Ұлы Салжұқтар империясының мемлекеттік қайраткері Низам әл-Мүлік өмірінен Мурат Келеш



жүктеу 82.76 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі82.76 Kb.
Ұлы Салжұқтар империясының мемлекеттік қайраткері Низам әл-Мүлік өмірінен
Мурат Келеш

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ магистранты

Бұл макалада ұлы Салжұқ мемлекетінін гүлденген кезеңінде билік еткен Тұғрыл бей, Алып Арслан және Мелик Шах сұлтандар тұсында Бас уезір қызметін атқарған Низам әл-Мүліктін Салжұқтердың мәдениет саласына қосқан үлесі тұралы қарастырылған. Мемлекетті басқару мен көрегендік саясат жүргізе алу қасиетімен Салжұқ мемлекеті тарихында аса манызды орынға ие болған - Низам әл-Мүлік әлеуметтік –экономикалық салада икта жүйесінің құрылуына, білім беру ісінде медреселердің қоғамдағы рөлін жоғары сатыға көтерілүіне үлкен үлес қосқан тұлға болғандығы анық. «Сиясет-наме» - деп аталатын шығармасы мемлекетті басқару, әлеуметтік өмір, діни басқаруда ел билеушілерге бағыт-бағдар беретін еңбек ретінде үлкен маңызға ие.

Низам әл-Мүлік атымен тарихта қалған мемлекет қайраткерінің шын есімі Хасан Али Исхак болғандығы бізге деректерден мәлім[1]. X ғасыр орта тұсында Иран және Месопотамияны бағындырып сол жерлерге орналасқан Салжұқ мемлекетіне уәзірлік жасаған саясаткер адам болғаны белгілі. Низам әл-Мүлік лақабымен танымал болған Исхакұлы Аббас 10 сәуір 1018 жылы Хорасанның Тус қаласына қарасты Радкан ауылында дүниеге келген[1]. Әкесі Алиұлы Исхак Радкан ауылының бай диқаншыларының бірі болған деген мәлімет бар.

Сол тұста билік еткен сұлтандар Алып Арслан, Мелик Шах, Аббас халифы Наим би Эмруллах, Хасан Али Исхакка бірнеше мәртебе мен лақап аттар берген: «Ұлы уәзір», « Ұлы шебер», «Екі билеушінің тәжі». Ал лақап аттарының ішінде ең көп қолданылғаны «Низам әл-Мүлік» деген есім[2]. Ұлы уәзірді бұлай деп атауының себебі, оның мемлекетке қатысты атқарған істері және мемлекетте алатын орнына байланысты болған.

Низам әл-Мүлік мемлекеттің негізінің қалануына өз үлесін қосып қана қоймай, тағы басқа көптеген істер атқарған. Солардың алғашқысы: ислам әлімінде алғаш рет жоғары білім беретін медреселерді ашуы. Бұл медреселердің ішіндегі ең маңыздысы 1065-1067 жылдары Бағдатта құрылған « НИЗАМИЕ» медресесі. Екіншісі: әскери «иқта» жүйесінің енгізілуі Низам әл-Мүлік тарапынан жүзеге асырылған. Үшінші: астрономия және күнтізбеге өзгертулер енгізе отырып, «Желали күнтізбе» деген жаңа бір күнтізбе жасауға әсерін тигізген[2].

Білімді саясат адамы болған Низам әл-Мүліктің осы күнге дейін сақталған « Сиясет-наме» шығармасы. Бұл шығарманы қазіргі күнге дейін кеңінен қолданылады.

Мемлекет ісіне араласуды әкесімен бірге Газне мемлекетінің Хорасан әкімі Әбул Фазл Эссуриге қызмет етуден бастаған. 1040 жылы Данданакан соғысынан кейін Газне мемлекетінің сұлтаны Месуддың қолында жұмыс істейді. Хорасан бүтіндей Салжұқтардың қолына өткеннен кейін, Низам әл-Мүлік Салжұқтарға қызмет етеді[3].

Салжұқ мемлекетінде билік еткен Алып Арслан, Меликшах кезеңдерінде 30 жылға жуық бас уәзір болған Низам әл-Мүлік ел ісіне қатысты қаншама ұлы істер атқарған. Низам әл-Мүлік Түрік- Ислам елдерін біріктіру мақсатында иқта жүйесін құрады. Әскери иқта жүйесі оның басшылығымен Салжұқтарда мемлекетінде 1073 жылы қолданысқа енгізіліп, 1087 жылы Салжұқтар билік еткен бүкіл жерге таралады.

Низам әл-Мүліктің Алып Арсланға қызмет етуіне уәзір Әбу Али әсер еткен болатын. Әбу Али Чагры бейдің ең сенімді адамдарының бірі болған. Балх қаласында қызмет жасаған Әбу Али Низам әл-Мүлікті қызметке алып, аудан істеріне басшылық ету қызметіне тағайындайды. Өз қызметі барысында ісін жақсы атқарып, тәжірибе жинаған Низам әл-Мүлікті Әбу Али Алып Арсланға көрсетіп, оны өз ісінің білгірі, сенімді екенін айтады. Әбу Али қайтыс болғаннан кейін оның орнына Алып Арслан Низам әл-Мүлікті тағайындайды.

29 желтоқсан 1064 жылы Алып Арслан бас уәзірі Амидулмулкті өз қызметінен босатып, оның орнына Низам әл-Мүлікті Бас уәзір етіп тағайындайтындығы туралы шешімін айтады. Низам әл-Мүлікті бас уәзір етіп тағайындап оған мемлекет істерін жолға қоюды, өлкеде басшылық ететіндердің қатарын реттеуді тапсырады. Осылайша Низам әл-Мүлік кіші бір уәзірліктен Ұлы Салжұқ мемлекетінің Бас уәзірі атанады.

Низам әл-Мүлік Алып Арсланға 10 жылдай уәзірлік етеді. Алып Арслан 1070-1071 жылдары Халепті басып алған кезінде Бас уәзір жанында болады. Одан кейін Алып Арсланның ұлы Әбул Фетх Меликшахтың уәзірі болды, 1086 жылы онымен біре Халепке келеді. Низам әл-Мүліктің мемлекет істеріне тез араласып кетуіне жас кезінен арапша үйреніп, араб тілін жақсы білгендігі үлкен септігін тигізді.

Низам әл-Мүліктің уәзірлік қызметі тұсында оның ықпалымен біршама істер атқарылған. Олар туралы көптеген мысалдар бар Солардың бірінде төмендегі жағдай жайлы айтылады.

Византия империясымен соғысу мақсатында Сириядан қайтар жолда Диярбакирда тоқтаған сұлтан Алып Арслан көмек сұрап келген Әбул Хасан Саидұлы Мерванды Мерванұлдар мемлекетінің тағына отыруына көмектесемін деп сөз береді. Саидтың бауыры Низамиддин Бас уәзір Низам әл-Мүлікке бауырына қарсы көмек беруін сұрап ақша берген болатын. Низамиддиннің қайтып оралуынан күдіктенген отбасына «оны сіздердің әмірлеріңізден мен алдым, сіздерге оны сұлтан етіп қайтарамын» - деп уәде береді.

Низам әл-Мүлікпен Низамииддин сұлтанның жанына келеді, Низамииддин сұлтанға ақша, сыйлықтар алып келген еді. Низам әл-Мүлік Низамииддиннің жағдайымен отбасының қайғысын сұлтанға түсіндіреді, Саид бауыры айтқан жаман әдіттері жоқ екеніне және Низам әл-Мүлік айтқан сөздерінен кейін Низамииддиннің жақсы адам екеніне көзі жеткен сұлтан, Низамииддин туралы ойын өзгертеді. Бырақ сұлтан оның бауырына сөз беріп қойған болатын. Низам әл-Мүлік бұл мәселені шешу үшін сұлтан Алып Арсланнан Саидты аң аулауға шақыруын өтінеді. Аң аулауға шыққан кезінде Низам әл-Мүлік Саидты тұтқындап, Низамииддинге тапсырады. Низамииддин Саидты әл – Хаттаб қаласына қамауға жібереді.

Біраз уақыттан кейін аң аулаудан қайтқан сұлтан Алып Арслан Низамииддинді салтанатпен Мейяфариктің әмірі етіп тағайындайды. Осылайша Низам әл-Мүлік Низамииддиннің отбасына берген уәдесін орындайды.

Низам әл-Мүлік ислам діні тарихындада ерекше орынға ие. Ислам дініне сенімді күшейту мақсатында медреселер салдырытқын, солардың бірі «Низамие» медресесін айтуымызға болады.

Мемлекет істерін басқарғанда білім үйрету істеріне де ерекше көңіл бөлген Низам әл-Мүлік 1065 жылы Әбу Саид Нишабурға Низамие медресесін құруды бұйырады. Медресенің құрылысы 2 жылда бітеді. Ғимарат кіреберісене «Низам әл-Мүлік» деп жазылғандықтан, низамие деп аталған. 1067 жылы Низамие медресесі болып ашылып өз жұмысын бастады[4].

Әбу Исхак бұл медреседе дәріс беріп, ұстаздық еткен. Медреседе білім алушыларға шәкіртақы тағайындауды да ұсынған да Әбу Исхак болды. Низам әл-Мүлік кезеңінде Бағдаттан кейін Исфахан, Рей, Нишапур, Мерв, Балх, Хират, Мусул сияқты үлкен қалаларда құрылған алғашқы медреселерде «Низамие» деп аталып, кейіннен олар жеке басқа есімдермен аталатын болған. Низамие медреселерінде діни білімдер, философия, араб тілі мен грамматикасы, математика сияқты ілімдер үйретілді. Бұл медреселерде білімді, жақсы мамандар дайындауға ерекше көңіл бөлінетін. Бағдатта құрылған бұл «Низамие» медресесі дүниежүзіндегі ең бірінші университет деп саналған[4].

Низам әл-Мүліктің «Сиясет-наме» шығармасы узақ уақыт аралығында Бас уәзір қызметін атқарған, ел басқару ісінде үлкен тәжірибе жинаған мемлекет қайраткерінің қаламынан туған туынды болып саналады. Бұл еңбек Ислам мәдениеті, түрлі ислам мемлекеттері және олардың ерекшеліктері Ұлы Салжұқ мемлекетінің құрылуы туралы мағлұматтар беретін дерек көзі ретінде өте құнды. Онда Түрік – ислам мемлекеттерінің басқару, саяси, қаржы, әскери, мәдени салаларындағы ерекшеліктерге сараптама жасалады. Ол аталмыш шығарманы 1092 жылы жазып бітіреді. Осы кезде Меликшах мемлекет істеріне қатысты кітап жазу жарысын ұйымдастырған болатын. Низам әл-Мүліктің «Сиясет-наме» еңбегі осы тартыста үздік деп танылып, жеңімпаз атанады[5].

«Сиясет-наменің» мәтіні Стамбулда Сулеймания мұражайында сақталған. Туынды бірнеше тілдерге аударылған. Низам әл-Мүлік өзінің Сиясет-наме шығармасында мемлекет және саясат ұғымдарын пирамида сияқты үш қатарға бөліп түсіндіреді. Пирамиданың ең жоғарғы қатарында сұлтан орын алған, ортасында шенеуниктер, ең төменгі сатысынан қарапайым халық орын алған.

Низам әл-Мүлік аталған еңбекте ел басқарушы бойында қандай қасиеттер болуы керек деген сұраққа жауап беруге тырысады. Онда ол сұлтанға былайша анықтама береді: « Сұлтан бүкіл дүниенің иесі деп саналғандықтан оның билігіне басқа патшалар қызғана қарайды»- дейді. Басқаша айтатын болсақ « Бүгін әлемде біздің мырзамыздан ұлы патша жоқ. Ешкімнің өлкесі, оның жерінен үлкен емес. Аллаға мыңда бір шүкір. Бұл өлкеде оқ- дәрі, қару жарақ, жер, адамгершілік, салтанат құру үшін керек болған нәрсенің бәрі бар».

Сұлтан қабілетті, бойында түрлі ерекшеліктері бар «Алла» тарапынан халық ішінен таңдалады деп түсіндіреді Низам әл-Мүлік: «Патша үшін ең жақсы қасиет діндар болуы керек. Себебі дін мен патшалық ету екеуі егіз сияқты.

Патша ілімді және ілім адамдарымен дос болуы керек.

Патша ақылды, батыл және зерек болуы керек.

Патша өз ісін жүргізу барысында оған дейін патшалық еткендердің әдеп – ғұрпы және рәсімдерін құрметтеуі керек.

Патша әрқашан жарқын жүзді, жұмсақ мінезді болуы керек.

Патша маңызды істерді іщкімге сеніп тапсырмауы керек.

Патша халықтың өмір жағдайынан хабардар болуы керек.

Патша аптаның екі күнінде әділет жиынын шақырып отыруы керек.

Патша залымдар мен қылмыс жасағандарды лайықты жазалауы керек.

Патша ісін дұрыс атқармаған, халыққа зұлымдық жасаған лаузымды адамдарды орындарынан алып тастау қажет.

Патша әр істе дұрыс қадам жасап, жақсы мінез - құлықты адамдарды таңдауы керек.

Патша ғалымдармен жиналыстар ұйымдастырып, олардың ұсыныстарын тыңдауы керек.

Патша мемлекет және өлкеге қатысты істерде ойланып шешім қабылдауы керек.

Патша әр бір адамға күші және кәісібіне байланысты жұмыс беруі керек» [6].

Осы айтылған ережелерге бойсұнған билеуші ғана ең жоғары билік еткен патша атана алады деп түснді ол.

Низам әл-Мүліктін айтуына қарағанда «Патша әйелдерінің тіліне кіріп шешім қабылдаған кездерде өлкеде тек қана жамандық, және масқаралықтар орын алған еді». Мемлекетке білімді, іскер ер адамдар қаншалықты қажет болса, билік үшін әйелдер ең керексіз және қауіпті деп санаған. Низам әл-Мүлік әйелдердің саясатқа араласуына қарсы болған: «Әйелдер тек қана ұрпақ жалғастыруға жаратылған. Сол себептіде олар ерекше құрметке ие. Егер әйел бұл істермен шұғылданбай басқа істермен айналысатын болса өзінің негізгі қызметін ұмытады» [2].

«Патша әйелдері сыртқы дүниені көрмегендіктен, қате шешім қабылдайды. Осы себепті дау - дамай туындайды, патша құрметіне көлеңке түседі, халық шарасыздыққа дұшар болады, өлкеге және дінге зиян келеді»[2]. Сол себепті әйелдердің саясатқа араласуына қарсы болған.

Сонымен Низам әл-Мүлік атымен тарихта қалған мемлекет қайраткері Салжұқ мемлекетіне уәзірлік жасаған саясаткер адам болған. Низам әл-Мүлік «Ұлы уәзір», «Ұлы шебер», «Екі билеушінің тәжі» деген лақаптарымен де танымал болған. Ұлы уәзірді бұлай деп атауының себебі, оның мемлекетке қатысты атқарған істері және мемлекетте алатын орнына байланысты еді. Ұлы Салжұқ мемлекетінің сұлтандары Алып Арслан мен Мелик Шах кезеңінде Низам әл-Мүлік мемлекеттің бүкіл құдіретіні күшіне ие болған еді.

Бағдат халқы Низам әл-Мүліктің өліміні естігенде қатты қайғырады. Ақындар Низам әл-Мүлікке арнап өлеңдер жазады. Солардың бірі Мұкатилбин Ати былай дейді:

«Уәзір Низам әл-Мүлік жалғыз бір інжу- маржан еді,

Алла оның жүрегін ар намысқа толтырған.

Өмірден өтті. Баға жетпес еді. Заман оны бағалай алмады,

Алла ол маржанын өзіне қайтарып алды [7,281]. Ақынның бұл ойнан Низам әл-Мүліктің өз заманының Алып тұлғасы екендігін ұғынуға болады. Артынан өшпес із қалдырған Ұлы ұстаздың атқарған қызметі мен ұлағатты еңбегі ұрпақтарына үлгі екендігі анық.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. Abdullah Necip, "Nizamülmülk", Sızıntı Dergisi, Ağustos 1981, sayı:31.

2. CANATAN Kadir Geleneksel Siyaset ve Devlet Felsefesinin Bir Yorumu Olarak “Siyasetname” -Büyük Devlet Adamı Nizamülmülk’ün Devlet ve Siyaset Anlayışı Üzerine- Turkish Studies Dergisi 2009,sayı:7.

3. Yeni Rehber Ansiklopedisi, "Nizamülmülk" maddesi, İhlas Gazetecilik, İstanbul 1993

4.Kaymak Suat “Selçuklular’da Bir Eğitim Kurumu: Nizamiye Medreseleri”,http://www.academia.edu/3688345/Sel%C3%A7uklularda_Bir_E%C4%9Fitim_Kurumu_Nizamiye_Medreseleri

5. KÖYMEN, M.A,’’ Büyük Selçuklu Veziri Nizamü’l-Mülk ve Tarihi Rolü’,’ Türkler, cilt 5, Yeni Türkiye Yayınları, ANKARA 2002

6. Ali Ertuğrul ’’ Bir Kaynak Olarak Nizâmü'l-Mülk'ün Siyâsetnâmesi’’ Türkler, cilt 5, Yeni Türkiye Yayınları, ANKARA 2002



7. İbn Kesîr, El Bıdaye Ve'n-Nihaye, Çağrı Yayınları: 12/279-281


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет