Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы оқо бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты диктант мәтіндерінің жинағЫ



бет3/49
Дата23.10.2023
өлшемі263.71 Kb.
#481411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Диктанттар жинағы

ДИКТАНТ: ТҮСІНІКТЕМЕ, ТҮРЛЕРІ


Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады.
А. Байтұрсынұлы

Диктант – латынның «дикто» деген сөзінен шыққан. Яғни «естіртіп айту» деген мағынаны білдіреді. Диктант оқушылардың сауаттылығын арттырып, сөздік қорларын байытады. Диктантты жаздыру арқылы оқушының білімді қандай деңгейде игергендігін тексеруге болады. Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережеге сай жүргізіледі. Ең алдымен, ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай диктант жазылады. Бүгінге дейін диктанттың бірнеше түрі іс-тәжірибеде қолданылып келеді.


Атап айтқанда:
- сөздік диктанты
- көру диктанты
- терме диктанты
- жатқа жазу диктанты
- ескерту диктанты
- өздік диктанты
- ерікті диктант
- түсіндірме диктанты
- графикалық диктант
- шығармашылық диктанты
- бақылау диктанты
- жүгіру диктанты
- сүйеніп отыру диктанты
- ысқыру диктанты
- модельдеу диктанты
- сандық диктанты т.б.


1.1 Дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы
1-кесте

Дәстүрлі диктант

Қазіргі өлшемдегі диктант

1

Жазылым дағдысы;

Тыңдалым дағдысы;

2

Мұғалім басты рөлде;

Оқушы басты рөлде;

3

Грамматикалық, пунктуациялық қателіктері тексеріледі;

Тыңдау дағдысы және сауаттылығы тексеріледі;

4

Білім диктант нәтижесімен өлшенеді.

Өмірге қажеттілігі ескеріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет