Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы


§ 2 Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары



бет2/5
Дата17.07.2016
өлшемі411 Kb.
#205529
1   2   3   4   5
§ 2 Орта Азия аумағындағы діни экстремизм ерекшеліктері. Оның ішкі және сыртқы таралу факторлары.
Діни экстремизм жаңа заманда жалпы экстремизмнің эволюциясы болып келеді. Діни экстремизм осыған орай тарихи ислам прецеденттерін ішкі қайшылықтарды пайдаланумен қатар іске асады. Исламдық факторға көңіл аудара отырып, біз исламның, әлемдегі барлық діндер сияқты, мейірімді және бейбіт дін екенін ұмытпауымыз керек. Саяси экстремизм бұл жағдайда діни құндылықтары мен нормаларды бұзған деп халық алдында ұсынылған билік күштерге ғана өрескелдік көрсетуге батылы жетеді. Аталған жағдайда билік күштерінің тұрақсыздандыру құралы оетінде дінді пайдалану саяси экстремизмнің мінезіне ғана қарасты. Оған қоса заман талабына сай тұрақтанған зайырлы құндылықтар діни құндылықтарға қарағанды әлдеқайда төмен және оған бәсекелестік тудыра алмайды. Қазіргі таңда ислам көбінесе нақты саяси мақсаттарға жетудегі әдіс-тәсілі ретінде қолданылады: жеке алған этникалық топтардың сепаратистік әрекеттерінің бел алуынан бастап антижүйелік көңілдерді өршітуге дейін апарады. Ондағы қорытынды мақсат – билікке жаңа саяси күштің келуі.

Жоғарыда айтылғандай жүйенің дағдарысы кезінде дәстүрлі идентификация модульдеріне бет бұру тенденциясы басталады. Сөйтіп эволюция белгілерінің бар болуы діннің алғашқы түйінін жоя алмайтындығын көрсете аламыз. Бәрімізге белгілі ислам дінінің пайғамбары – Мұһаммед Мединада интеграцияның алғашқы қағидаларын ұсынды. Бұл арқылы ол мұсылман қауымының тұрақтылық негіздерін орнатты. Ал ондағы әлеуметтік қатынастардың алғашқы түйіні ретінде исламды көрсетті. Алғашқы дінтану дәрістердер ауытқу халықтың көп бөлігін келешекте үміті жоқ дағдайдың қалыптасуына әкеліп соқтырады. Осылайша «дәни жандандыру» үшін қозғалыстарды туындырады. Істің мәні ислам идеологиясында емес – шығыс қоғамының ерекшеліктері мен спецификасында.

Мәселенің қазіргі таңда даму деңгейі – жаһандану процесі әлеуметтік қатынастар жүйесінің одан әрі терең бұзылуына әкелді. Мұндағы терроризм жаһандану процесінің маңызды бөлігі болып табылады. Ол ұлттық шекараларды, тауарлардың еркін қозғалысы үшін ашуға бағытталған ланкестік ұйымдардың желісін құрады. Көбінесе бұл тауарлар болып есірткі заттары табылады. әлем дік тәжірибенің қорытындыларына көз салатын болсақ, көптеген қақтығыстардың негізінде экономикалық мәселелер жатыр.

Көптеген зерттеушілер, әсіресе американдық, ислам факторына қатысты әлсіз жағымен әржацым оған қатысты драмалардың орын алуы исламдағы рухани және зайырлы бастамалардыі арақатынасы болып табылады деген теорияға бет бұрады. әлбетте бұл екі бастаманың арасындағы ұатынас жалпы тұрғыдан маңызды түсініспеушілікті болдырмауы тиіс. Мәселе исламды әр кім әр қалай түсунуінде және оны талқылауында. Классикалық мысалға көңіл аударатын болсақ, бұл мәселеге байланысты дәлел ретінде исламның Осман империясындағы әрекет етуі мен жаңа замандағы орын алған кейінгі эволюциясы немесе, Сауд Аравиясындағы исламның рөлі.

Бұл тенденцияның ең маңызды деген сәті болып саяси процестердегі руханияттың рөлі табылады. Яғни оның мемлекеттің саяси құрылымына өтуі немесе өтпеуі, сонымен қатар қандай да бір саяси құқықтыұқ мектептің басшылық алуы. Ең қызығы, тарихтың өзі көрсетіп отырғандай, өзіне рухани және иоральдық функцияларды ала отыра, руханияттың саяси бөлігі билік жүйесіне өткен сайын мемлекет мақсаттарын қолдап оны уағыздаушы болып келеді, және бұл жағдайда Шариат нормаларының бар болуы аса маңызды емес. Оған мысал ретінде Мысырдағы жағдайды алуға болады. Ондағы руханият елуінші жылдары «Мұсылмпн бауырлар» қозғалысының экстремистік қанаты, оның ішінде мынадай саяси ағымдар: «әл-Джиһад», «ат-Такфир уа-әл хиджра» және анағұрлым сабырлы «Хизб-ут-тах-рир»-ды ресми сынға алды.

Осыған байланысты Мысырдың Ұлы муфтиі Фарадждың «Ұмытылған қарыз» («әл-Джихад» ағымының идеологы) атты кітабі жөнінде былай деп айтты: «Бұл кітап хариджит бағытына тиесілі иретикалық болып табылады». «Такфир» оған сенімсіздік айыпталды деген айналасындағы даулар жқнінде ол былай деп талқылады: «Адам үлкен күнә жасағанымен де, оның құқықсені мділігі мызғымас болып қала береді.». Исламдағы басты шарт болып – Аллаһтың ьарына сенім болып табылады. Мұндай пікірді «Мұсылман бауырлар» партиясының теоретигі Мұхаммад әл Газали де берді. Ол да «ат-Такфир уа-әл хиджра»-ны хариджизм деп есептеді.

Әлбетте біз, исламның әсері әр мемлекетте өзінің аумақтық ерекшеліктеріне байланысты мінезі жағынан әртүрлі болатынын ұмытпауымыз қажет. Өткен ғасырдың 50-80 жылдары Мысырда антижүйелік экстремизмнің орын алуы жөнінде айтуға болады. «Мұсылман бауырлар» қозғалысының идеялық баспалдағы «шумулийя», яғни толықтылық қағидасына негізделген. Ол бойынша ислам жүйесі өзіне тек дінді ғана емес, оған қоса әлеуметтік жүріс-тұрыс нормаларын, ішкі және сырьықы саясатты жүргізу қағидаларын кіргізді. Елуінші жылдардан кейін «Бауырмашылық» радикалды қанаты «Еркін офицерлер» патриоттық ұйымымен күресу жолында, ал кейін «Кэмп-Дэвид» келісіміне қарсы бағытта билік басындағы режимге қатысты антижүйелік бағыт ретінде қалыптасты.

Туркиядағы исламның ерекшеліктері туралы сөз қоззғайтын болсақ, оның елдегі саяси жағдайына маңызды әсер ететін күшті элементтерін атап өту жөн. Мысалы, суфийлік фактордаң үлкен саясатқа өте алмайтындығымен бөлек жеке радикалды элементтердің, ланцизм саясатына қарсылығы. Ресей зерттеушісі Г.И. Старченконың байқауынша, исламистер мен лацизм жақтаушылары арасындағы күрес, жаңа аспектілерге ие бола тұра, зайырлы Түркияның саяси өміріндегі ажырамас бөлігі болып табылады.11

Әйгілі түріктанушы К. Карпаттың қызықты ойын мысал ретінде алайық. Ол Түркияныі саяси өміріндегі ұдайы тапшылықтары жөнінде тезисіндегі мемлекет тұрақсыздығын ұлттық мәдениет пен идеологиялық ұстанымдарға сәйкес емес заңдары мен сырттан келетін конституциялық жедел трансформациясының қорытындысы ретінде бағалайды.12

Суфийлік фактордың мықты әсерімен ұсынылған қоғамның гетерогендігі мен тегінің бір болмауының атап өткен жөн. Бұл жағдай сонау Түрік республикасының жаңадан қалыптасқан кезеңінде пайда болған, яғни жас Түрік республикасында завийе және текке діни қоныстаушылары бірден жабылды, шейх, дервиш, мюрид және тағы басқа діни атақтар алынып тасталды.13 Бірақ бұндай тез және радикалды шаралары кей жағдайда кері әсерін тигізді, мысалы, 1967 жылғы Сүлеймен Хильми Тухиаха негізін қалаған саидчылар мен сулейменчилер секталарының өркендеуіне әкеліп соқтырды. Ал олар өз кезегінде өзара бәсекелестер болды.14 Түркияда көптеген ресми және биресми түрлы мағынадағы партиялар мен қозғалыстар әрекет етеді: «Ұлы ислам майданы», «Благоденствие» ислам партиясы, «Ислам тәртібінің ошағы», («Ұлы бірлік» партиясының қоластында), «Рефах» партиясы («Благоденствие»), «Сұр қасқырлар», «Орта шығыс Түркі Одағы» партиялары. Ф. Бадерхап есебі бойынша Түркиядағы суфийлік ордендегі электораты шамамен бес миллион адам.

Жаңа заман Түркиядағы жағдайды сараптау барысында 3 бірдей мықты тенденцияға, яғни дамудың 3 кезеңіне көңіл бөлейік: Осман, ерте республикалық және соғыстан кейінгі. Бүгінгі күні Түркияда бір уақытта өздерінің қоғамдағы исламның рөліне қарама_қайша баға беруімен осы үш кезең орын алады.15

Ливияда 1969 жылғы революциядан кейін мемлекеттің қоғамдық және саяси климатын демократизациялауда ливиялық билік басындағылар ортоддоксальды исламның мемлекеттік- құқықтық доктринадан кері бетбұру арқылы мемлекеттік құрылым мен қоғамдық құрылыстың кейбір мәселелері бойынша жоспар жолдамаларын құрды. Жаңа заманға джамихирийлік жүйені қалыптастыруда ливиялық басшылыө мәні жағынан хараджиттердің позицияларына жақындаса түсті. Ал олар, өз кезегінде, бөлек жағдайда халифаттың, оның «қажеттігі» тезисіне қарағанда, «болу мүмкіндігі» жөнінде айтады. Ұлттық сана-сезімнің қалыптаасу процесі бұл мемлекетте ислам дінінің тектік-таптық құндылықтары негізінде жүзеге асырылады.

Ауғанстанда этникалық факторларддан басқа ішкі конфессианалдық қақтығыстар маңызды рөл атқарады. Солтүстік Альянс, негізінен, ортодоксальді емес бағытпен ұсынылған болып талибтер жүзінде оппозицияны таниды, ал талибтер консерваторлық классикалық жүйені ұстануды шақыруға бағытталған.

Ресей шығыстанушысы Л.Р. Полонская Үнді және Ауған мұсылмандары арасында тікелей байланысты қарастырады. Яғни оның айтуынша, Ауған мұсылмандарына XVIII ғасырдағы Солтүстік Үндістандағы Сеид Ахмед Барлеви қолбасшылығымен вахаббиттік қозғалыстың жандануы үлкен әсерін тигізді.

Сауд Аравиясындағы ислам радикализмі, негізінен, проамерикандық ориентацияның жоғарғы басшылар топтарында орын алуы. әсіресе мұсылман қауымының қарсылығы бұл жартыаралдағы американдық әскерлердің орналасуында болып табылады. Соған сәйкес 1994 жылы антибатыстық маргиналды топтың көшбасшылары шейх Сальман әл Ауда мен Сафар әл Хавали тұтқынға алнған болатын. Таяу шығыстық тапшылық бойынша ең қолайлы саясат пен мемлекет ішіндегі қақтығыстар дамыған ханбалиттік саяси-құқықтық жүйесімен реттеледі. Исламның жан-жақты талқылауымен көрініс табуына қарамастан, заңды болып әсер етуші екі ағым ғана бар: сыртқы және ішкі. Екеуінің әсері саяси бағыттарда ішкі және сыртқы күштердің қатысуымен исламды радикализациялау және бұл факторды пайдалану болып табылады.

Мұсылман қауымында исламның позициясы өте күшті болуына байланысты ішкі фактор ретінде, руханияттың саяси бөлігінің позициясы; қоғамды деорталықтандыру және корпоративизациялау элементі бар суфизм және халықты біріктіру мен билікті орталықтандыруды жалпы және ыңғайлы нысан саясатты қалыптастыруды жақтаушылар, яғни исламды оның классикалық тұрғыдағы нысанға қайта келтіруді қолдаушылар арасындағы қарама-қайшылықтар. Оны көптеген тарихи фактілер дәлелдейді. Осыдан біз, ішкі конфессионалдық тапшылықтың негізінде интеграция қағидалар мен нысандары арасындағы қақтығыстар және оның түбінде өз саяси билігін жүзеге асыру жатыр. Мемлекетке қарсы шығуда да, және оған бағынуда да екі нысан да ерекше және ыңғайлы болып табылады.

Сыртқы фактор болып, ең алдымен, экономикалық жағынан әртүрлі деңгейдегі мемлекеттер арасындағы қрама-қайшылықтар табылады. Солай бола тұра ислам сыртқы агрессияға қарсы тұрудағы консолидациясы түрткісі бар механизмі ретінде ыңғайлы. Дегенмен қай түрінде көрінсе де ислам өзінше ерекше. Өзінің спецификасы жағынан әрбір қалыптасқан жағдай бір-бірінен ерекшеленеді және осы әрбір жағдайында мұқият исламтанушылық зерттеулерді талап етеді.

Қазіргі таңда исламдық факторды кейбір батыс щеңберіндегі тұлғаларымен айыпталуы бізге олардың мәселенің толық қамын білмейтінін және оған қате баға беретінін көрсетеді. Себебі, олар тек мәселенің үстіңгі және сыртьқы көріністері негізінде және терроризмнің көріністеріне қате сараптама жасау негізінде қорытынды жасайды. Бұл нысанның ерекшелігі мынада болып табылады: осы ланкестік әрекеттерді жүзеге асырушылар одан геосаяси және геоэкономикалық пайданы табады. Бірақ көлеңкеде қалып, ешқандай соттық қарауына тиесілі болмайды. Белгілі-бір тұлғалар мен тараптарың кінәсі жөнінде дәлелдері жоқ болады.



II БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТА АЗИЯ АУМАҒЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ОРНЫ
§ 1 Қзақстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне іштен іру факторларының төндіретін қауіптері.
Қазақстан көрші мемлекеттердегідей экстремизмнің күшті жандануын көрмеген мемлекет болып табылады. Алайда мемлекет аумағында экстремистік тенденциясы жоқтың қасы деп мәлімдеуге үлкен қате. Бүгінгі күні Қазақстанда экстремистік тенденцияның дамуы мен қалыптасуының латенттік процесі жүріп жатыр деп үлкен сенімділікпен айтуға болады.

Қазақстандағы ислам көшпенді өмір салтына, халықтық-шаруашылық қалпына, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты діни нанымның ерекше сипаты түрінде дамыды.

Сол себепті Ұлы қазақ халқының жерінде догматизмге немесе экстремизмге бұрын сонды орын болмаған. Дегенмен экстремистер біздің Республикамызды аттап өте алмады. Қазақстанда діни таным еркіндігі қағыдасын сылтаулатып, діни қайта жаңғыру толқынында, соңғы кездері Республикамызға дін-мистикалық оқулықтарды тарату және діни-этникалық негізде қақтығыстарды жандандыруға қолайлы жағдай жасау мақсатымен шетел діни миссиялар саны күрт өсе бастады.

Экстремистердің Қазақстанға деген қызығушылықтары мұнай – газ мәселесімен де тығыз байланысты болуы мүмкін. Энергетика, ииндустрия және сауда министрлігінң бұл жауабы бойынша Каспий теңізінің көмірсутек ресурстары Парсы шығанағындағы қара алтын қорына сәйкес келеді. Бұл дегеніміз, қырық жылдан бері әлемдік мұнай экспортының 60 % бақылайтын он мемлекеттер біріншілігіне мұнайды өндіру деңгейі жағынан Қазақстан мүше болуына мүмкіндігі бар. Осылайша Қазақстан өзінің сыртқы саясатындағы пробатыстық ұстанымдарына орай Еуропа және Америкаға ОПЕК мемлекеттерінің сұраныстарынан (шешімдерінен) тәуелсіз болуын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайды Таяу Шығыстағылар жақсы түсіне отырып, «Қазақстандағы рухани-діни бауырларды» қолдауға үлкен қаражаттардың бөлінуін аямайды.

Жоғарыда айтылғандардың бәрін қорытындылай келе, экстремизмнің Қазақстанға енуі жақсы жоспарланған әдістеме бойынша жүзеге асырылады:

- Радикалды исламдық ұйымдары мен қайырымдылық қорларды құру;

- Экстремистік сипаттағы діни әдебиеттерді тарату;

- Жастар арасында қоғамдағы идеологиялық вакуумды теріс пиғылмен пайдалану арқылы вахаббизм идеяларын насихаттау;

- Ең алдымен Қазақстанның Оңтүстік аймақтарында исламдық оппозицияны құру.

Осыдан кейінгі экстремистік бағыттағы вахаббиттердің тәжірибелік қадамдары мыналар болуы мүмкін:

- Дінге сенушілердің рухани басшылықтан ресми руханиятты шектеуі және беделін бұзу:

- Қазақстанға тән емес дәстүрдегі мұсылмандық ұйымдардың оқу лагерлеріне жастарды тарту және кейіннен оларды «жартылай заңды» шетелде фундаменталды дәріс алуға үміткерлерді таңдау.

КСРО ыдырағаннан кейінгі Орта Азиядағы жанама тұрақтылық өте жіңішке материя болды. Орталық Азия аймағы діни-саяси, этникалық тұрғыдағы потенциалды қақтығыстарға толы немесе аумақ және билікке идеологиялық күресті бастау жалған алғышарттармен жаппай қамтылады. Мемлекеттер мен халықтар арасындағы тығыз дәстүрлі байланыс, жоқка шығаруды қиынға түсіретін шекаралардың ашықтығы экстремистік идеялардың бұл аймақта тезарада жаппай таралуына қолайлы жағдай жасайды. Оның үстіне ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдай бұл процесті катализатордан өткізгендей болып, «қайшылықтардың қасіретті қоспасын» тездетеді. Яғни көрші жатқан мемлекеттердегі орын алған қақтығыстар Қазақстанға да үлкен қауіп төндіреді.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылдың 1 қыркүйегінде Парламенттің екінше сессиясындағы сөзінде былай деп атап көрсетті, «ТМД нің Оңтүстік аймақтарындағы жағдайдың тезарада күрт шиеленісуі және Қырғыстан мен Өзбекістандағы 1999 жылдың тамыз айында орын алған қайғылы оқиғалары мемлекеттің жалпы аймағы алдында тұрған маңызды, қиын сынағы».

Қазақстан Орта Азия аймағының құрамдас бөлігі болғандықтан халықаралық ланкестік және діни-экстремистік ұйымдардың үлкен қызығушылығын тудырады. Өткен ғасырдың 90-шы жылдардың басында КСРО ыдырағаннан кейін, бұрын орын алған «бауырлас республикалар» арасындағы қоғамдық байланыстар бұзылғаннан соң Қазақстан қоғамы мәдени және идеологиялық вакуумдағы сияқты күйде жүрді. Тұрақсыз әлеуметтік, экономикалық жағдай, жұмыссыздық, халықтың негізгі бөлігінің болашаққа деген сенімсіздігі, сонымен қатар қазақ халқының өзінің діни және мәдени тамырларына қайта келу табиғи процесі, біздің мемлекетімізде экстремистік дәни ағымдардың келуіне қолайлы жағдай жасаудағы шешуші фактор болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қалыптасқан қоғамдағы «діни орта» мемлекеттегі мұсылмандық болсын, христиандық болсын бағыттағы ауқымды көлемдегі түрлі секталар, діни қозғалыстар мен партиялардың пайда болуына себепкер болды. Сөйтіп Қазақстанда көпшіліктің көзіне түспейтін экспансия басталды. Ол түрлі үкіметтік емес қорлар мен ұйымдардың гуманитарлық және басқа да кқмек ұсыеу жолымен іске асырған қайырымдылық акциялары жүзінде экстремистік және діни ағымдар кіретін әртүрлі сырттан келушілердің әрекеттері арқылы жүзеге асырылды. Бұл акциялар «ағартушылық жұмысты» атқарушыларды қаржыландыру арқылы жүзеге асты да, кейіннен бұл бағытта жеке оқу орындар мен медреселер тағы басқалар ды аша бастады. Аталған ұйымдардың басты мақсаттары мен алға қойған тапсырмалары, құрамында экстремистік сипаты бар реакциялық жауапты идеяларды тарату жөнінде насихаттау шараларын өткізу болды.

Қазіргі таңда олардың әдіс­-тәсілдері өзгерді. Басымды және көзге түсетін ашық радикализацияның бел алуы байқалады. Мазасыздандыратын негізгі жәйт болып, конфессияаралық шыдамсыздықтың өсуі, діни тұрғыдағы экстремистік әрекеттерінің күшее түсуі табылады.

Оңтүстік Қазақстан Облысындағы экстремизмнің алғашқы әрекеттерімен Республиканың Ішкі Істер Органдары қызметкерлері 1998 жаққын танысты. Бұл жылы Ішкі Істер Органдары қызметкерлері Мысыр және Иорданияның екі азаматын заңсыз әрекеттері үшін қамауға алды. Олар қазақ жастары арасында Қазақстан Республикасы аумағындағы әрекет етіп тұрғанн конституциялық құрылымды бұзуға шақыратын экстремистік сипаты бар баспа материалдарын таратты.16

1999 жылдың басында Ташкентте дүрсіл еткен жарылыстар тек Өзбек арнайы қызмет органдарын ғана емес, бүкіл Орта Азияны мазасыздандырды. Кейбір ақпараттар бойынша вахаббиттердің ланкестік әрекеттер картасында Қазақстан да белгілінген болды. Қазақстанда тұтқындалған террористің біреуінде кейбір өазақстандық үкіметтік мекемелер мен ғимараттардың нақтыланған жоспары табылды. Лансетік акт бойынша айып тағылған тұлғалардың мойындауынша, Қазақстан фундаменталист боевиктердің жасаған тізімінде екінші болып тұрды.17

Экстремистік әрекеттер күшею тенденциясы «Хизб-ут-тах-рир» діни-экстремистік партияның бірден бір құрылымдық қанатының заңсыз әрекеттерінде көрініс тапты. «Хизб-ут-тах-рир» бастапқы мақсаты – ислам халифатын құру болып табылатын экстремистік ұйым. Бұл жөнінде Республиканың Оңтүстік аймақтарында аталған ұйымның филиалдарын нейтрализациялау барысында алынған фактілер куәландырады. Тәркіленген оқ-ату қару-жарақтары, жарылғыш заттары (Түркістанның 1500 жылдығын тойлау кезеңіндегі 2002 жыл, қазан), антикаримовтық, антиамерикалық, антиизраилдік мазмұны бар баспа материалдары бізге «тахриршылардың» жоспары тек діни насихаттаумен шектелмейтіндігін талық қамды бекітуге негіз береді.18

«Хизб-ут-тах-рир» және оған ұқсас ұйымдардың ұзақ мерзімді жоспарлары Қазақстан аумағын және аймақтағы басқа мемлекеттерді түрлі сипаттағы утопиялық, теократиялық, мемлекеттік бірлестіктер қатарына енгізуді ойластырады.

Солай бола тұра аиалған мақсаттарға жету зорлық-зомбылық жолымен іске асатыны әбден мүмкін. 2003 жылы тамыз айында Оңтүстік Қазақстан бойынша ҰҚК департаментінің қызметкерлері Шымкент қаласында осы ұйымның заңсыз баспаханасын тапты. Жасақталған пәтерде қазақ, өзбек, ағылшын, орыс және араб тілдерінде жазылған әдебиеттердің үлкен партиясы табылды.

Осы партияның белсенді мүшелерінің атқаратын қызметі, тек қана Кеңтау, Шымкент және Түркістан қалаларында ғана емес, сонымен қатар Ислам халифатын құру идеясын насихаттайтын баспа қағаздары Жетісай, Сарыағаш, Арыс аудандарында анда-санда пайда болады.19

Дей тұрғанымен, қазіргі таңдағы құқыққа қарсы мұндай сипаттағы әрекеттерді реттейтін заңнамалардың мәселе болуына қарамастан, тәжірибеде прецедент орын алды. 2003 жылдың маусымында Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімі бойынша «Хизб-ут-тах-рир» партиясының екі мүшесі баспа қағаздарын таратқаны үшін, әлеуметтік, ұлттық және діни араздықты қоздыру айыбы бойынша үш жылға бас бостандығынан айырды.

Көңіл аударуға тұратын мәселе, Қазақстандық азаматтардың исламдық сипаты бар шетел теологиялық оқу орындарында дәріс алуы. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің ақпараттары бойынша шетел ланкестік және діни экстремистік ұйымдардың өкілдері жас адамдардың сана-сезімдерін идеологиялық қңдеуден өткізу әрекеттерінің қарқынды түрде өсуі жөнінде куәландырулар бар. Теологиялық оқу пәндерән оқытумен қатар, қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінен шыққан кейбір жеке студенттер идеологиялық әсерге ұшырап, экстремистік топтардың атқаратын қызметіне кірісті. Олардың кейбіреулері боевиктерді дайындауға арналған лагерлерге жіберілді. Онда олар диверсиялық, ланкестік және жару әрекеттерін жүзеге асырудың арнайы дағдыларына оқытылады. Ақырында экстремистік бағытты ұстанатын жергілікті фундаменталистік сипаты бар ислам қауымдастықтары Республика аумағында пайда болды және өзінің қызметін белсенді түрде дамытты.

Қазақстанда терроризм таралуының өсу қаупі ауқымдылық жағынан мына жағдайға байланысты: бірқатар шетелдік ланкестік құрылымдарда біздің республикамызда тұратын, көптеген диаспоралардың өкілдері болып келетін этникалық-экстремистік топтардың отандастары бар. Ланкестік ұйымдардың эмиссарлары мен мүшелерінің аталған этностарға әсер ету мақсаттары және сол этностардың ішінде басқа мемлекеттерде жасаған қылмыстары үшін іздеу салудан жасырыну ойлары анықталды. Мысалы, Солтүстік Кавказдың заңсыз әскериленген құрылымдардың, біздің Республика аумағында боевиктерін жасыру мақсатында Қазақстан Республикасындағы Шешен диаспорасы өкілдерін пайдалану тенденциясынің өршуі.

Бүгінгі күні экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселесі Орта Азия аумағы үшін өте өткір болып тұр. Ал Қазақстандағы осы мәселеге орай шектен тыс құбылыстардың елеулі дәрежеде қауіпті болып көрініс таппауы – мемлекеттің бұл бағытта бірте-бірте іске асыратын алдын-алу және профилактикалық шараларды қолданудың қорытындысы болып табылады.

Терроризм мен экстремизм таралуының әлемдік тенденциясы, халықаралық ланкестік және діни экстремистік ұйымдардың Орта Азия аумағындағы мемлекеттеріне қарай бет бұруы антитеррор бағыты бойынша елдің заңнамалық жүйесін түптамырымен реформалауды қажет етеді. Бұл жұмыстың ауқымды бөлігі ұлттық қауіпсіздік органдарымен іске асырылды. Нақ осы аталған органдар, көп жағдайда, құқықтық аядағы өзгертулер мен жаңғыртуларды енгізу мен қолдануды жүзеге асырудың инициаторлары болып шыққан.

Бүгін нақты белгіленген мақсаттармен жүйеленген әрекет ету бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама барлық мүдделі мемлекеттік органдардың ынталарын біріктіреді. Аталмыш жобаның үйлестірушісі болып Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті анықталды. Айта кету керек, бұл бағдарлама тек күштеу әдістерінен ғана тұрмайды. Экстремизм және терроризммен күресу мәселесін мұндай жолдармен шешуге болмайтыны бәріне мәлім. Ең бастысы, қажетті жағдайды қалыптастыру, яғни - әлеуметтік-саяси, экномикалық, мәдени жағдайларды ұсыну арқылы экстремистік идеялар мен оқуларды ұстанушылар мен насихаттаушылардың жігерін әлсіздендіру. Діни идеяларға сүйенетін ланкестер, діни имандылықтың алтын ғасырын қайта жаңғыртуға күреседі деп мәлімдейді. Саяси мәселелер мен өз идеялары үшін күрес, олардың алдында киелі парыз. Боевиктердің сенімі бойынша олардың күресі жоғарыдан «аспаннан» берілген, ал зомбылық актілері оның негізгі элементтері болғандықтан, оларды іске асыру масштабы ешқандай шектеліне алмайды.

Бұл жағдайда, ең алдымен, ланкестерді ұлы қиындықтарды өтетін күресушілер «ертегі» атақтарынан айыру қажет. Сонымен қатар зорлық, зомбылық және құдалау «имандылыққа күресушілер», жалғыз дұрыс сана-сезімдік және діни ақиқатты уағыздаушыларды болдырмауын кесу. Адам санасында қандай да бір террористік акт немесе қауіп жасағаны үшін оны жасау себептерін қанша ақтағанымен қауіпті қалмыс болып табылатынын қалыптастыру. өйткені ислам болсын, қандай да бір басқа дін болсын өздерінде ешқандай кері потенциалды ұстанған жоқ. Ал халықаралық ланкестік ұйымдардың рухани басшылықтың діни оқуларындағы бұл ірекеттерді ислам дінімен жанастырып талқылауы жалған және құлақ саларлықтай мәселе емес. Осы заманды өзекті болып отырған мәселе – уландырушы заттарды пайдаланумен қатар ланкестік және диверсиялық сипаттардағы қауіптерден ірі тұрғын мекендердің микроқұрылымы мен стратегиялық объектілерін қорғау болып табылады (өлімге әкелетін бактериялар мен вирустар, сонымен қатар радиоактивті материалдар).

Ланкестік әрекеттермен күресу мәселесін шешу мемлекетаралық әртүрлі деңгейдегі өзара әрекеттестікті қажет ететінін есепке алатын болсақ, бұл салада Республикамызбен бірқатар халықаралық және мемлекетаралық келісімдер мен шарттарға қол қойылды.

Қазақстан Республикасы ланкестік әрекеттермен күресу аясында анағұрлым тығыз ТМД мемлекеттері, сонымен қатар ШЫҰ (Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы) щеңберінде Қытаймен өзара әрекеттеседі. Ланкестік әрекеттермен күресудегі өзіндік белгілі бір үлесін түркі тілдес мемлекеттермен келісімдердің негізінде құрылған ынтымақтастық енгізеді. Осы уақытта Қазақстан халықаралық қылмыстарға және ланкестік әрекеттерге қарсыласу аясындағы ынтымақтастық жөнінде он үш мемлекеттермен екіжақты келісімдер бекітті.

Көрші мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып көретініміз мынау болып табылады: діни экстремизмді дұрыс бағаламау және оның кқріністеріне барабар емес жауабы жағымсыз салдарға әкеліп соқтырады. Сондықтан бұл мәселені шешу барысында мемлекет және қоғамның қоластындаңы бар мүмкіншіліктің толық кешенін пайдалану қажет.

Дегенмен, шетелдік тәжірибе көрсетіп тұрғандай, ешқандай керемет дамыған экономкалық және әскери қуат, ешқандай жоғары ақы алатын және жаңа заман технологиясымен жабдықталған арнайы қызмет органдары террорға қарсы тұра алмайды, егер де өздерінің туыстары мен жақындары, отбасы ошағының тыныштығын сақтауға мүдделі, өз Отанының патриоты болып табылатын жеке адамдардың көмегі болмаса. Біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігін қорғау – әрбір азаматтың конституциялық борышы. Бұл мәселені шешуге, меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар, мекемелер мен кәсіпорындар көмектесууге міндетті. Сонымен қатар руханият, шығармашылық және ғылыми интеллигенция, Бұқаралық ақпараттар құралдарының позициясы да өте маңызды. Бейбітшілік және қауіпсіздік жағдайында демократиялық Қазақстанның әрі қарай өркендеудегі қажетті шарты ретінде жоғарыда аталған тұлғалардың экстремизм және терроризм жандануыныі пайда болуымен күресу ғана емес, оған қоса, оны алдын алуға қатысты азаматтық позициясы болып табылады.

Өзбекстанның Ферғанадағы оқиғалары Мәскеу мен Вашингтонда алаңдатушылық туғызды. Бұл мемлекеттердің сарапшыларының пікірлерінше, Ташкенттің құлауынан кейін, Тәжікстнадағы Имомали Рахмоновтың сыбайласқан жемқорлық режимі де құлдырайды. Кейін ислам революциясының толқыны солтүстікке қарай жылжып, кем дегенде, Каспий теңізінің солтүстігінен Арал және Балқаш көлдеріне дейін өтетін елестенген траектория бойынша қозғалады.

Бұл аймақты бақылайтын арнайы қызмет органдары мамандарының ойы бойынша, нәтижесінде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыстанның үлкен бөлігі, Оңтүстік Қазақстан және Ауғанстанды қамтитын жабық аумақ пайда болады. Күресуші фанатиктердің жоспарында белгіленген аумақта ислам халифатын құру болып табылады. Қазіргі таңда бұл жоспарды жүзеге асыруға тиісінше анағұрлым қолайлы жағдай бел алып отыр.20

Қазақстанда 2004 жылдың аяғында «аль Каида» халықаралық ланкестік желісі құрамына кіретін «Орта Азия моджахеттері Джамааты» атты экстремистік топтың қызметі айқындалып, кесілген болатын. Аталған топ Қазақстан, Өзбекстан, Қырғыстан және Ресей аумақтарында әрекет етті. «Орта Азия моджхеттері Джамааты » тобының басшылары мен мүшелері және аталмыш ұйымның делдалдары тұтқындалған. Тұтқындалғандардың ішінде тоғыс Қазақстан азаматтары, Өзбекстанның төрт азаматы, сонымен қатар өзін өзі өлтіруші ретінде дайындалған төрт әйелі болды. Қылмыстық топтың мүшелерінен: Усама бен Ладеннің жолдауын қоса алғанда террорға шақыратын мазмұны бар әдебиеттер, экземпляр және екі мыңға жуық ауди-видео кассеталар, жалған паспорттар мен оларды жасауға арналған құрал-жабдықтар, қару-жарақтар, оқ ату құралдыры мен жарылғыш заттар компоненттері табылған және тәркіленген. «Джамаатты» басқару, басшыларды-әмірлерді тағайындау арқылы шетелден жүзеге асырылды. Әшкереленген топтың басшылары 2002 жылға дейін «Өзбекстанның ислам қозғалысы» құрамына кірген, олар Ауғанстанда әскери дайындықты өту барысында «әл Каида» инструкторларының оқытуымен жарылыс жасау және барлау қызметін ұйымдастыруды үйренді.

Екі жылдың ішінде аталған тұлғалар Өзбекстандық елуге жуық және Қазақстандық жиырмаға жуық өз қатарларына тартып, оларды «әл Каида» және «Талибан» қозғалысының лагерлерінде әскери іске даярлады. Одан басқа Қазақстан аумағында да боевиктерді дайындауға арналған шынықтыру базасы құрылды.21

2005 жылдың наурызында Қазақстан Жоғарғы Соты жеті халықаралық үйымдарды ланкестік деп таныды және Республика аумағында олардың қызметіне тиым салды. Соттың шешіміне сәйкес, Қазақстан Республикасы аумағында келесі халықаралық ланкестік ұйымдардың қызметіне тиым салынды: «Асбаталь-Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Талибан», «Бозгурд», «Орталық Азия моджахедтерәһінің Джамааты», «Лашкар и-Тайба» және «Әлеуметтік реформалар қоғамы». Бұл ұйымдар ланкестік деп танылды және бірқатар басқа мемлекеттердің аумқтарында да тиым салынды.

2005 жылдың мамыр айында Алматы қаласында полиция қызметкерлері «Хизб-ут-тах-рир» экстремистік ұйымының баспаханасын жапты. Бұл баспаханада басатын құрал – саймандар мен бірнеше мың брошюралар мен қағаздар тәркіленді. Аталған баспа өнімдерінде экстремистер Орта Азия аумағында орнатуды армандайтын ислам халифаты туралы сенушілерге жұмақтағы рахат секілді сезімді әкелетінін әдемілеп, нақтылап баяндайды.22

2005 жылдың қаңтарында Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Контрагенттік комитетінің IV арнайы отырысы өтті. Отырыстағы өзінің сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев, терроризм мен экстремизм мәселелері Қазақстан үшін де өте өзекті болып табылады, деп мәлімдеді. Оның баянында ерекше аталып өткен жағдай Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі бірден бір басымды бағыттарының бірі болып терроризмге қарсы тұру әрекеті табылады. Мемлекет басшысы Республикада орын алған кейбір алдын алу шаралары жөнінде де сөз қозғады.

Біріншіден, Республика Біріккен Ұлттар Ұйымының терроризмге қарсы күрес жөнінде барлық он екі Конвенцияларына қосылды.

Екіншіден, Қазақстанда ведомствоаралық координацияның әсерін күшейту, антитеррорлық заңнамалардың сақталуын және тиесілі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауды қатаңдатуға бағытталған Ұлттық антитеррористік Орталық құрылды.

Үшіншіден, Ұлттық заңнама жетілдендіріліп жатыр. Бөлек алған ұйымдарды экстремистік деп идентификациялауды сот тәртібімен жүргізу жоспарлануда.

Төртіншіден, Қазақстанда ланкестік ұйымдардың белсенді қызметін жоюға бағытталған жұмыс атқарылуда.

Бесіншіден, біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Комитеті шешімдеріне сәйкес мемлекетте ланкестік ұйымдарды қаржыландыруға және ақшаны заңсыз алуға байланысты қарсылық жүйесі қалыптасты.23

Аталған шараларды қолдануына қарамастан экстремистік ұйымдардың қызметі белсендей түскенін, амал жоқ, атап өту керек. Оған дәлел ретінде, 2003 жылы мың баспа қағаздары тәркіленсе, 2004 жылы он бір мыңға жуық баспа қағаздары тәркіленіп, осыған сәйкес, 100 аса адам қамауға алынды.24 Бұл қызметтің белсенді болып отырғанына қарап, біз шетелден келетін ақшалай демеу тек әлсірей ғана қоймай, керісінше, күшее түскендігін байқаймыз.

«Московский комсомолец» газетінде халықаралық терроризмді қаржыландыруға қатысы болуы мүмкін әртүрлі мемлекеттерден шыққан ұйымдардың тізімі жарияланды. Олар:

Түркия – «Ұлттық қозғалыс партиясы», «Нурджулар діни бірлестігі», «Түркі мемлекеттері мен таптардың достастығы мен бауырластығы институты», «Туран мәдениетінің институты», «Кавказдың мәдени білім қоғамдық көмек институты».

Сауд Аравиясы – «Исламдық көмек халықаралық ұйымы», «Шындық ислам комитеті», «Екі киелі жердің қоры», «Келісім қоры», «Қызыл жарты ай Сауд қоғамы», «Ислам әлемінің лигасы», «Исламдық құтқару халықаралық ұйымы» (әл Игаса), «Исслам жастарының бүкіләлемдік лигасы».

Кувейт – «Қызыл жарты ай Кувейт қоғамы», «әл Игасаның біріккен Кувейт комитеті», «Құтақару қайырымдылық қоғамы», «Әлеуметтік реформалар қоғамы» (2004 жылы 26 ақпанда Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясындағы білім беру қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензия кері қайтарылды)25, «Даава Исламия», «Халықаралық ислам комитеті», «Ислам халқының қоғамы».

Мысыр – «Насихаттау және көмектесу жөніндегі бүкіләлемдік Ислам Кеңесі» (Даава Игаса), «әл Аз - хар» діни университеті.

Бірақ бұл әлі мемлекеттер мен ұйымдардың толық тізімі емес. Оны толықтыру үшін көптеген ұйымдардың шынайы қызметтеріне көз салу қажет. Ал бұған ұзақ уақыт керектігі баршаға мәлім.

Сарапшылардың пікірінше, Орта Азия аумағында «Хизб-ут-тах-рир» экстремистік ұйымының жақтаушылар саны он мыңға жуық.26 Олардың жақын болашаққа қойған мақсаттары – Орта Азия мемлекетеріндегі жағдайды тұрақсыздандыру. Арнайы қызмет органдарының ақпарттарына сүйенетін болсақ, заңсыз ұйымдардың көшбасшылары ұйымға жаңадан келушілерді қару-жарақ, жарылғыш заттарды қолдануды үйретуге көп көңіл бөлуде.

Экстремизмнің бел ала бастауының бірден бір қаупі экстремизм эмиссарлары өз жақтаушылар қатарына, ең алдымен, идеологиялық вакуумды пайдалана отырып, жастарды тартатыны болып табылады. Жастармен жұмыс істеу мемлекеттік бағдарламаларының жоқтығы бұған өте қолайлы жағдай тудырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет