Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика


Дәріс №2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ. БАСТАУЫШ



Pdf көрінісі
бет12/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Дәріс №2
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ. БАСТАУЫШ
СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ.
Мектепке дейінгі тәрбие отбасында және мектепке дейінгі ұйымда
жүзеге асырылады. 5(6) жастағы балаларды мектепке барар алдында даярлау
міндетті және ол отбасында, мектепке дейінгі ұйымда немесе мектепте
жалпы білім беру бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылады. Ол
мемлекеттік білім беру ұйымдарында тегін жасалады. 
Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына
мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта
білім алу міндетті. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін
дамытудың 2010 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде жалпы орта білім үш
сатылы: бастауыш (1 – 5 сыныптар), негізгі (6 – 10 сыныптар) және жоғары
(11 – 12 сыныптар) жалпы орта білім беретін оқу орнында кезең – кезеңмен
алынады. 
Жалпы білім беретін орта мектептің мақсаты адамгершілігі, әр жақты
дамыған өзінің және қоғамдық мүдделерді ұштастыра білетін, халық
мәдениетін жетілдіру ісінде өз ұлты мен жалпы адамзат қазынасын тиімді
пайдаланатын адамды тәрбиелейді. ҚР азаматтарына мемлекеттік оқу
орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріліп, орта білім алу
міндеттеледі. Жалпы орта білім – үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі
деңгей. Жалпы орта білім үш сатылы : бастауыш бастауыш (1 – 5 сыныптар),
негізгі (6 – 10 сыныптар) және жоғары (11 – 12 сыныптар). Жалпы білімнің
нұсқалығына, білім берудің ауқымды инфрақұрылымын қалыптастыруға,
жалпы орта білім беретін ұйымдардың әр алуан түрлері мен үлгілерін
дамытуға жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей және басқаларды
құру арқылы қол жеткіземіз. 
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған «Білім туралы»
Заңында тұңғыш рет гимназия мен лицейге түсінік беріліп, оның мәртебесі,
құқықтық негізі айқындалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет