Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Информатика және математика



Pdf көрінісі
бет43/108
Дата19.09.2022
өлшемі7.77 Mb.
#460949
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   108
Информатиканы оқыту(1)

Экскурсия - бұл қарастырылып отырған сала бойынша оқушының
танымын кеңейтіп теориялық біліммен, оның практикалық қолданушының
арасындағы байланысты көруге және бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін,
сондай – ақ, кәсіптік бағдары мен олитехникалық оқытуды қамтитын
пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқытуды ұйымдастырудың бір түрі
болады. Экскурсия өткізу мұғалімнен өте жақсы дайындықты талап тетеді.
Мұғалім алдымен, оның мазмұны мен міндеттерін анықтап, есептеу ортасын
дайындап, пайда бола алатын қиындықтарды болжап, олармен күресу
жолдарын қарастырады. Экскурсияға дайындық : оқушылар алдын –ала
тапсырма алып, олардың әрқайсысы қандай бақылаулар жүргізіп, қандай


сұрақтарға өз бетінше жауап беруі, материалды қандай түрде жинақтауы
және экскурсия жайлы есепті қай мезгілде дайындау қажетін білу керек.
Экскурсияның қорытынды кезеңдері – экскурсия кезінде алған білімдерін
тұжырымдайтын қорытындыны, әңгімені қамтиды. Экскурсия
материалдарын көрме ұйымдастыруда, арнайы сабақтар өткізуде тарату
материал ретінде пайдалануға болады. 
Пәндік апталар, онкүндіктер, айлықтар пәнге қызықтыру мен
пәнаралық байланыстарды орнату үшін өте маңызды. Оларды бір пән
бойынша да бір немесе бір- біріне жақын білімдік сыбайлас пәндер
(математика, физика, технология) бойынша да өткізуге болады. Оқушылар
жаңа материалды ойындық түрде білу мүмкіндігін ғана емес, сонымен бірге
қосымша әдебиет пен интернет компьютерлік желісін пайдаланып зерттеу
жұмысын жүргізу, ұсынылатын тақырыптар бойынша жобалық жұмыс
орындау мүмкіндігін алады. Ұсынылатын тапсырмалар мен шаралардың
барлығы оқушылардың әртүрлі жастағы топтарын қамтиды және оған әркім
қатыса алады. Мүмкін тақырыптар : «Информатика және техникалық
прогресс», «Информатика және менің мамандығым», «Информатика әскери
техникада» және т.б. Таңдалынған тақырып бойынша дайындық бірнеше ай
бұрын басталады. Онкүндік (апта, айлық) аясында жоғары оқу орындарының
ғалымдарымен, программистермен кездесу, орын алғандарды марапаттау
конференциясымен аяқталатын викторниналар, әңгімелесулер, ең үздік
информатик сайысы, т.б. өткізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет