Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Семей мемлекеттік педагогикалық институты



бет5/18
Дата14.06.2016
өлшемі1.42 Mb.
#134320
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Мақсаты: 18ғ.20-30ж.ж.шаруашылық дағдарыстың экономикалы және демографияның салдарымен

18 ғ. 50-60 ж.ж. жер дағдарысыныңтармхын деректер негізінде таныту.
Лекция.

1. Қазақ даласындағыжер мен сауда мәселесі империя саясатында.

Қазақ даласын отарлаудағы империя саясатындағы жер мен сауда қатынастары мәні туралы мұрағат деректерін арқау етпекпіз. Қазақстанның кеңестік дәуіріндегі тарихнама мұрасы әр түрлі болғанымен, деректілігімен басым, құнды. “Көшпенді мал шаруашылығының басымдылығымен байланысты Қазақстандағы феодалдық құбылыстың өзіндік ерекше белгілері болды. Феодалдық формацияның қалыптасуы VI-VII ғасырларда басталды” деген парадигма жасалды. Қазақ қоғамындағы патриархалдық, феодалдық қатынастардың мәні мен ерекшелігі туралы пікір таластар негізінде екі көзқарас пайда болды. Біріншісі - көшпелі мал шаруашылығы жағдайында негізгі өндіріс құралы жер емес, мал; жерге феодалдық меншік болмаған деген көзқарасты жақтағанда, С.Е. Толыбеков, В.Ф. Шахматов, екіншісі –негізгі өндіріс құралы- жер, жерге ( жайылымдарға ) феодалдық меншік болғаны туралы, пікірді жақтаушылар Л. П. Потанов,С.З.Зиманов, Ә.Ерденов, т.б. Жер мәселесі оның меншік нысанына айналуы, қай уақыттада үлкен маңызды мәселе болып келді. Бүгінгі күнде де солай болып қала бермек. Қазақ жерін ресей патша меншігіне нысанына айналдырып алу, мәселесі оны жүзеге асыру жолдары патша үкіметі саясатындағы XIX ғ. екінші жартысындағы қазақ даласындағы империя саясаты мұрағат деректеріндегі, жазбалардағы мәнінде қазақ даласын отарлау ресей патша өкіметі үшін саяси мақсат мұраттары болды. Мақсатты мұраттарына жету жолында, жүз елу жыл бойы саяси шараларын жүзеге асырудың, әкімшілік басқарудың бірнеше тәжіриберелерін қолданып, отарлық мақсаттарына жету жолындағы ізденістерін үнемі тоқтатпай, арнайы комиссиялар құрылып патша үкіметіне есептерін беріп, зерттеу барысындағы өздерінің ұсыныстарын жеткізіп отырды. Осындай бір отарлаудағы басты нысана қазақ жері болды. Қазақ жерін империя меншігіне айналдыру, жолдарындағы ізденістеріне тоқталмақпыз. XIX ғ. II жартысында қазақ даласына әкеліп, қоныстандырылған қазақ әскерлерінің қазақ жеріне ие болуларының, өзі көздеген отарлау әрекеттеріндегі мақсаттарына жетудегі қанағаттанарлық іс болмай шықты. Патша үкіметінің комиссиясының пікірінше қазақ даласына Ресей орыстарын кіргізіп, қазақ даласынан жерге орналастыруда қоныстандыру үшін еркін бейбіт отарлау мақсатына жету үшін, үкіметін қаржы шығынын шығармау, жолдарында қарастыруды назарда ұсталған. Жер шаруашылығымен айналысу немесе өндіріс ашып игеру арқылы, отарлау әдіс тәсілін енгізу қажеттігіне көздерін жеткізіп, жүзеге асыруды жолға қойды. Сол кездегі шаруашылықтың негізі және басты кәсіпшілік көзі мал шаруашылығын ығыстыру, қазақтар үшін емес үкімет үшін де тиімсіз болатын. Төрт түлік мал қазақтар үшін тіршіліктің басты байлығы, күн көріс болса, Ресей үкіметі үшін қазақ малы пайда көзі, сауданың негізгі түрі арзан шикізат көзі еді. Бір ғана мысал. 1841 Батыс Қазақстан бөлігіндегі қазақтар жайықтың ішкі жағына мал шығару, үшін қой басына 2 к, мүізді ірі қара малға 5 к., жылқыға 10 к, түйеге 25 к., күміс ақшамен әр мал басына қазақ әскеріне ақша төледі, 1841 ж Орынбор әскери қазақтарының жеріне жіберілген қазақтардың мал басынан түскен пайда Әскерлер пайдасына 4439 р. 10к. Қазақтар пайдасына 578 р.к күміс ақшамен Қазақ даласындағы орыс келімсектерін қоныстандыруға, алынған жерлер қазақтар үшін шаруашылыққа кәсіпке қолайлы, шұрайлы жерлерден айырылу болды. Қоныс аударушы тұрғандар саны көбейген сайын, қазақтар үшін шаруашылыққа қолайлы жерлер қоры қажеттілігі күшее түсті. Осыдан туындаған жағдайларға байланысты қазақтың көшпенділік ата салтында тықыр таянып, отырықшылық тұрмыс салтына біржолата бет бұрыс жасататын, дәуір кезеңінің тарихи әлеуметтік-экономикалық алға шарттары жасалып жатты.

Үкімет комиссиясы кең байтақ қазақ даласының құнарлы жерлерге орыс келімсектерін қоныстандыруды қарастырып, ығыстыруды көздеген. Бұл пікірімізге үкімет комиссиясының Сібір даласын айналып шығып, көз жеткігендері Сібір округне Семиречинский облысының құрамына кеткен жерлерден тек қана Көкшетау, Атбасар және Семипалатинск округтерінің бөліміндегі жерлері жер шаруашылығы мен егін шаруашылығы мен егін егуден айналысуға тиімді. Ал, даланың азғантай бөлігінен басқа жерлері тек қана мал шаруашылығына, жайылымға ғана жарамды делінген.

Сондықтан егінге қолайсыз жерлерде орналасқан, казактар бірте-бірте жер кәсіпшілігін тастап, сауда мен айналысып кеткен бұның себебі егін кәсіпшілігі тиімсіз болған, өнім түсімі шамалы болғандығынан. Байырғы қазақтар мал шаруашылығымен қатар сауданы кәсіп еткен, және ұсақ өндірістер мен айналысуды да тұрғындар кәсіп еткен.

Орынбор даласының солтүстік бөлігі ғана егін шаруашылығына қолайлы құнарлы жер, сондықтан Орынбор ведомыстволарының линия бойындағы қазақтары жер кәсіпшілігімен жақсы айналысып, өкімдерін өнімдерін саудаға шығарып, сатып отырған. Сол кездегі жергілікті басқарма бастығының хабарламасы бойынша егіннің көп бөлігі тары өнімі болған саудаға тары өнісін көп шығарған делінген.Бұл жағдай қазақ даласында қоныс аударушылар емес жергілікті қазақ халқы XIX ғ. егіншілікпен жақсы айналысып, жер кәсіпшілігін жақсы дамытқан, осыған қарап өкімет комиссиясы таза жермен айналысатын мақсаттағы орыс қоныстанушыларын әкеліп, үлкен жер үлесін қажет ететін және ақшалй жәрдем бөліп өкіметтер аса бір пайда болатынын күтудің қажет болмайтынын түсінген. Қазақ даласындағы қоныстанған орыс тұрғындарының өнеркәсіп пен саудамен айналысқан жағдайларына қарап, саудаға қолайрырақ жағдай бар екендігіне көз жеткізген. Қазақ даласындағы орыс саудагерлерінің сауда да малға айырбас жасайды, сатады сөйтіп өздеріне көп пайда әкелетін болды. Қазақ даласындағы сауданың тиімділігі сондай, тіпті Сібір жеріне қоныстанушылар қалалар мен Ақмола мен Павлодар сияқты пунктерге өтініш білдіріп сауда орталықтарының қызметтеріне айналдырған.

Солардың ішінен Ақмола қаласының сауда орталығына айналудағы ерекше маңызына тоқталмай кетпей болмайды, 1854 жылдары жылына 200 мың рублдің саудасын жасаған болса, комссияның жинаған анықтамалары бойынша он жылдан кейін, яғни 1864 жылы. 12.500,000 рублдің саудасы жасалған қаладағы және қыстақтағы елді мекендердегі Сібір даласындағы жәрмеңкелердің сауда айналымы жылдан жылға өсіп отырған Петропавловскіден жүз шақырым жердегі Тайынша – көл маңына жақын жерде үкіметтің қазақ даласының ішкі жағында жәрмеңкелер рұқсат бергенге шейін болған, жәрмеңке орасан зор мөлшерде болды. Бұл жәрмеңкедегі басты, сауда мал саудасы болды. Мұнда 700,000 қой , 60 000-ға дейін жылқы және ірі қара малдар айдап әкеліп саудаға салынып тұрған.

Басқарманың жарлығы мен бірінші рет ашылған 1867 ж. көктемдегі Ойыл өзенінің бойындағы Орынбор даласындағы. (қазіргі Ақтөбе облысының жеріндегі) жәрмеңкеге 250,000 рублдің тауары апарылған оның 100,000 рублден астамы айырбасталып, сатылған жәрмеңкеден 20,000 бас мал түрлері сатып алынған. Қазақ-орыс арасындағы осындай сауданың алғашқы тәжірибелерінің сәттілігі орыс әкімшілігінің қазақ даласындағы экономикалық байлығының берік болатынына көздерін жеткізіп, Сібірдің ішкі жағында да уездік мекемелерді орналастыруда жақсы орындарды дұрыс таңдап сәтті орналасқан жағдайда Сібір даласындада сауда қалалар көбейіп ондағы сауда орталықтарындағы Орынбор даласындағыдай өсіп өркендеп, табыс көзіне айналатынына сенім арттырды.

Патша үкіметі қазақ даласына қоеыстанушыларға сауда жасауға қолайлы аймақтарды таңдап, ол жерлерде жер кәсіпшілігімен де айналысуға мүмкіндігі бар жерлерден жер үлесін бөліп беруді ұйғарды [6]. Қазақ даласындағы жерлерде орыстарды қоныстандыру мақсатын да көп жер аймағын қамтуды жүзеге асыру үшін, қоныстанушыларға шаруашылық үшін орман ағаштарын тегін беру керектігі үкімет комиссия мүшелері ұйғарды.Сонымен қатар Сібір даласындағы қалаларда да қазақ даласына қоныстанушыларға басқада жеңілдіктерді пайдалануға мүмкін беруі қарастырылды.

Орынбор губерниясының құрылуы жөніндегі ережеге сай қазақ даласындағы әскери казактардың бос жатқан жерлеріне қоныстандыруға рұқсат жасалған болатын . 1863ж. наурыздағы патша үкіметінің облыстық басқармасы жалпы кеңесінің қаулысымен әскери казактардың бос жатқан жерлерін ішкі округтің қазақтарына жалға беру туралы шешім шығарып қаулы қабылдаған.

Қазақ даласына казактар мен басы байлық құқықтан босаған орыс шаруаларын қоныстандыруға көздеген мұраттарының көп жайды аңғартатын саясатының түпкі нәтижесі мәні жөнінде үкімет комиссиясы пікірі былай: «... Водворение русского населения в степи таким естественным путем не потребует жертв от правительства не возбудить неудовольстия киргизов и будет гораздо полезнее и действительнее земледельческих поселении, которая неминуемо стеснили бы киргизов».

Патша үкіметінің отарлық саясаттарының ең бір мықты берік айласы қазақ даласына казактар мен крепостнойлық құқықтан босатылған жері жоқ, орыс шаруаларын қазақ даласына орналастыру арқылы Ресей патша өкіметі үшін екі мәселенің шешімін тапты.Бір деректе “В 1867 году образовано Туркестанское генерал-губернаторство. Мы таких образом врезались далеко в глубь средней Азии, стали в непосредственное соседство с Бухарой. Для русской торговли открылись новые пути и установились новые благоприятные условия”. Қазақ даласындағы империя саясатының қорытындысына тоқталсақ:

Біріншіден, басы байлылық құқықтан босаған орыс шаруаларын қазақ даласына қоныстандырды.

Екіншіден, ресейдің өз жерінде қалып қоныс таба алмайтын үлесті жеріде жоқ, шаруалар “жаңа жерді” игеруге өте ынталы әрі мүдделі болды. Оның үстіне біз жоғарыда көрсеткеніміздей үкімет тарапынан жеңілдіктерде қарастырылған еді.

Үшіншіден, қазақ даласына отарлау мәселесінде қазақ ұлтының тұтастығын бұзды енді қазақ даласы казак, орыс т.б. ұлттан тұратын көп ұлтты империя иелігіне айналды.

Төртіншіден, қазақ жері империя меншігіне айналды. Империя қоныстандыру саясатын жүзеге асыру арқылы қазақ жерінің құқықтық меншігіне еншілес болып, қол сұғып қана қоймай, көздеген қоныстандыру саясаты қазақ даласындағы империяның мақсаттарын жүзеге асыратын мықты байланыс болатын жағдайдың алғы шарттары жүзеге асатын негізі қазақ жеріне иелік ету құқына ие болу арқылы империялық мұраттарына қол жеткізудің негізін қалаған болатын.

Бесіншіден, патша үкіметі актілерінің заңдылығына “негіздеме ” іздегенде басты дәлелі орыс үкіметінің өзінің қол астындағыларға қатысты кезкелген шешімді қабылдау құқығын алды.

Алтыншыдан, қазақ қоғамындағы тархандар институтын жойды. Мұнда да жер мәселесі саясатына қатысты құқықтық пәрмені бар тархандарға берілген жеңілдіктер қарастырылған құқықтан айыру болатын. 1869 жылы сенат жарлығымен тархандар институтын жойды. Осылайша қазақ даласындағы тархандар институты өздерінің қызметін тоқтатты.



Жетіншіден, қазақ – орыс арасындағы сауда алғашында айырбас ретінде басталып, кейін біртіндеп тауар ақша қатынастарына ауысты. Қазақ даласын арзан шикізат көзіне айналдыруда патша үкіметі көпестер мен саудагерлердің күшін пайдаланды. Бұл мақсаттың түпкі саясаты қазақ даласына экономикалық үстемдік қалыптастыру еді.
Бекіту сұрақтары:

1).18ғ.20-30ж.ж.шаруашылық дағдарыстың болуына не себеп болды?

2). 18 ғ. 50-60 ж.ж. жер дағдарысы неге әкеп соқтырды?

3).17ғ. 60-70 ж.ж. қазақ шаруашылығының кеңейтілген өндіріс жолына түсуі.
20-21 лекция ғ. 19 ғ. 2-жарт: - 20 ғ. басы Қазақстанның шаруашылығындағы өзгерістер.
Негізгі ұғымдар:1860-1890 ж.ж. реформалары, самодержавиенің переселендік саясаты, көшушілерге жеңілдіктер, жатақтың, өндірісттік жұмысшылар, столыпиндік реформалар.
Жоспар:

1.Самодержавиенің аграрлық саясаты.

Жер өңдеулік отарлауы

2.Капиталистік қатынастардың тууы:

  • өндіріс,

  • банк – ақша қатынастары,- сауда

3.Столыпиндік реформалардың салдары.

Мақсаты: Ғасырлар тоғысындағы Қазақстанның дәстүрлі шаруашылығы мен экономикалық дамуының өзгеріске ұшырауының алғышарттары мен саяси себептерін ашып көрсету.
Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері меи барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен сақталды. Қазақстанның ең жақсы шүрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жүмысын одан ары жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жүмыс күні енгізілмеді. Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне кешуге бүрынғысынша тыйым салынДы- Қазақ халқының өзін-өзі билеуі туралы мәселе тіпті қойылмады да. Сондықтаи Ресей мемлекетіндегі бүл жағдайларды В. И. Ленин бастаған 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясынан кейін орнаған Уақытша буржуазиялық үкімет елдегі әлеуметтік және ұлттық езгіні жою, жер мәселесін,империалистік соғыстан шығу және т.б. кекейкесті мәселелерді шешпеді. Қазақстандағы жергілікті халықтарды саяси құқыктарынан айырған бұрынғы патша үкіметінің заңдары өз күшінде қалды. Өлкедегі казак-орыс әскерлерінің ұлан-байтақ жер иеліктері меи барлық әлеуметтік артықшылықтары толығымен сақталды. Қазақстанның ең жақсы шүрайлы жерлерін отаршыл кулактар тартып алып берген Қоныс аудару басқармасының жергілікті аппараты өз жүмысын одан ары жалғастырды. Өнеркәсіп орындарында 8 сағаттық жүмыс күні енгізілмеді. Мемлекеттік мекемелер мен мектептерде қазақ тіліне кешуге бүрынғысынша тыйым салынДы- Қазақ халқының өзін-өзі билеуі туралы мәселе тіпті қойылмады да. Сондықтаи Ресей мемлекетіндегі бүл жағдайларды В. И. Ленин бастаған большевиктер партиясы "Бүкіл өкімет еңестерге берілсін" - деген үранды пайдалана отырып, Уақыта Үкіметті қүлату үшін оны басты күралға айналдырды.

Уақытша үкімет құлатылып, мемлекет билігінің кеңес-тердің қолына көшкені тек Ресейді ғана емес, дүниежүзің бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Бүл оқиға бүкіл елде, оньің шет аймақтарында кеңес өкіметін қүру, нығайтумен үшта-сты. Ол көп жерлерде орталық аудандардың ықпалымен қан төгіссіз іске асты.

Революция бүкіл билікті жүмысшы, солдат, шаруа де-путаттары кеңесінің қолына беру арқылы халықтың әр түрлі топтары мен түрлі үлттардың, халықтардың келешектегі тағдырына байланысты түрліше үмітте болуына жол ашты. Ресейдің жүмысшы, шаруа, солдаттар бүқарасы елді соғы-стан шығарып, халықтың бейбіт еңбекке оралуына, соғыс-тан бүрын, соғыс жылдарында жоқшылық пен мүқтаждық зардаптарын шегіп, әбден қажыған жағдайын түзеуге енді айқын жол ашылады деп есептеді. Ресейдің қол астында болып келген орыс емес халықтардың еңбекші бүқарасы Қазан революциясынан кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бүғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Ал Ленин бастаған большевиктер зауыт, фабрикалар жүмысшыға, жер шаруаға, бейбітшілік - бүкіл халыққа деген үран көте-ре отырып, Ресейге тәуелді болып келген халықтар жөнінде өз бағыттарын белгіледі. Олар барлық үлттар мен үлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жа-риялай отырып, оларды революция туының астынан кетпеуге шақырды.



Қазақстанда халық шарашылығын қалпына келтіру аяқталғаннан кейіи елді ипдустрияландыру бағыты іске аса бастады. Индустриялаидыру ондіріс құрал-жабдықтарын жасайтын, халық тұтынатын тауарларды шығаратын зау-ыт, фабрикаларды салумен тығыз байланысты болды. Мұндай кәсіпорындар бүрынғы КСРО-ның шығыс аудан-дарында, оның ішінде Қазақстанда көптеп бой көтерді. Олардың салынуы артта қалған шет аймақтарды өндірісі, өнеркәсібі дамыған орталық аудандармен теңестіру ұра-нымен жүргізілді. Мұндай оң ниетті мақсаттың қойылуына сол шет аймақтарда, оның ішінде Қазақстанда бай шикізат қорының болуы да өз әссрін тигізді, өлкеде темірдің, көмір-дің, мұнайдың, түсті металдың мол қоры бар болатын. Осы қорды игеру мүдделері бүл жерлерде көптеген жаңа өндіріс орындары мен қүрылыстарын салуға себеп болды.

Шшаруалар салық толеу, заемға жазылу, қолда бар кар-жыларын, қымбат заттарын индустрияландыру қорына өткізу арқылы өнеркәсіптіц дамуына белсене ат салысты. Шаруалар астық, мал шаруашылық өпімдерінің басым көпшілігін мемлекетке өткізу арқылы индустрияландыру ісін барынша қолдады. Бүл мәселеде наразылық білдіруші-лер шықса, олар үсталып, айдалып, аластатылып отырды. Мүндай қуғындалғандардың басым көпшілігі ауқатты ша-рулар еді. 1927-1928 жылы ауқатты бай-қүлақ шаруашылық-тары шаруалар қожалықтарына есептелген ауыл шаруашы-лығы салығыньщ бүкіл сомасының 33 пайызын, ал мал өсіретін аудандар бойынша есептелген салықтың бүкіл со-масының 25 пайызын төледі. Келесі 1928-1929 жылы са-лық төлеу өткен жылмен салыстырғанда 98,8 пайызға (Еге-менді Қазақстан, 1992 ж. 22 желтоқсан) артты. Күштеудің мүндай әдістері ауқатты шаруалардың наразылығын туғыз-ды.

Дегенмен слді экономикалық ар-тта қалушылықтан шығаратымына халық сенді. Сондық-тан да халық еселенгеи күш-жігермен еңбек етті. Ауыл шаруашылығындағы, еңбектегі белсенділік бүрын-сонды болып көрмеген Дәрежеде дамып, ауыл шаруашылығының табыстарын та-сытты деуге болады. Нәтижесіпде Қазақстанның экономикалық дамуы бірсыпыра ірі табы-старға қол жеткізді.
Бекіту сұрақтары:

1.Самодержавиенің аграрлық саясатытың мәнін айтыңыз?

Жер өңдеулік отарлауы қалай жүрді?
2.Капиталистік қатынастардың тууы неге байланысты болды?


  • Қандай өдірістер пайда болды?

  • банк – ақша қатынастары қалай жүрді?

2.Столыпиндік реформалардың салдары неге әкеп соқтырды?

22-23 лекция ХХ ғ. 20-40 ж.ж. экономикалық жаңартулар.



Негізгі ұғымдар: Әскер коммунизм саясаты ”, ЖЭС, индустриализация.

Жоспар:

1.Кеңестік “ Әскер коммунизм саясаты ”

2.ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялау Қорытындылар, Қазақстандағы индустриализацияның

3.20-шы жылдардағы республика ауыл шаруашылығындағы жағдай

4.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933 жылдардағы аштық.

Мақсаты: Кеңестік “ Әскер коммунизм саясаты ”мен ЖЭС-экономикалық бағыты либерализациялау, индустриализация саясатының қорытындыларын деректер негізінде ашып көрсету.

Лекция

1.20-шы жылдардағы республика ауыл шаруашылығындағы жағдай.1921-1922 жылдарда патша өкіметінің жер мәселесіндегі отарлау саясатының зардапты мұраларын жойған Қазакстан Түркістандағы аграрлық реформалардың жергілікті ұлт еңбекшілері, сондай-ақ қоныс аударған еңбекші шаруалар үшін елеулі маңызы болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі ауылдардағы кедейлердің салықтан босатылып, жеңілдіктер алуына жол ашты. Сонымен бірге оларда ұжымдандыру алғашқы қарапайым түрлері: сауда-саттық жасау, жабдықтау, несиені пайдалану, кейде мәдени ағарту жұмысстарының басын біріктіретін қарапайым кооперативтендіруді дамытуға жол салды.

Мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесін құрумен бірге даласында сауда құрылысының жаңа мазмұнымен байытылған ескі түрлері: жәрмеңкелер, сауда керуендері болды. Міне, осының нәтижесінде 1923 жылы баяуырақ болса да, ауыл шаруашылығы өндіргіш күштерінің өрлеуі басталды. Ауыл шаруашылығын машиналар және құралдармен, тұқымдық астықпен жабдықтау жақсарды. Мал саны да өсті. Ауыл шаруашылығын қалпына келтіруде кооперацияның рөлі артты.

1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР- інің көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтарын жерге орналастыру туралы жарлық шығарды. Жерге орналастыруға байланысты барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Отырықшыланған шаруашылықтарға салық жөнінен жеңілдіктер берілді. Ауыл кедейлері мен шаруаларына қаржылай көмек беру ұйымдастырылып, оның көлемі 1,5 млн. сомға өсті. Осы жылдың қазан айында ұжымдастырылған шаруашылықтардың жалпы саны 794-ке жетіп, оның 96-сы Коммуна, 456-сы ауылшаруашылық артелі, 242-і жай серіктестіктер болды. Ал 20-жылдар аяғында Қазақстанда 1250 мындай жеке шаруа қожалықтары колхоздарға ұйымдасты. Мемлекет техника және қаражат беріп, еңбекші шаруаларға жеңілдіктер жасап, колхоздарға көмек көрсетуге пейіл қылды. Бірақ көп жерлерде бұл шаралар тиісті нәтиже берген жоқ. Бұл кезде республикада совхоздар мен МТС-тар құрыла бастады. Бұлар шаруалардың ұжымдандыру мәселесін шешуге көмектесуге тиіс еді.

Аграрлық саясатты іске асыру барысында ірі байлардың, "жартылай феодалдардың" ең әуелі малын, сосын еңбек құралын, одан кейін олардың тұратын үйлерін тартып алып, жер аударып жіберу бағыты алынды. 1927 ж. желтоқсанында Республика өкіметінің жоғарғы буындарында ірі-ірі байлар шаруашылығын тәркіге салу жөніндегі заң жобасын әзірлеу үшін комиссия құрылды. Комиссияның төрағасы болып Е. Ерназаров тағайындалды. Оның құрамына О. Исаев, Н. Нұрмақов, Ғ. Тоқжанов, О. Жандосов т. б. кірді. 1928 ж. 27 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Республика Халық Комиссарлары Кеңесінің мәжілісінде тәркілеу жөніндегі Заң жобасы қабылданып, жарлық қаулы түріндегі құжатқа айналды. Республика округтерінде тәркілеуді өткізу жөніндегі өкілдер тағайындалды. Ауыл-ауылға тікелей мыңнан астам өкіл жіберілді, демеу комиссияларында 4700 адам жұмыс істеді.

Қаулыға сәйкес Қазақстан бойынша көшпелі аудандарда 400-ден аса малы бар ірі қараға шаққанда 700 шаруашылықты, жартылай көшпелі аудандарда 300 және отрықшы аудандарда 150 шарушылықты төркіге салу белгіленді. Бұл науқанды 1928 жылдың 1 қарашасында аяқтау жоспарланды. Науқанның қорытындысы бойынша іс жүзінде 696 шаруашылық тәркіге салынды, олардың 619-ы тұрған округінен тыс жерлерге айдалды. Тәркіленгендерден ірі қараға шаққанда 145 мындай мал және ауыл шаруашылық саймандары тартып алынды.

Қазақ байларын тәркілеу барысында заңға қайшы көптеген бұрмалаушылықтар орын алды. Кейбір жерлерде 300-400 қаралы қойы бар, орта қолды дәулетті шаруалар шаруашылықтары орынсыз тәркіге ұшырады. Ал қайсыбір жерлерде туысқан жанұяларының малдары қосылып жазылып, оларда төркіге жатты.

20-шы жылдардың аяғында көшпелі және жартылай көшпелі қазақтарды отырықшыландыруға бағытталған Шаралар іске асырылды. Мұның өзі бастапқыда кейбір жеңілдіктер беру (құрал-сайман, күш-көлік, қарыз қаржы беру, екі жылға астық, ет тапсырудан құтқару) арқылы бірте-бірте жүргізілетін болып белгіленгенмен, шынтуайтқа келгенде, күштеп отырықшыландыру әдісі белең алды. Көптеген жерлерде көшпелі шаруашылықтар бір жерге иіріліп, киіз үйлерден көшесі бар қалашықтар құрылды. 10-15 күннен кейін ондағы адамдар жан-жаққа ешкімді тындамай қашуға, көшуге мәжбүр болды. 1930-31 жылдарда осындай зорлап отырықшыландыру зобалаңына ұшыраған мал шаруашылығымен айналысатын 25 ауданнан 35 мыңнан астам шаруашылықтар республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Маңғыстау ауданы (Батыс Қазақстан) халқының 50 пайызы Қарақалпаққа, Түркіменияға, Ресейге көшіп кетіп оралмады. Ондағы малдың саны 65 пайызға азайды. Тек Батыс Қазақстан облысы бойынша - 82,2, республика бойынша - 51,8 пайызға қысқарды. Жалпы Қазақстан бойынша 1931 жылдың тамыз айына дейін 281 мыңнан астам шаруа қожалықтары республикадан тыс жерлерге көшіп кетті. Ал бұл көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар жаңа экономикалық саясатты іске асыру барысында өздерінің малдарының санын көбейтіп, қалаларға ет, жүн, т.б. шығарып сатып, жағдайларын біраз түзеп алған болатын.

Сонымен 20-жылдардың аяғына қарай қазақ даласындағы ірі өзгерістерге: халық шаруашылығын қалпына келтіруге, өнеркәсіп орындарын салып, кәсіпорындардың, жолдың кең жүйесін дамытуға себепші болған жаңа экономикалық саясаттың әрекетін тежеп, әміршіл-әкімшіл басқару әдісіне көшуге біржола бетбұрыс жасалды. НЭП жылдарында Орташаланып калған ауқатты шаруалар, қаладағы жағдайын біраз түзеп алған қолөнершілер мен қызметкерлер енді жат таптың өкілі есебінде қудалауға алына бастады. Саясаттағы солақайлық етек ала берді. Халықты ызғарымен ықтырып, тұманымен тұншықтырып, отына күйдіріп Сталин бастаған әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің қызыл шоқтай тарғылданған күні туып келе жатты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет