Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы оқо бойынша педагогикалық Қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты диктант мәтіндерінің жинағЫ


Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы



бет4/49
Дата23.10.2023
өлшемі263.71 Kb.
#481411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Диктанттар жинағы

1.2 Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы:

  • Мәтінді мұқият тыңдап, сақ отыруға баулиды;

  • Тез ойлап, тез шешім қабылдайды;

  • Лайықты нәрсені таңдауға және тыңдауға үйренеді.

Қазіргі қолданылып жүрген дәстүрлі диктанттардың шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту – тіл дамыту жұмысының басты мақсаты.(1-кесте) Соңғы кезде қазақ тілін әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашы- лық диктанттың бірнеше түрі қолданыста жүр. Кейбіріне тоқталатын болсақ:
Сандық диктант
Берілген сөздерге қатысты сандарды қойып жазады:
Зат есім - 1
Етістік - 2
Сын есім - 3
Сан есім – 4





МЫСАЛДАР

СӨЗДІҢ ФОРМУЛАСЫ

БАЛЫ

1.

жиырма үш







2.

ойнап жүр







3.

кітап







4.

ақылды







5.

қыдырды







6.

сары







Жауапты тексеру





МЫСАЛДАР

СӨЗДІҢ ФОРМУЛАСЫ

1.

жиырма үш

4

2.

ойнап жүр

2

3.

кітап

1

4.

ақылды

3

5.

қыдырды

2

6.

сары

3



Оқушының оқу жетістігін өлшейтін бағалау критерийі



Критерий

Дескриптор

Жетістік деңгейі

Бағасы

А (max 6)

Сөз таптарын бір-бірінен ажырата біледі.
Тапсырма дұрыс орындалған.

6 балл

5”

Білу және түсіну

Тапсырмадан 1 қате жіберген.

5 балл

4”




Тапсырмадан 2 қате жіберген.

4 балл

3”




Тапсырмадан 3-6 қате жіберген.

1-3 балл

2”




  • Модельдеу технологиясы қазақ тілі сабақтарында сызба, макет арқылы емес, тіл арқылы жүргізіледі. Сол себептен де модельдеу шығармашылық жұмыстың бір түрі ретінде тіл дамыту үрдісінің жемісті, өнімді тәсілі болып табылады.

Модельдеу диктанты.
Диктантты жүргізу әдістемесі: диктант төрт кезеңнен тұрады.
Модульдеу диктанты әдебиеттік оқудан өтіп жатқан көркем шығармадан алынады. Диктантты орындамас бұрын, интерактивті тақтадан диктант мәтіні оқылады.



Модульдеу диктанты: М.Мақатаев «Үш бақытым»

Бірінші кезең

көп нүктенің орнына керекті сөзді тауып жазады

Ең бірінші ................ – Халқым менің,
Соған берем ................... алтын кенін.
.... ..... ......, мен бармын, ..... болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан ..................
менің.

Екінші 
кезең

Модель-сызбаны толтырып,
диктантты жалғастыр

Не істедім? ..........................................
..........................................
..........................................

Үшінші
кезең

Диктантты үзбей жалға ...

Бақытым бар үшінші - .............................................................................................................



Төртінші
кезең

Тәуелденіп тұрған сөзді теріп жазып, сөз құрамына талда

................................................................... .... ....





Модульдеу диктантының тіл дамытудағы, оқушылардың сауаттылығын арттырудағы ұтымдылығы
Біріншіден, дәстүрлі диктанттағыдай оқушы орындаушы, естігенін ғана жазушы емес, ең бастысы қабілетті, ізденістеріне қарай шығармашылықпен түрлендіруші орнында болады;
Екіншіден, өз жұмыстарына, бір-бірінің жұмыстарына баға беруші, салыстырушы дәрежесінде көрінеді;
Үшіншіден, өздерін-өздері,бір-бірін оқытушы, өз тілдерін, білімдерін өздері жетілдіруші, дамытушы іс-әрекетінде болады;
Төртіншіден, бұл диктанттар тексеруге, жедел қорытынды, коррекция жасауға тиімді болып келеді;
Бесіншіден, алған білімдерін шығармашылықпен жаңа өнім жасауға бағыттайды;
Алтыншыдан, қаламгерге еліктеу, оның көркем тілдерін меңгеру, оны өз тәжірибелеріне пайдалану дағдылары жетіледі, тілдері дамиды.

  • Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық диктанттардың тағы бір түрі «Өзің тап». «Өзің тап» диктанты әдебиеттен өтіп жатқан көркем шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі. Диктант мәтінінде мұғалім сын есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына етістіктерді т.б. жазады, оқушы дұрысын өздері табады. Диктанттың қай түрі болмасын сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл диктанта да мәтін алдында жататын себепті тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады.Осындай диктанттар оқушылардың көру, есту қабілеттерінің дамуына да ықпалетеді.Олоқушылардың тікелей өз іс-әрекеттеріне негізделеді. Мұғалім диктант мәтінін жазып, әрқайсысының алдына тастайды. Мәселен, мұғалім мақсатты түрде 10 қате жібереді, яғни он сөзді мәтін мазмұнына сәйкес келмейтіндей немесе әдеби тілде емес, қарапайым сөйлеу тілінде ұсынады. Көбінде сөз таптарын өзгертіп береді.Оқушының мақсаты сол сөздерді тауып, орнын мәтіндегі сөздермен дәл ауыстырады. Диктанттың бұл түріде шығармашылық жұмыстар арқылы тіл дамыту үрдісінде тиімді болып келеді. Мұғалім оқушының неше қате сөзді тапқанына қарай бағалау, коррекция жұмысын жүргізеді.

«Өзің тап» диктантының тиімділігі төмендегідей тұжырымдалды:

  • Оқушылардың көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді;

  • Сөздік қорының баюына ықпал етеді;

  • Пәнаралық байланыс негізінде алған білімдерін толықтырды. [1]

Сонымен тіл дамытуға арналған шығармашылық бағыттағы диктанттың бұл түрлері оқушылар танымын белсенді етуде, қызығушылығын арттыруда, әсіресе әдеби тілін дамытуда, сауаттылыққа баулуда өте тиімді болып келеді.
Әлемдік тәжірибеде диктанттарды түрлері өте көп және олар өмірге бір қажеттілік ретінде қолданылып, оқушылардың аса қызығушылығын тудыратын әдіс ретінде қолданылады. Бүгінге дейінбіздіңқолданып келген диктант түрлері жазылым дағдысына жатқызылып келсе, қазіргі диктанттың жаңа түрлері тыңдалымды игеруге бағытталған тәсіл ретінде қарастырылады. Жаңа әдіспен орындалатын диктанттың кейбір түрлері көптеген ұстаздарды қызықтырды, сондықтан терме, көру, ескерту диктанттарының орнына қазіргі кезде жаңа түрі «Ысқыру», «Жүгіргіш», «Сүйеніп отыру» диктанттарын көп жүргізіліп келеді. Бұл диктанттар айқайлау,сыбырлау, ысқыру арқылы орындалады.Белсенді іс-әрекет болғандықтан оқушылардың қызығушылығы жоғары болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет