Информатикадан факультативтік сабақтарды өткізудің мүмкін болатын
түрлерінің бірі әрбір сабақты екі бөлімге бөлу болып табылады. Бірінші
бөлім жаңа материалды оқу мен теориялық
және практикалық сипаттағы
тапсырмалар бойынша оқушылардың өз бетімен жұмыстарына арналады.
Сабақтың бұл бөлімі аяқталған соң оқушыларға теория мен оның
қосымшаларын оқу бойынша үй тапсырмасы беріледі. Әрбір сабақтың
екінші бөлімі жоғары қиындықты есептерді шешуге және рекше қиын немесе
қызықты есептерді шешу жолдарын талқылауға арналады.
Факультативтік
сабақтарды өткізудің бұл түрі мектептегі оқытудың түрлері мен тәсілдерінен
жоғары оқу орындарында оқытудың түрлері мен тәсілдеріне ойдағыдай өтуге
септігін тигізеді.
Олимпиада
Ең дарынды оқушыларды анықтау, олардың бойында алға қойған
мақсатқа
жетудегі табандылықты, өз бетімен жұмыс істеу әдетін
қалыптастыру мақсатында олимпиадалар өткізіледі. Информатикадан
олимпиадалар сыныптан тыс жұмыстың бүтіндей бір кешенінің (дәрістер,
кештер, үйірме
жұмыстары, т.б.) қорытынды кезеңі юолғанда көп пайда
келтіреді. Олимпиада тек жыл бойғы сыныптан тыс жұмыстың қорытындысы
ғана емес, сонымен бірге сыныптан тыс жұмысты кең жолға қоюдың тамаша
ындаландырмасы. Олимпиада – оқушыларды білім жағынан өсуге
ынталандыратын, олардың бойында
информатикаға қызығушылықты,
табандылықты тәрбиелейтін жарыс.
Оқушыларды олимпиадаға дайындау информатиканын базалық
курсының жалғасы болып табылады. Дайындықтың ең тиімді түрі – сабақты
олимпиада түрінде өткізу. Стандартты емес есептерді шешу үшін
мәліметтерді ұйымдастыру мен программалаудың қазіргі әдістерін білу
керек. Оқушылардың олимпиадағы нәтижесі
мұғалімнің жетістіктерінің
белгісі.
Олимпиадалар әр түрлі деңгейлерде өткізіледі
: мектепішілік, аудандық,
қалалық, т.с.с..
Сонымен бірге олимпиадалар информатиканы оқытудың жалпы
деңгейіне де жақсы әсер етеді, оқушылардың
білім сапаларын анықтауға
мүмкіндік береді және жоғары деп саналатын дайындық деңгейін сипаттай
отыра қандай да бір дәрежеде мұғалімге бағыт береді. Бірақ олимпиадалар
оқушылар үшін жаңа, оларды қызықтыратын ақпараттың елеулі көзі болып
табылмайтындығына, сондықтан тереңдетіп дайындаудың негізгі түрі бола
алмайтындығына назар аудару керек.
Достарыңызбен бөлісу: