Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



бет39/42
Дата16.02.2024
өлшемі251.06 Kb.
#492171
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
38-Элеватор-ұн-тартатын-жармалық-және-құрама-жем-өндірісі-мамандығы-бойынша

11.2 Модульге қысқаша шолу
11-модуль аясында оқушылар тартылған ұн арнайы өнімдері туралы терең білім алады және оларды үстеме құнды құрудың жоғары потенциалы бойынша бағалай алады. Олар сәйкес келетін шикізат пен үдерістерді зерттеп, арнайы өнімдерінің тағамдық құндылығын есептей алады және осы есептердің қорытындыларын құжаттандырады.
11.3 Модульдің мазмұны

  • Қауыздар, кускус, бұлғыр, күріш, қарапайым жарма, дөрекі тартылған ұн жармасы

  • Нан пісіруге арналған қоспалар

  • Үстеме құнды құрудың потенциалы

  • Қабықшадан тазалау

  • Кептіру

  • Буландыру

  • Қауыздарды жасау

  • Экструдирлеу

  • Экспандирлеу

  • Жылтырату

  • Тағамдық құндылығын есептеу



11.4 Модуль бойынша оқу нәтижелері және бағалау критерийлері
11-Модульді оқу кезінде алынған білімдерді бағалауға арналған үлгі сұрақтар «Элеваторлы, ұн, жармалық және құрама жем өндіру» 1216000 мамандығы бойынша «Студенттердің білім беру бағдарламасын меңгеруін тексеру мақсатында ағымдағы және қорытынды бақылауды жүргізуге арналған бақылау-өлшеуіш материалдардың жиынтығында» келтірілген.
Оқытушылар Модульді аяқтағаннан кейін, кей сұрақтардың санын (мысалы, 25) таңдап, 45 минутқа сабақтың тексеру жұмысын ұйымдастыру үшін келтірілген тізімді кеңейту және толтыру қажет. Тексеру жұмысы мүмкін балдардың жалпы санының 50 % алган кезде орындалған болып саналады.
Бұдан басқа, Модуль шегінде оқытушы оқу материалын игеруін тексері үшін, өз қалауынша, екі қысқа сауалнама жүргізеді.


11.5 Басқа модульдермен қатынасы, модульді оқудың негізгі талаптары
1-4 модульдерін оқытқанда алған базалық білімнің, сондай-ақ 8-модульден алынған шикізатты, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімді бөлу және араластыру бойынша арнайы білімнің, 6-модульден алынған шикізатты жне жартылай фабрикаттарды ұсақтау бойынша білімнің, 6-модульден алынған шикізатты және жартылай фабрикаттарды дайындау бойынша білімнің, сонымен қатар 5-модульде мөлшерлеуіш әдістері бойынша білімнің бар болуы 11-модульге өтудің негізі болып табылады. 9-модульден алынған тартылған ұн және тартылған ұн өнімдері туралы білім міндетті шарт болып табылады.
Жалпы, мазмұны жағынан, сондай-ақ, жүйелеу жағынан 9-12 модульдерінің кәсіби бағыттылығы таяз болып келеді (мамандандырылған модульдер). Әр алдыңғы модуль шегінде оқушылар әр келесі модульге қажетті негізгі білім алады. Сондықтан, жеке модульдерді басқа модульдерден бөлек оқыту мүмкін емес. Оқудың мақсаты оқушылардың құзыретін жүйелік арттыру. Олар өздерінің кәсіптік қызметтерінің шегінде міндеттерді өздігінен жоспарлау, орындау және бағалау қажет.
Өнім туралы арнайы білім аясында оқытылып жатқан модульдер (мамандандырылған модульдер), ұнды және тартылған ұн өнімдерін, құрама жемді, арнайы өнімді дайындауға сапа менеджменті және сапаны қамтамасыз етуге арналған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет