Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім


Табиғатты пайдалану және геоэкология



бет3/7
Дата04.05.2023
өлшемі207.5 Kb.
#473189
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
ГЕОГРАФИЯ ЕМН ОГН каз 150

3

Табиғатты пайдалану және геоэкология

Географиялық қоршаған орта туралы түсінік. Қоғам мен табиғат арасындағы "зат алмасу": сапалы жаңа кезең. Табиғат пайдалану ұғымы және түрлері. Қазақстандағы табиғатты пайдалану ерекшеліктері және оның қоршаған ортаға әсері. Табиғатты қорғау мәселелерін шешу. Қазақстан орнықты даму жолында. Табиғатты пайдалану үлгілерінің қоршаған ортаға әсері.
Табиғатты тиімді пайдаланудың негізгі принциптері. Экологиялық дағдарыс түсінігі және оны шешу жолдары. Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудың салдары. Экологиялық бизнес идеялар мен жобалар. Кәсіпорындардың таза өндірістен алатын пайдасы. Таза өндірістің негізгі принциптері.
Геоэкология ғылымының қалыптасу алғышарттары. Геоэкологияның негізгі міндеттері. Геоэкологияның негізгі бағыттары мен санаттары. Рационалды және ұтымсыз табиғат пайдаланудың салыстырмалы сипаттамасы.
Геосфера ұғымы және оның түрлері. Геосфера объектілері сапасының өзгеру себептері. Топырақтың тозуы және оның салдары. Атмосфераны ластаудың негізгі көздері, гидросфера және биосфера. Геосфераның ластануының салдары. Антропогендік факторлардың сипаттамасы. Антропогендік факторлардың жіктелуі. Қоршаған ортаның сапасын зерттеу. Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды азайту тәсілдері. Қоршаған ортаға антропогендік факторлардың әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралардың сипаттамасы. "Шекті рұқсат етілген шоғырлану" ұғымы. Табиғи объектілерге рұқсат етілген антропогендік жүктеменің шамасы.
Геоэкологиялық аудандастыру түсінігі және мәні. Геоэкологиялық аудандастырудың негізгі объектілері. Геоэкологиялық аудандастыру принциптері. Кешенді геоэкологиялық аудандастырудың негізгі функциялары. Әртүрлі деңгейдегі аумақтық жүйелер.
Жаһандық экологиялық проблемалардың пайда болу себептері. Геоэкологиялық процестердегі географиялық заңдылықтардың рөлі. Жаһандық экологиялық проблемаларды шешудегі әлемдік тәжірибе. Қазақстанның негізгі экологиялық проблемалары. Жердің тозуы және ландшафтардың бұзылуы. Су тапшылығы. Ауаның ластануы. Қалдықтарды жабу. Қазақстан аумағын экологиялық аудандастыру негізінде экологиялық мәселелерді шешу жолдары. Қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету бойынша номативтік-құқықтық құжаттар.
Экологиялық мәселелерді шешудегі ғылыми-техникалық прогрестің рөлі. Экологиялық мәселелерді шешудегі ғылыми-техникалық прогресс. "Жасыл технология туралы түсінік". Шаруашылық және тұтыну салалары бойынша табиғат пайдалануды реттеу механизмдері. Мемлекеттік реттеу механизмдері. Табиғатты пайдалануды экономикалық реттеу механизмдері. Табиғатты пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды реттеудің құқықтық механизмдері. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормалаудың негізгі түрлері. Табиғат пайдалану үлгілерінің заңнамалық тәртіппен белгіленген нормаларға сәйкестігі.
Табиғатты қорғау шараларының жіктелуі. Халықтың қатысуымен өткізілетін іс-шаралардың түрлері. Табиғат қорғау шараларын жоспарлау. Табиғат қорғау жобаларының түрлері. Табиғатты қорғау шараларының мәселелері. Табиғатты пайдалану және табиғатты қорғаудағы тұлғаның рөлі. "Экологиялық із" ұғымының мәні. Өз аймағы мысалында адамның экологиялық ізін бағалау.
Қоршаған ортаға антропогендік әсерлердің жіктелуі. Адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде атмосфераның ластану салдары. Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерінің мониторингі. Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерінің қашықтықтан аэроғарыштық мониторингі. Қоршаған орта көрсеткіштері сапасының жіктелуі. Қоршаған ортаның сапасын бақылау әдістері мен құралдары. Қоршаған ортаның адам денсаулығына әсері.
Геоэкологиялық жобалау принциптері. Бұзылған аумақтарды қалпына келтіру бойынша жобалар (жергілікті/ өңірлік компонент негізінде).



1) Табиғатты пайдаланудың қоршаған ортаға әсеріне баға беру және табиғатты пайдалану проблемаларын шешу жолдарын анықтау (жергілікті/ аймақтық компонент негізінде).

1) Табиғатты пайдалану қажеттілігін түсіндіреді.
2) Табиғатты пайдалану үлгілерінің қоршаған ортаға әсерін анықтайды және бағалайды (жергілікті/ өңірлік компонент негізінде).
3) Табиғатт пайдалану үлгілерінің қоршаған ортаға теріс әсерін азайту жолдарын ұсынады (жергілікті/ өңірлік компонент негізінде).
4) Табиғатты ұтымды пайдалану қағидаттарын айқындайды.
5) Табиғатты пайдалану түрлерін (шаруашылық жүргізу түрлері бойынша) анықтайды және графикалық нысанда ұсынады.

2) Табиғатты қорғау іс-шараларының тиімділігін бағалау (жергілікті/өңірлік компонент негізінде).

1) Шаруашылық және тұтыну салалары бойынша табиғатты пайдалануды реттеу тетігін талдайды.
2) Табиғат пайдалану үлгілерінің заңнамалық тәртіппен белгіленген нормаларға сәйкестігін анықтайды (жергілікті/ өңірлік компонент негізінде).

3) Жаһандық және қазақстандық деңгейдегі экологиялық проблемаларды анықтау және оларды шешудің өзіндік жолдарын ұсыну.

1) Ғаламдық экологиялық проблемалардың туындауында географиялық заңдылықтардың рөлін анықтайды.
2) Жаһандық экологиялық проблемаларды шешуде әлемдік тәжірибені түсіндіреді.
3) Экологиялық проблемаларды шешудегі ғылыми-техникалық прогрестің ролін ашады.

4) Қоршаған ортаның сапасын зерттеу (жергілікті / өңірлік компонент негізінде).

1) Қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін жіктейді.
2) Ластанған қоршаған ортаның адам өміріне әсерін бағалайды (жергілікті/ өңірлік компонентті қосымша қамти отырып).
3) Әлем елдерін қоршаған орта сапасы бойынша жіктейді.
4) Тәжірибелік жолмен қоршаған ортаның сапасын зерттейді (жергілікті/ өңірлік компонент негізінде).
5) Қоршаған ортаның сапасын арттыру бойынша шешімдер әзірлейді (жергілікті /өңірлік компонент негізінде).

5) Қоршаған ортаға әсер ететін антропогендік факторларды сипаттау және салыстыру.

1) Табиғатқа әсер ететін антропогендік факторларды жіктейді және графикалық нысанда ұсынады.
2) Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктейді.

6) Аудандастыру негізінде геоэкологиялық зерттеулер жүргізу.

1) Табиғатты пайдаланудағы тұлғаның ролін анықтайды және оны "экологиялық із"деп есептейді.
2) Геоэкологиялық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, бағыттарын және негізгі санаттарын графикалық түрде ұсынады.
3) Геосфераның ластану деңгейін, себептерін және салдарын зерттейді.
4) Әлем аумағын табиғи ортаның ластану және бұзылу деңгейі бойынша аудандастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет