Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Ұлттық АҚпараттандыру орталығЫ» АҚ



бет3/3
Дата12.06.2016
өлшемі0.94 Mb.
#131056
1   2   3

Moodle жүйесімен танысу

Осы жұмыста біз Moodle жүйесін пайдаланып білім беру порталдарын жасауды қарастырамыз http://www.moodle.org.

Интернеттегі сараптамалар және форумдағы пікірлер бойынша ашық кодты жүйелердің арасынан Moodle жүйесі қызығушылық тудырады, өйткені Moodle қауымдастығы әлемде үлкен қарқынмен дамып, қызметтік мүмкіндіктері тәжірибеде анықталған. Бұл жүйенің ерекшелігі әлеуметтік құрастырушы педагогикасы ретінде көптілдік пен педагогикалық принциптерге негізделген. Білім мазмұны оңай беріліп, екі режимде алмасады: офф-лайн және он-лайн. Бағдарлама жергілікті серверлерден USB-тасымалдаушыларға оңай енгізіледі. Әлемде, Орта Азияда Moodle қауымдастығы тез қарқынмен өсіп және қазіргі уақытта 78 тілде және 204 мемлекетте қолданылып жүрген интерфейсі бар қашықтықтан оқыту стандартына айналып келеді.

Moodle – қашықтықтан оқыту жүйесі қашықтықтан оқыту курстарын жасаудың бағдарламалық қамтамасыз ету бумасы болып табылады. Жүйе Open Source секілді тегін таратылады.

Moodle дәстүрлі клиент-серверлік қосымша болып табылады, онда сервер қызметін веб-сервер атқарады (әдетте Apache), ал клиент қызметін веб-браузер атқарады (мысалы Internet Explorer, Mozilla Firefox және т.б.). Пайдаланушылардың барлық мәліметтері, курстардың өздері сияқты серверде сақталады. Пайдаланушылар-оқушылар-оқытушылар веб-серверге кіріп, тіркелгілерін анықтап, оқу үрдісіне кірісе алады. Қазіргі кезде Moodle –нің 1.9 нұсқасы шықты.

Moodle 1.7 нұсқасынан бастап “рөл” деген ұғым енгізілді. Рөл қолданушының мәртебесін анықтайды. Олар – басқарушылар, курсты жасаушылар, оқытушылар, студенттер мен қонақтар, тьютор. Бұлардың әрқайсысының контекстке байланысты қол жеткізу мүмкіндігіне құқықты. Құқық пен рөлдердің саны қажеттілікке байланысты өзгеріп отырады.

Сайттың әкімшілігі әрбір рөлдің нақты бір жүйе элемент функциясына белгілі бір құқықтарын тағайындайды.

Moodle жүйесіндегі рөлдер:


  • басқарушы – жүйені толығымен басқаратын қолданушы;

  • курс жасаушысы жаңа курстар жасайды, бірақ жүйенің ғаламдық орнатылымдарын басқара алмайды;

  • оқытушы нақты бір курсты оқытып, оқушыға іс-әрекет түрлерін тапсырып, баға қояды;

  • тьютор – өңдеу құқығы жоқ курс нұсқаушысы. Ол нұсқаулар бере алады, бірақ іс-әрекеттің жаңа түрлерін тапсырып, қолданушыларға баға қоя алмайды;

  • студенттің, әдеттегідей, нақты бір курста оқу құқығы бар;

  • қонақ – авторланбаған қолданушы.

Moodle жүйесіне тіркелу


Moodle жүйесіне тіркелуді қарастырайық. Бұл жүйе, көптеген ақпараттық жүйелер тәрізді (мәтіндер, чаттар, форумдар, ойындар және т.б.), мүмкіндіктерді ең тиімді режимде қолдану үшін тіркелуді талап етеді. Берілген жүйенің мүмкіндіктерін қарастыру алдында, тіркелу қажет.

Тіркелу былай жасалады:

1. Браузердің адрестік жолына жүйе орналасқан сервердің адресін жазамыз (бұл жағдайда http://moodle.nci.kz). Сіздің алдыңызда Ұлттық ақпараттандыру орталығы порталының беті ашылады (4 сурет).

2. Тіркелу бөліміне көшу үшін порталдың жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Кіру» сілтемесіне шерту керек.

3. Содан кейін «Оқушының жаңа тіркелу жазбасын жасау» сілтемесін басыңыз.

4. Сіздің алдыңызда төменде көрсетілген өрістері бар пішім пайда болады: Логин, Кілтсөз, e-mail, Аты, Тегі, Қаласы және Мемлекеті (5 сурет). Осы өрістерді толтырғаннан кейін, «Сақтау» түймесін басыңыз.


Сурет 4 – http://moodle.nci.kz порталының бірінші беті

«Ұлттық Ақпараттандыру Орталығы» АҚ

Сурет 5 – Тіркелу пішімінің түрі


5. Жүйе сізге келесі хабарламаны ұсынады: «Сіз көрсеткен электронды пошта адресіне (мысалы, qwerty@mail.kz) тіркелуді аяқтаудың оңай нұсқаулықтары бар хат жібереді. Тіркелумен қиындықтар туындаса, сайт басқарушысымен хабарласыңыз.»

6. Тіркелуді растау үшін керекті соңғы қадам – тіркелуді растау.

Жүйеге кіруді қарастырайық. Жүйеге кіру қолданушының аты мен кілтсөзін сәйкесінше өрістерге енгізу арқылы жүзеге асады (6-суретті қараңыз). Одан кейін «Кіру» түймесін шертіңіз.


Сурет 6 – Жүйеге кіру
Жүйеге тіркелмей, демек, қонақ ретінде де кіруге болады. Ол «Қонақ болып кіру» түймесін шерту арқылы жүзеге асады. Қонақтың құқықтары тіркелген пайдаланушының құқықтарына қарағанда шектеулі.

Жүйенің жалпы функционалдылығы


Фрейм – оқушылар, қолданушылар модуль аясында оқитын кезектегі тақырыптық бөлім. Фрейм мазмұнына кіретіндер: тақырып туралы жалпы мәліметтер (тақырып атауы, тақырыпты оқудың мақсаттары мен міндеттері, тақырыптың мазмұнын игерудің деңгейіне қойылатын талаптар). Осы материалдарға Moodle қолжеткізу «ресурстар» элементінің көмегімен іске асырылған.

Ресурстар қолданушыға (бұдан әрі оқушы деп атаймыз) ақпаратты әртүрлі түрде (мәтін, аудио, бейне) және әртүрлі нысанда (фрагменттер, жеке файлдар, Интернет-беттер) танытады.

Курс элементтері – барлығы оқушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивті өзара әрекеттестігін шамалайды. Курс элементінің интерактивті мүмкіндіктерін қандай дәрежеде пайдаланады, ол – оны құрастырушыға байланысты болады.

Осы бағдарламалық өнім ақпараттық оқытушы стандарттарына сәйкес құрастырылған. Сонымен, Moodle бағдарламалық қамтамасыз етуге жатады:



  • бірнеше мәрте пайдаланатынына: жүйе компоненттерін бірнеше мәрте пайдалану мүмкіндігін қолдайды, ол оның тиімділігін арттырады;

  • бейімделген, яғни дамушы ақпараттық технологияларды жүйені қайта жобалаусыз қосады және бір ғана тұлғамен оқытуды қамтамасыз ету үшін құрылған әдістемелері бар;

  • ұзақ мерзімді, яғни әзірленген стандарттарға сәйкес келеді және жаппай қайта бағдарламалаусыз өзгерістер енгізу мүмкіндігін ұсынады;

  • қолжетімді: әртүрлі жерлердегі жүйелермен жұмыс істеу мүмкіндігін береді (локалды және қашықтықтан, оқу сыныбынан, жұмыс орнынан немесе үйден); бағдарламалық интерфейстер әртүрлі оқу деңгейіндегі, әртүрлі физикалық мүмкіндігі бар (мүгедектер де кіреді), әртүрлі адамдардың жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

  • экономикалық қолжетімді, өйткені Moodle тегін таратылады.

Қолданушылардың басқару жүйесінің ішінде әкімшіні минималды тарту мақсатында әзірленген. Аутентификацияның бірнеше модульдері пайдаланылады, олар арқылы Moodle бұрыннан бар жүйелермен оңай біріктіруге болады. Аутентификация – пайдаланушының сәйкестендіру үдерісі. Сәйкестендіруге әртүрлі құралдармен қол жеткізуге болады – қарапайым «аты/пароль» сөздерін енгізумен. Жүйе деңгейінде пайдаланушыға әкімшінің, курстарды құрастырушының немесе қарапайым пайдаланушының рөлі тағайындалады. Курстар деңгейінде – оқытушы рөлі (курсты редакциялау мүмкіндігімен немесе онсыз) және оқушы рөлі, қонақ ретінде кіруге де мүмкіндік бар. Курстарға тіркеу әртүрлі модульдер мен тіркеу құралдары арқылы автоматтандырылуы мүмкін, оны тікелей оқытушы басқарады.

Moodle жүйесінде курстардың 3 түрлі форматы бар: форум, құрылым (күнтізбеге сүйенбеген оқыту модульдері), күнтізбе (күнтізбеге сүйенген оқыту модульдері). Курстың құрамында еркін ресурстар саны болуы мүмкін (веб-беттер, кітаптар, файлдарға сілтемелер, каталогтар) және курстың интерактивті элементтерінің еркін саны. Осы элементтерге жататындар:



  • Wiki, тура браузер терезесіндегі қарапайым белгі тілінің көмегімен бірнеше адамның бірігіп құжатты құруына мүмкіндік береді, яғни оның көмегімен оқытушылар (мұғалімдер), студенттер (оқушылар) оның мазмұнын толықтыра, кеңейте және өзгерте отырып бірге жұмыс істеуіне болады. Материалдардың алдыңғы нұсқалары өшірілмейді және кез келген уақытта қайта қалпына келтірілуі мүмкін.

  • Глоссарий. Оның көмегімен бағдарламада қолданылатын түсініктің негізгі сөздігі, сонымен қатар әр дәрістің негізгі терминдер сөздігі құралады.

  • Сауалнамалар. Бұл элемент зерттеудің бірнеше тәсілін ұсынады, олар қашықтықтан жүргізілетін курстарда оқытуды бағалауда ынталандыруда пайдалы болуы мүмкін.

  • Тапсырмалар оқытушыға тапсырмалар және орындалу мерзімін қоюға мүмкіндік береді, ол оқушылардан жауапты электронды түрде дайындауды (кез келген қосымшада) және оны серверге жүктеуді талап етеді.

  • Пікіртерім. Оның қолданылатын жерлерінің бірі – оқушылар арасында дауыс беруді жүргізу. Ол жылдам пікіртерім жүргізу үшін пайдалы болуы мүмкін.

  • Түсініктеме. Бұл элемент мәтін мен графиканы курстың бастапқы бетіне орналастыруға мүмкіндік береді. Осындай жазбаның көмегімен қандайда бір тақырыптың немесе қолданылатын аспаптың мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

  • Сабақ (дәріс) оқу материалын қызықты әрі икемді нысанда ұсынады. Ол беттер жиынтығынан тұрады. әр бет сұрақпен аяқталады, оған оқушы жауап беруі керек. Жауаптың дұрыстығына байланысты оқушы келесі бетке көшеді немесе алдындағысына қайта оралады.

  • Форум, жалпы, сонымен қатар жеке күйінде кез келген тақырыпта болады.

  • Чат, онда оқушылар оқытушы алдыға қойған кез келген проблеманы талқылай алады.

  • Семинар.

  • Функционалды белгі. Компьютерлік тестілеу жүйесінде іске асырылған қызметтер жиынтығын сипаттайды. Жүйенің функционалдығы бойынша компьютерлік тестілеуді төмендегідей жіктеуге болады:

  • базалық функция жиынтығымен тестілеу жүйесі;

  • толық емес функция жиынтығымен тестілеу жүйесі (базалық функциялардың бір бөлігі болмайды);

  • кеңейтілген мүмкіндіктермен тестілеу жүйесі (міндетті базалық мүмкіндіктермен қатар, қосымша міндетті еместері де іске асырылған).

Базалық функцияларға жатқызуға болады: тестілік пакеттерді құру, редакциялау және күйге келтіру, тестілеу сеанстарын ұйымдастыру және өткізу, тестілеу үдерісін басқару, нәтижелерге талдау жасау. Қосымша функцияларға мысал ретінде тестілік пакетті әртүрлі форматта қайта қалыптастыруға, тапсырма мәтініндегі және т.б. орфографияны тексеруге болады. Moodle қашықтан оқу жүйесін тестілеу жүйе үшін мүмкіндіктері кеңейтілген жүйе ретінде қарастыруға болады (базалық функциялармен қатар, тапсырманы тестілік нысанда тестілік материалдарының халықаралық стандарттарымен қатар экспорттау/импорттау мүмкіндігі іске асырылған).

Сеанстық тестілеулерді өткізу әдістері. Тестілеу сеанстарын өткізудің қолданыстағы тәртіптерінің жиынтығымен сипатталады. Осы белгісіне сәйкес компьютерлік тестілеу жүйелері төмендегідей бөлінеді:



  • Локалды – бағытталған жүйе (жеке компьютерлік тестілеу, нәтижелері осы жұмыс станциясында локалды түрде немесе тестілеу сеансы уақытында жүйемен құрастырылатын хаттамалар көмегімен талданады);

  • Топтық тестілеуге (желілік) бағытталған (кестеде жүйенің – тестілеу серверінің және жұмыс станциясына орнатылған тестілеу компоненттерінің болуымен сипатталады);

  • web-тестілеуге бағытталған (тестілеуді ғаламдық Іnternet желісі арқылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді, сынақ өткізуші тестілеу жүйесіне қолжеткізу үшін браузерді немесе арнайы клиенттік бағдарламаны пайдаланады);

  • Бланктік тестілеуге бағытталған (тестілеу сеанстарын компьютердің көмегінсіз өткізуді қарастырады және ол бланктік тестілеуді және оның нәтижелерін ұйымдастыру үшін материалдарды дайындауға арналған);

  • Плезиоәмбебеп (тестілеудің бірнеше тәртібін қарастырады);

  • Әмбебап (тестілеудің бірнеше барлық мүмкіндіктегі тәртібін қолданады).

Ерекшеліктеріне қарай Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінде тестілеу жүйесін web-тестілеуге бағытталғандай етіп белгілеуге болады.

Сыртқы тест нысаны. Жіктеуге арналған бұл негіздеме алдындағысымен қиылысады, бірақ оның айырмашылығы акценттер тестілеу сеансының өткізу тәсіліне байланысты мәтіндік пакет нысанына емес, тестілеу сеансын ұйымдастырудың технологиялық негіздемелеріне жасалады. Сыртқы тестілеу нысаны бойынша компьютерлік тестілеу жүйесін мыналарға жіктеуге болады:



  • Электронды жүйеге тәуелді сыртқы тесттер жүйесі (осындай тесттерді компьютерлік тестілеу жүйесі аясында ғана клиенттік машинада орнатылған арнайы тестілеу компоненттері көмегімен пайдалануға болады);

  • Электронды жүйеге тәуелсіз сыртқы тесттер жүйесі (осындай тест түрлерін компьютерлік тестілеу жүйесі аясынан тыс жерде пайдалануға болады, өйткені тест орындалатын файлда жинақталады немесе браузер сияқты жалпыға бірдей қолданбалы бағдарламаны пайдалана отырып, жұмыс істеуге болатын құжатқа қайтадан жасалады);

  • Қағазбен сыртқы тестілеу жүйесі (осындай жүйелер бланктік тестілеу үдерісін қолдауға бағытталған);

  • Әмбебап (сыртқы тестердің бірнеше түрін қолданады).

Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінің тестілеу жүйесіне кіретін сыртқы тесттер жүйеге тәуелді болып табылады, бірақ оларды жүйеден тыс (басқа форматтарға экспорттау арқылы) пайдалану мүмкіндігі де бар.

Базалық құрылымдық бірлік. Компьютерлік тестілеудің жүйесін құру негіздемесіне кіретін концепциямен сипатталады. Базалық құрылымдық бірлік бойынша компьютерлік тестілеу жүйесі бөлінеді. Тестілік нысандағы тапсырмалар базасына бағытталған жүйелерді қарастырайық.

Жүйелердің бірінші типі тестілік нысанда тапсырмалар базасын құру үшін арналған, мұндай қорлар жіктеудің, сұрыптаудың, іздеудің, сүзгіден өткізудің бай палитрасымен жабдықталған. Осындай жүйелер кейбір тақырыптық және интеграциялық бірліктер аясындағыдай базада сақталатын тапсырмалардан тестерді құрастыруға мүмкіндік береді. Тестке бағытталған жүйелерде тапсырмалар базасы жоқ. Тестілік тапсырмалардың өзі тест контекстінен тыс қарастырылмайды. Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінде тестілік тапсырмалар тест аясында құрастырылады, бірақ сонымен қатар тапсырмаларды категориялар бойынша жинақтау және олардан банктер қалыптастыру мүмкіндігі бар.

Тестілік нысанда қолданылатын тапсырмалар типтерімен сипатталады. Осы белгілерге байланысты компьютерлік тестілеу бөлінеді:



  • толық (барлық базалық тапсырмалар типін тестілік формада қолданады);

  • шектелген (бір немесе бірнеше типтерді қолданады);

  • кеңейтілген (базалықтан басқа қосымша міндетті емес типтерді де қолданады).

Тестілік нысандағы тапсырманың базалық типтеріне жататындар: бір дұрыс жауапты таңдайтын тапсырма, бірнеше дұрыс тапсырмаларды таңдайтын тапсырма, ашық нысандағы тапсырма, сәйкестігін белгілеуге арналған тапсырма, дұрыс жүйелілігін орнатуға тапсырма. Қосымша типтерге мысалы, іс-әрекеттің дұрыс жүйеленуін көрсетуге арналған тапсырма, суреттегі облысты немесе нүктені көрсетуге бағытталған тапсырма және т.б. Тапсырмалардың шектеулі жиынтығы бар компьютерлік тестілеу жүйесі мазмұнына бір дұрыс жауапты таңдайтын тапсырма, бірнеше дұрыс тапсырмаларды және ашық нысандағы тапсырмалар кіреді.

Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінің тестілеу жүйесіне барлық тестілік тапсырмалардың базалық типтері, сонымен қатар басқалары да кіреді.

Тестілеу компоненті мен пайдаланушы арасындағы өзара әрекеттестік беріктігі компьютерлік тестілеу процедурасының педагогикалық және бағдарламалық беріктігімен сипатталады. Педагогикалық сенімділік бұл жерде тестілеу нәтижесінің сенімділігі аспектісінде түсіндіріледі. Оған әсер ететін: компьютерлік тестілеу сеансы уақытында сыналатын қосымша бағдарламаларды және электронды материалдарды пайдалану, сеанс басында тесті және сыналатынды таңдау мүмкіндігі және т.б.

Бағдарламалық сенімділік компьютерлік тестілеудің сеансын жәй ғана істен шыққаннан кейін (оперативті жадтың жоғалуы) қайта қалпына келтіру мүмкіндігімен сипатталады. Осы белгіге байланысты компьютерлік тестілеу жүйесі бөлінеді:



  • тестілеу процедурасының қауіпсіздігі жоқ жүйелері (педагогикалық, сонымен қатар бағдарламалық сенімділікті қамтамасыз ету механизмі жоқ);

  • тестілеу процедурасын орташа қорғаныс жүйесі (тестілеу процедурасының педагогикалық және бағдарламалық сенімді болуын қамтамасыз ету құралы жүйеде орташа деңгейде жүзеге асырылған);

  • тестілеу процедурасының жоғары деңгейдегі қауіпсіздігі бар жүйелері (педагогикалық, сонымен қатар бағдарламалық сенімділікті қамтамасыз ету механизмі бар).

Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінде тестілеу жүйесінің ерекшеліктеріне сәйкес, тестілеу процедурасының орташа қорғаныс деңгейіндегі жүйе ретінде белгілеуге болады.

Кешенділік. Жүйеде қолданылатын тестілеу үдерісі кезеңдерімен сипатталады. Тестілеудің кезеңінде келесі кезеңдерді бөліп қарастыруға болады: тестілік материалдарды дайындау, тестілеу сеанстарын жоспарлау, тестілеу сеанстарын өткізу, тестілік үдерістіі мониторингілеу, тестілеу нәтижесіне талдау жасау (бұл үдерістер нақтырақ алдында қарастырылған). Осы белгіге сәйкес компьютерлік тестілеу жүйесін төмендегідей жіктеуге болады:



  • кешенді емес (компьютерлік тестілеудің әдеттегідей екі ғана кезеңін қолданады: тестілік материалдарды дайындау және тестілеу сеанстарын өткізу);

  • плезиокешенді (компьютерлік тестілеудің барлық дерлік негізгі кезеңдерін қолданады, жиі осындай жүйелерде үдерістердің біреуін қолдау болмай қалып жатады (мысалы, мониторинг));

  • кешенді (компьютерлік тестілеудің негізгі кезеңдерін қолдайды).

Moodle-нің тесттік жүйесі


Moodle қашықтықтан оқыту жүйесінде тест курс элементі ретінде қарастырылғандықтан, жүйе тестілік үдерістіің барлық кезеңдерін қолдануы керек, сондықтан да ол кешенді болып табылады.

Moodle-нің тесттік жүйесінің мүмкіндіктері әрбір тестке мыналарды көрсете алады:



  • атауы;

  • кіріспе, яғни оқытушының қандай да бір ұсыныстары мен ескертпелері;

  • тест өтуге болатын уақыт аралығы (мысалы, 15.00 14.04.07-ден 20.00 15.08.08-ге дейін);

  • тестілеудің шектелген уақыты (мысалы, барлық сұраққа 30 минут);

  • бірінші және екінші рет қайта өту арасындағы уақыт интервалы;

  • беттегі сұрақтар саны;

  • сұрақтар ретінің кездейсоқтығы (иә/жоқ);

  • жауаптар ретінің кездейсоқтығы (иә/жоқ);

  • әрекеттер тәуелдігі (егер рұқсат етілген болса, онда қолданушы бұрынғы жауаптарын көріп те жауап бере алады);

  • жаттығу (бұл тәртіп әр сұрақты жекелеп тексеруге мүмкіндік береді, қайталанған жауаптар үшін балл алуға болады);

  • бағалау (ең жақсы, орташа, бірінші немесе соңғы мүмкіндік);

  • қайталанған жауаптар үшін өтемақы;

  • тестегі ақпаратты көруге рұқсат (өзінің жауаптары, бағалар, түсіндірмелер, дұрыс жауаптар, жауаптан кейінгі түсіндірулер).

Тестерді жасау құрылымын толығырақ қарастырайық. Тест жобалаушыға студенттердің өзін-өзі тексеруіне және аралық, қорытынды сынақтарды жасауға керекті сұрақтар қорын жасауға мүмкіндік береді.

Тест түрлері: дұрыс/дұрыс еместі таңдай отырып бірнеше жауаппен немесе қысқа мәтіндік жауапты қажет ететін тесттер. Барлық сұрақтар мәліметтер қорында сақталып, нәтижесінде осы курста (немесе басқа курстарда) пайдаланылады.

Студенттерге тесттен бірнеше рет өтуге рұқсат беруге болады, осы кезде әр әрекет автоматты түрде бағаланады. Тестілеу кезінде студенттер дұрыс жауаптарды, оқытушының пікірлерін немесе жай ғана бағаларды тесттің баптауларына байланысты көре алады.

Жаңа тест құрастыру

1. «Курс элементін қосу» тізімінен {Тест} мәнін таңдау, содан соң «Тест қосу» пішіні пайда болады (7 суретті қараңыз).

2. «Атау» өрісіне тест атауын енгізіңіз.

3. «Кіріспе» өрісінде тестке қысқаша ақпарат беріледі.

4. «Тестілеудің басы» өрісінде тестілеу басталуының нақты уақытын көрсетіңіз (сөндіруге болады).

5. «Тестілеуді аяқтау» өрісінде тестілеу аяқталуының нақты уақытын көрсетіңіз (сөндіруге болады).

6. Егер сізге сұрақтар кездейсоқ түрде қойылсын десеңіз «Иә» деген мәнді «Сұрақтардың кездейсоқ реттілігі» өрісінде белгілеңіз.

Егер сізге сұрақтар өзіңіз орнатқан кезекпен қойылсын десеңіз «Жоқ» деп «сұрақтардың кездейсоқ реттілігі» өрісінде белгілеңіз.

7. «Рұқсат» өрісінде студенттерге рұқсат етілген әрекет санын көрсетіңіз. Студенттерге тестті бірнеше рет өтуге рұқсат етуге болады. Әдетте, мұндай жағдайда тест білімді тексеру емес, оқыту құралы ретінде пайдаланылады.



Сурет 7 – «Тест қосу» формасы
8. Егер де сіз «Әрекеттер тәуелдігі» өрісінде «иә» мәні мен бірнеше рет өтуге рұқсат беретін алдындағы баптауды орнатсаңыз, әр кезекті әрекетте бұрынғылардың нәтижелері болады. Яғни барлық орындалған әрекеттер бір бүтіндей болады. Егер де оны қаламасаңыз, онда «жоқ» мәнін таңдаңыз.

9. Егер студенттерге бірнеше рет тест тапсыруға рұқсат етілген болса, сіз қорытынды бағаны әртүрлі әдіспен шығара аласыз.

«Бағалау» өрісі үшін төмендегі мәндердің бірін таңдаңыз:


  • ең жақсы баға – қорытынды баға ретінде барлық әрекеттер ішінен ең жоғарғы баға таңдалады;

  • орта баға – барлық әрекеттердің орта бағасы есептелінеді;

  • бірінші әрекет – бірінші әрекет бағасы есепке алынады (қалған әрекеттер қабылданбайды);

  • соңғы әрекет – соңғы әрекет бағасы есепке алынады.

10. Егер сіз «Жауаптарға пікір жазу» өрісіндегі «Иә» мәнін таңдасаңыз, онда студенттерге әр жауабынан кейін, таңдауларына пікір жазылады.

11. Егер сіз «Дұрыс жауаптарды көрсету» өрісіндегі «Иә» мәнін таңдасаңыз, онда студенттерге, тестілеу аяқталғаннан кейін, дұрыс жауаптары көрсетіледі.

12. Егер сіз «Шолуға рұқсат беру» өрісіндегі «Иә» мәнін таңдасаңыз, онда студенттерге тест жабылғаннан кейін, өздерінің тесттен өту әрекеттерін көруге рұқсат беріледі.

13. «Ең жоғарғы баға» өрісі тестке арналған – тестілеудің бағасы пропорционалды келтірілетін баға.

Мысалы, сіз тест үшін ең жоғарғы баға 50 деп алдыңыз (яғни, сіз тест бүкіл курс бағасының 50% береді деп санадыңыз). Сіздің тестіңіз 10 сұрақтан тұратынына және 100 баллға бағаланатынына қарамастан, қорытынды баға, ең жоғарғы баға, 50-ге пропорционалды өзгереді.

14. «Жалғастыру» түймесін шертіңіз. Алдыңызда санаттарды өңдеу түймесі және Жаңа сұрақ жасау мәзірі бар пішім пайда болады (8 сурет).



Сурет 8 – «Сұрақтар банкі» пішімі
Тізімнен тесттің санатын таңдап, таңдалған санаттың сұрақтарын көрсету үшін «Көрсету» түймесін шерту керек.

Сонымен қатар, «Санаттарды өңдеу» түймесін шертіп, санаттарды өңдеуге болады, демек, санаттағы сұрақтарды қосуға, өзгертуге немесе жоюға болады.

Сұрақтардың санаттары – сұрақтарды бір үлкен тізімнің орнына, бірнеше тізімде сақтауға мүмкіндік береді (мысалы, тақырыптары бойынша). Әр санат атау мен кішігірім сипаттамадан тұрады.

15. «Сұрақтарды қосу» өрісіндегі берілген мәндердің тізімінен ең дәл келетін нұсқасын таңдаңыз (9-сурет):



  • жабық түрдегі сұрақ – студент сұрақтың жауабын бірнеше жауап нұсқасының ішінен таңдай алады және де әр сұраққа бір немесе бірнеше жауап бола алады. Тест аяқталғаннан кейін жауаптың әр нұсқасына, студент таңдаған жауап нұсқасының қарсысында көрінетін, пікір жазылуы керек (егер бұл опция тестті жасау кезінде рұқсат етілсе);

  • альтернативті – студент сұраққа «Дұрыс», немесе «Дұрыс емес» деп жауап беруі керек. Егер «жауаптарға пікір жазу» опциясы таңдалған болса, онда студент тестке жауап бергеннен кейін жазылған пікірді көреді;

  • қысқа жауап – сұраққа жауап берген кезде студент сөзді немесе қысқа сөйлемді тереді. Қысқа жауаптардың бірнеше дұрыс нұсқалары бола алады, әрқайсысының бағалануы әртүрлі;

Сурет 9 – «Жаңа сұрақ жасау» пішімі





  • сандық – сұраққа жауап берген кезде студент сандық мәнді енгізеді. Сұрақтардың мұндай түрі жауаптарда қателік болуына мүмкіндік береді. Мысалы, егер дұрыс жауабы 30 болып, ал рұқсат етілген қателік 5 болса, 25-35 арасындағы жауаптар дұрыс деп саналады;

  • сәйкестік – студентке сұрақтар мен жауаптардың тізімі беріледі. Студенттің мақсаты: әр сұрақ үшін дұрыс жауабын тауып, дұрыс жауаптардың тұсына сұрақтардың номерлерін қою;

  • сипаттама – бұл нұсқа сұрақ болып табылмайды. Ол бар болғаны терілген мәтін. Студент осы нұсқадағы сөздерді пайдаланып шығарма немесе эссе жазуы керек;

  • сәйкестікке ашық түрдегі кездейсоқ сұрақтар – сұрақтың кіріспе мәтінімен танысқан соң, студентке бірнеше сұрақтар мен жауаптар беріледі. Оған әр сұраққа жауаптар мәзірінен сәйкесін таңдау керек. Барлық сұрақтар балл бойынша бірдей және барлығы қосылып берілген сұрақ түрінің толық бағасын береді. Осы кезде әр әрекеттің сұрақтары мен жауаптары әртүрлі болады;

  • кірістірілген жауаптар – әйгілі Cloze пішіміне ұқсас, сұрақтардың өте ыңғайлы түрі. Ол – жауаптары әртүрлі: қысқа және сандық жауаптар, бірнеше рет таңдау мүмкіндігі бар сұрақтар бар мәтіннен тұрады (Moodle пішімі).

Сұрақтар әртүрлі қиындықта берілуі мүмкін, ал бірнеше жауаптары бар сұрақтарға әртүрлі балл қоюға болады. Тестілеуден соң студенттердің бағасы қойылған кесте пайда болады. Жауаптарды сараптаудың нәтижесінде студенттер көбіне қай сұрақтардан қате жібергені көрінеді.

Курстың барлық ресурстары мен элементтерінде енгізу алаңы ретінде ыңғайлы және интуитивті түрде түсінікті WYSIWYG HTML редактор қолданылады, сонымен қатар Richtext форматында формуланы енгізу мүмкіндігі бар (10 сурет ). Жүйе сүзгісі көмегімен курстың барлық беттерінде бар ресурстар мен глоссарийлердің жазбаларына автоматты түрде сілтеме жасауды жүзеге асырады.


Сурет 10 – «Richtext өңдеушісі» терезесі


Курстың барлық элементтері үшін, сонымен қатар еркін, оқытушылар жасаған, шкалалар бойынша бағалау мүмкін болмақ. Барлық бағаларды курсты бағалау бетінен көруге болады, оның бағалауды көрсету және топтастыру түрі бойынша көптеген күйлері бар. Курс үшін курстағы соңғы өзгерістерді қарайтын ыңғайлы бет бар, онда таңдалған уақыт ішінде оқытушы жаңадан қатарға қосылған студенттерді, форумдағы жаңа хабарламаларды, тесттен өтудің соңғы әрекеттерін және басқа да курс элементтерін көруіне болады.

Сонымен қатар, логтар бетінде әртүрлі қатысушылар арқылы курста қандай іс-әрекеттер орындалғанын көруге болады. Әр оқушы курстан өтуді қызмет туралы есептің қосымша бетінен бақылай алады.

Осылай, Moodle жүйесі қарым-қатынастың барлық негізгі механизмдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді: перцептивті (бір-бірін қабылдауға жауап береді); интерактивті (өзара қарым-қатынасты ұйымдастыруға жауап беретін); коммуникативті (ақпарат алмасуға жауап беретін).

Сонымен, модульді объектілік-бағытталған қарқынды оқу ортасын пайдалана отырып, оқыту үдерісі негізгі әдістемелік қағидаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, бірнеше артықшылықтары бар:



  • кең көлемдегі уәждік әлеует;

  • құпиялылық;

  • аудиториядағы жұмысқа қарағандағы, оқытудың интерактивтігінің үлкен дәрежесі;

  • «қатеден қорқудың» болмауы;

  • оқитын материалды бірнеше мәрте қайталау мүмкіндігі;

  • модульдік;

  • ақпаратқа қолжеткізу қарқыны;

  • қолжетімдік;

  • үнемі белсенді анықтамалық жүйенің болуы;

  • өзін-өзі бақылау мүмкіндігі;

  • дамыған оқыту қағидаларына сәйкес келуі;

  • жекелеп қарау;

  • оқу-құралдарымен қамтамасыз ету және ақпаратты ұсынуда көп нұсқалық.

Moodle ортасының қызметтерін пайдаланудың кейбір мүмкіндіктерін және мазмұндық ерекшеліктеріне сипатта бердік. Оларды қолдану – толығымен он-лайн курстар жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен, негізінде ортаның жоғарыда сипатталған мүмкіндіктерден көп мүмкіндік беретініне назарларыңызды аударамыз, себебі Moodle қоғамдастығы әр уақытта осы әйгілі қашықтықтан оқыту ортасының қызметтерін толықтыру және мүмкіндіктерін кеңейту бойынша жұмыс жасайды.

Осы оқу бағдарламасының барлық жоғарыда аталған ерекшеліктері заманауи білім берудің негізгі міндеттемелерінің бірін – оқушыларда коммуникативтік біліктілікті қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар мұғалімдердің өзара әрекеттестігін толыққанды ұйымдастырудың негізі болады.



Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Семин Ю.Н. Интегративный подход к проектированию содержания общеинженерной подготовки в техническом вузе // Образование и наука. Известия Уральского научно-образовательного центра РАО, 2000. – №3(5) – С. 48-58.

  2. Шлыкова С.А., Бурсин И.Л., Запольская Л.С., Насадкина О.Ю. Информационно-образовательные ресурсы Интернет-библиотеки Карельского виртуального университета: проблемы и перспективы. – Всероссийская научно-методическая конференция Телематика 2002 – Санкт-Петербург, 2002 – http://tm.ifmo.ru/db/doc/get_thes.php?id=196.

  3. Федосеев А.А. Проектирование учебной деятельности как методическая основа внедрения информационных технологий в образование // Системы и средства информатики. – М.: Наука, 1995. – Вып. 5. – С. 160-163.

  4. Сохор А.М. Логическая структура учебного материала. Вопросы дидактического анализа. – М.: Педагогика, 1974. – 192 с.

  5. http://dougiamas.com/writing/constructivism.html.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет