Бекіту сұрақтары:
1)Қазақстанның экономика тарихының қандай деректемелерін білесіз?.
2)Қазақстанның экономика тарихының тарихнамасна қысқаша шолу беріңіз?
-
№3-4 лекция Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект.
Негізгі ұғымдар: Табиғи орта, ауа райы, мәдениет, өңдеу тәсілі, нуклеус, Маханджарлық, Атбасарлық мәдениеттер, неолиттік төңкеріс, ботай мәдениеті, жануарлардың доместикациясы.
Жоспар:
1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы.
2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері.
3.Мезолиттегі жер өңдеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары.
4. Неолиттік революция – адамзаттың экономикалық ұмтылысы.
5. Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеңіндегі мыс құралдардың пайда болуы.
Лекция
1.Ерте гоминидтердің палеографиялық өмірсүру жағдайы.
Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит (б.з.б. 30 — 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 — 10 мыңжылдықтарға дейiн) дәуiрiнде адамзат жерiмiздiң барша аймақтарына тараған. Республика аумағындағы тас дәуiрi әртүрлi ендiктердегi әлемдiк дамудың (олдувей мәдениетi, ашель мәдениетi, мустье мәдениетi, т.б.) барлық заңдылықтарын сақтаған. Ежелгi тас құралдары Қаратау қыратының оңт.-батысындағы Арыстанды өз. алқабының төм. төрттiк дәуiрiне қатысты ең биiк сөресiн құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған.
2.Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері.
Қаратау сiлемдерiндегi ашель кезеңiнiң тұрақтары көп. Ең көрнектiлерi Бөрiқазған мен Тәңiрқазғаннан табылған бұйымдар төрт топқа: бiр жақты, екi жақты шапқыш құралдар; зiл мен сындырғыштар; домалақ iрi бұжыр тастар топтарына жатады. Мұндай шапқыш құралдар Оңт.-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель кезеңiндегi бұйымдарға өте ұқсас. Түркiстан қ. маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткiштерiнен табылған тас құралдардың жас мөлш. б.з.б. 500 мыңжылдықтан әрi асады. Ашель кезеңiнiң ескерткiштерi Орт. Қазақстаннан (Құдайкөл, Жаманайбат, Обалысан, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Қозыбай), Маңғыстаудан (Шақпақата, т.б.), Мұғалжар тауларынан (Жалпақ, Мұғалжар, т.б.) да табылған. Екi жақты шапқыш (бифас) құрал, әсiресе, соңғы аталған өңiрдегi бiрнеше орындардан зерттелдi.
Мустье кезеңiне жататын тұрақтардың ең маңыздылары Қаратаудан (Уәлиханов атындағы тұрақ, Шақпақ, т.б.), одан соң Бат. Қазақстаннан (Шақпақата, Құмақапа, Аққыр, т.б.), Сарыарқадан (Бұрма, Семiзбұғы 2-10, Аққошқар, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Бөдене-1, т.б.), Жетiсудан (Ақтоғай, т.б.) табылған. Кейiнгi палеолит жұрттарында бұрынғысынша, ұсақ малта тастардан жасалған шапқыш құралдар, салмақты қырғыштар, үш бұрышты қалақшалар көп, олар дөңгелек тұрпатты өзектастардан омырылып алынған. Омыру техникасы жетiлдiрiлген, көп қырлы призма пiшiндес өзектастар да табыла бастады. Соғып түзету техникасы кең қолданылған, ол жүзi жұқа құралдар — найза, сүңгi ұштарын жасауға мүмкiндiк берген. Бұл кезеңде палеогеогр. жағдай қолайсыздау болғанымен, Қаратау жотасынан (Уәлиханов атынд. тұрақтың жоғ. мәдени қабаттары, Ащысай, Ұшықтас, т.б.), Шығ. Қазақстандағы Ертiс өз-нен (Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбi, т.б.), Сарысу өз. өңiрi мен Солт. Балқаш өңiрiнен (Семiзбұғы, Тораңғы, Баршын, Батпақ, т.б.) табылған тас бұйымдар осы кезең туралы мейлiнше толық мағлұмат бередi.
3.Мезолиттегі жер өндеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары.Палеолиттен мезолитке (б.з.б. 12 — 10 — 5 мыңжылдықтар) өткен кезеңдерде қазiргi кездегiге жуық табиғи келбет орнықты. Садақ пен жебенiң ойлап табылуы аңшылық кәсiпке үлкен мүмкiндiктер туғызды. Бұл дәуiр ескерткiштерi Қазақстанда аз зерттелген. Оңт. Қазақстанда (Маятас, Жаңашiлiк-1-3, т.б.), Орт. Қазақстанда (Қарағанды-15, Әкiмбек, т.б.), Солт. Қазақстанда (Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2, Атбасар, т.б.), Торғай ойпаты аудандарында (Дүзбай-6, т.б.), Қостанай қ. маңында (Дачная, Евгеньевка, т.б.) орналасқан тұрақтар адамдардың шаруашылығынан, дүниетанымынан мол мағлұмат бередi. Неолит (б.з.б. 5 — 3 мыңжылдықтар) дәуiрiнде адамдар өнiм өндiруге бет бұра бастады. Микролиттiк (жебе ұштары, саптамалы құрал жүздерi) және макролиттiк мәдениет (тас балта, қашау, кетпен, дән уатқыш, келi, пышақ, қырғыш, т.б.) дами түстi. Тас өңдеу (тегiстеу, аралау, бұрғылау), сүйектен, мүйiзден, ағаштан бұйым жасау жетiлдi. Қыш ыдыстар жасала бастады. Мекендерiне байланысты неолит, энеолит қоныстарының бұлақтық, өзендiк, көлдiк, үңгiрлiк деп топталатын 600 орны анықталды.
Қоныс орындары Қаратау алқабынан (Қараүңгiр, Арыс, Дермене, Тасқотан, т.б.), Арал маңынан (Жалпақ, Ақеспе, т.б.), Сарыарқадан (Жезқазған, Сарыбұлақ, Қарағанды кешендерi, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Соцчигиз, т.б.) табылды. Ақмола обл. Атбасар ауд-ндағы Атбасар мәдениетi (б.з.б. 7 мыңжылдықтың соңы — 6 мыңжылдық басы) жергiлiктi мезолит тайпаларының материалдық негiзiнде қалыптасқан. Мұнда 200-ге тарта тұрақ табылған.
4.Неолиттік ревалюция-адамзаттың экономикалық ұмтылысы. Торғай ойпатында неолит дәуiрiне жататын Маханжар мәдениетiнiң тұрақтары ашылған. Сондай-ақ, бұл заман ескерткiштерi Ертiс алабында (Усть-Нарым, Пеньки, Железинка моласы) да көп. Неолит дәуiрiнде дәстүрлi аңшылық, балық аулау, терiмшiлiк сақталды. Өндiрушi шаруашылық негiзi — қарапайым егiншiлiк пен мал ш. пайда болды. Бұл энеолиттiк (б.з.б. 3 — 2 мыңжылдықтар) тұрақтардан айқын көрiнедi.
5.Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеніңдегі мыс құралдарының пайда болуы.Көкшетаудағы Ботай бекетi жанындағы Ботай мәдениетi, Торғайдағы Терсек мәдениетi солт. өңiрлердегi далалық энеолиттi сипаттайды. Осы мәдениеттердiң көптеген материалдық деректерi байырғы адамдардың дiни нанымынан, шаруашылық жайынан хабар бередi. Күнделiктi өмiрде бiрқатар заттар мыстан жасала бастаған.
Мақсаты: Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект тақырыбына байланысты тас ғасырының еңбек құралдарының қарапайымнан бастау алып,бүгінгі күнгі технократиялық дамуға дейінгі жетілдірудің эволюциясы негізімен экономикалық дамуға қол жеткізген адам баласының қабілетінің шексіз дамуы туралы проблемалық ой қозғау.
Лекция.
Бекіту сұрақтары:
1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы қандай болды?
2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдерінайтып беріңіз?
3. Аңшылық құралдарын атап беріңіз?
4.Балық аулау тәсілдері қандай болды?
№5-6 лекция Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығымен қоғамдық қатыныстары.
Негізгі ұғымдар: Көшпелі, мал шаруашылығы, Нұра, Атасу, Беғазы- Дәндібай, от өткізу әдісі. Түркі тайпаларының тарихи аренаға шығуы.
Жоспар:
1). Қоланы меңгеру. Ерте металлургия.
2). Қола дәуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалы:
- мал шаруашылығы
- жер өңдеу
- үй тұрмысы
3). Қоғамдық қатынастар.
Мақсаты: Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы мен қоғамдық қатынстарының экономикалық даму тарихы туралы біліктіліктерін дамыту.
.
1.Қоланы меңгеру. Ерте металургия. Қола дәуiрiнде (б.з.б. 2 — 1 мыңжылдықтар) мыс пен қола металлургиясы дамыды (қ. Ежелгi кен қазбалары). Тайпалар мал және егiн ш-тарымен кешендi түрде айналыса бастады. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола — еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат көзiне айналды. Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Жайық өңiрiнiң, Қазақстан және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегi жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендедi; бұл тайпалар өзiнше бiр үлгiдегi жарқын мәдениет қалдырды. Мұны 1914 ж. Сiбiрдегi Ачинск қ-ның маңынан табылған Андрон деревнясы атымен аталатын Андрон мәдениетiн қалдырған тайпалар ескерткiштерiнен көруге болады.
Андрон мәдени-қауымдастығы таралған аймағына және өзiндiк белгiлерiне қарай үш тарихи кезеңге бөлiнедi: ерте кезеңi — б.з.б. 18 — 16 ғ-лардағы Петров мәдениетi; орта кезеңi — б.з.б. 15 — 12 ғ-лардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттерi; соңғы кезеңi — б.з.б. 11 — 9(8) ғ-лардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi. Ғылымда Андрон мәдени-тарихи қауымдастығы тарихи кезеңдерiне қатысты түрлi пiкiрлер бар. Дегенмен, ғалымдардың көбi бұл кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырды деген пiкiрге тоқтаған. Қола дәуiрiндегi әрбiр мәдениет жерлеу құрылыстарымен, қабiрге қойылған заттарымен ерекшеленедi.
Бұл кезеңде түрлi металдардың қорытпаларынан еңбек құралдарын (пышақ, орақ, шалғы, балта), қару-жарақ (қанжар, найза, жебе ұштықтары), әшекейлiк бұйымдар (тоға, бiлезiк, моншақ, тарақ) жасау жетiлдiрiлдi. Ертедегi шеберлер металл құю, соғу, бедерлеу, өрнек салу, тегiстеу, әрлеу тәсiлдерiн жақсы меңгере бастады. Тас құралдары да (дән уатқыш, келi-келсап) бұрынғысынша пайдаланыла бердi. Мүйiз, сүйек, шақпақ, тас, қыш, терi, жүн, ағаштардан бұйымдар жасау iсi жетiле түстi. Мал ш. мен кен байыту iсi қоғамдағы ер адамдар рөлiн күшейттi. Бұл өз кезегiнде аналық тек үстемдiгiн аталық тек билiгiнiң алмастыруына алып келдi. Дiни ұғымда отқа, ата-баба аруағына табыну түрлерi кең тарала бастады. Қола дәуiрiнiң өзiндiк мәдени кезеңдерi Қазақстанның барлық аймақтарынан байқалады.
Қола дәуірінде малды қолға үйрете бастады. Төрт түлік малдың ішінде ең бірінші үйретілгені жылқы және қой, ешкі болды. Маолдың қолға үйретілуі көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтың шығуына үлкен әсерін тигізді. Тайпалар мен тайпалық одақтардың көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысуына себеп болған жағдай табиғи-климаттық жағдай. Табиғи-климат, географиялық ерекшеліктер сол жерде тұрған адамдардың шаруашылықтың қандай түрімен айналысуына бірден-бір себеп болды.
Шаруашылығына байланысты көшпелі өмірдің дәстүріне ауысты. Сонымен қатар егіншілік мәдениеті де қатар дамыды. Қазақстан жерінде негізінен дәнді дақылдар егілді. Табылған археологиялық қазбалар бүгін соны дәлелдеп отыр. Қола дәуірінде еңбек өнімділгі тас ғасырына қарағанда анағұрлым артты., оны бүгінгі ғылым жетістіктері толық дәлелдеп отыр.
Қорыта келгенде қола дәуірінің үлкен жетістігін көруге болдады.
Бекіту сұрақтары:
1). Қоланы игеру тәсілі қандайболды?
2). Қола дәуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалын атап беріңіз?
3). Қоғамдық қатынастары қалай жүрді?
4 Еңбек өнімділігінің артуының себептері..
№7-8 Темір дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарынын шаруашылығы.
Негізгі ұғымдар: Экстенсивті мал шаруашылығы, богарлық жер өңдеу, жоғалған үлгі әдісімен құю.
Жоспар:
1. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өту. Жеке меншік қатынастары.
2. Жер өңдеу және ирригация.
3. Қол өнер.
4. Сауданың дамуы. Дала жолының маңызы
Лекция
1.Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен қоғамдық қатынастар.Темiр дәуiрiнде (б.з.б. 7 ғ-дың басы) адам еңбегi анағұрлым өнiмдi бола түстi. Темiр өндiру қосымша өнiм мөлшерiнiң артуына жағдай туғызды. Көлiк ретiнде жылқы кеңiнен пайдаланылды. Табиғи орта мен климат жағдайларына байланысты мал ш-ның негiзгi үш түрi: көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшылық дами түстi. Темiрден ер-тұрман әбзелдерi (ауыздық, т.б.), қару-жарақ, тұрмыс бұйымдарының жаңа түрлерi жасалды. Көшпелi тұрмыста киiз үй, арба, күйме кеңiнен қолданылды. Малға және жерге отбасылық меншiк нығайды. Қауымдар арасында жайылым, мал үшiн қақтығыстар жиiлей түстi. Ерте темiр ғасыры дәуiрiнде (б.з.б. 1 — мыңжылдық ортасы) Қазақстандағы тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңт., шығыс және орт. аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына (қ. Сақтар), ал батыс, солт. аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бiрлестiгiне бiрiктi. Археол. деректер бұл бiрлестiктерде мемл. нышандардың болғандығын аңғартады. Сақтардың оңт. өңiрлердегi Бесшатыр, Есiк обасы, Түгiскен, Ұйғарақ, т.б. ескерткiштерi олардың мәдениетi мен өнер жетiстiктерiнiң бiрегей туындылары болып табылады. Шығ. Қазақстандағы тайпалар материалдық мәдениетi майәмiр (б.з.б. 7 — 6 ғ-лар), берел (б.з.б. 5 — 4 ғ-лар), құлажорға (б.з.б. 3 — 1 ғ-лар) кезеңдерiне бөлiнедi. Майәмiр кезеңiндегi Шiлiктi обасы, Берел кезеңiндегi осы аттас обалардан алынған мағлұматтардан сақтардың әлеум. жағдайын, тұрмысқа қажеттi заттардан олардың шаруашылығы мен дүниетанымын аңғаруға болады. Орт. Қазақстан тайпалары Тасмола мәдениетiн қалдырды (жазба деректерi бойынша бұлар массагет тайпалары не исседондар). Мұны тастардың тiзбектеле, мұртқа ұқсай орналасуына байланысты “мұртты обалар” деп те атайды.
“Мұртты” обалардың архит. кешенi қола дәуiрi тайпаларының табынушылық құрылыс өнерiнiң дәстүрлерiн айқын бейнелейдi. Савромат-сармат ескерткiштерi, әсiресе, Елек өз. бойында көп шоғырланған. Мұндағы Бесоба қорымы, Целинный қорымы, Сынтас қорымы, т.б. ескерткiштердiң құрылысы мен олардан табылған заттар бұл тайпаларда қолданбалы өнердiң жоғары болғандығын көрсетедi. Ертедегi көшпелiлердiң дiни нанымында отқа, күнге, от басы, ошақ қасы, ата-баба аруағына табыну орын алды, пұтқа, керемет күшке сенушiлiк сақталды. Қолданбалы өнерде скифтiк-сiбiрлiк аң кескiнiн бейнелеу нақышы кең тарады. Бат. және Солт. Қазақстандағы савромат мәдениетi тайпалары — аландардың арғы тегi, Шығ. Қазақстанды аримаспылар, Жетiсу мен Оңт. Қазақстанды тиграхауда сақтары, Арал маңын массагеттер қоныстанды. Темiр дәуiрiндегi ежелгi тайпалар бiрлестiгi жөнiндегi жазба деректемелердi екi топқа бөлуге болады: 1) көне деректермелер (Геродот, Ксенофонт, Птолемей, т.б.); 2) ахамен әулетi (ежелгi парсы) сына жазбалары. Соңғы деректемелерде сақтардың үш тобы: хаумаварга сақтар, тиграхауда сақтар, тиай-парадрайа сақтар аталады; (қ. Қазақстанның ежелгi тайпалары).
Мақсаты: Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы туралы толыққанды мағұлұмат беру. Жеке меншік қатынастарыдың пайда болуыныңдағы өндіріс құрал жабдықтарының маңызын дәлелдеу.
Лекция.
Бекіту сұрақтары:
1. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына өту. Жеке меншік қатынастары.
2. Жер өңдеу тәсілдері қанада йболды?
3. Ирригация – бұл ненің тәсілі?
4. Сауданың дамуында дала жолының маңызы қанадай болды?
№9 -10 лекция Қазақстан жеріндегі отырықшы-егіншілік шаруашылығы.
Негізгі ұғымдар:Қазақтың дәстүрлі егіншілігі, тайпалардың егіншілік мәдениеті.
Жоспар:
1)Ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың егіншілік мәдениеті.
2)Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығы.
3) Қазақтың дәстүрлі егіншілігі.
Мақсаты: Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығының мәдениетімен таныстыру.
Отырықшы тайпалық одақтар Сырдария аңғарындағы, Арал маңын-дағы және Каспийдің солтүстігіндегі басқа дала тайпаларының біразы кірді. Сондай-ақ, оған Жетісу мен Сібірдің жартылай көшпелі және көшпелі рулары мен тайпалары енді. Бүл одаққа енген тайпалар Қазақстанның далалы ай-мақтары мен өзендерінің жағасында, көлдердің маңында көшіп-қонып жүрді.
Истахри жазып қалдырған "Китаб месалик әл-мемалик" кітабының дерегі бойынша, Оғыз елі хазаралар мен қимақ-тар арасындағы жерлерді қамтып, Қарлүқ пен Бүлғар және мүсылман елдері Джурджана, Фараб, сондай-ақ, Исфиджаб-пен шектесіп жатқан. Махмүд Қашғари Оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін және әр тайпаның өз белгі таңбасы мен туы болғанын айтады.
IX ғасырдың аяғы мен X ғасырдың бас кезінде оғыз тайпалары Сырдарияның орта ағысынан Еділдің төменгі бойына дейінгі орасан кең жерлерді мекендейді. Оғыздардың қоныс өрістері Ырғыз, Орал, Ембі, Ойыл өзендерінің бойларында, Сырдарияның Қаратау баурайлары мен Исфиджаб шегіне дейін жеткен. Олар Сырдарияның орта және төменгі ағысы бойында, Арал өңірі мен шығыс Каспий аймағында шоғырланып қоныс тепті. Оғыздар жер иелігі отырықшы Хорезммен, Моуеренахрмен және Хорасанмен шектесіп жатқан.X ғасырда сонау Хазарияға дейін созылып жататын үлан дала, Солтүстік Каспийдің оңтүстік-шығыс Қарақүм шолі мен Арал аймағының Қызылқүмы Оғыз сахарасы деп аталған. Оғыздардың түрік тайпалары қарлүқтармен, тоғыз оғыздармен, қимақтармен жүргізген соғыстары жөніндегі мәлімет тарихи деректерде сақталмаған.
X ғасырда Оғыз мемлекетіиің астанасы - Янгикент не-месе Жаңа Гузия деп аталатын қала болды. Ол Қимак да-ласы арқылы Сарысу, Есіл және Нүра бойларына баратын сауда жолының үстінде орналасқан, сондықтан Сығнақ пен Оңтүстік Оралға баратыи керуен жолдары осы қаланың үстінен өткен. Оғыз мемлекеті өзінің саяси және әлеуметтік түрмысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жа-бғы" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің бас-шысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарла-рын Кел-еркін деп атаған. Оғыз хандарын сайлау кеңестерде еткізілген, бұл әлгі әскери демократия дәуіріндегі халық жиналыстарының өзгертілген түрі тәрізді. Жабғудың «инал» деген атағы бар өз мұрагерлері болған. Жас кезінде оларды тәрбиелеу үшін арнайы қамқоршылар (атабектер) тағайындалған. Сарайда әскери кеңеске сүйенетін оғыз әскерінің бастығы (Сюбашы) маңызды орын алған. Әскер басылары елдегі саяси оқиғаларға араласып, кейде тіпті жабғуға да қарсы шығып отырған.
ІХ-Х ғасырларда Оғыз мемлекетінде ескі рулық-тайпа-лық институттардың тез ыдырауы жағдайында патриархат-тық-феодалдық қатынастар дамыды. X ғасырдың аяғы мен XI ғасырдың бас кезінде Оғыз елінде алым-салықты тия-нақты түрде жинап отыру жүйесі орын алды, бүл - мемле-кетте түрақты басқару аппаратының қүрылғанын көрсетеді. Жабғынын салық жинаушылары мың адамға дейін жететін арнаулы отрядтардан қүрылды. Оғыздар қоғамында ақсүйек байлар тобы бөлініп шық-ты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған.
Тарихи деректемелер оғыздардың арасында отырықшы егіншілер мен қала халыктарының едәуір көп болғанды-ғын көрсетеді. Қалалардағы үйлер көбіне тастан, ағаштан, қамыстан түрғызылды. Оғыздардың Сырдарияның төменгі ағысында Жанкент, Жент, Жуара, ал Сырдария-ның орта ағысында Қарнақ, Сүткент, Фараб, Сығнақ және Сауран т. б. қалалары болған. Оғыз көшпенділері Мәуеренахр, Хорезм және Жетісу сияқты егіншілігі да-мыған елдермен тығыз байланыс жасап түрған. Оларда қолөнер кәсібі, соның ішінде мал өнімдері мен шикізат-тарды өңдеу дамыды. Оғыздарда қүмырашылық өндірісі де өркендеді. Олар мекендейтін аумақтарда темір, күміс, алтын, мыс және асыл тастар өндірілді. Оғыздар табиғи күштерге табынып, бақсы-балгерлерге сенген. Сонымен бірге олардың арасында бірте-бірте ис-лам діні де ене бастайды. Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды.XI ғасырдың басында Оғыз мемлекеті қүлдырай бастатады.
Отырықшы тайпалар IX ғасырдың бас кезінде кимектер Сырдарияға қарай жылжиды. Бүл жерде олар қарлұқтармен одақтасып, Сыр-дария бойындағы және Арал өңіріндегі қаңғар-печенег тай-паларын талқандайды. Печенегтерді бүл жерлерден ығыс-тырып, осында қоныс аударған оғыз тайпаларына оларды батысқа қарай қуып жіберуге пәрменді көмек береді. Мүның өзі сонымен бірге кимек тайпаларына Оңтүстік Орал мен Сырдария бойына дейін тақап баруға жол ашады және Кимек мемлекетінің күшейіп, өркен жаюына да се-бебші болады. Сондай-ақ Кимек билеушілерінің қүдірет-күші едәуір арта түседі. Олар мемлекетініц ішінде тайпа-лар ақсүйектерінің өкілдерінен билеушілерді тағайындап отырған.
IX ғасырдың аяғы - X ғасырдың бас кезінде, яғни Ки-мек қағанатының қүрылған уақытынан бастап, олардың ханы түріктердің ең жоғарғы лауазымы хакан деп аталған, немесе хандардың ханы деген мағынаны білдіреді. Хакан-нан кейінгі билік Қимақ мемлекетінің қүрамына енген тай-палар бірлестігін басқарған жабғулардың қолында болған. Олардың кейінгі жеке-жеке ру-тайпаларды шад-түтүктер билеген.
Кимек мемлекетінің қалыптасып осуіне қарай, олардың тайпаларыньң қүрамы да езгеріп отырған. Тарихи дерек-тердің көрсетуі бойынша, бүл кезде қағанат қүрамына кірген тайпалардың саны 12-ге жеткен. Кимектердің 16 қаласы болыпты, бастылары Кимекия, Қарантия, Дамурия, Шнария, Сараус, Дахлан, Банджар, Астур. Қимақтың ақсүйек байлары киімді қызыл және сары жібектен киетін болған, кедейлері жұпыны киінген. Қимақ қоғамындағы мал-мүліктің теңсіздігінің нәтижесінде көшпелі ақсүйектер пайда болады. Малы аз қимақтар кедейге айналады. Сөйтіп, қимақтардың қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің едәуір орын алғанын байқаймыз. Қимақтар қол өнермен, аң аулау, балық аулаумен шүғылданып, қыстауларды қоныс етіп, ша-ғын мекендерде түрған, бүл мекендер бірте-бірте қалаға айналған.
Қимақтар жазуды білген. Олар ежелгі көне түрік жа-зуын пайдаланып, қамыс қаламмен жазған. Мәдени және әлеуметтік жағынан алғанда кимектер көп жағдайда VI - X ғасырларда көне түріктер қауымында қалыптасқан дәстүрлерді мирас етіп алып, оларды едәуір дамытып отырған.
Лекция.
Бекіту сұрақтары:
1)Ертедегі Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың егіншілік мәдениеті.
2)Орта ғасырдағы Қазақстан территориясындағы егіншілік шаруашылығы.
3) Қазақтың дәстүрлі егіншілігін қалай түсінесің?
№11 -12 лекция Ұлы Жібек жолы және Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің экономикасы.
Негізгі ұғымдар: Ұлы Жібек жолы, ирригация, тайпа құрамы және қор тәртібі.
Жоспар:
1. Тайпа құрлымы және көшу түрлері
2. Отырықшы-жер өңдеу шаруашылығы
3. Біртұтас әлеуметтік – экономикалық мәдениетте көшпелі және отырықшы мәдениеттердің интеграциясы.
Мақсаты: Ұлы Жібек жолының қазақстан даласындағы экономикалық дамуымен қалалардыңөсуіне тигізген маңызын ашып көрсету.
Дәріс мақсаты. УІ-ХІІ ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда қалаларның ел экономикасындағы орны. Қалардың сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналуы.
Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Исфиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптык қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-катынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланы-сын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі - Исфиджаб (кдзіргі Сайрам) бол-ды. Оның толық сипаттамасын әл-Макдиси берген. "Ис-фиджаб ірі қала, - деп жазды ол. Оның рабады (кузеті) мен түратын мединасы бар. Онда (мединада) төбесі жоқ базар-лар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның төрт қакпасы: Нуджакент қақпасы, Фархан кақпасы, Шахраны қақпасы, Бүхара қақпасы, әр қақпаның жанында рабады бар". Исфиджаптан шыққан керуендер шығысқа қарай бет алып, Шараб және Будухкент қалалары арқылы Таразға барған.
УІ-ХІІ ғасырларда тікелей сауда орталығы ретінде мәлім болған Исфиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі бол-ған Исфиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстандағы Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі - Отырар. Араб-парсы деректеме-лерінде Отырар қаласы Фараб, одан бүрын Тарбан (Тра-бан) деп те аталған. IX ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлүқ жабғуының үлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер. ҮІІ-ҮШ ғасырларда Отырар шахристаны мүнарлары бар дуалдармен қоршалған. Бүл дуалдар қайта салынған түрінде ІХ-Х ғасырларға дейін сақталған. Оты-рар тоғыз жолдың торабында түрған. Одан шыққан жол-дың бір тармағы Шавгарға, екінші тармағы Сырдариямен жоғары ерлеп, оғыздар қаласы Сүткентті басып Шашқа, ал төмен қарай Жентке кеткен. Женттен Қызылқүм арқылы Хорезм мен Үргенішке қаражол тартылып, одан әрі Еділ бойымен Кавказға асып кететін болған. XIII ғ. Жібек жо-лының осы бөлігі Сарайшық, Сарай-Бату т.б. қалалардың
үстімен жүрген.
Отырар аймағында болған бірнеше үсақ коныстар мен қалалардың бірі - Кедер ІХ-Х ғасырларда оазистің астана-лық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мүньщ өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағы-нуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономи-касы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан орта ғасырдағы ең өскен қала болып саналады.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі - Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстинианның елшісі Зе-марх Килликискийді Батыс түрік қағаны Дизабүл осы Тараз қаласында қабылдаған. Шамамен 630 жылы Қытай сая-хатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге (4-4,5 км) жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттай-ды. Ол көпестер қаласы деп аталған
VII ғасырда Тараз "¥лы Жібек жолындағы" ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылық кезінде түрік, қарлүқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басып алып, талай рет ойранын шығарғаны женінде тарихи мағлүмат-тар бар.
Х-ХІІ ғасырларда Тараз қаласының су қүбырлары, со-нымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған мон-шасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі кетерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-ернектер салынған. Қат-ты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бүрышы сақталып қалған бүл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет енерінің тағы бір ескерткіші - Қара-хан күмбезі. Өкінішке қарай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта түрғызылып, соның салдарынан оның бас-тапқы жоспары бүзылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оньщ суреті ғана.
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында Томенгі Барысхан, Хаму-кент, Жікіл, Адахкент, Ден, Нуджикент, Қүлан, Мерке, Ас-пара, Жүл, Баласағүн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатқан. Сондай-ақ, Іле өзенінің алкабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты ба-сқа да қалалар орналасқан. Жібек жолдың бүл аймақтағы бөлігі Ферғаналық және Жетісулық бағыттарын қамты-ған.
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мүнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Иассауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.
Сырдариядағы ірі қала - Сығнақ. Қазақстаннын солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жол-Дарының қиылысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығнақтың орнында Сунақ-ата жүрты бар.
Достарыңызбен бөлісу: |