Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру Академиясы Әлемдік педагогикалық ой сана


VІІI сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының жіктелуі*



бет66/160
Дата08.12.2023
өлшемі0.72 Mb.
#485907
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   160
2 Ой-сана 8 том

VІІI сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының жіктелуі*



Қызығушылық сипаты

Қызығушылықтың даму деңгейі

аморфты

кең

өзекті

жоғары

орташа

төмен

15 (52)

7 (24)

7 (24)

5 (17)

11 (38)

13 (45)

*Жақшаның ішінде сәйкес пайыз есебі көрсетілген.

Кестеден көріп отырғанымыздай, VІІІ сыныпта қызығушылық сипаты мен олардың даму деңгейлері V және VI сыныптардағы үрдістерді қайталайды. 50% дан астам оқушылар аморфты қызығушылық және сондай оқушы кең және өзекті қызығушылық иемденген. Бұл сыныпта көптеген оқушы танымдық қызығушылықтарының төмен деңгейде екенін көрсетті және өте аз оқушы дамудың жоғары деңгейінде екен.


Оқушылардың сөздерінен байқалғандай, бұл сыныптағы оқушылардың көпшілігі қызыл сөзді болып шықты. Қажетті оқу әрекетінің дұрыс құрылмауы салдарынан білімдері өте төмен деңгейде қалып қойған. Білімге деген қызығушылықтың аморфты сипаты бұл кезеңде жағымсыз күйде, тіпті оқушы тұлғасын қалыптастыруда ақыл-ой дамуының кешеуілдеп қалуы байқалады. Мұны оқушылардың жазғандарынан да байқауға болады. Сөйтіп, VІІІ сыныптықтарда қызығушылық деңгейлерінің дамуында анау айтқан ерекше ілгері жылжу көрінбеді. Кең қызығушылық сипаттағы оқушылардың негізгі бөлігі дамудың орта деңгейінде ғана. Бұл топта қызығушылық деңгейлерінің жоғары деңгейде дамыған оқушылар жоқ. Оқушылардың негізді білімдері бар, бірақ тек бағдарлама көлемінде ғана.
Өзекті қызығушылық танытқан үлкен жасөспірімдер тобында: танымдық бағыттылығының деңгейі жоғары, таңдаған пәндері бойынша терең білім алуға ұмтылады, танымдық қызығушылықтары болашық өмірлік жоспарларымен байланысты.
Бұл топта сегізінші сыныптықтардың танымдық қызығушылықтарының қалыптасу үдерісі бірізді қалыппен жүріп отырады.
Сегізінші сыныптықтардың қызығушылықтарының басты құндылығы «үлкен ғылымға», оның әдістеріне бастайтын шектес аумақтағы білімді меңгеруге ұмтылу.
* * *
Оқушылардың жасөспірімдік кезеңіндегі танымдық қызығушылықтарын диагностикалау бағытындағы эксперимент бізге олардың қалыптасуының түрлі қырларын айқындауға мүмкіндік берді. Эксперимент барысында алынған нәтижелерді мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің сұхбаттарымен, сонымен қатар оқушылардың сабақтағы әрекеттерін бақылау нәтижелерімен салыстыра отырып, жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарына әсер ететін факторларды, жасөспірімдердің тұлғасын қалыптастыруға ықпал ететін күштерді анықтауға мүмкіндік берді:
1. Кіші және ересек жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарының сипаттарының пайда болуы төмендегілерді анықтауға мүмкіндік берді:
а) әр сыныпта оқушылардың әртүрлі танымдық қызығушылықтары бар кем дегенде үш тобы болады;
б) барлық төрт жасөспірімдер сыныбы оқушыларының 41% тен астамы аморфты, түсініксіз, анықталмаған қызығушылықтары бар, төмен танымдық әлеуетті оқушыларды құрайды;
в) қалған оқушыларының 60%- і не кең түрдегі, не өзекті қызығушылықтарды меңгерген, оқу әрекетінде белсенділік, бағдарламадан тыс ақпарат іздеуде жеке–даралық танытады.
Зерттеу нәтижелері жасөспірімдердің аморфты танымдық қызығушылықтары мен олардың білімдеріндегі жетіспеушіліктің арасындағы корреляцияны ашты. Сыныптан сыныпқа танымдық қызығушылықтары өте анық емес, орташа үлгерімнің көптеген себептердің бірі - аморфты (V сыныпта 43,5%, VІІІ сыныпта 52%), екінші жылға қалғандар саны да аз емес.
Алынған мәліметтерге сәйкес біз барлық сыныптың оқушыларының кең және өзекті қызығушылықтары даму деңгейі, күші, тереңдігі және тұрақтылығы тұрғысынан әртүрлі екенін аңғардыық.
Танымдық қызығушылықтарының деңгейі олардың білім дәрежесіне сәйкес келеді.
2. Жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтарын диагностикалау мәселесін біз сипаты, даму деңгейі және пәндік бағыттылығ ретінде қарастырамыз.
Терең қызығушылық, кең танымдық білімқұмарлық оқушыны да мұғалімді де оқу үдерісінде қуанышқа бөлейді, өнімді еңбек етуге жетелейді.
Біздің зерттеу материалымызда ашылғандай, жасөспірімдердің аморфты қызығушылығы айқын сезілетіндей құндылықты көрсетпейді.
Оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына кең танымдық қызығушылықтардың әсері өлшеусіз мол. Ондай кең танымдық қызығушылықтарға ие оқушылар өте белсенді, барлық уақытта ізденіс үстінде жүреді. Танымдық қызығушылық оларға үлкен күш, қуат береді. Олар кітапхананың белсенді оқырмандары, КТК, қызықты ғылыми кештер, викториналар, олимпиадалар, пәндік үйірмелер сияқты көптеген бастамалардың қатысушылары.
Өзекті қызығушылықтың оқушының тұлға ретінде қалыптасуына ықпалы өлшеусіз. Біздің зерттеуімізде осындай топ оқушыларының даму деңгейі жоғары екендігі анықталды. Мұндай қызығушылық таным үдерісіне тереңірек үңіліп, оқушыны білгеннің үстіне біле түсуге жетелейді. Мұндай қызығушылық оқушының болашақ өмірлік жоспарының негізі болуы мүмкін.
Сонымен, танымдық қызығушылықтың жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуына ықпалы сөзсіз.
3. Зерттеу материалдары бізге танымдық қызығушылықтың даму үрдісі туралы бірнеше тұжырым жасауға мүмкіндік берді.
Жасөспірімдердің қызығушылық сипатына жас ерекшелігінің әсері төмендегілерден тұрады:
а) кіші және ересек жасөспірім сыныптарында аморфты қызығушылықтағы оқушылар барынша көптеп саналады. Ол VІІІ сыныпта азаймақ түгіл, V сыныптағы 43,5% ке қарағанда 50 % ке көбейе түсті;
б) оқушылардың кең және өзекті қызығушылықтағы топтарының сандық айырмасы сыныптан сыныпқа бірте–бірте теңесе бастайды (V сыныпта – 6 ға шаққанда 16, V11 сыныпта 11:9, ал VІІІ сыныпта 7:7 ).
в) 1964 және 1968 жылдардағы эксперимент мәліметтері кіші жасөспірімдер V сыныпта–ақ танымдық қызығушылықты сезіне бастайды, олардың кейбірі оқыту және тәрбиелеу барысында одан әрі дамытып, болашақ мамандығының негізіне айналуы мүмкін болатын өзекті қызығушылықты иемдене бастайды.
Екінші жағынан сегізінші сыныптықтар аморфты қызығушылықты тасымалдаушы бола тұрып, оны болашақ өмірлік жоспарларымен ешқандай байланыстыра алмауы мүмкін.
Барлық сыныптар үшін ортақ үрдіс танымдық қызығушылықтың жоғары дәрежеде дамуы сыныпта өте аз мөлшерде екені белгілі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   160




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет