франция, Великобритания, Германия) ғылыми орталықтарымен, мұнайгаз кәсіпорындарымен байланысты нығайту;

  • Білім беру мен ғылыми қызметке қазіргі заманғы ғылыми және оқу-зертханалық жабдықтарды енгізу;

  • Кәсіби тәжірибе арқылы ғылыми-зерттеу мен инновациялық қызметтердің негіздерін студенттерге игерту;

  • Оқу процесіне теориялық оқыту мен практикалық әзірлеудің үлесін жасау;

  • Жеке тұлғаны еркін дамыту, студент жастарды азаматтық және патриоттық рухта, өз отаны - Қазақстан Республикасын құрметтеуге тәрбиелеу,

  • Студенттік қауымды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға мүмкіндік беруші шаралар кешені мен бағыттарын анықтау: тұлғалардың рухани, шығармашылық және дене күші мүмкіндіктері дамуы үшін жағдайлар туғызу, өмір сүрудің салауатты салты мен адамгершіліктің берік негіздерін қалыптастыру; көп ұлтты Қазақстан халқының, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен тарихын оқу арқылы парасатты байыту;

  • Қазақстан Республикасының мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатыса алатын мамандар қалыптастыру;

  • АтМГИ студенттеріне – болашақ мамандарға, мұнайгаз саласы кәсіпорындарының басшыларына корпоративті мәдениетті, Қазақстанның мұнайгаз саласы өнеркәсібінің даму тарихына құрметпен қарауды, әлемдегі бірден бір ірі энергия ресурстарын өндіруші ретінде Қазақстанның қуатын көбейтуге талпынуды үйрету;

  • Студенттердің өз бетінше оқу жұмыстары үшін жағдайды үнемі жақсартып отыру, білім беру мен ғылыми жұмысты ақпараттандыру;

  • Студенттердің әлеуметтік жағдайын жақстару;

  • Орта мектеп пен колледждердің оқушылардын жалпы білім беру әзірліктерінің деңгейін арттыруға, талантты, білімді жастарды табуға ықпал ету және олардың АтМГИ-де жоғары техникалық білім алуына мүмкіндіктер жасау;

  • Академиялық ұтқырлықты енгізу арқылы ПОҚ мен студенттерге шет елдік ғылыми және халықаралық орталықтарда тәжірибе алмасуды ұйымдастыру, ғылыми зерттеулер нәтижелерін алдыңғы қатарлы шет елдік журналдарға шығару арқылы жоғары кәсіби білім беру саласында әлемдік интеграциялық процестерге белсенді қатынасу арқылы АтМГИ ашықтығын қамтамасыз ету;

Атырау облысының Білім беру басқамасының мәліметтері бойынша мектеп оқушыларының контингенті бойынша АтМГИ студенттерінің әлеуетті санының 2013-2017 жылдарға болжамы жасалынды. Есеп АтМГИ 1 курсқа түскен студенттер саны шамамен алғанда Атырау қаласы мен Атырау облысы бойынша мектеп бітірушілердің 30% құрайтын болады деген ұсыныстан жасалған. Болжам графигі бойынша студенттер контенгенті саны өсудің оң динамикасын иеленеді 2013 жылда 6186 студенттерге шейін 2071 жылы 12644 студенттерге шейін өседі (1 сурет қараңыз).

Білім беру қызметінен түсетін кіріс 2013-2017 жылдарға студенттердің білім алуының орташа құны болжамға сәйкес өзгермейтін болады және 280 000 теңгені құрайды деген есеппен келтірілген. Білім беру қызметінен түсетін табыс болжамға сәйкес ол да оң өсу динамикасын иеленеді. 2013 жылы 1732080 мың теңгеден 2017 жылы 3540320 мың теңге шейін (2 суретті қараңыз).

Сурет 1 – 2012-2017 жылдарға АтМГИ студенттер контингенті



Сурет 2 - 2012-2017 жылдарға АтМГИ білім беру қызметінің табыс динамикасы



Кесте 1

АтМГИ студенттерінің контингенті мен АтМГИ 2012-2017 жылдарға білім беру қызметінен түсетін табысының болжамы.




Жылдар

2012

2013

2014

2015

2016

2017

Студент контингенті

5600

6186

8275

10119

11378

12644

Білім беру қызметінен табыстар

/мың теңге/

1568000

1732080

2317000

2833320

3185840

3540320


«Атырау мұнай және газ иснтитуты» ШЖҚ РМК қызметінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінен негізгі басымдылықтар анықталынды:

  • Сыни және креативті ойлай алатын, ақпараттық технологиялар мен қазіргі заманғы тілдерді білетін, мұнайгаз саласы үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау;

  • Республикамыз бен өңіріміз үшін қолданбалы сипат иеленетін ғылыми және технологиялық әзірлемелерге белсенді қатынасу;

  • Сапалы оқу процесін қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық базаны дамыту мен нығайту;

  • Жоғары кәсіби білім берудің жаңа стандарттарын жүзеге асыру үшін профессор-оқытушылар құрамының белсенділігі мен ролін нығайту;

  • Қазақстанның, алыс және жақын шет елдердің жоғары оқу орындарымен ақпараттар бөлісу және әріптестік қатынастарды қалыптастыру;

  • өңірдің өнеркәсіптік кәсіпорындарын білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін мамандану және жаңа мамандықтар ашу;

  • корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктер мен білім алушылар үшін еңбекке орналастырумен білім алулары мүмкіндіктері мәселесі бойынша Атырау облысының кәсіпорындары мен ұйымдарымен жұмысты жалғастыру;

Институтта әзірге білім беру, ғылым мен өндірістің интеграциясы жеткілікті дәрежеде жүзеге асырылған жоқ. Сондықтанда инновациялық зертханалар мен ғылыми орталықтарды құру үшін демеушілердің, кәсіпорындардың қаржыларын кең көлемде тарту міндеті тұр. Институттың ПОҚ әртүрлі қорлар мен ұйымдардың жариялаған инновациялық жобалар конкурстарына белсенді түрде қатынасулары керек.
Институттың даму стратегиясынан екі кезеңді бөліп қарауға болады:

1-ші кезең – 2013-2015 жылдар. Бұл кезеңде институттың материалдық техникалық базасын нығайту, институттың негізгі объектілерінің құрлысын салу, мамандықтардың қажетті номенклатурасын қалыптастыру, қажетті кадрлық әлеует пен студенттер контингентін қалыптастыру жүреді.

2-ші кезең – 2015-2017 жылдар. Бұл кезеңде институттың кадрларды әзірлеудің әлемдік деңгейіне шығуы жүреді, объектілер құрлысы мен мамандарды әзірлеудің халықаралық-аккредиттелген бағдарламаларымен институтты халықаралық деңгейде құруы аяқталады.


  1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, мақсаттық индикаторлар мен күтілетін нәтижелер

2017 жылға дейінгі кезеңге институт дамуының басты стратегиялық бағыты болып табылатындар:



  • Ішкі еңбек нарығының талаптарына жауап бере алатын мұнай-газ саласы үшін жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандар даярлау;

  • Ғылыми зерттеулердің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

  • Институттың материалдық-техникалық базасын нығайту;

  • Мұнай-газ саласы үшін мамандарды әзірлеудің халықаралық-аккредиттелген бағдарламалармен институтты халықаралық деңгейде құру, 2017 жылға қарай еліміздің үздік техникалық жоғары оқу орындары «үштігіне» ену:

  • Институт ұжымы үшін әлеуметтік-тұрмыстық қажетті жағдайларды қамтамасыз ету.

Институттың қызметі ішке ортамен, Атырау облысының және Каспий маңы өңірінің ерекшеліктерімен байланысты. Институттың қызметіне төмендегідей жалпы өңірлік және ұлттық аспектілер әсер етеді:

  • өңірде өнеркәсіптің ірі ұлттық және шет елдік мұнай-газ кәсіпорындарының шоғырлануы;

  • инженерлік кадрларға сұраныстың жыл сайынғы өсуі;

  • орта мектепті бітірушілер саны динамикасының төмендеуі:

  • өңірлік және республикалық инновациялық әлеуетті дамытудың қажеттілігі;

  • білім беру жүйесінің халықаралық стандарттарға өту процесін жүзеге асыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет