Қазақстан республикасының білім жәНЕ



бет1/6
Дата29.02.2024
өлшемі229.84 Kb.
#493195
  1   2   3   4   5   6
СӨЖ № 2 Саясаттану Тажибай Аружан


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Факультеті: «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі»
Кафедрасы: «Экономика»
СӨЖ №2
Тақырыбы: Қазақстанның құқықтық, демократиялық, әлеуметтік және зайырлы мемлекет ретінде дамуы

Тексерген: Инкарбаев Есенай Турганбаевич


Студент: Тажибай Аружан Нұржанқызы
Мамандығы: Экономика
Алматы, 2023 ж.
Жұмыстың жоспары:
І.Кіріспе
1.1. Қазақстан Республикасының құрылымы;
ІІ.Негізгі бөлім
2.1. Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуы;
2.2. Қазақстанның - демократиялық мемлекет;
2.3. Қазақстанның әлеуметтік дамуы;
2.4. Қазақстанның - зайырлы мемлекет;
ІІІ.Қорытынды;
IV. Пайдаланылған әдебиеттер және дереккөздер;

Кіріспе
Қазақстан Республикасының құрылымы
Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Конституцияға сәйкес, біздің ел өзін адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандығы ең қымбат қазынасы саналатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады.
Алғашқы конституция 1993 жылы қаңтарда қабылданды. 1995 жылы тамыз айында жаңа конституция қабылданды; 1998 жылы, 2007 жылы, 2011 жылы, 2019 жылы және 2022 жылы түзетулер енгізілді. Жаңа конституция бойынша Қазақстан — демократиялық құқықтық унитарлы мемлекет, оның тәуелсіз үш билік тармағы бар: атқарушы, заң шығарушы жән сот биліктері. Атқарушы билікті президент басқарады, ол 40 жастан асқан, Республика аумағында соңғы 15 жыл тұрған және мемлекеттік тілде (қазақ тілінде) еркін сөйлей алатын азаматтыры арасынан 7 жылға сайланады. Заң шығарушы билікті қос палаталы парламент атқарады (Сенат - 47 депутат және Мәжіліс - 107 депутат). Сот билігін Конституциялық сот пен жергілікті соттар жүйесі атқарады; сот төрелері қызметіне Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Конституциялық заңдарға сәйкес тағайындалады және тұрақыты түрде толық өкілетілікке ие болады.
Атқарушы билікті Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарады. Оның басында парламенттің келісімімен президент тағайындайтын премьер-министр тұрады. Ол атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызмет атқаруын қамтамасыз етеді. 2016 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев болып табылады. 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып Асқар Ұзақбайұлы Мамин болып табылады. Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік биліктің берден-бір бастауы – халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды.
Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Жалпы негізінде менің көзқарасым бойынша,әрқашан да саясат және мемлекет бір бағытта өз үстемдіктері мен ел ішіндегі және сыртындағы мәселелерді қарай білуі керек.
Негізгі бөлім
Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуы
Негізінен осы тақырып жайлы сөз қозғамас бұрын ең алдымен құқықтық мемлекет деген қандай болуы керек?-осы жайында анықтап алсақ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет