(1917 – 19...)
Әйгілі педагог, ПҒА академигі (19.. ж), педагогика ғылымдарының докторы (1971), профессор (1990) Исаак Яковиевич Лернер 1917 жылы Украинаның Хмельницкий облысында дүниеге келген. РСФСР–дің ғылымға еңбегі сіңген қайраткер (1987), 1939 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді. 1937 жылдан Мәскеудің, Мичуринскінің Воронеждің және басқа қалалардың педагогикалық жоғары орындарында дәріс берді. 1959 жылдан ПҒА жүйесінде жұмыс жасады. 1964-70 жылдары гуманитарлық білім берудің дидактикасы зертханасын , 1972-74 жылдары жалпы және политехникалық білім берудің ғылыми –зерттеу институтында дүниеге көзқарас қалыптастыру зертханасын басқарды. 1970 жылдан Жалпы педагогика ғылыми-зерттеу институтының дидактиканың жалпы мәселелері зертханасында істеді. Лернер проблемалық оқыту теориясын дамытты. Ақпараттық – рецептивтік, нұсқаулық –репродуктивтік, эвристикалық, зерттеушілік, проблемалық сияқты әдістерді қамтитын оқыту әдістері жүйесінің дидактикалық негіздерін жасады. Оқыту әдістері, ұйымдастыру формалары, құралдары мен тәсілдері арасындағы байланысты ашып көрсетті. Білім мазмұнының құрамы мен құрылымында әлеуметтік тәжірибеге сәйкес білімдер, біліктер мен қатар дағдылар және шығармашылық әрекет тәжірибесі және әлемге сезімдік- құндылық қатынас тәжірибесін бөліп көрсетті. 1985-1989 жылдары оқу-тәрбие үдерісінің жүйе ретіндегі тұтас тұжырымдамасын жасады. Орта білім берудің базалық мазмұнын құру тұжырымдамасын ұсынды (1990-91). 1985-1991 жылдары қазіргі заманауи мектеп оқулықтарын түзу теориясын жасау жұмысына басшылық етті.
Шығармалары: Содержание и методы обучения истории в V-VI классах веч. (сменный) школы, М., 1963; Проблемное обучение, М., 1974; Процесс обучения и его закономерности М., 1980, Дидактические основы методов обучения М., 1981, Развитие мышления учащихся в процессе обучения истории М., 1982, Теоретич. основы содержания общего ср. образования М., 1983 (ред. И соавт), Теоретич. Основы процесса обучения в совт. школе М., 1989 (соред и соавт).
Достарыңызбен бөлісу: |