Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Мектепке дейінгі тәрбие мақаласынан



бет10/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   160
2 Ой-сана 8 том

Мектепке дейінгі тәрбие мақаласынан

Біздің бірыңғай еңбек мектебі балалардың қабілетін дамыту үшін, не істеуі керек?– деген сұрақ туады. Балаладың қабілетін дамытусыз, олардан іскер жұмысшы шығуы мүмкін емес. Мұндай сұрақ бұрын қойылмаған еді. Көбінесе мектепте оқушылардың дағдыларын қалыптастыруға баса назар аударылып, олардың қабілеттерін дамыту туралы ештеңе айтылмай келді.


Біз осы сұраққа тоқталсақ, баланың қабілеті мектептен бұрын, мектепке дейінгі кезеңде дамитынын байқаймыз. Бұл кіші жастағы баланың сезімінің дамуына байланысты.
Мынадай жәйтті бақылауға болады: кішкентай балаға түрлі формадағы кубиктер сыйға тартылса, ол кубиктерді көлеміне қарай тізіп орналастырып салыстырады, одан өзінше бір нәрселер тұрғызады, ойын барысында оның кубик формаларына ынта – ықыласы ауады. Енді ол айналасынан түрлі формаларлды іздестіре бастайды. Бір қарағанда бала сырт көзге өздігінен дамығандай болып көрінеді. Жеті жасар бала ойыншық сарбаздармен ойнап, оларды түрлі қарсы топтарға бөліп, орнындарынан жылжытып атыс ұйымдастырады. Сөйтіп ұзақ уақыт ойнайды. Ата-аналар балаларының соғысқа құштарлықтары артып кете ме?- деген ой мазасыздандырады. Сондықтан баладан ойыншықтарды алып қойғысы келсе де, қызу ойын үстіндегі баласын жабырқатқысы келмейді. Осыдан баланың математикалық қабілеті артқанын байқауға болады.
Бұл қалай болғаны? - деп ата-аналары таңырқаса, бала қола сарбаздармен ойнау барысында сандардың ара қатынасын меңгереді. Балалардың ойынға қолданған ойыншықтарын дидкатикалық материалдар деп атауға болады. Біздің бала бақшаларымызда дидактикалық материалдарды пайдалануымыз нашар, ал ол болашақ ұрпақтың еңбекке қабілеттілігін арттыратын маңызды мәселе.
Тағы бір нәрсеге тоқталсақ. Жас баланың сезімталдығы өте күрделі екені белгілі. Оны өзінің ерте жастағы кезін есіне түсірген адам біледі. Мен 6 жаста едім. Жазда мен анаммен бірге ірі иеліктері бар таныстарымыздың үйіне қонаққа бардық, менің анам оларда гувернантка болып қызмет атқарған болатын. Мен жан-тәніммен иелік анасын жеккөріп, қарапайым шарауа балаларымен достастым, ал ол болса үнемі балаларды ұрсып, бақтан қуатын еді. Ол кездерде темір жол өте аз еді, сондықтан қыстыгүні әкем келіп, бізді үйге шанамен алып қайтты. Біз үсті жабулы шанаға отырдық. Алдағы жеке орындықта сол иеліктің ат айдаушысы отырды, оның үстінде кафтаны, қызыл бас киімі бар еді. Ол деревня ішімен қатты сырғып келе жатып, жинаулы тұрған шаруа отынына тиіп кеткендіктен, соның жанында тұрған адам жерлейтін бос ағаш жәшікке тиіп, бәрі шашылып қалды. Сол сәтте шарауалар шананы тоқтатып, ат айдаушыны орнынан жұлып алып, қанды соққыға жықты, барлық деревня тұрғындары бірігіп, оны суық суға батырмақшы болды. Осы оқиға менің жадымда қатты сақталды. Өмірімде бірнеше рет осы оқиға көз алдыма келді, мен таптық жеккөрушіліктің не екенін осыдан түсіндім.
Бұл менің 6 жаста басымнан өткен оқиға еді, сол сияқты 6 жасар баларадың жадысында ұзақ сақталатын түрлі оқиғалар болады. Балалардың ес-жадысында ұзақ уақыт сақталатын оқиғалардың бірі, олардың әлеуметтік өмірінен, сол кезеңде басынан кешкен оқиғадан, өмірдің қандай екендігіне байланысты болып, өмір туралы ұмытылмас сезімге ие болады. Балалрдың таңқаларлық сезіміне ықпал ету үшін қоғамдық іс атқарып, оны социалистік өмір салтына айналдыра білу керек.
Мектепке дейнгі баланың осындай сезімнен сақтау үшін, оны шыны тостаған астына төңкеріп қоюымыз керек пе? Әриен, олай етпеу қажет.
Біз не істеуіміз керек? Баланың ерте жас кезіндегі қабылдау сезімін бала бақшасында қалай жұмсартып қабылдатуға болады? Оны қалай іске асыруға болады?
Ең алдымен бала бақшасы балаларға қуаныш сыйлай білуі тиіс, бала бақшасын еске алғанда жадыларында жарқын шаттық сәттер сақталуы тиіс. Мұндай жағдайды жасау үшін балаларды дамытып, қабілеттерін жетілдіру қажет.
Парижде «ана мектептері», яғни бала бақшалары жиі кездеседі, оған жұмысшылыр мен қызметкерлер балаларын күннің белгілі бір уақытына дейін қалтырады. Мен тәрбиешіден, балалар немен айналысады деп сұрадым. Ол «маймылға айналады» деді. Мен түсінбедім. «Мұғалім қолын көтерсе, балалар тегіс соны қайталауы тиіс». Әрине бала бақшасында, балалар ойнамаса, ән айтпаса, қозғалыссыз отырса, бірімен-бірі қарым-қатынасқа түспесе, қолдарында ештеңе болмаса, онда балаларда қуаныш жоқ. Тар, қараңғы, ылғалды, үлкендермен тығыз орналасқан бөлмеден келген балаларға, қуаныш өте қажет!
Бала бақшасында баланың өз қатарындағы балалармен қарым-қатынас орнатуы, достасуы маңызды. Бірігіп атқаратын ойын-еңбек, бірігіп қуанышқа бөлену, баланың ішкі дүниесіне тәртіп орнатады, онсыз ұжымда өмір сүру мүмкін емес.
Бала бақшасы белгілі бір қоғамдық жаттығуды да жүргізеді. Шеруге қатысу, жұмысшылар клубына бару, жұмысшы-шаруалар, пионерлермен қарым-қатынас орнату - осының бәрі бала сезімінде белгілі бір із қалдырады. Балаға белгілі бір ықпал ететін нәрсені ойластырып, оны қызықтыру керек, ал тәжірибесі шыңдалмаған тәрбиешілер... балаларға саяси сауаттылық жүргізбек болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет