1. оқу жылы
2. оқу күні
3. сабақ кестесі
4. бағалар
5. каникулдар
6. үзілістер
7. үй
жұмысы
Дәстүрлі оқытудың негізгі мақсаты – білім жүйесін қалыптастыру,
ғылымның негіздерін меңгеру. Дәстүрлі оқытудың
концептуалды негізін
Коменский атаған принциптер құрайды (ғылымилық, тізбектік және жүйелік,
түсініктілік, көрнекілік және т.б.). Дәстүрлі оқытудың жоары сыныпттарға
арналған түрлері келесі:
1. дифференциалды оқыту
2. жобалар әдісі
3. түзету және дамытушылық
Дифференциалды оқыту. Дифференция профиль бойынша, ал сыныпта
жалпы оқыту дайындығын минимум меңгеріп, оны қызықтыратын бағытта
жұмыс жасайды. Сынып үш топқа бөлінеді. Үшінші тобы негізгі базалық
стандарт. Оны әр оқушы орындау қажет.
Артықшылықтары:
1. оқуға
деген қызығушылығы артады
2. балалардың қабілеттерін жалпыламау
3. мұғалім нашар оқитын оқушылармен
көп жұмыс істейді
Кемшіліктері:
1. бағалау кезінде 5 –ке немесе 2-ге оқитын оқушылар болады
2. нашар топтарда мотивациялық деңгейі төмен. Мұғалімнің уақыты
әртүрлі тапсырма дайындауға кетеді.
Жобалар әдісі. Әр оқушылар мұғалім көмегімен құрастырған жоспар
бойынша жұмыс жасайды. Оқушылар өз темпімен жұмыс жасап, материалды
меңгереді.
Кезеңдері:
1. жобаны
жоспарлау
2. жобаны орындау, уақыты анықтау
3. жобаны
орындау
4. жобаны талдау, бағалау, қорытындылау.
Достарыңызбен бөлісу: