Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Түркістан облысының білім басқармасы


Дұрыс жауап үшін 1 ұпай, жауап бере алмаса кезек келесі топқа өтеді



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата10.06.2022
өлшемі1.32 Mb.
#459124
1   2   3   4   5
РАЗРАБОТКА

Дұрыс жауап үшін 1 ұпай, жауап бере алмаса кезек келесі топқа өтеді. 
Кроссворд сұрақтары: 
1. 
Көлденеңнен: Компьютерлік вирустарға қарсы бағдарламаларды қалай атаймыз 
2. 
Тігінен: Көп тараған вирустардың бірі (атауы) 
3. 
Тігінен: Мәліметтерді архивтеуге арналған бағдарламалардың жалпы атауы 
4. 
Көлденеңнен: Антивирустық бағдарлама (атауы екі сөз) 
5. 
Тігінен: Архивтеуші бағдарлама (атауы) 
6. 
Көлденеңнен: Win Rar және WinZip бағдарламаларының көмегімен жасалатын файлдар 
7. 
Тігінен. Антивирустық бағдарлама (атауы) 
8. 
Көлденеңнен: Вирустың түрі (атауы) 
9. 
Тігінен: Өздігінен көбейетін, компьютерге зақым келтіретін бағдарлама 
10. 
Тігінен: Архивтеуші бағдарлама (атауы)
 
 
 


III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: (25 мин) 
Сабақтың технологиялық картасы: 
1. 
Microsoft Word 2013 –мәтіндік процессоры туралы жалпы түсінік 
2. 
Microsoft Word- мәтіндік редакторының мүмкіндіктері 
3. 
Word терезе элементтері 
4. 
Құжатты құру, қарау, баптау, сақтау, ашу баспаға шығару 
5. 
Қалып күй жолы, алмастыру буфері.
 1. Mіcrosoft Word мәтіндік редакторы төмендегідей жолмен шақырылады: 
Пуск Программы Mіcrosoft Word
Программаны шақырғаннан кейін Mіcrosoft Word мәтіндік редакторының терезесі пайда 
болады, оның сыртқы көрінісі 1-суретте келтірілген.
Mіcrosoft Word редакторы іске қосылғаннан кейін құжаттың мәтінін енгізуге болатын бос 
терезе шығады. Құжаттың мәтінін енгізбес бұрын алдымен қаріп өлшемін, мәтін енгізілетін 
тілді клавиатурадан таңдау қажет. Одан кейін шегіністер маркері арқылы абзацты 1 см-ге 
қойып, берілген мәтінді енгізуге болады. Жолдың соңына жеткенде клавишын басу 
қажет емес, редактор өзі автоматты түрде келесі жолға көшіреді. Сызғыштағы оң жақта 
орналасқан маркер жолдың сол жақ шетін көрсетеді. Ал  клавишын басу мәтіннің жаңа 
абзацтан басталатынын көрсетеді.
Ал берілген құжатты сақтау үшін: 
1-сурет. Mіcrosoft Word мәтіндік редакторының терезесі. 
Бұл процесс құжатты теріп болғаннан кейін орындалады. Сохранить как батырмасын басқаннан 
кейін құжатты сақтауға арналған сұқбат терезесі ашылады, сол терезеге құжат атын енгізіп, ОК 
батырмасын басамыз. Егер құжатты жаңа папкаға сақтағымыз келсе, осы терезедегі 
- жаңа 
папка құру пиктограммасын таңдау арқылы папка ашып, алдымен папканың атын енгізіп, одан 
кейін жаңа құрылған папканы ашып, файл аты өрісіне құжаттың атын енгіземіз, ал файл типі 
өрісіне файлдың типін көрсетміз. Мысалы, WORD-редакторындағы файлдардың типі .doc 
болып келеді. Осыдан кейін Сохранить командасын орындаймыз.
Word редакторында: тақырып жолы, стандартты аспаптар панелі, саймандар тақтасы, 
форматтау панелі, айналдыру жолағы, сызғыш орналасқан. 
WORD-редакторында жұмыс істеуді меңгеру үшін міндетті түрде құрал-саймандар 
тақтасындағы пиктограммалардың қызметін білу қажет. Сондықтан біз олардың әрқайсысына 
жеке тоқталайық (2-сурет). 
2-сурет.Құрал-саймандар тақтасы. 
Word мәтіндік редакторында мәтін жұмыс аймағына теріледі. Мәтін теріліп болғаннан кейін 
оны өңдеу үшін біз стандартты аспаптар панелін қолданамыз. Ал мәтінді оңға, солға немесе 
ортаға қою үшін біз форматтау панелін қолданамыз. Айналдыру жолағы арқылы мәтін көлемін 


көре аламыз. Осы істелген жұмыс арқылы біз берілген мәтінді өзімізге ыңғайлы етіп өңдеп 
баспаға жібере аламыз. 
Мәтіндік блокты көшіру үшін алдымен оны ерекшелеп, одан кейін Ctrl пернесін басып,
ерекшеленген блокты тышқанмен белгілеп жылжытыңыз. Мәтіндік блокты жылжыту үшін
жылжитын блокты ерекшелеп, тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып мәтін блогын 
қажетті орынға апарып орналастырамыз. 
Мәтінді ерекшелеудің бірнеше әдістері бар: 
бір ғана сөзді белгілеу үшін тышқанның батырмасын жылдам екі рет басамыз; 
тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, курсормен қажетті сөзді немесе мәтін бөлігін 
толық белгілеуге болады; 
Сөйлемді белгілеу үшін курсорды сөйлемнің басын келтіріп,  клавишы мен тышқанның 
сол жақ батырмасын бір рет басу жеткілікті; 
Абазацты белгілеу үшін курсорды абзацтың басына келтіріп, тышқанның сол жақ батырмасын 
бүш рет басу жеткілікті; 
Бүкіл құжатты белгілеу үшін +<А> клавиштар комбинациясын басу жеткілікті немесе 
Правка Выделить все командаларын орындауға болады.
Мәтінді көшіру және жылжыту үшін алмастыру буферінде пайдалануға болады. Егер мәтінді 
басқа қосымшамен немесе Word мәтіндік редакторында құрылған файлға көшіру қажет болса, 
онда мәтіннің блогын ерекшелеп, стандартты инструменттер панелінен Копировать 
пиктограммасын басамыз немесе
Правка Копировать командасын орындаймыз. Бұдан кейін курсорды мәтін бөлігін 
орналастыратын орынға келтіріп Вставить пиктограммасын басыңыз немесе
Правка Вставить командасын орындаймыз.
Алмастыру буферін мәтіннің үзіндісін жылжыту үшін де қолдануға болады. Ол үшін мәтіннің 
блогын ерекшелеңіз, стандартты инструменттер панелінен Вырезать пиктограммасын басамыз 
немесе
Правка Вырезать командасын орындаймыз. Бұл әрекеттің нәтижесінде мәтіндік блок 
алмастыру буферіне орналастырылады. Одан кейін курсорды мәтін бөлігін орналастыратын 
орынға келтіріп Вставить пиктограммасын басыңыз немесе
Правка Вставить командасын орындаймыз.
Word мәтіндік редакторында бірнеше құжаттармен жұмыс істеуге болатындықтан, мәтіндік 
блокты бір құжаттан басқа құжатқа көшіру жеткілікті.
Алдымен Окно Упорядочить все командасын орындап барлық ашық тұрған құжаттарды 
терезеге орналастырыңыз. Осыдан кейін бір құжаттың мәтіндік блогын ерекшелеп, Вырезать 
немесе Копировать командасын орындаймыз. Курсорды басқа құжатты қажетті жеріне 
орналастырып, Вставить командасын орындаймыз. 
2. Форматтау деп -мәтіндік құжаттарды рәсімдеу бойынша жүргізілетін әртүрлі әрекеттерді 
айтады. Құжат форматтауды құжат құруға дейін де және одан кейін де жасауға болады. 
Форматтау әрекеттерін орындай отырып 
әртүрлі қәріптерді пайдалануға; 
жұмыс өрісінің шекараларын өзгіртуге, сол жақ, оң жақ, жоғары,төменгі өрістерін 
тағайындауға; 
беттегі мәтінді туралауға;
жоларалық интервалды орнатуға және өзгертуге; 
мәтінді бағандарға бөлуге; 
мәтінді жиектеудің әртүрлі типтерін қолдануға; 
мәтінді рәсімдеумен байланысты басқа да мүмкіндіктерді қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет