Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


Мұғалімді жалпы педагогикалық дайындаудың қызметтері және оны құрудың әдістемелік принциптері



бет146/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   160
2 Ой-сана 8 том

4. Мұғалімді жалпы педагогикалық дайындаудың қызметтері және оны құрудың әдістемелік принциптері

Педагогикалық институттарда мұғалімді кәсіби-педагогикалық дайындаудың көпжақты, әрі өзара байланысты жүйесі: қоғамдық-саяси, жеке-ғылыми, психологиялық-педагогикалық және жалпы-мәдени түрінде негізделеді.


Педагогикалық оқу орындарында мұғалімді кәсіби-педагогикалық дайындаудың жалпы жүйесінің әрбір компоненті өзіне тиісті міндеттерін орындайды. Болашақ мұғалімді дайындаудағы ерекшелігі: өз мамандығы бойынша терең, әрі жан-жақты білім мен қабілетке негізделген болуы, сол ғылымның мазмұны мен әдістерін зерттеу арқылы білім алу, оқу пәні негізінде мекутепте практикалық қабілеттерін дамытуына бағытталады.
Студенттің психологиялы-педагогикалық және әдістемелік дайындығы педагогика, психология, мектеп гигиенасы мен жас ерекшелік физиология негіздерін игеруі мектептегі оқу-тәрбиелік жұмыстарға дайын болуды қамтамасыз етеді.
Жалпы мәдени дайындық болашақ мұғалімнің жалпы білімі мен физикалық дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық оқу орнындағы мұғалімді оқыту мен тәрбиелеу жүйесіндегі бірден-бір маңызды компонент жалпы педагогикалық дайындығы болып саналады.
Мұғалімді жалпы пеадгогикалық дайындау – объективті үрдіс, яғни белгілі-бір заңдылықтарға негізделеді:
-Жалпы педагогикалық дайындау жүйесі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани даму қажеттілігінің туындауына байланысты;
-педагогикалық ғылым мен мектеп практикасының дамуы. Педагогикалық еңбек мазмұны мен сипаты, түрі мен әдісінің сәйкес келуі;
-жалпы педагогикалық дайындық үрдісінде болашақ мұғалімді оқыту мен тәрбиелеуді біріктіріп, дамыту;
-педагогикалық оқу орындарында жалпы педагогикалық дайындықтың мазмұны мен әдістері, мақсаты, қызметтерінің өзара байланыстарын қалыптастыру;
-жалпы педагогикалық білім қабілеттері мен дағдыларына сәйкес, сипаты, мазмұны, түрлері мен әдістерін оқу-танымдық, оқу-практикалық және студенттің практикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыра білуі;
-студенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес, жалпы педагогикалық дайындаудың әдісі мен мазмұнын қарастыру;
Жоғары педагогикалық мектептің студенттерін педагогикалық дайындаудың мазмұны жалпылық (ядра-түйіні, өзегінің болуы) ерекшелік, факультеттің өзгешеліктерімен толықтырылуы және жекелік (оқыту мен тәрбиелеудің жекелігі мен жіктелуі) ерекшеліктерінің өзара арақатынасын құрайды.
Бірінші құрамдас бөлігінің (компонент) мазмұны, оның - негізгі өзегі (түйіні) – бұл міндетті педагогикалық пәндерді зерттеп, бір жүйеге біріктіретін педагогика саласындағы іргелі білімдер саласы. Бұл бөлімнің құрылымы білім туралы заңдылық, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен принциптері туралы, оқу-тәрбиелік үрдісті ғылыми ұйымдастырудың жолдары туралы, баланы объекті және субъект ретінде тәрбиелеу шарттарын жетекші орынға қояды.
Екінші құрамдас бөлігінің мазмұны – таңдау бойынша пәндер, факультативтер, әрбір факультеттің ерекшелігіне арналып жүргізілуін көрсетеді. Педагогикалық оқу орындарында оқыту үрдісі тек болашақ мұғалімдердің шығармашылығын дамытқанда ғана, арнайы курстар мен кәсіби пәнге бағытталған үлкен мүмкіндікке ие болатындығын көрсетеді.
Үшінші құрамдас бөлігінің мазмұны – студенттің қызығушылығына байланысты, жеке шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған, жеке іс-әрекетінің стилін қалыптастыратын студентпен өзіндік жұмыс жүргізілуін көрсетеді. Бұл бағыт студенттің жеке ерекшелігіне сәйкес келетін әр түрлі тапсырмаларды орындауда еркін таңдау мүмкіндігі берілуіне жағдай жасайды.
Педагогикалық теория мен педагогикалық практиканың өзара байланысы бір жағынан, педагогикалық теория таным болса, педагогикалық практиканы тану, түсіндіру, болжамдау құралы болып саналады, екінші жағынан – мектеп практикасын жетілдіру құралы, талдау негізі мен тиімділігін бағалау белгілері болып табылады.
Педагогикалық теория педагогикалық үрдістің жалпы даму заңдылығын ашып отырады, ал оның негізінде жатқан мұғалімнің жеке жұмыс жағдайындағы жетекші ойы, көзқарасы, әрекеті, жұмсайтын күші есепке алына бермейді. Сондықтан практикалық білім берудің дамуы үшін теориялық білімнің практикадан жауап алуына, дәйек пен құбылыстарды негіздеп, олардың нәтижелерінің дамуына көмектесіп отырады. Педагогикалық практика мұғалімнің жеке тәжірибесін ғана емес, сонымен қатар басқалардың тәжірибесіндегі педагогикалық теорияны негіздеп, түсіндіреді. Яғни, практика тиімділігі, артықшылығы, сол педагогикалық теорияның дамуының қайнар көзі болып табылады. Ғылыми білімдегі мұғалімнің жетістігі практикалық әрекетінен ғана көрініп отырады. Бұл әрекет теория мен тәжірибенің бірігуін және педагогикалық шеберліктің жоғары шыңын көрсетеді.
Мектептегі жұмысты атқара отырып, студенттерді практикада педагогикалық ғылым арқылы оқыту мен тәрбиелеу қажет. Педагогикалық практика үрдісінде студенттер өздерінің ролін саналы түрде сезінеді және теоретикалық білімдерін объективті салада тереңдету, кеңейту қажеттілігін көре түседі. Студенттер шын педагогикалық әрекет дәйектерін теоретикалық білім негізінде ұғынып, талдап және мектеп жұмысының қайта жандануына, білім алуды кеңейтуге, жетілдіруге араласады. Теорияны жетілдіріп, жүзеге асыру жеке тәжірибеде болашақ мұғалімдердің педагогикалық әрекетіне шығармашылық пен саналы қатынас жасауын нығайта түседі.
Педагогикалық ғылымның әдіснамалық аспектісін зерттеуде оның қызметтері қарастырылады. В.И.Загвязинский: педагогикалық оқу орындарындағы педагогикалық оқытудың ақпараттық-танымдық, тәрбиелік-идеологиялық, дамытушылық пен мотивациялы-ынталандырушы қызметтерін көрсетеді.
Әр түрлі бағыттарды ескере отырып, мұғалімді жалпы педагогикалық дайындаудың жоғары педагогикалық білім беру теориясында қызмет түрлері анықталды. Бұл екі топтағы: ішкі (идеялық-тәрбилік, білімдік-дамытушылық) қызметтер жалпы педагогикалық дайындықтың өзіндік мүмкіндіктер жүйесінде көрінуі, жеке бөлімдерінің өзара байланыста, әрі өзара тәуелді болуы және сыртқы (координациялық және интеграциялық) қызметтер кәсіби және педагогикалық дайындық жүйесіндегі жалпыпедагогикалық дайындау барысында өзара әрекет пен заңды байланыстар орнатуға негізделеді.
Білімдік қызметі студенттің іргелі білімін жалпыпедагогикалық дайындауда қалыптастыра отырып, педагогикалық теория мен мектеп практикасы негізінде жалпыпедагогикалық білімдер жүйесінде дағды мен қабілеттерін дамытудағы педагогикалық әрекеттің жетістікпен орындалуы. Бұл қызмет түрінде теоретикалықпен қатар практикалық жағы да маңызды, болашақ мамандардың теория мен практикалық әрекеттерінің бірігуіне көмектеседі.
Дамытушылық қызметі болашақ мұғалімді кәсіби бағытта жалпыпедагогикалық дамуына әсер етуі, олардың педагогикалық қабілеттерінің, әрекеттерінің шығармашылық бағытта қалыптасуына көмектеседі.
Идеялық-тәрбиелік қызметі жалпыпедагогикалық білімі мен қабілеттері жеке тұлғаның дамуымен байланысты, жалпыпедагогикалық дайындығының кәсіби сапасын арттыруға көмектеседі.
Мұғалімді дайындаудың жалпы жүйесінде жалпыпедагогикалық дайындау маңызды координациялық қызметін орындайды. Бұл педагогикалық пәндер психология мен мектеп гигиенасы мен жас ерекшелік физиологиясымен қоғамдық-саяси және жеке әдістемелік пәндермен объективті өзара байланысын көрсетеді. Жоғары педагогикалық білім берудің қазіргі теориясы мен практикасында бәрінен бұрын педагогикалық оқу орындарында мұғалімнің методикалық және педагогикалық дайындығының өзара байланысы көрінеді.
Педагогикалық, психологиялық және физиологиялық пәндер әрбір пәннің жеке ерекшелігіне сәйкес келетін балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі мазмұны мен жан-жақты даму заңдылықтарын қарастырады.
«Мектеп гигиенасы және жас ерекшелік физиологиясы» курсында студенттер анатомды-физиологиялық заңдылықтар дамуы әр түрлі жастағы топ балаларының организмінің қызмет ету ерекшеліктерін; нақты өмір сүру деңгейіндегі жүйкенің қызмет ету әрекеттерінің ерекшеліктерін; оқу-тәрбие үрдістерін ұйымдастыру, балаларды демалту мен еңбекке үйретудегі гигиеналық талаптары туралы білімді игереді.
Бұл білімдер болашақ мұғалімдерді балалардың анатомды-физиологиялық ерекшелігін ескере отырып, дамуына ғылыми негізде жетекшілік жасауына мүмкіндік береді.
«Жалпы психология» курсында таным құрылымы мен әлеуметтік- тарихи маңыздылығы, жеке тұлғалық құрылымын және оның негізгі психологиялық қасиеттері, жеке тұлғаның психологиялық үрдісіндегі, әр түрлі іс-әрекеттегі мінез-құлық әрекеттерінің сипаттық құрылымы, жеке тұлғаның сезімдік-күш саласындағы танымдық іс-әрекетінің психологиялық негізі, жеке тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктерін танып біледі.
Педагогикалық институттарда «Педагогикалық және жас ерекшелік психология» курсында студенттер балалардың психологиялық дамуының негізгі заңдылықтары туралы білімді кіші, орта, жоғары мектептердегі оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психологиялық мінез-құлқы мен психология білімін оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық әрекет психологиясы маңызды болып отыр.
Осылайша, педагогикалық оқу орнында жалпы педагогикалық дайындау маңызды әлеуметтік-кәсіби қызметтерді атқарады, яғни болашақ мұғалімнің жалпыпедагогикалық білімі мен қабілеттер жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, педагогикалық ойлаудың дамуы мен жеке тұлғаның кәсіби-педагогикалық сапасының қалыптасуы, студенттің кәсіби-педагогикалық дайындығына баса назар аударылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет