Қазақстан Республикасының білім және ғылым


Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары



бет3/32
Дата08.02.2024
өлшемі372 Kb.
#491369
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспары


Академиялық сағаттардың сабақ түрлері бойынша жіктелуі





Тақырыптар атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

ОӨЖ

дәрістер

тәжірибе (семинар) сабақтары

лабораториялық, студиялық, жеке

Барлығы



Соның ішінде СМӨЖ

1

Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде

1

1

-

4

1

2

Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттар


1

1

-

4

1

3

Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде

1

1

-

4

1

4

Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер

1

1

-

4

1

5

Әлеуметтік құрылым мен әлеуметтік стратификация

1

1

-

4

1

6

Тұлғаның әлеуметтік сипаттамалары

1

1

-

4

1

7

Девиация және әлеуметтік бақылау

1

1

-

4

1

8

Білім беру әлеуметтануы

1

1

-

4

1

9

Саясат әлеуметтануы

1

1

-

4

1

10

Экономикалық әлеуметтану

1

1

-

4

1

11

Отбасы әлеуметтануы

1

1

-

4

1

12

Мәдениет әлеуметтануы

1

1

-

4

1

13

Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы

1

1

-

4

1

14

Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы

1

1

-

4

1

15

Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау

1

1

-

4

1




Барлығы: 90 (2 кредит)

15

15

-

60

15



6 Дәріс сабақтарының мазмұны

1 тақырып Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде


Жоспары
1. Әлеуметтанудың объктісі мен пәні.
2. Әлеуметтану ғылымының құрылымы және атқаратын қызметтері
3. Әлеуметтанудың әдістемесі
Мазмұны
Басқа ғылымдар сияқты әлеуметтану да өзіндік зерттеу объектісі мен пәніне ие: әлеуметтанудың объектісі – қоғам, пәні – қоғам өміріндегі әлеуметтік қатынастар.
Әлеуметтану өзіндік құрылымы мен әдістемесіне ие. Әлеуметтану пәнінің құрылымы күрделі – біріншіден оның үш деңгейлік құрылымын – жалпы әлеуметтанулық теория, орта деңгей теориялары және нақты әлеуметтанулық теорияны бөлуге болады. Сондай-ақ, әлеуметтану макро- және микроәлеуметтанулық деңгейге бөлінеді.
Әлеуметтану білімінде оның өзі туралы бағыт, яғни оның құрылымы туралы – метатеория және қоғам туралы теорияларды бөлуге болады. Әлеуметтанудың негізгі функциялары – теориялық-танымдық, тәжірибелік, әдістемелік, басқару және болжамдық
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Биекенов К., Садырова М.Әлеуметтанудың түсiндiрме сөздiгi. Алматы : Сөздiк-Словарь, 2007
3 «Әлеуметтану» электрондық оқу құралы. ПМУ, 2012ж.

2 тақырып Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары


Жоспары
1. Әлеуметтанудың қалыптасуындағы негізгі кезеңдер
2. Әлеуметтанудың ғылыми пән ретінде қалыптасуы
3. Эмпирикалық және фундаменталдық әлеуметтану: мектептер мен бағыттар
Мазмұны
Әлеуметтанудың пайда болуын мен дамуын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады: 1) әлеуметтанудың алдын-ала тарихы, мұнда адам мен қоғам туралы көзқарастар әлеуметтік философия шеңберінде дамыды; 2) әлеуметтанудың өз бетінше өзіндік пәні мен ғылыми әдісі бар ғылым ретінде пайда болуы кезеңі немесе әлеуметтанудың дамуындағы классикалық кезең; 3) қазіргі кезең, мұнда әлеуметтану жеке ғылым ретінде мойындалды және әлеуметтік құбылыстардың табиғатын түсіндіруге мүмкіндік беретін негізгі ғылыми концепциялар жасалды.
Әлеуметтанудың негізін қалаушы болып Огюст Конт (1798-1857) табылады. Ол ғылымға «социология» терминін енгізді. Оның ізбасарлары болып Г.Спенсер, М.Вебер, Э.Дюркгейм табылады.
Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары – эмпирикалық әлеуметтанудың дамуынан басталады. Эмпирикалық әлеуметтану деп, нақты зерттеулер жүргізуді, осылардың негізінде арнаулы әдістер қолдану (сұрау, бақылау, тәжірибе) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды, қорытындылауды айтады. Адольф-Кетле (франко-бельгиялық статист), Чарльз Бут (Англия), Ульям Томас, Флориан Знанецкий (поляктар) осы салада еңбек етті.
эмпирикалық нақты зерттеулер теориялық әлеуметтанудың дамуына белгілі бір шамада кедергі жасады, теорияның маңызы мен рөлін төмендетті. Сондықтан теориялық әлеуметтануды қайтадан көтеріп, жаңғырту қажет болды. Әлеуметтанулық теорияны американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т.б. дамытты.
Әдебиеттер:
1 Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану: оқу құралы. Алматы : Қарасай, 2009
2 Әлемдiк әлеуметтану антологиясы: [10 томдық]. Алматы : Қазақстан. (Мәдени мұра). 2007
3 «Әлеуметтану» электрондық оқу құралы. ПМУ, 2012ж.

3 тақырып Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет