Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім



бет5/7
Дата04.05.2023
өлшемі207.5 Kb.
#473189
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
ГЕОГРАФИЯ ЕМН ОГН каз 150

5

Геосаясат

Геосаясаттың пәні мен міндеттері. Геосаясаттың негізгі факторлары. Геосаяси мәселелер. Геосаясаттың негізгі категориялары. Елдің геосаяси жағдайының жаңа көрсеткіштері. Геосаясаттың негізгі объектілері мен субъектілері. Геосаяси қызығушылық және экспансия. Геосаяси рецессия және қарсы әрекет. Геосаяси ось және революция. Геосаяси кеңістікті қалыптастыру. Геосаяси кеңістік аймақтары. Геокеңістіктің құрылымы. Жалпы геосаяси өзгерістер мен әлемдегі оқиғалар.
Геосаяси факторлардың сипаттамасы мен түрлері. Географиялық фактор. Саяси фактор. Әскери фактор. Демографиялық фактор. Мәдени-тарихи фактор. Этникалық фактор. Экономикалық фактор. Экологиялық фактор. Елдердің геосаяси жағдайы.
Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктері. Морфологиялық талдау. Астаналардың дәрежесі, қызметі мен жағдайын талдау кезіндегі морфологиялық тәсіл. Компактивтіліктің сипаттамасы. Мемлекеттердің морфологиялық модельдері. Мемлекеттік шекаралар: функциялары, түрлері, өткізу ерекшеліктері. Мемлекеттік шекараларды қалыптастыру процесі және нығайту шаралары. Қазақстанның қазіргі шекарасы.
Қазіргі геосаяси мүдделер. Геосаясаттың жаһандық мәселелері. Геосаяси басымдықтар мен перспективалар.
Геосаяси кеңістік ұғымы. Қазақстан Еуразиялық кеңістікте. Және оның басқа мемлекеттермен байланысы. Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайын кешенді бағалау. Қауіпсіздік стратегиясы және аймақтық аспект. Көрші елдердің сыртқы саясатының басымдықтары. Әлемдегі елдер қауіпсіздігінің түрлері мен факторлары. Қақтығыс ошақтары және ыстық нүктелер. Қауіпсіздік концепциясы: объектілер мен қауіптер. Қазақстанның сыртқы саясаты. Қазақстан және халықаралық ұйымдар. Қазақстан және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы. Әлемнің геосаяси бейнесі.



1) Геосаяси және геосаяси үрдістердің негізгі категорияларын зерттеу.

1) Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, мәнін, геосаясаттың негізгі санаттарын түсіндіреді.
2) Геосаясаттың негізгі объектілері мен субъектілерін айқындайды.
3) Геосаяси әсердің негізгі құралдарын зерттейді.
4) Физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық факторлардың геосаясатындағы рөлін бағалайды.
5) Қазіргі геосаяси процестерді талдайды.

2) Қазақстан мен әлем елдерінің саяси-морфологиялық ерекшеліктеріне кешенді баға беру.

1) Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін талдайды.
2) Мемлекеттік шекараны анықтау және өткізу жөніндегі функцияларды, түрлерді, іс-шараларды талдайды.
3) Республиканың мемлекеттік шекараларын қалыптастыру процесін, негізгі көрсеткіштерін, серпінін және нығайту жөніндегі шараларды зерттейді.
4) Мемлекеттерді аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша жіктейді.

3) Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігін күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу.

1) Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайына кешенді баға береді.
2) Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігіне ықпал ететін факторларды айқындайды.
3) Қазақстан Республикасының әлем елдерімен, әлемдік және өңірлік ұйымдармен байланысын күшейту жолдарын анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет