2.2.4 Сын есім, жасалуы, шырайлары
Заттың сынын сапасын білдіретін, қандай? қай? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табын сын есім дейміз.
Сын есім мағынасына қарай: сапалық және қатыстық болып бөлінеді.
Сапалық сын есімдер: ақ, қара, жеңіл, үлкен.
Қатыстық сын есімдер: тұзды, ақылды, сапалы, білімді.
Сын есімдер тұлғасына қарай негізгі және туынды болып бөлінеді.
Негізгі сын есімдер: жақсы, әдемі, кең, суық.
Туынды сын есімдер: қысқы, таулы, суық, өткір, кіршең, тарихи.
Сын есімдер құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді.
Дара сын есімдер: кіші, тар, нәзік, мол.
Күрделі сын есімдер: ойлы-қырлы, қызыл ала, ұзын бойлы, жақсы-жаман.
Сын есiмдер сөйлемде негiзiнен анықтауыш қызметiн атқарады. Мысалы: Сұр бұлт түсi суық қаптайды аспан. (Абай).
Сын есім жасаушы жұрнақтар:
1) -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтары арқылы. Мыс: атақты, пайдалы, ақылды
2) -лық, -лік,-дық,-дік,-тық,-тік жұрнақтары арқылы. Мыс: жылдық, қалалық
3) -сыз, -сіз жұрнақтары арқылы. Мысалы: пайдасыз, ақылсыз, бұлтсыз.
4) -қы,-кі,-ғы,-гі жұрнақтары арқылы. Мыс: жазғы, қазіргі, ішкі, Алматыдағы.
5) -шыл,-шіл жұрнақтары арқылы. Мысалы: турашыл, көпшіл, ұйқышыл.
6) -шаң,-шең жұрнақтары арқылы. Мысалы: кіршең, сөзшең, ашушаң.
7) - и жұрнағы арқылы. Мысалы: тарихи, адами, мәдени.
Сын есiм шырайлары - бiр тектес сапалық сынның бiрiнен екiншiсiнiң артық я кемдiгi, әр түрлi дәрежеде болатынын бiлдiрудi көрсетедi. Мысалы: жақсырақ, жақсылау, жап-жақсы.
Сын есiмнiң шырайлары сапалық сын есiмдерден ғана жасалады. Сын есімде үш шырай бар. 1) Жай шырай: жақсы, тыныш, кең.
2) Салыстырмалы шырай – мынандай жұрнақтар арқылы жасалады:
- рақ, рек, ырақ, iрек. Мыс: жақсырақ, тынышырық, кеңірек;
- лау, леу, дау, деу, тау, теу. Мыс: жақсылау, тыныштау, кеңдеу;
- ғыл, қыл, ғылт, қылт. Мыс: қызғылт, сарғылт;
- шыл, шiл, шылтым, шiлтiм. Мыс: көкшіл, қышқылтым, кіршіл;
- ғыш, iлдiр. Мыс: сарғыш, көкілдір.
3) Күшейтпелi шырай: а) күшейткіш үстеу арқылы жасалады.
өте жақсы, тым жақсы, ең жақсы,
б) күшейткіш буын арқылы жасалады.
үп-үлкен, жап-жақсы, тып-тыныш
Ескерту: ақ-аппақ, көк - көкпеңбек
2.2.5 Сан есiм, оның түрлерi, жасалуы
Заттың санын, ретiн, есебiн, мөлшерін бiлдiретiн сөз табын сан есім дейміз.
Сұрақтары: қанша? неше? Қазақ тiлiндегi барлық сан есiмдер жиырма шақты сөздер арқылы жасалады. Оларды бiрлiк, ондық, жүздiк, мыңдық сандар деп беруге болады. Миллион, миллиард сан есiмдерi қазақ тiлiне орыс тiлi арқылы енген.
Сан есімдер тұлғасына қарай негізгі, туынды деп бөлінеді.
Негізгі сан есімдер: алты, жүз, тоқсан.
Туынды сан есімдер: бірінші, алтау, жетідей.
Сан есімдер құрамына қарай дара, күрделі деп бөлінеді.
Дара сан есімдер: бір, он, жүз, мың.
Күрделі сан есімдер: он бес, бес жүз, жиырма мың.
Сан есімдердің мағынасына қарай 6 түрі бар:
1) Есептiк сан есiм – заттың нақты санын бiлдiредi. Сұрақтары: қанша, неше?
Жасалуы: түбір күйінде болады. Мысалы: бес, он, екi, жүз жиырма сегiз.
2) Реттiк сан есiм – заттың саналуын ретiн бiлдiреді. Сұрағы: нешiншi?
Жасалуы: -ншы, -ншi,-ыншы, -iншi жұрнақтары арқылы. Мысалы: алтыншы, екiнші, жетiншi
3) Жинақтық сан есiм – заттың жинақталған санын бiлдiреді. Сұрағы: нешеу?
Жасалуы: -ау, еу жұрнағы арқылы. Мыс: бiреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу.
4) Болжалдық сан есiм – заттың санын дәл бiлдiрмей шамамен болжалды көрсетедi. Сұрақтары: қаншаға жуық? қай шамалы? қаншадай? нешедей? нешеден астам? Жасалуы:
а) түбір + б.с жуық сөзі арқылы: жиырмаға жуық
ә) -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары арқылы: жиырмадай
б) -даған, -деген, -таған, -теген жұрнақтары арқылы: жүздеген, ондаған
в) түбір+ш.с. аса, астам сөздері арқылы: жүзден астам, жиырмадан аса
г) -лап, леп, -дап, деп, -тап, теп жүрнағы арқылы: ондап, жүздеп.
ғ) көптiк жалғауы мен септiк жалғауының қабаттасқан түрi: бестерде,
жиырмаларда, отыздарда.
5) Топтау – заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетедi. Сұрақтары: нешеден? қаншадан? Жасалуы: а) шығыс септігі арқылы. Мысалы: екiден, үштен, қырық-елуден, оннан; б) түбірдің қайталануы түрiнде жиi қолданылады: бiр-бiрден – по одному, үш-үштен, төрт-төрттен, он-оннан.
6) Бөлшектiк сан есiм – заттың бөлшектiк санын бiлдiредi. Сұрағы: қанша? неше? Жасалуы: нөл, бүтін, жарым сөздерінің көмегімен айтылады. Бөлшектiк сан есiмдерде ең алдымен - бөлгiшті (знаменатель) шығыс септiкте, сонан соң алымды (числитель) айтамыз. Мысалы: нөл бүтін оннан бес; он жарым, төрттен бір, екі бүтін жүзден екі.
2.2.6 Бұйрық райдың ІІ-жағы
Бұйрық рай іс-әрекетке қозғау болады, бұйыра, тілек жасай айтылады. Қазақ тілінде бұйрық райдың ІІ-жағы жекеше түрі тұйық етістіктен «-у» жұрнағын алып тастау арқылы жасалады. Ол етістіктің түбірімен сәйкес келеді, сондықтан етістіктің басқа формаларын жасауда негіз болады. Мысалы, жазу-жаз, аудару-аудар, тыңдау-тыңда. Бұйрық райдың ІІ-жағының жекеше түріне ешқандай қосымша жалғанбайды, түбір күйінде айтылады. Мысалы: Сен жаттығуды жаз. Сен тақтаға шық. Сен бізге кел. Сен жаттығуды орында.
Бұйрық райдың ІІ-жағының көпше түрі түбірге -ңдар, -ңдер, -ыңдар, іңдер жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Сендер бізге келіңдер. Сендер жаттығуды орындаңдар.
Бұйрық райдың ІІ-жағының сыпайы түрі де бар. Ол түбірге -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз, -ңыздар, -ңіздер, -ыңыздар, іңіздер жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы: Сіз бізге келіңіз. Сіздер бізге келіңіздер. Сіз жаттығуды орындаңыз. Сіздер жаттығуды орындаңыздар.
2.2.7 Етістіктің шақтары
2.2.7.1 Нақ осы шақ
Нақ осы шақ іс-әрекеттің айтылып жатқан уақытта орындалып жатқанын білдіреді. Нақ осы шақтың үш түрі бар: жай осы шақ, күрделі осы шақ, ауыспалы осы шақ (келер шақтан қараңыз).
1) Жай осы шақ тек қана 4 етістіктен (отыр, тұр, жүр, жатыр) жіктік жалғау жалғануы арқылы жасалады.
5 кесте - Етістіктің жай осы шақта жіктелу үлгісі
Жақ
|
Есімдік
| |
Есімдік
| Мысалдар |
I
|
Мен
|
тұр+мын (мiн)
|
Бiз
|
тұр+мыз (мiз)
|
II
|
Сен
|
тұр+сың (сiң)
|
Сендер
|
тұр+сың дар (сiңдер)
|
|
Сiз
|
тұр+сыз (сiз)
|
Сiздер
|
тұр+сыздар (сiздер)
|
III
|
Ол
|
тұр
|
Олар
|
тұр
|
Достарыңызбен бөлісу: |