Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана



бет148/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   160
2 Ой-сана 8 том

Хал-күйі

Мәселен классикалық педагогика бойынша білім беру пирамида іспетті бейнеленеді. Оның ірге тасы, негізі, мектепге дейінгі оқыту мен тәрбиеде жатыр. Сосын орта мектепте бұл пирамиданың ең ұшар басы, шыңы есепті.


Шын мәнісінде, жоғары мектептің оқыту жағдаяты білім беру теориясында айқын да анық айтылмаған десе де болады. Білім беру теориясына, ол бойынша оқытудың әдіс-тәсілдеріне жоғарғы мектеп оқытушылары оған мән-мағынасыз, жадағай нәрсе ретінде қарап келеді. Ғылыми жағынан негізделген теориялық және әдіс-тәсіл әдебиеттерінің болмауы осыдан туындайды. Осыдан келіп жоғарғы мектепте білім беру теориясының болу-болмауына күмән келтіріледі.
Жоғары мектеп оқытушыларының арасында, күні кешеге дейін, жоғары мектеп дидактикасы төрт қана мәселелерден тұрады деген ұғым қалыптасты. Олар:

  1. Өз пәнін керемет білу;

  2. Өз пәнін жан-жақты, жақсы білген педагогтың өз студент-шәкірттерін сол пәнге тартып, соңынан ерте білу;

  3. Пәнді іс жүзінде, күнделікті іс-тәжірибеде шәкірттерге жете танытып-білдіру;

  4. Оқытушының ғылыми негіздегі ой өрісі.

Жоғары мектеп педагогтарының ортасында мынадай бір көзқарас бар десек болады. Ол: білім беру жағдаяты студенттермен қосылып жасалған іс-тәжірибеге бағытталуы тиіс дегендей.
Жоғары мектепте білім берудің әдіс-тәсілдері жөнінде де белгілі пікір қалыптасқан. Мәселен, әр оқытушының өз бет бейнесі, өзіндік білім беру мәнері болуға тиіс. Ал барлығы да бірдей, бір әдіс-тәсілмен жұмыс жасаса, бұл бір ізділікке, сүреңсіздікке әкеліп маңдай тірейді. Белгілі оқымысты, профессор В.В Голубев былай дейді: «Университеттегі лекцияның мазмұнды да, мәнді және түсінікті болсын».
Жоғары мектепте мектеп оқушылары, сарауыз балапандар емес, студенттер оқиды. Олар дегенің үлкен азаматтар емес пе? Оларға лекция оқитындар анау-мынау емес, доцент, профессорлар. Өз ісінің жоғары деңгейдегі білгірлері. Жан-жақты білімдар, өмірдің отына түсіп, суына қақаталып шыныққан майталмандар. Ал олардың дені шешен лекторлар, туабітті дарынды педагогтар.
Жоғары мектептегі оқыту, білім беру ісі қалай десең де, іс-тәжірибеге сүйенеді. Сол іс-тәжірибеден шыққан нәтижеге, арқа сүйейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет