Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика


Бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолдануың



Pdf көрінісі
бет15/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолдануың
қазіргі жағдайы
Бастауыш мектептердегі оқудың сипаттық ерекшелігі болып,
оқушылар ең алғашқы күннен бастап меңгеруге кірісетін ақпарат көлемінің
күрт өсуі болып саналады. Бұл олардың көпшілігінде ақпаратты саналау мен
есте сақтауда едәуір қиындықтар туғызады. Өйкені, бастауыш мектеп
оқушыларында адаптация, яғни жағдайға бейімделу барысы мүлдем баяу, ал
меңгеретін ақпарат өте тез ұлғаюда. Сондықтан да осы кезеңдегі педагогика
ғылымының ең бір басты мәселесі оқыту процесінің тиімділігің арттыру
есебінен, материалды меңгерудің жалпы уақытын қысқарту, мектеп пәнінің
реестеріне кіретін әрбір ғылым пәнінің моделін балалардың ойлау жүйесінде
құрастыру проблемасына алдын алғы әзірліктер жасау” (В.В.Давыдов ).
Оқушылардың ақпарат тасқынының салмағын қалыпты көтеру үшін, оларды


ақыл-ой әрекетінің: заңдылықты іздеу, ұқсастық бойынша ойлау, объект пен
түсінік арасындағы иерархиялық тәелділікті табу, теңеу, жалпыны тауып,
жекені ажырату, логикалық тұжырым құру секілді әдіс-тәсілдеріне
баулыған жөн. Осы тапсырмаларды шешу үшін бастауыш мектеп
тәжірибесінде компьютерлік технология да табыспен қолданылып келеді.
Ақпарат технологиялар мен алгоритмдеу негіздерін ерте жастан
оқыту үшін пропедевтикалық кезең (1-6-сыныптарда) ұсынылады. Оның
негізгі міндеті-оқушыларды компьютермен алғашқы таныстыру, алгоритмдеу
негіздерін қалыптастыратын қарапайым бағдарламалар, қарапайым
компьютерлік тренажерды пайдалану үрдісінде ақпараттық мәдениеттің
алғашқы элементтерін қалыптастыру. 
Оқушының ақпараттық сауаттылығы компьютердің қолданылу
сферасын білуден басталады. Олар компьютерді іске қосып, бағдарламалар
кітапханасынан керегін алып пайдалана білуге онымен мәтін жазуға, керек
ақпаратты іздеп табуға, сурет салуда пайдалануға және т.б. үйренеді.
Компьютерлер қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар,
түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған
мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді.
Бастауыш сыныптағы бала үшін - оқудың негізгі саласы ойын болып
табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің
дамуына да тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әр түрлі педагогикалық
мәселелерді шешуге көмектеседі, бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып
баланың шығармашылықпен жұмыс істей білуіне ой-өрісінің дамуына ең
мүмкіндік туғызады. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасауы көңіл-
күйлерін көтеріп, қызығушылық қабілеттерін арттырады. 
Төменгі сыныпта қаралып талқыланатын мәселелердің бірі, команда
және алгоритм ұғымдары негізгі мазмұн-заңдылықтарды тану мен
алгоритмдерді зерттеу, құрама (комбинаторлық) тапсырманы шешу,
орындаушыларды үйрету. Оқушы үшін арнайы бағдарлама мен оқу
кітаптары қарастырылған. 
Мектеп жасындағы кішкентайлардың дамуы үшін компьютерді
қолданудың бұрыннан белгілі мысалының бірі, Массачусет технологиялық
институтында(АҚШ) С.Пейпер жұмысы болып саналады. Оның
басшылығымен 1968 жылдан Ж.Пиаженің теориялық концепциясы негізінде
балалардың интеллектуальды қабілетін дамыту бойынша, соның ішінде
мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балалардыда қоса, зерттеу
жүргізілді. Осы зерттеулердің бірінің нәтижесі-балалар үшін ЛОГО
бағдарламасың арнайы тілін жасап шығаруы болды. Қазір бұл әлемде
педагогикалық практикада кеңінен қолданыс тауып, біздің елімізде де барған
сайын кең таралып отыр.
Бүгінгі күндері бастауыш сыныптарды компьютерлік технологиямен
оқыту жүйелі түрде жүзеге асуда, оқушының ой-өрісін жетілдірумен қатар
кейбір жеке пәндерді оқыту информатиканың теориялық негізін
алгоритмдерді игеру және бағдарлама жасау құралы ретінде пайдаланылуда.
Солардың ішіндегі неғұрлым белгісі мен сынақтан өткенін белгілеп, РФ білім


министірлігі ұсынып, төменгі сыныптардағы «Роботландия», «Информатика
ойындары мен есептер», «Зимние вечера», «Алгол», «Drape» бағдарламалық -» бағдарламалық -
әдіскерлік жүйелері жұмыс істейді. Бұл бағдарламаның көпшілігін тек
Ресейде ғана емес, көптеген шет елдерде де, осының ішінде АҚШ–та,
Ұлыбританияда, Францияда, Финляндияда, Балтика елдерінде пайдалана
алатын болды. Осы ойындардың көпшілігі «Информатикалық мәдениет»,
«Информатика» курстарында ендірілді. Ал курстың негізгі міндеті –
оқушының операциялық ойнау стилін қалыптастыру, өз қызметін жоспарлай
алу қабілеті, түрлі информатикалық моделдерді жобалап құру, қазіргі
заманға техникалық құралдарды өмірде, тұрмыста, шығармашылықта
қолдану.
Оқыту формалары мен әдістері
Кіші сыныптарда пайдаланылатын оқыту формалары мен әдістері
оқушының психикалық, физикалық және ойлау қабілеттерін ескеру керек. 
Сынып – сабақ жүйесінде келесі формалар мен әдістерін пайдалану
тиімді: Ойын, топтық, диалог, эвристикалық, ақпараттық минуттар.
Қазіргі кезде ойын әдістері бірінші топқа шығып отыр. Бұл әдістерде
тәжірибелік жұмыстардың барлық түрлері байланысқан (ойын тәртіпке
үйретеді, ұжымды біріктіреді, анықталмағандық элементін береді, ал бұл
ойлау қабілетін дамытады, тиімді шешімді іздеуге баптайды). 
Ойын – іс-әрекет, оның түрткісі өзінде жатады. Оқытуда
пайдаланылған ойындар - рольдік, ұйымдастырушылық және іскерлік
ойындарға бөлінеді. Барлық ойындар үш негізгі мақсатқа жетеді:
1.
тәрбиелік
2.
оқыту
3.
қызықтыру
Ұйымдастырушылық ойындар екіге бөлінеді. Олар: 
1.
ұйымдастырушылық- әрекеттік
2.
ұйымдастырушылық- оқыту
Іскерлік ойындар қазіргі кезде кеңінен пайдаланылады. Оларды
көбінесе экономикада, саясаттануда, экологияда, оқытуда және тарихта
пайдаланады. 
Рольдік ойындарды әртүрлі белгілері бойынша топтастыруға болады.
Ролдік ойындардың белгілері:
1.
территориалдық белгі
2.
қиындық деңгейі бойынша (ертегі, тарихи этнографиялық
ойындар, ақпараттық интеллектуалдық ойындар).
3.
мақсатты және уақытты белгілері (мақсатты ойындар,
шектелмеген ойындар, нон – стоп ойындары, т.б.).
Ойынға қатысу деңгейлері:
1.
пассивті
2.
шектелген
3.
бос
4.
белсенді
Ойынды ұйымдастыру


Ойынды ұйымдастырудың бірінші этапы – теориялық өңдеу. Соңғы
этапы – талдау болып табылады. 
Эвристикалық әдісте оқушылардың әрекетін ұйымдастырудың 5 негізгі
этапын бөлуге болады:
1.
Мотивациялық
2.
Қойылымды
3.
Өзіндік өнімді жасау
4.
Демонстрациялық
5.
Рефлексивті
Эвристикалық әдістің мақсаты - өзіндік оқыту жобасын жасау болады. 
Әдебиет: 1, 15-20б; 2, 3-8б.
Бақылау сұрақтары:
1. Мектеп курсында информатика пәні жаппай қай жылдан бастап оқытыла 
бастады?
2. Жалпы орта білімде ЕТ негіздері курсын енгізудің қажеттілігі немен 
байланысты?
3. Жаңа заманғы информатика пәні мамандығы мұғалімін дайындау 
талаптары қандай?
4. Мектеп информатикасының қалыптасу тарихы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет