Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі М. Х. Дулати атындағы



бет25/35
Дата10.02.2022
өлшемі4.49 Mb.
#455253
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Спутник

Қолданушы терминалдары. Өткір бағытталған борттық антенналар салдарынан және Odyssey спутниктерінің қабылдау құралының жоғары сезімталдылығымен абоненттік станцияларда аз шығыс қуатымен таратқыштарды пайдаланады. Абоненттік терминалдардың екі модификациясын шығарады: дербес терминалдың 0,5 Вт шығыс қуатымен және 5 Вт-қа дейін ұтқырлығымен. Төрткіріс спираль типтегі антеннаның күшейту коэффициенті 2,5 дБ тең. "Жер-ҒА" байланыс желісінде энергетикалық қоры 6... 10 дБ құрайды.

Кесте 2.5.

Түйісу станцияларының негізгі сипаттамалары



Түйісу станцияларының сипаттамалары

Байланыс бағыты

Қабылдау

Жіберу

Жиілік диапазоны, ГГц

19,3 ...19,6

29,1... 29,4

Жолақтың жалпы еңдігі. МГц

300

300

Канал жолағының еңдігі, МГц

2,5

2,5

Антеннаның күшеуту коэффициенті, дБ

64,8

60,8

3 дБ деңгейі бойынша сәуле еңдігі, мин

2,2

10,2

Қабылдағыштың бөгеттік температурасы, К

666,5

-

ЭИИМ, дБВт

-

85,9

Радиотелефонды терминал тек қана Odyssey жүйесінде, жерүсті ұялы байланыстарында да жұмыс жасау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Жерүсті ұялы желілеріне қолжетімділік басымдылық болып табылады. Бұл желіде бос жиіліктерді анықтағаннан кейін базалық станция адресіне шақырылу жіберіледі. Мүмкін емес жағдайда базалық станциямен (шақырылу блокқа қойылады немесе барлық жиіліктер бос емес) байланысуды терминал автоматты түрде сұранысты спутниктің жүйесіне жібереді.

Абоненттік терминал сұрасына жауап ретінде автоматты түрде жиілік парлары тағайындалады (жіберу және қабылдау) сәулелердің бірінде жұмыс істеу үшін. Екірежимдік радиотерминалы GSM, ТОМА, CDMA, PHS ұялы желілер стандартында жұмыс жасауды қамтиды.

Сөз 4,2 кбит/с жылдамдығымен жіберіледі. Сөздік каналда қателік ықтималдылығы 10~3 құрайды. Мәліметтер 2,4 тен 64 кбит/с дейін жылдамдылығымен жіберіледі. Битте қателік ықтималдылығы 10~5 аса емес. Қателіктерді түзету үшін нақты кодтау қолданылады.

Odyssey терминалдарының модификациялары қарастырылған, ол санды-әріптік индикациясынан (пейджинг) дербес радиошақыру хабарламасын қабылдау, электрондық пошта режимінде жұмыс жасау, қысқа сандық хабарламаларды жіберу мүмкіндігін ұсынады. Тұрақты қолданушылармен байланыс және интернетке қолжетімділікті 64 кбит/с жылдамдылығымен ұйымдастырады.

Абоненттік терминалдың координаттарын Odyssey жүйесінің өзіндік сигналдары бойынша анықтайды. Бұл дегеніміз Odyssey ҒА сигналдары бойынша орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет