Кесте параметрлері



Дата25.03.2024
өлшемі15.45 Kb.
#496415
түріСабақ
сабақтардың мектеп кестесін санитариялық-гигиеналық талдау


сабақтардың мектеп кестесін санитариялық-гигиеналық талдау

Кесте параметрлері

Параметрлердің гигиеналықтиімді сипаттамалары

Оқу пәндерін олардың күрделілігіне қарай сабақтар бойынша бөлу

Күрделілігі бойынша оқу пәндері күн ағымында оқушылардың жұмыс қабілеттіліктерінің сабақтық динамикасына сәйкес бөлінген. Неғұрлым қиын пәндер балалардың жұмыс қабілеттілігі мүмкіндігінше жоғары болатын 1-3 сабақтарға қойылған

Қиындығы әр түрлі оқу пәндерін апта күндері бойынша бөлу

Күрделілігі бойынша оқу пәндері оқушылардың жұмыс қабілеттіліктерінің апталық динамикасына сәйкес бөлінген.
Неғұрлым қиын пәндер жұмыс қабілеттілігі неғұрлым жоғары күндерге келеді.
Оқу күнінің жүктелуі сабақтар саны мен пәндерді күрделілігімен (баллдар бойынша) анықталады.
Оқу жүктемесінің ұлғаюы бірте-бірте жүреді, барынша жүктеме дүйсенбі мен бейсенбіде байқалады, ең азы – сенбіде, бұл гигиеналық нормативтерге сай келеді

Оқу әрекетері бойынша ұқсас пәндерді сабақтар бойынша бөлу

Мектеп пәндерін игеру кезінде сабақтарда балалармен көбінесе оқу әрекеттерінің келесідей: аудиовизуалды, сөздік, локомоторлық, есептік-шешуші, талдаулық-синтетикалық түрлері орындалады.
Осыған байланысты оқу әрекетерін орындау сипаты жағынан жақын пәндер мектептік кесте торында гигиеналық талаптарға сәйкес шектес сабақтарда орналаспайды

Бір оқу пәнін зерделеу жөніндегі қосарланған сабақтар

Кестеде бір оқу пәнін зерделеу жөніндегі қосарланған сабақтар байқалмайды, бұл санитариялық ережелер мен нормаларға сай келеді

Дене шынықтыру және технология сабақтарының күн мен апта кестесіндегі орындары

Дене шынықтыру мен дене еңбегі оқушылардың ақыл-ойлық шаршауын жояды және олардың жұмыс қабілетін тұрақты деңгейде ұстайды. Сондықтан бұл пәндер балалардың жұмыс қабілеттілігінің төмендеуі басталатын оқу күндеріне, 3-4 сабақпен кесте торына енгізілген (бейсенбі-жұма)

Апта ағымындағы жеңілдетілген оқу күні

Балалардың жұмыс қабілеттілігінің апталық динамикасын ұстап тұру үшін сабақ кестелерінде жеңілдетілген күн көзделген.
Сабақтардың ұзақтығы мен санын азайту жолымен бірге, осы күнге жеңіл пәндерді зерделеу жөніндегі екі немесе үш сабақты жоспарлау арқылы құрылады (дене шынықтыру, еңбекке баулу, музыка, сурет)


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет