§2. Оқушылардың ұғымдарды меңгеру сапасын зерттеу әдістемесі
Жеке ұғымдарды меңгерудің талаптары мен жалпы (түбірлік) ұғымдар тобын меңгеруге қойылатын талаптарды білу қалыптасудың түрлі кезеңінде меңгерудің сапасын объективті бағалауға мүмкіндік береді. Ұғымдарды меңгеру сапасын бағалау (тексеру) үшін элементті және операциялық анализ әдісі қолданылады. Элементтік анализ әдісінің мәні – оқушының ауызша жауабын және жазбаша жұмысын тексеруде ұғымды меңгеруге қойылатын талаптардың қайсысы қанағаттандырылатындығы белгіленеді. Ол үшін тексеру сұрақтары немесе жазбаша жұмыстың мазмұны ұғымдардың көлемі, өзгелермен байланысы толық ашылатындай етіп құрылады. Осы талаптарға сәйкес, алдын ала оқушылардың жауабын талдау хаттамасы (ұғымды меңгерудің барлық элементтері белгіленеді) толтырылады. Хаттаманы талдау бойынша оқушылардың ұғымдардың қандай белгілерін меңгергендігін және меңгерілмей қалған мәселелер анықталады. Мұғалім осыларды басшылыққа алып, түзетулер мен толықтырулар енгізеді.
Элементтік анализ жеке оқушылар мен барлық кластың ұғымдарды меңгеру деңгейін жалпы бағалауға мүмкіндік береді. Анализ мәліметтері бойынша ұғымның мазмұнын меңгеру коэфиценті анықталады.
Операциялық анализ – бұл элементтік анализге толықтауыш. Оны практикалық жұмысты және тапсырмаларды орындауға қолданады. Бұл әдістің мәні - әрбір практикалық жұмыс, әрбір тапсырманың шешімі жеке, логикалық операцияларға бөлінеді. Осылардан практикалық тапсырманы сәтті орындау әрекеттері құрылады. Әрбір операция анализ хаттамасына белгіленеді. Бұл әдіс арқылы оқушылардың түрлі сипаттағы тапсырмаларды орындауда меңгерілген ұғымды қаншалықты қолдана білетіндігі бағаланады.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде элементтік және операциялық анализді қолданудың нақты мысалдары сипатталған. «Электр заряды», «электр өрісі» сияқты ұғымдарды меңгеру коэфицентін есептеу мысалдары келтірілген. Мысал ретінде «күш» ұғымын меңгеру анализін қарастырайық. Ол анализ әдістемесі туралы түсінік беретін графикалық бейне түрінде келтірілген (4-кесте).
4-кесте. 6-сыныптың оқушылары «күш» ұғымын меңгеруін анализдеу хаттамасы:
Достарыңызбен бөлісу: |