Қазақстан Республикасының білім және ғылым



бет5/32
Дата08.02.2024
өлшемі372 Kb.
#491369
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Жоспары
1. Тұлғаны зерттеудегі философиялық, психологиялық теориялары
2. Тұлғаның әлеуметтанулық теориялары
3. Тұлға құрылымы
Мазмұны
Тұлғаны көптеген ғылымдар зерттейді – философия, психология, әлеуметтану, құқықтану, медицина, т.б. Сондықтан оның көптеген теориялары бар. Тұлға ежелгі Қытай, Үнді, антикалық грек ойшылдарынан бастап зерттелген. Әлеуметтануда тұлғаны зерттеуге зор үлесті әлеуметтік-психологиялық ғалымдар қосты.
Тұлғаны зерттеудегі әлеуметтанулық теорияларға символдық интеракционизм, психоаналитикалық теория, айырбас теориясы және бірқатар заманауи теориялар, мысалы, этнометодология, әлеуметтік драматургия теориясы, т.б. жатады.
Тұлғаның құрылымы мәселесін З.Фрейд қарастырған, сондай-ақ, ресейлік ғалымдар Платонов, Сержантов, т.б. зерттеген.
Әдебиеттер:
1 Әбдікерова Г. О. Тұлға әлеуметтануы: жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы. Алматы : Қазақ университетi, 2009
2 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
3 Биекенов К., Садырова М.Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007

7 тақырып Девиация және әлеуметтік бақылау


Жоспары
1. Девиантты мінез-құлық ұғымы, анықтамалары
2. «Делинквентті мінез-құлық», «әлеуметтік патология» ұғымдары. Жағымды ауытқу мінез-құлқы
3. девиантты мінез-құлық теориялары
Мазмұны
Девиантты мiнез-құлық (лат. deviatio – ауытқу) әлеуметтануының негiзiн қалаушы Эмиль Дюркгейм болып есептеледi. девиантты мiнез-құлық дегенiмiз қоғамда қалыптасқан нормалар мен типтерге сәйкес келмейтiн әрекеттер.
Делинквентті мінез-құлық – ресми белгiленген нормалардан ауытқу. Әлеуметтiк патология деп қоғам үшiн едәуiр қауiптi әлеуметтiк ауытқуларды атайды, мысалы, қылмыс, нашақорлық, өзiн-өзi өлтiру, алкоголизм және т.б..
Әлеуметтануда ауытқу мінез-құлқын зерттеудің кем дегенде үш теориялық-методологиялық көзқарасын айтуға болады – 1) әлеуметтiк құрылымдық әдiс; 2) девиантты мiнез-құлықты зерттеудегi мәдениеттанулық көзқарас; 3) девиантты мiнез-құлықты зерттеудегi тұлғалық көзқарас.
Әдебиеттер:
1 Арын Е. М. Орысша-қазақша түсiндiрме сөздiк. Әлеуметтану және саясаттану. Павлодар : ЭКО, 2006
2 Әлеуметтану : Оксфорд сөздiгi. Алматы : Қазақстан, 2002
3 Ғабдуллина Қ. Құқық социологиясы: оқулық. Алматы : Заң әдебиетi, 2005
4 Икенов А. И., Жүсiпова А. Д. Әлеуметтану негiздерi : оқу құралы. Алматы : Экономика, 2004

8 тақырып Білім беру әлеуметтануы




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет