Қазақстан республикасының білім жәНЕ



бет2/6
Дата29.02.2024
өлшемі229.84 Kb.
#493195
1   2   3   4   5   6
СӨЖ № 2 Саясаттану Тажибай Аружан

Құқықтық мемлекет конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны.
Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқығы бұзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады.
Қазақстанның дербес нарық экономикасын дамыту, демократиялық, құқықтық қоғам құру бағытында өзін тәуелсіз мемлекет қылып жариялауы қоғам мен мемлекет өмірінің конституциялық негіздерін жаңадан қалыптастыру қажеттігін туғызды. 1991 жылдың бірінші желтоқсанында Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. 10 желтоқсанда Парламент қабылдап, «Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп қайта атау туралы» Заңға қол қойылды. 1991 жылғы 16 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң республиканың дербес егеменді ел ретінде нығаюының заңды жалғасы болды. Бұл Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған алғашқы конституциялық заң болды, онда тәуелсіз мемлекеттің іргесін нығайтудың, билік жүйесінің құрылымдық және функционалдық ұйымдастырылуының басты бағыттары көрініс тапты. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануымен осы кезеңде қазақстандықтардың бірыңғай азаматтығы, дербес экономикалық жүйе, қаржы-несие, салық және кеден қызметтері іске қосылды. 1992 жылдың 4 маусымында егемендіктің айшықты рәміздері – Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
Бүгінгі таңға дейін елімізде экономикадағы құрылымдық реформалар жүзеге асырылды, мемлекеттік меншікті жекешелендіру іске асты, халықаралық нарық стандарттарына сай шаруашылық қалыптастыру талпынысы бар. Республикада осы отыз жыл көлемінде құқықтық-заңнамалық реформалар да қатар орындалып отырды және құқықтық мемлекет орнатуға негіз қалады. Бүгінгі таңда тәуелсіздік жылдары Қазақстан Республикасында жүзеге асырылған ауқымды реформалар, қоғам өмірінің барлық салаларындағы даму көрсеткіштері, халықаралық дәрежедегі байланыстардың орнауы Конституцияның қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени модернизацияның өзегі болып табылатынын айқын растайды. Мемлекеттің басты заңы күнделікті өмірде азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі болып саналады, оның үйлесімді дамуы үшін қажетті құқықтық-заңнамалық жағдайларды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік-экономикалық даму тұрақты болуы үшін қоғамның құқықтық негіздерін нығайтып, Конституция мен заңнама нормаларының орындалуын қатаң қадағалап отыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет