4.4 Модуль бойынша оқу нәтижелері және бағалау критерийлері
4-Модульді оқу кезінде алынған білімдерді бағалауға арналған үлгі сұрақтар «Элеваторлы, ұн, жармалық және құрама жем өндіру» 1216000 мамандығы бойынша «Студенттердің білім беру бағдарламасын меңгеруін тексеру мақсатында ағымдағы және қорытынды бақылауды жүргізуге арналған бақылау-өлшеуіш материалдардың жиынтығында» келтірілген.
Оқытушылар Модульді аяқтағаннан кейін, кей сұрақтардың санын (мысалы, 25) таңдап, 45 минутқа сабақтың тексеру жұмысын ұйымдастыру үшін келтірілген тізімді кеңейту және толтыру қажет. Тексеру жұмысы мүмкін балдардың жалпы санының 50 % алған кезде орындалған болып саналады.
Бұдан басқа, Модуль шегінде оқытушы оқу материалын игеруін тексеру үшін, өз қалауынша, екі қысқа сауалнама жүргізеді.
4.5 Басқа модульдермен қатынасы, модульді оқудың негізгі талаптары
4-Модульге өтудің негізі 1-3 Модульдерін оқу кезінде алынған негізгі білімнің болуы табылады.
Жалпы, мазмұны жағынан, сондай-ақ, жүйелеу жағынан әр алдыңғы модуль шегінде оқушылар әр келесі модульге қажетті негізгі білім алады. Сондықтан, жеке модульдерді басқа модульдерден бөлек оқыту мүмкін емес. Оқудың мақсаты оқушылардың құзыретін жүйелік арттыру. Олар өздерінің кәсіптік қызметтерінің шегінде міндеттерді өздігінен жоспарлау, орындау және бағалау қажет.
1-4-модульдерінен тұратын оқу бағдарламасының шегінде, оқушылар ұн өнеркәсібі аясындағы кәсіптік қызметтің негізін танып біледі. Осы бағдарламаның шегінде оқушылар дәнді дақылдар, олардың ерекшеліктері мен мәндері туралы, қорек физиологиясы тұрғысынан, тиісті сақтау және алдын ала өңдеу ерекшеліктері, ұн жабдықтарын тазалау, оларға күтім жасау және техникалық байқау жайлы жалпы білім алады. Сонымен, оқушылар ұн өнеркәсібінде дербестік жұмысқа қажетті құзыретін алады.
МОДУЛЬ
БАСТАПҚЫ ШИКІЗАТТЫ, АРАЛЫҚ ЖӘНЕСОҢҒЫ ӨНІМДЕРДІ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МӨЛШЕРЛЕУ
5.1 Модуль мақсаты
Оқушылар көлемдік мөлшерлеу мен гравиметриялық мөлшерлеуді ажырата алады және жұмыс істеу принципі мен түрлі дозаторлардың қолдану мүмкіндігін біледі. Олар жабдықты орнатады, оның орнатуының нақтылығын тексереді және компоненттердің мөлшерлеуінің заңнамалық және технологиялық шарттарын ескереді. Ұн мен басқа ұн өнімдерінің өндірісіне қолданылатын әрекет ету тәсілі мен түрлі ингредиенттердің ағымын зерттейді, алынған мәндер негізінде рецепттер әзірлейді.
Оқушылар құрама жемді дайындау кезде сұйықтықты қосу қажеттілігін түсінеді, және оны қашан, қалай жасау қажет екенін біледі. Олар микрокомпоненттердің мөлшерлеу қажеттілігін, тәсілін және үдерісін түсіндіреді.
Оқушылар қоспалар мен сандарға есептер жүргізеді.
Олар құқықтық нормаларды ескере отырып, сатып алушының талаптарына сәйкес өнімнің қаптамасын таңдайды да, ауытқу түрлерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін атап өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |