Қазақстан республикасының білім және ғылым


-дәріс. Тәжірибелік зерттеудің жұмысының жүргізілуі



бет2/3
Дата17.07.2016
өлшемі430.94 Kb.
#205472
1   2   3

5-дәріс. Тәжірибелік зерттеудің жұмысының жүргізілуі
Бұл құрылғылар даналы бұйымдармен автоматты қоректендіргіштерде кеңінен қолданыс тапты. Бірақ соңғылары тез сынғыш, нәзік және жабысқақ болмауы тиіс.

Әрекет ету сипаттамасына байланысты келесі құрылғыларға бөлінеді:

- мәжбүрлік

- және еркін бағдарлау.

Мәжбүрлік бағдарлау кезінде бағдарлау жұмысшы органмен жүргізіледі. Ал еркін бағдарлауда:

- ауырлық күштері, инерция күштері, ортадан тепкіш күштер және т.б.

Сонымен қатар бағдарлау белсенді немесе әрекетсіздік болу мүмкін.

- белсенді бағдарлау кезінде бұйым (егер олар дұрыс бағдарланса) әрекетсіздік бағдарлау болады .

· әрекетсіздік кезінде - өздері дұрыс жағдайда болған кезде ғана жарамсыз болады.

Әрекетсіздік бағдарлауы бар бункерлі бағдарлау-қоректендіруші құрылғылы тамақ автоматтары жеткілікті берік тағам бұйымдары, сонымен қатар тағамдық емес дайындамаларда (шөлмектердің тығындары, металл қақпақтар, шұжық түйреуіштері және т.б) қолданылады.

Бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғыларының түрлері:

1. ворошителді бункерлі - құйғыш.

2. екі концентрленген құбырлары бар бункерді-құйғыш.

3. Айналатын қармауыш органдары бар бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғысы:

а) қалталы; б ) саңылаулы; ) имекті; г ) шиберлі және т.б.

4. Тербелмелі бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғы және т.б.



2 сурет - құбырлы бұрулары бар бункерлі-құйғыштар


Бункерлі бағдарлау-қоректендіруші құрылғыларының ең қарапайым және сенімдісі болып құбырлы бұрулары бар бункерлі-құйғыштар табылады. Олардың екі типі болады

а) ворошителі бар бункерлі-құйғыш:

- тік орнатылып, шығу тесігімен жабдықталған цилиндрлі конусты бункер;

- бункердің төменгі бөлігіне орнатылған тік штифті түріндегі ворошителмен жабдықталған айналатын конусты түп.

Цилиндрлік формадағы бұйымдар,

- бункерге 1 толық тиелген,

- қабылдау трубкасының 5 шыға берісіне ауырлық күшінің әсерінен төмен бағытталады.

Одан әрі түптің 3 айналуы кезінде түптің конустық тесігі арқылы штифтімен 2 бөлшектер соғылып, кезекпен түсіп қалады. Түптің айналуы буынтықты беріліс 4 арқылы жүзеге асады.

Машинада бұйымның негізгі өңделуі позициялы тартпа арқылы трубкамен 5 қосылады.

Ішкі трубка 1 қабылдағыш, ал сыртқы трубка 2 қармауыш болып табылады.

Механизмге сәйкес ілгерлемелі-қайтымды қозғалыс жасай отырып, сыртқы трубка ішінде еркін сырғанайды. Бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғыларының осындай типтері роторлы карамель орайтын машиналар қоректендіргіші үшін қолданылады .
Қармауыш органдары бар

бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғылары

2 сурет. а) Қалталы бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғылары,

б) Қалталардың түрлері

Қалталы бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғылары:

- ойық-қалтасы бар көлбеу айналатын диск.

Бұйым (дайындамалар) қалталарға диск төменгі жағдайда болғанда келіп түседі. Одан әрі

- олар бункердегі дайындамалардың массасынан шығарылады,

- және қалталардан бункер түптері жоғарғы бөлігінен науаға 4 келіп түседі.

Қалталардың орналасуы мен формалары дайындамалардың түріне байланысты болады.
Дайындамаларды бағдарлау мыналарға тәуелді болады:


  • ұзындықтың ℓ диаметрге d қатынасын

ℓ/d>1 кезінде дайындамалар:



        • дискі хордалары боынша бағдарлау.

ℓ/d<1 кезінде дайындамалар:

        • өздерінің торецтері (шеттері) бойынша бағдарлау.

Қалта өлшемдері екі дайындама қатар түспейтіндей болуы керек.

Бункердің көлбеу бұрышы қалтаға түспей қалған дайындаманының төмен қарай сырғанауын қамтамасыз ету.

Қалталы бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғылары тұшпаралар мен кәмпиттер орамасын буып-түю автоматтарында қолданылады.

6 – дәріс. Тәжірибеде қолданылатын әдістемелер мен аспаптарды таңдап алудың маңыздылығы
Саңылаулы бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғылары саңылау түрінде орындалған қармауыш органы болады. Саңылаудың көлденең қимасы өз формасы бойынша дұрыс бағдарланған дайындама талабына сай келеді.

3 сурет. Саңылаулы бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғылары


Саңылаулы бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғылары сақинамен 2 пісірілген тік қозғалмайтын немесе көлбеу цилиндрлік тұрықтан 1 тұрады. Тұрықтың ішінде диск 3 айналады.

Сақинаға қарағанда диск аз диаметрлі болғандықтан, диск пен сақина арасында сақиналы саңылау болады.

Саңылаулы бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғыларына салынған дайындамалар (А) сақиналы саңылауға (Б) келіп түседі де серіппелер 5 әсерінен бұру науаға 4 қарай тасымалданады.

Егер бұру науасы толықтай толтырылған болса, онда серіппелерді тарта отырып, дайындамалармен сырғанай бастайды. Бұл кезде диск айналуын жалғастырады. Бұл сыналануды болдырмайды.




4 сурет Ілмекті бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғылар
Ілмекті бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғылар келесі дайындамалар түрінде қолданылады,

- сақиналарда, қалпақшаларда, стақандарда және т.б. қармақтарды ілетін ашық қуыстары бар бұйымдарда.


Суретте мыналар көрсетілген:

1- ілгектері бар қармауыш стерженьдер;

2- бойлық тілігі бар төменге түсіру науасы;

3- бункер.

Ілмекті бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғылардың басқа да конструкциялары белгілі (4 сурет).

4 сурет Шиберлі бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғылар


Шиберлі бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғының схемасы жүйелік түрде көрсетілген.

Шиберлі бункерлі бағдарлау - қоректендіруші құрылғы келесілерден тұрады:

1 - Бункер; 2 - ротациялық щетка; 3 – шибер; 4- бұру тартпасы.

Шибер 3 ілгерлемелі-кейінді қозғалыспен жүзеге асырылады. Шибердің жоғарғы шетіндегі пазында дайындамалар формасына сәйкес саңылау болады.

Шиберді көтеру кезінде дайындамалар бұру тартпасына 4 сырғанап түседі. Дұрыс бағдарланбаған дайындамалар шиберден ротациялық щетка 2 көмегімен лақтырып тасталынады.


7 – дәріс. Математикалық модельдеудің қойылымы
Бұл сорғы – дозатор май түзгішке майлылығы жоғары кілегей беру үшін ,

сонымен қатар сары май өндіруде бактериялық ашытуда пайдаланылады.

НРДМ маркалы сорғы - дозатор майлылығы жоғары кілегейге арналған – бір-бірімен кинематикалық байланысты ротациялы сорғы мен ашытуға арналған плун жерлі типті дозалаушы құрылғыдан тұрады .

Ротациялы сорғы құрылысы бір тісті бәсеңдеткіштен және де 2 роторы

мен корпустан тұратын сорғыдан құралған. Жетек – конусты электроқозғаушы қозғалысты үйкелісті вариаторға берілуі арқылы жұмысқа қосылады . Үйкелісті

вариатор тез жүрісті төмендеткіштің білігінің жүрісін қадағалауға арналған.

Реттеуші винттің сағат тілі бойымен айналысында ,тез жүрісті біліктің айна-

лыс жиілігі азаяды. Осыған байланысты ротациялық сорғы мен дозалық

құрылғының өнімділігі азаяды . Винттің сағат тіліне кері айналысы , керісін-

ше біліктің айналыс жиілігінің , сонымен қатар сорғы мен дозалық құрыл-

ғысының өнімділігін арттырады.

Дозалаушы құрылғыны төмендеткіш корпусындағы қақпағында орнатады. Бұл құрылғы плунжерлік сорғы болып табылады, сонымен қатар сорғыш және айдау келте құбырлары бар жұмысшы цилиндрден тұрады . Клапандарды бұрандалы жалғастырғышпен жалғанған сорғыш және айдау келте құбырларына байланысына орнатылады.

Электроқозғауыш қозғалысты беру арқылы конусты үйкелісті вариатор мен төмендеткіш арқылы плунжердің жетегі іске асырылады. Төмендеткіштің үстіңгі білігінде орнатылған жұдырықша қайтарымды-түсуші іс-әрекеттерді (қозғалыстарды) плунжерді қозғалтады. Жұдырықшаның профилінің өзгергіштігі плунжердің үлкен жүрісін, сонымен қатар дозалаушы құрылғының горизонталь жазықтықта қозғалғанда өнімділігін өзгертеді. Осы мақсатпен төмендет-

кіштің қақпағында реттеуші және бағалаушы винт орнатылады . Винттің са-

ғат тілімен айналысы кезінде дозалаушы құрылғы алдыға қарай жылжиды

(ротациялық сораптың жұмысшы бөлігіне қарай) .

Дозалаушы құрылғысының плунжер ролигі жұдырықшада табады. Бұл жағ-

дайда плунжер жүрісі үлкейеді , яғни өнімділігі де. Винт сағат тіліне кері ай-

налса , дозалаушы құрылғының өнімділігі 0-ге дейін азаяды .

Дозатор – стационар сорап болып саналады ; оны 3 тіректен еденге бекіте-

ді .

Қышқыл сары майды өңдеуде кілегейдің бактериялдық ашытуы өтпелі



патрубкада 1- ші мен 2- ші май түзуші цилиндрде кеспек (бочок) – дозаторда

өткізіледі. Кеспек – дозаторды сорғыш клапанның деңгейінен 150 мм-ге жо-

ғары етіп орнатып , дозатордың вертикаль штуцерінде бекітеді.

Майлылығы жоғары кілегей мен қосылатын ашытқы %-ті ,сораптың өнім-

ділігінің өзгеруі – сораптың жұмыс процесінде реттеуші винттердің көмегімен

іске асырылады.

Май түзушінің қосылу периоды кезінде жұмысшы режимінде , стандартқа

сай емес майды нормалаушы ванналарға жіберіледі. Ал , дозалаушы құрылғы

бұл кезде 0-дік жағдайда болады .

Май түзгіштен май шыққан кезде қажетті t- ға жетуде , дозалаушы құрыл-

ғыны қажетті ашытуға кететін %- ке жету үшін , реттегіш винтті белгілі бір

деңгейге қойылады.


8-дәріс. «Қара жәшік» қағидасы бойынша модельдеудің жолдары
Бұл желi ВНИИМС-пен бiрге МосЗМО шыққан ОЛП желiсiнiң модернизациясы болып табылады. Ол майлылығы 30—40% кілегейден әр түрлі майларды өндіру үшін арналған: тәтімай, таңдамалы, шаруа, бутербротқа арналған және т. б.. Желіні май өндіретін кәсіпорындарда 1000 – 1500т көлемде дайын өнім өндіруде қолданады. Желінің негізгі технологиялық жабдығы (Т1-ОУК немесе ПТ-2 құбырлы пастерлегіштер, ОСД-500 майлылығы жоғары кілегейлерге арналған сеператор, ВН-600 мөлшерлегіш ваннасы және Т1-ОМ-2Т цилиндрлі май-тәріздегіш) өнеркәсіптерде шығарылады.

Желінің құрамына кіретіндер: сиымдылығы 250 л қаймаққа арналған қалтқылы деңгей реттегіші бар РЗ-ОНС багі, кілегейге арналған Г2-ОПБ маркілі 361Ц2,8-20 ортадантепкіш электросорғы, Т1-ОУК (ПТ-2) құбырлы пастерлегіш, кілегейдің иісін кетіруге арналған ОДУ-3 иіс кетіру (дезодоратор) қондырғысы, КВН-4 вакуум-сорғысы, қалтқылы деңгей реттегіші бар РЗ-ОНЯ бак-толтырғыш, майлылығы жоғары кілегейге арналған екі сепараторлар, май суына арналған Р3-ОБЯ багі, май суына арналған Г2-ОПА маркілі 361 Ц1,8-12 ортадантепкіш электорсорғы, мөлшерлейтін үш ВН-600 ванналары, майлылығы жоғары кілегейге арналған НРДМ сорғы-дозатор, Т1-ОМ-2Т үшцилиндрлі майтәріздегіш, РН-50Ш13М-1 таразылары (2 дана), таразыларға арналған үстел, ауаны сығуға арналған СО-7А (0-38Б) компрессоры, аспаптарды қосатын және бақылау - өлшегіштерді басқару пульті, майлылығы жоғары кілегейді тасмалдауға арналған науалардың толық жинағы (комплект), сүт құбырларының толық жинағы, арматуралар және ТЭ050-71120 электрлі таль.

Желінің жабдықтарын өндірістік-технологиялық процестердің жолы бойымен жабдықтайды және орналастырады, мұнда майцех заводының ауданнының шамаларын және орналастыруы, басқа бөлмелерімен байланысы және табиғи жарығы, сонымн қатар жабдықты қамтамасыз ету ыңғайлылығы, майды өлшемдеу (фасовка), буып түю және тасмалдануы есепке алынуы тиіс.

Жабдықтардың құрастыру сұлбасының ұсынылуына сәйкес желінің жұмысы келесідей жүзеге асады (1 сурет). Сыйымдылықты резервуарларда сорталып толтырылған бастапқы майлылығы 30-40% температурасы 10-12 °С кілегейдің сапасын тексеріп болғанан кейін сорғымен сорып диаметрі 35 мм құбырмен немесе өздігінен берілетін диаметрі 50 мм құбырмен қабылдайтын багіне беріледі (жергілікті завод жобаларының бөлмелеріне және қабылданған жабдықтың құрастырма сұлбасы бойынша), осыдан ортадан тепкіш сорғымен 3 құбырлы пастерлегішке 4 сорылады, екі секциядан өткенен кейін 85—96°С температураға дейін ысытылып сорағыдан болған арынмен тікелей құбыр бойымен жинақтайтын багіне 8 немесе бірінші иісін және ашшы дәмін кетіру үшін вакуум-иіскетіргіш қондырғысына 5 (егер қажет жағдайда) беріліп содан кейін сорғымен 17 жинақтайтын багіне 8 жіберіледі.

Жөндеу сұлбасымен және иіс кетіргіш қондырғысымен (немесе қондырғысыз) желідегі жұмыс істеу мүмкіндігі қарастырылады. Сүт жүретін жүйесінен иіс кетіргішті ажырату екі үшжірісті крандар көмегімен жүргізіледі.

Бактегі ыстық пастерленген кілегей өздігінен құбыр жүйесі арқылы майлылығы жоғары кілегей алу үшін істеп тұрған сепаратордың 9 біреуіне беріледі. Бірінші сепаратордың барабаны кірге толған кезде, өшіріліп екінші сепаратор іске қосылады, бұл кезде бірінші сепаратор жуылуға тоқтайды. Сонымен сепаратор кезектесіп жұмыс істейді. Құбыр жүйесінде орнатылған крандар жұмысы істеу кезінде жинақтайтын бактегі кілегейді сепараторға жіберуі қосылады. Сепаратордан шыққан майлылығы жоғары кілегей науамен 15, 16 біріңғайлайтын ванналарға 10, ал бактегі 6 майдың суы сорғымен 7 құбыр жүйесіне беріліп ары қарай өңдеулерге жіберіледі.

Ванналар кезек бойынша жұмыс істейді. Ванналардың (мысалы, бірінші) толғанша, екіншісінде (анализдері бойынша қажет жағдайда) майлылығы жоғары кілегей талабына дейін ылғалдың мөлшерін біріңғайлау жүзеге асырылады, ал үшіншісінен біріңғайланған кілегей ротоционды сорғы-дозатормен 11 үшцилиндрлі майтәріздегішке 12 беріледі. Майтәріздегіштің цилиндрлеріндегі майлылығы жоғары кілегей салқындатылып қарқынды механикалық өңделінеді, осыдан қажетті сары майдың құрлымы мен консистенциясы алынады.

12—15°С температурадағы дайын май арнайы кран арқылы таразыда 14 орнатылған жәшіктерге түседі. Жәшіктің біреуі майға толғанан кейін кранның


9 – дәріс. Өнімнің сапалық және сандық көрсеткіштерін зерттеудің маңыздылығы
Технологиялық машинаның негізгі циклына порциялармен немесе жекелеп бункерлі және магазиндік құрылғылардың толассыз ағынынан шығатын белгілі бір жағдайда бұйымды бір-бірінен бөліп алу қажет.

Осы функцияны орындайтын механизмдар даналық бұйымдарды автоматты мөлшерлегіштер деп аталады.

Жалпы жағдайда мұндай мөлшерлегіштер жеке элементтерден тұрады:

- отсекателдер, бергіштер және дистанционерлер.

Отсекателдер бір бұйымды ағыннан немесе үйіндіден бөліп алады. Одан әрі бұйым арнайы механизмдердің көмегінсіз тасымалдана алады.Бұл жағдайда отсекатель мөлшерлегіш қызметін атқарады.

Бергіштер деп белгіленген орынға бір-бірінен бөлектенген бұйымдарды беретені арнайы механизмді айтады.

Дистанционерлер деп беретін бұйымдар арасындағы арақашықтықтарды қамтамасыз ететін құрылғыларды айтады.

1 сурет. Штифті отсекателдердің схемасы


Штифті отсекателдер (1 сурет, а, б) бұйымдар өлшемдерінен көбірек бір-біріне паралельді орналасқан. Штифті отсекателдер ағынға көлденең ілгерлемелі-кейінді немесе тербелмелі қозғалыс жасайды. Әрбір екі есе жүрістен ары қарай өңдеуге кететін бұйым босатылып отырады.

Штифтердің ұзындығын штифтердің бейтарап жағдайында дайындамалардың қозғалысы болмайтын болу керек.



1в сурет. Жұлдызшалы дистанционер-отсекательдің схемасы


(1в сурет) жұлдызшалы немесе барабан түріндегі дистанционер-отсекательдің схемасы көрсетілген. Дистанция мөлшері бұйым берілетін жұлдызшаның айналу жылдамдығымен және транспортер жылдамдығымен анықталады.

1г – сурет. Бөтелке жуғыш машиналарды беретін Мотылевый отсекателі.


Бөтелке жуғыш машиналарда қолданылатын Мотылевый бергіш-отсекателі (1г- суретте) көрсетілген.

Мотыльдың 1 оңға бұрылуы кезінде қармауыш табан 4 науаларға 2 тіреледі, және серіппенің 5 әсерін жеңіп, қармайды, бұл кезде кезекті бөтелке 3 түседі.

Сол жаққа бұрылу кезінде серіппе астындағы табан қозғалмайтын тіректің 6 соңына іліккенше бөтелкені 4 қысады. Бұл кезде қармауыш ашылып бөтелке табаннан 4 сырғанап кетеді.

1д - сурет. Дистанционерің шнекті қоректенгішінің схемасы.



10-дәріс. Өнімнің реалогиялық қасиеттерін зерттеудің маңыздылығы
1) Тамақ өнеркәсіптік кәсіпорындар территориясы.

2) Кәсіпорынның функциональды звенолары. Кәсіпорындардың басқару және тұрмыстық қамсызданыдыру бөлімшелері. Әлеуметтік-тұрмыстық қамсыздандыру және жабдықтау.

3) Инженерлік қамсыздандыру және ағын сулар мен қалдықтарды жою. Сумен қамсыздандыру. Шеберхана
1) Тамақ өнеркәсіптік кәсіпорындар территориясы кіретін және өндірістік зоналардан, сонымен қатар өндірісті инженерлі қамсыздандыру және қатынас жолының зоналарынан құрылады. Кіретін зонасында жұмысқа келген және жұмысты аяқтаған персоналды, сонымен қатар басқа да адамдарды қабылдайтын бөлімі салынады. Сонымен қатар адамадар мен көлік құралдарының қозғалысына бақылау жүргізіледі. Бұл бөлімге көлік құралдарын қоятын алаңы, зауыт басшылығы бөлімі, персоналдарды тұрмыстық қамсызданыдыру бөлімі, мысалы, киім ілетін орындар, асхана бөлмелері, кәсіби біліктілікті жоғарлату үшін сабақ өткізетін аудитриялар мен кітапханалар кіреді.

Өндірісітік зоналар құрамына негізгі және қосымша өндірістік участоктар кіреді.

Бұл зона өндіріс саласына тәуелсіз әртүрлі шамадағы немесе формадағы бір немесе бірнеше бөлімдерден туруы мүмкін. Ірі көлемді жобалаудың элементерін қолдану жобалау процесін жеңілдетеді және бөлмелерді түбегейлі реконструкция жүргізбей жабдықтарыды жаңартуға мүмкіндік береді. Бөлімдерді жалғай салу немесе үстіне салу негізінен біріңғай модульдік жүйелермен қабылданған түрі жеңілдетіледі. Егер де мүмкін болған жағдайда, бөлімдер мен олардың типтік жобаларын немесе қайталап қолданатын жобалары қолданылуы қажет. Бұл сонымен қатар өндірісті инженерлік қамсыздандыру және қатынас жолдарының зоналарына энергия жабдықтау қондырғылары (электрлі жабдықтау, сығылған ауа, бу, газ) техникалық қондырғылар (насос станциялары, суға арналған резервуарлар, ағынды суды тазартуға араналған жабдықтар), шеберханалар, қоймалар, гараждар аккумулятор батареяларын қуаттандыру, мен автокөліктерді қоюға аранлаған автотұрақтар кіреді.

Тамақ өнеркәсіптік кәсіпорындардың басты жобаның компоновкасын дұрыс таңдаудағы басты мәселе өндірісті түрін ұйымдастыру, өнім өндіру кезіндегі қозғалыс ағыны, қатынас жолдарының жүйесі болып келеді. Әрі, кәсіпорының қоршаған ортасында адамдар толық қанды жұмыс істейтінін ескере кеткен жөн.


2) Зауыт басқару ғимаратында дирекция және техникалық басшылығы, орталық кадрлар бөлімі, еңбек бөлімі, жобалау бөлімі, материалды-техникалық қамсыздандыру бөлімі, бухгалтерия, пошта бөлімдері бар. Ғимаратта қоғамдық ұйымдастыруға арналған бөлімдері, сонымен қатар орталық лабораториялары, есептеу орталықтары және конструкторлық бюро бар. Көп жағдайларда үй асты қабатында (в подвалном этаже) азамматытық қорғаныс жабдықтарын салады. Кейбір кәсіпорындарда зауыт башылығының ғимаратында персоналдарды тұрмыстық қамсыздандыру бөлімшелері бірге салынуы мүмкін.

Өндірістік ғимаратының жабық жолдары болмағандықтан зауыт басқарма ғимараты бөлек салыну мүмкін немесе өндірістік ғимарат қатарына салынады.

Әлеуметтік-тұрмыстық қамсыздандыру бөлімдері негізінен түскі ас ішетін залдар, тағам өнімдерін қабылдау бөлімі, медициналық пункты, демалу комнаталары, киім шешу орндарынан тұрады.
3) Тамақ өнеркәсібіне көп мөлшерде су қажет. Бактериалдық тұрғыдан және де физика-химиялық құрамдарына байланысты суға жоғары талап қойылады. Көп жағдайда кәсіпорындарға суды қалалық сумен жабдықтау жүйесінен алады. Егер де, мұндай жолмен толық көлемде сумен жабдықтау мүмкін болмаса, онда, әсіресе сүт зауыттарына артезианды құдық құрылғыларынан алу керек немесе арнайы сумен жабдықтау жүйелерін құру қажет.

Шеберхана түрі және көлемі кәсіпорін қуатына мен өндірістік профиліне байланысты салыну қажет. Шеберхана станоктарды, жабдықтарды, автокөліктерді, ғимараттардың инженерлік жабдықтарын эксплуатациялық басқару және өлшеуге арналған жабдықтарын, сонымен қатар ғимараттың өзін жөндеу үшін қолданылады.

Шеберхана ғимараттардың инженерлік жабдықтарын эксплуатациялық басқару, аппаратураларды өлшейтін, электротехникалық жабдықтарды жөндеу үшін қажет. Кейбір кәсіпорындарда көп мақсатта қолданатын ғимараттары салынған, мұнда шеберханалар мен қоймалар, сонымен қатар гараждар, трансформатор подстанциялары, насостар, судайындау қондырғылары және т.б. салынады.

11-дәріс. Өнімнің микроқұрылымдық биохимиялық гранулометриялық құрамын зерттеу
Құстарды өңдеудің технологиялық процессі келесідей жүзеге асады. Өңделуге түсетін құстарды кеңістіктегі конвейерге аяқтарынан іледі, бұл цехтың ішінде жеке бөлінген арнайы бөлмелерде аспаларға құстарды ілу жүргізіледі.

Құстарды электрлі есенгіретуге арналған аппаратқа түседі, есенгіретілген құсты қан жинауға арналған науаның үстінде қолмен бауыздау жүргізіледі. Науаның үстінде ілінген құсты 120 с аралықта қансыздандырады.

Қансызданған құсты температурасы 5…540 С аралығында жылумен өңдеу аппартына түседі.

Құсты жылумен өңдеуден кейін қауырсындарын жұлуға арналған автоматтарға түседі. Автоматтарға үздіксіз температурасы 45…480 С су берілуі керек, бұл қауырсын жұлуға және жуу қажеттілігін қамтамассыз етеді. Қауырсындарын жұлғанан кейін құс ұшасы ұрып – тазалау машинасына түседі, мұнда ұшаға жабысқан жүндерден тазарту жүргізіледі, сонымен қатар құс ұшаларын 28…300 С температурадағы сумен жуылады.

Өңдеуден кейін ұшалардың өкпелерін, бүйректерін, ішек – қарындарының сыртқы қабықтарынан тазартады. Тазарудан кейін температурасы 1800 С сумен жууға арналған ұрып – жуғыш машинасымен жуылады. Ұшаны жуғаннан кейін ішін жару конвейерінен салқындатуға жіберетін конвейерге қайта ілінеді.

Ішек қарынынан тазартылған ұшаларды салқындату мұзды сумен суытатын қондырғыда жүзеге асырылады. Су температурасы бірінші сатыда 8-120С, ал екінші сатысында 10С болады.

Өңделген ұшаны семіздігіне және өңделу сапасына қарай іріктеліп өлшенеді және таңбалайды. Әмбебап автоматтарында құстың жұлынатын қауырсындары сонымен қатар жұлуға дейінгі орындары гидронауалардағы сумен жуылады және жуылған қауырсын қауырсын өңдейтін бөліміне өтеді. Науа цехтың полында жасалынып үсті тор шарбақпен жабылған.

Тауықтарды, бройлерлерді және балапандарды өңдеуге арналған В2-ФЦЛ ағынды желісі құсты қабылдау бөлімінен, өңдеу желісінен, ішек қарынындарын тазарту және тоңазыту, іріктеу бөлімі және өңделген ұшаларды қаптау, қауырсын өңдеу, техникалық қалдықтарын өңдеу процестерінен тұрады.

Ал құстардың аяқтарынан кесу құс ұшаларын бірінші реттік өңдеу конвейерлерінде жүргізіледі. Сою желісіндегі технологиялық операциялар орындалғаннан кейін құс ұшаларын аяқ буындарынан ішін жаратын конвейерге іледі. Ілінген ұшалар тазалық сарапшылар үстеліне келіп түседі. әр бір ұшаның ішкі органдары тексеріледі. Жарамсыз ішкі органдарын ұшалардан бөлек алып техникалық қалдықтар жинайтын гидротасмалдау науасына тасталынады, ал жарамсыз ұшалар ішін жару конвейерінен алынып арнайы бактарға тасталынып тазалық сарапшылар бұйрығымен басқа қолданыстарға жіберіледі.
14 дәріс. Тәжірибе нәтижелерін математикалық өңдеудің көпфакторлы регресиялық теңдеулері
Дәріс жоспары.


  1. Жабдықтардың классификациялары: әрекетіне қарай жұмыс істейтін машиналар мен аппараттардың классификациялары;

  2. шикізатқа байланысты өндіру тәсілдерінің технологиялық кұрлымдары.

Жабдықтардың сиппаттамасы технологиялық процестердің жұмысына сәйкес желідегі орналасу және қосылу жүйелігімен жүргізіледі.

Т1-ОУК құбырлы пастерлегіші (2 сурет). Жабық ағында үздіксіз бастапқы майлылығы 30-40% кілегейді пастерлеу үшін арналған. Оның толық жинағына кіретіндер: құбырлы жылу алмастырғыш, пастерленбей қалған кілегейді қайтаратын клапаны, бу қысымын автоматты реттейтін және бақылайтын құралдарымен бірге бу құбыры, Г2-ОПБ 36-11-1,2,8-20 ортадан тепкіш электосорғысы, ТСМ-100 дистанциялық монометрлі термометрі, екі конденсат ажыратқыштары, құбыр жүйелерінің комуникациялары және қосалқы бөлшектің толық жинағы.

Құбырлы пастерлегіш бумен қыздырылатын бір-бірінің үстіне орналасқан екі цилиндрлі – жылу алмастырғыштардан тұрады. Цилиндрінің ұзындығы 1200 мм, қабының диамелті 350 мм, бу жейдесінің диаметрі 250 мм болады. Цилиндрдің бүйіріне құбырлы дискілер дәнекерленген және 24 құбырлары бар. Құбырларының сыртқы диаметрлері 30 мм, ішкі диаметрлері 26-27мм болады. Құбырлы дискілер және құбырлары тот баспайтын 12Х18Н10Т маркалі болаттан жасалынған. Құбырлы дискілерінің бүйірлерінде құбырларды қостап қосатын каналдармен жалғанған. Цилиндрдің сыртынан бірінші (астыңғы) және ақырғы (үстіңгі) келте құбыр түрінде штуцермен бірге шығып тұрады.

Цилиндрлерінің бүйірлері бірі екіншісіне оқшауланбауын және қымтауларын жүзеге асыратын резеңкелі тығыздағыштарымен нығыз қақпақпен жабылған.

Сорғымен сорылатын сұйық, бірінші құбырға беріледі, сосын каналға, мұнда араласып келесі құбырға өтеді, сосын қайтадан каналға, сөйтіп барлық құбыр жүйесімен өтіп шығады. Цилиндрлерінің булы жейдесіндегі бу шығатын жері пластиналы-шағылыстырғыш металынан жасалған.

15 - дәріс. Күнбағыс майын өндіретін өндірістік ағынды желісі.

Дәріс жоспары:



  1. Технологиялық жабдықтардың классификациясы және койылатын негізгі талаптар.

  2. Желіні ұйымдастыру, жабдықтар таңдау және негізгі есептелінуі.

Өсімдік майлардың өндірісі түзеледі операциялардың үлкен сандары, жүруде қайсылардың майлыда шикізат күрделі физика-химиялық процестерді ағады.

Технологиялық схема суреттеуі күнбағыс тұқымдарының кептіруінен бастаймыз.

Майлы өсімдіктердің басым көпшілік тұқымдары күзет орнына ­ пают жинаудан кейін дымқылдықпен, знамен үйлесімді асатынның ­ сақтауға арналған технологиялық өңдеу.

Көп таралған әдіспен ең дымқылдық төмендеулері туралы ­ мянды жылы кептіру келеді , қайсыда кептіргіш агент арқасында тұқымдардың жылытуы болады (ауа қоспасының және әдеттегі аздардың) және қашықтау буланушының ылғал тұқымдарынан мыналар жанында.

Шахталық үлгі кептіргіштері кең қолданылады. сушиль арқылы Высушиваемыелер тұқымдар жүреді ­ шахтаны, қайда газауалық қоспа шахтадан қорап орналасқан, шығарып салушы және шығарушылар.

Тұқымдар, қораптар аралық өз салмақ әрекеті астында түсе, ауа қоспасымен және қыздырылады газдардың, арнайы оттықтан түсетіндерді. Ылғал, тұқымдарда, мыналар жанында буланады, ал кептірілген тұқымдар үшін ­ анамен салқындататын камерада суылады, қайда жанұялы көпшілік арқылы атмосфералық ауаны үрлейді. Кептіру басқарылады бірді; сатылы және екі сатылы тәртіпке. Кептіргіш шахта екі сатылы кептіру жанында биікпен екі бөлімге сынған: үстіге ­ оған бөлімнің (бірінші сатының) кептіргіш агент - температураларында, төменгі бөлімде кептіру жүзеге асады (екінші өсім) жоғары температуралар жанында тұқымдардың досушкуы жүргізеді. Кептіргіш камераға бір адымдық кептіру жанында воздуxa қоспасын әпереді және бірдей температура түтіндік газдары. Жақсаруына арналған ­ шахталық кептіргіштердің боттары кептіру тәсілдері рециркуляциялауды қолданады, және алдын ала жылумен бидайдың дәндерін өңдейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет