Қазақстан Республикасының білім және ғылым


Оқытушының талаптары, саясаты және процедуралар



бет31/32
Дата08.02.2024
өлшемі372 Kb.
#491369
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
13 Оқытушының талаптары, саясаты және процедуралар
1) дәрістер, тәжірибелік сабақтар, межелгі бақылауға қатысу – міндетті болып табылады. Барлық сабақтарда белсенді болыңыздар. Сабақтарға әрдайым дайындалып жүріңіздер. Оқытушыға түсінбеген сұрақтарыңызды қойыңыздар. Сабақтарда пікірталастық сұрақтарды талқылауға қатысыңыздар. Тақырып бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланыңыздар.
2) Сабаққа қатысу міндетті. Егер сіз себепсіз (анықтамалық құжаттарсыз) 2 және одан да көп сабақты босатсаңыз оқытушы сізден сабаққа қатысу үшін деканаттың рұқсатын талап етуге құқылы. Сабаққа қатысу бағаланатынын есте сақтаңыз.
3) Оқытушының талап ететін жазбаша жұмыстарын (дәріс және тәжірибе сабақтарының конспектілерін) дер кезінде тапсырыңыз.
4) Сабаққа себепсіз кешікпеңіз! Екі рет кешігу сабақты бір рет босатқанға теңестіріледі.
5) Сабақта әңгімелесуге тыйым салынады. Екі ескертуден кейін оқытушы студентті сабақтан шығарып жіберуге құқылы.
6) Сабаққа әрдайым дайындалып келіңіз – сабақтар конспектісі, дәптерлеріңіз, қаламдарыңыз ұқыпты болуы керек. Әр аптаның соңында оқытушы сабақ үлгерімінің баллдарын электронды порталға қояды.
7) Босатылған сабақтарды студент оқытушымен бекітілген уақытта қайта тапсыруына болады.
8) Сабақтарда ұялы телефондарыңызды өшіріп қойыңыз. Сабақта ұялы телефондарды, плеерлерді пайдаланғаны үшін 10 балл төмендетіледі.
9) Сабақта сағыз шайнауға қатаң тыйым салынады.
10) 49 және одан төмен баға алған студент емтиханға жіберілмейді.


14 Әдебиеттер тізімі


Негізгі әдебиет:
1 Әбдікерова Г. О. Тұлға әлеуметтануы: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. Алматы : Қазақ университетi, 2009
2 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану : оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
3 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
4 Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
5 «Әлеуметтану» электрондық оқу құралы. ПМУ, 2012




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет