6
|
Елтану
|
Әлемді әртүрлі белгілері бойынша физикалық-географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық және геосаяси аудандарға бөлу. Кешенді-географиялық және тарихи-мәдени аудандастыру моделі. Әлемнің тарихи-географиялық аймақтары.
Әлем елдерін салыстырудағы эмпирикалық әдістер. Әлем елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштер. Әлем елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштердің бірін есептеу әдістемесі. Әлем елдерінің индекстері мен рейтингтерінің сипаттамасы. Көрсеткіштер жиынтығы бойынша анықталатын әлем елдері рейтингісінің графикалық көрінісі.
Қолданбалы елтану ақпаратының субъектілері мен тұтынушылары. Елтанудың ғылыми және қолданбалы міндеттері. Елтану дамуындағы қоғамдық қажеттілік және оның міндеттері. Аумақтың индекстері мен рейтингтері ақпараттың кешенді көрсеткіштері ретінде. Аумақты бағалаудың негізгі құралдары. Әлем қалаларының бәсекеге қабілеттілігін бағалау. Әлемді аудандастыру принциптері және олардың маңыздылығы. Саяси саладағы жаһандану.
Қазақстанның географиялық орналасуы. Қазақстанның тарихи-географиялық, саяси-географиялық және геолит аймақтарындағы орны. Адам әлеуетінің даму индексі. Қазақстанның халықаралық рейтингі. Көрсеткіштер жиынтығы бойынша есептелетін индекстер мен рейтингтерде Қазақстанның орнына әсер ететін географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторлар.
|
1) Әлемнің тарихи-географиялық аймақтарын зерттеу және сипаттау.
|
1) Әлемнің физикалық-географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық және геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіреді.
2) Шығармашылық нысанда әлемнің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын ұсынады.
|
2) Рейтингтегі елдің орнына әсер ететін географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды анықтау.
|
1) Әлем елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштерді айқындайды.
2) Салыстыруда қолданылатын көрсеткіштердің бірін есептеу әдістемесін түсіндіреді (таңдау бойынша: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), оның ішінде халықтың жан басына шаққандағы, сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі (ЖЖҚ), гендерлік теңдік және т.б.).
3) Көрсеткіштердің бірі бойынша әлем елдерінің рейтингін графикалық түрде ұсынады.
4) Көрсеткіштердің жиынтығы бойынша айқындалатын әлем елдерінің индекстері мен рейтингтерін сипаттайды (есептеу/бағалау көрсеткіштері, бағалау субъектісі, нәтижелерді қолдану саласы).
5) Көрсеткіштердің жиынтығы бойынша айқындалатын әлем елдерінің рейтингін графикалық түрде ұсынады.
|
3) Көрсеткіштер жиынтығы бойынша анықталатын индекстер мен рейтингтерде Қазақстанның орнын арттыру жөніндегі идеяларды есептеу негізінде ұсыну.
|
1) Қазақстан Республикасының физикалық-географиялық, тарихи-географиялық және геосаяси аймақтарындағы жағдайын айқындайды.
2) Жаһандану жағдайында географиялық аймақтардың картасында Қазақстан Республикасының орнының өзгеруін зерттеу негізінде болжайды.
3) Көрсеткіштер жиынтығы бойынша анықталатын индекстер мен рейтингтердегі Қазақстанның орнының динамикасын зерттейді (таңдау бойынша бір рейтинг мысалында).
4) Көрсеткіштер жиынтығы бойынша есептелетін индекстер мен рейтингтерде Қазақстанның орнына әсер ететін географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды айқындайды.
|
7
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |