2.3.2 І курс, қысқартылған оқу – сокращенное обучение
1- нұсқа
1. Тапсырма. Табыс, ілік септіктері туралы мәлімет жазыңыз.
2. Тапсырма. Жоспар қажет пе?
Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз. 15 сөз жаттап алыңыз.
Жоспар – экономикаға ықпал жасайтын мемлекеттік реттегіштердің бірі. Нарықтық қатынастар жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды құралдарының бірі – индикативті жоспар болып есептеледі, ол ұсыныс түрінде жасалады. Индикативті жоспарлар жүйесі - стратегиялық, орта мерзімді, ағымдағы жоспарлардан тұрады.
Жоспарлау әрқашан қажет. Бiз ХХI ғасырда өмiр сүрiп жатырмыз. ХХI ғасыр – жаңа технология дәуiрi. Халқымыз алдына ұзақ және қысқа мерзiмдi мақсаттар қойып отыр. Ең негiзгiсi “Қазақстан – 2030” стратегиялық (ұзақ мерзiмдi) жоспары. Мұнда Қазақстан дамуының негiзгi бағыттары айтылған. Қазiргi өмiрде бiр жылға, бiр айға, бiр аптаға, тiптi бiр күнге жоспар жасамай отыру мүмкiн емес. Жоспар болса, уақыт үнемдi пайдаланылады. Мен “уақыт – алтын, оны бағалай бiл” – деген қағиданы ұстаймын.
2.1. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз, оқытушымен сұхбатқа дайын
болыңыз.
1. Жоспар дегеніміз не?
2. Индикативті жоспар деген не?
3. Индикативті жоспар қалай жасалады?
4. Оның қандай түрлері бар?
5. Жоспарлау қажет пе?
6. “Қазақстан – 2030”- қандай жоспар?
7. Сіз өз уақытыңызды жоспарлайсыз ба?
3. Тапсырма
3.1. Мәтіннен сын есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
Мысалы: мемлекеттік-государственный, мемлекет-түбір, зат есім. – тік сын есім жасаушы жұрнақ.
3.2. Мына сөздерді септеңіз, қандай да болмасын бір септікте тұрған сөзді
пайдаланып сөйлем құраңыз. Мысалы: Мен әр күнге жоспар (А.с.) құрамын.
Жоспар, кіріс, баға.
3.3. Өзіңіздің бір күніңізге жазбаша жоспар дайындаңыз.
3.4. Мына терминдердің қазақша баламасын баламасын табыңыз, қалаған үш сөз тіркесімен сөйлем құрыңыз. Мысалы: цена свободная - еркін баға. Нарық еркін бағасыз болмайды.
Цена свободная, цена мирового рынка, цена оптовая, цена потребитель-ская, цена производства, цена розничная, цена скользящая.
3.5. Мына сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз, жасалу жол-дарын түсіндіріңіз.
1. Мына тауарға өте төмен баға қойылған. 2. Мына машиналар ескірген, оларды ешкім сатып алмайды. 3. Нұрбанктың акцияларына сұраныс көп. 4. Банк - өндірістік инфрақұрылым.
3.6. Мына етістіктерді ауыспалы осы шақта жіктеңіз, ауыспалы осы шақ-тың жасалуы туралы айтуға дайын болыңыз.
Жаз, есепте, үнемде.
3.7. Мына сөйлемдерден үстеуді тауып, оның мағыналық түрін анықтаңыз.
1. Ол емтиханға ұзақ дайындалды. 2. Былтыр елімізде көп жақсы жаңалықтар болды. 3. Таяуда Алматыда жастар форумы өткізілді. 4. Баяу жүру – үлкендерге тән. 5. Ол амалсыздан келіп хабарын білді. 6. Олар жаздай еліне барған жоқ.
3.8. Сөйлемдегі сөздердің орнын тауып жазыңыз, аударыңыз.
1. Жер салығын, мен, уақытында, төлеймін.
2. Пайда болды, мемлекетпен, салық, бірге.
3. Құнды, салық, қағаздарға, салынады.
4. Келісім, туралы, бар, болдырмау, салықты, қосарланған.
3.9. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз, аударыңыз.
1. Біз экономиканы жақсы білсек, ол бізге пайда, табыс әкеледі.
2. Экономика сіз өмірге келген күннен бастап-ақ сіздің өміріңізге араласа бастайды. 3. Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады.
3.10. Шағын мәтінді орысшадан қазақшаға аударыңыз.
Откуда появилось слово «казах»
О том, откуда появилось слово «казах», есть несколько предположений. Вот одно из них. Слово «казах» состоит из 2-х слов: «қас», т.е. «настоящий, действительный» (в казахском языке есть словосочетания қаса сұлу «настоящая красавица», қас жау «действительный враг») и слово «сақ». Саки – название кочевников, проживающих в Средней Азии. Киргизы и алтайцы до сих пор называют казахов словом «қассақ».
2 - нұсқа
1. Тапсырма. Барыс, көмектес септіктері туралы мәлімет жазыңыз.
2. Тапсырма. Жарнама деген не?
Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз. 15 сөз жаттап алыңыз.
Жарнама жасаудың ең қарапайым түрі - баспа өнімдері. Олар: катологтар, хабарламалар, жарнама парақшалары, газет-журналдар. Жарнама қысқа және мәнді болуы керек. Жарнама - маркетингтік қызметтің бір түрі. Жарнама - сауда двигателі. Жарнаманың үш міндеті бар: бірінші - тауар жайында немесе көрсетілетін қызмет жайында толық мәлімет беру. Екінші – тауардың артықшы-лығын, ерекшелігін көрсету. Үшінші – тұтынушыларды сол затты сатып алуға ынталандыру. Жарнамаға ең көп шығын жұмсайтындар – американдықтар. Нарықтық экономикада жақсы жарнама қажет етіледі. Қазір радио, теледидар, көше жарнамалары кең қолданылады. Жарнама біздің өмірімізге де тынымсыз еніп келеді.
2.1. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз, оқытушымен сұхбатқа дайын
болыңыз.
1. Жарнаманың ең қарапайым түрі не?
2. Жарнаманың қандай түрлерін білесіз?
3. Жарнама қандай болуы керек?
4. Жарнаманың неше міндеті бар?
5. Олар қандай?
6. Сіз жарнамаға сенесіз бе?
7. Жарнаманың зияны бар ма?
3. Тапсырма
3.1. Мәтіннен сын есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
Мысалы: мемлекеттік-государственный, мемлекет-түбір, зат есім. – тік сын есім жасаушы жұрнақ.
-
. Мына сөздерді септеңіз, қандай да болмасын бір септікте тұрған сөзді
пайдаланып сөйлем құраңыз. Мысалы: Мен жарнаманың (І.с.) мәтінін жаздым.
Жарнама, мәлімет, тауар.
3.3. Газетке арнап шағын жарнама жазыңыз.
3.4. Мына терминдердің қазақша баламасын баламасын табыңыз, қалаған
үш сөз тіркесімен сөйлем құрыңыз. Мысалы: свободная торговля-еркін сауда.
Нарықта еркін саудаға жол ашық.
Свободная торговля, знак стоимости, ценная вещь, чистый доход, привести в порядок, влияние рекламы, стоимость рекламы.
3.5. Мына сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз, жасалу жол-дарын түсіндіріңіз.
1. Жоспарлау әрқашан қажет. 2. Мен бос уақытымды жоспарлап қоямын.
3. “Қазақстан – 2030” жоспарында Қазақстан дамуының негiзгi бағыттары айтылған. 4. Индикативтік жоспар ұсыныс түрінде жасалады.
3.6. Мына етістіктерді күрделі осы шақта жіктеңіз, күрделі осы шақтың
жасалуы туралы айтуға дайын болыңыз.
Жұмса, тұтын, есепте.
3.7. Сөйлемдерді аударып, есімдіктердің мағыналық түрін анықтаңыз.
1. Мен бүгін Динаны көрдім. 2.Ол менен институт туралы сұрады. 3. Бұл жерге жаңа оқу корпусы салынады. 4. Кейбіреулер сабаққа кешігіп келді.
5. Барлық студенттердің сессияға жақсы дайындықпен келулері тиіс.
6. Емтиханнан барлығымыз жақсы баға алдық.
3.8. Сөйлемдегі сөздердің орнын тауып жазыңыз, аударыңыз.
1. Банк, түрлі, Халықтық, жасайды. әр, операциялар.
2. Операциялар, тәуекелшілдікті, коммерциялық, бізден, қажет етеді.
3. Банкке, бардым, айырбастауға, ертеңгісін, мен, ақша.
4. Бай, дүние, есептеледі, ең, банктер, болып, жүзіндегі, мекемелер.
3.9. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз, аударыңыз.
1. Қазақстанның ұлттық валютасы теңге - 1993 жылы 15 қарашада айналымға енгізілді. 2. Оның енгiзiлуiнен Қазақстан мемлекетiнiң қалыптасуы мен дамуының жаңа кезеңi басталды. 3. Теңгенiң алғашқы үлгiлерi небары 4 айда шығарылды.
3.10. Шағын мәтінді орысшадан қазақшаға аударыңыз.
Малое предпринимательство
Сегодня в области действуют около 6000 субьектов малого бизнеса. Там работают 25,4 тысяч человек. Доход от реализации продукции (товаров и услуг) составил в 2006 году более 33 миллиардов тенге. В бюджет от деятельности малого бизнеса за этот год поступило около 6 миллиардов тенге. Это в 1,6 раза больше, чем в прошлом году. Налоги, которые поступают от малого предпринимательства, составляют 13,9 процента. Наше государство всегда поддерживает малый и средний бизнес.
3 - нұсқа
1. Тапсырма. Ілік, жатыс септіктері туралы мәлімет жазыңыз.
2. Тапсырма. Меншік деген не?
Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз. 15 сөз жаттап алыңыз.
Меншіксіз мемлекет те, өндіріс те, меншіксіз адам да, қоғам да жоқ. Неге солай? Меншіксіз мемлекет болмайды. Мемлекеттің меншігі – ол біздің меншігіміз. Меншіктің екі түрі бар: 1) қоғамдық; 2) жеке меншік. Екеуінің де әр түрлі формасы бар. Қоғамдық меншікке мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік қоғам жатады. Өркениетті елдерде меншіктің барлық түрі де болуы керек. Меншіктің түрі көп болса, экономика жақсы дамиды. Бір ғана меншік түрі бар мемлекетте бәсеке болмайды. Жекешелендіру - меншік қатынасын өзгерту тәсілі. Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасы 1991 жылы қабылданды. Қазіргі таңда көптеген комбинаттар, өндірістік компаниялар, банктер жеке меншікке берілген. Бүгінде еліміздің жеке сеншік бөлігінде жалпы тұтыну өнімінің 70 пайызы өндіріледі.
2.1. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз, оқытушымен сұхбатқа дайын
болыңыз.
1. Меншіксіз мемлекет бола ма?
2. Меншіктің неше түрі бар, олар қандай?
3. Қоғамдық меншікке нелер жатады?
4. Жеке меншікке ше?
5. Қандай мемлекетте бәсеке жақсы дамиды?
6. Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасы қашан қабылданды?
7. Қазір жеке меншік секторы барлық өнімнің қандай бөлігін өндіреді?
3. Тапсырма
3.1. Мәтіннен сын есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
Мысалы: мемлекеттік-государственный, мемлекет-түбір, зат есім. – тік сын есім жасаушы жұрнақ.
3.2. Мына сөздерді септеңіз, қандай да болмасын бір септікте тұрған сөзді
пайдаланып сөйлем құраңыз. Мысалы: Мен банкке (Б.с.) ақша алу үшін бардым.
Банк, меншік, бәсеке.
3.3. Жеке меншікке деген өз көзқарасыңызды жазыңыз.
3.4. Мына терминдердің қазақша баламасын табыңыз, қалаған үш сөз тіркесімен сөйлем құрыңыз. Мысалы: свободная торговля - еркін сауда.
Нарықта еркін саудаға жол ашық.
Свободная торговля, валютный доход, экономическая прибыль, налогоплатильщик, рыночные отношения, выгодная сделка, налог на доходы, дорожный налог.
3.5. Мына сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз, жасалу жол-дарын түсіндіріңіз.
1. Қазақстанның банктік жүйесінде мемлекеттік, коммерциялық банктер бар. 2. Коммерциялық банктер негізінен халыққа қызмет етеді. 3. Банктер ақша, валюта, несие саясатын жүзеге асырады. 4. Дүниедегі ең бай мекемелер - банктер.
3.6. Мына етістіктерді өткен шақта жіктеңіз, өткен шақтың жасалуы
туралы айтуға дайын болыңыз.
Басқар, сат, өндір.
3.7. Сөйлемдерді аударып, үстеудің мағыналық түрін анықтаңыз.
1. Қазір жылдың күз мезгілі. 2. Мен институтқа жақын тұрамын.
3. Рудныйға Хромтаудан оқу үшін келдім. 4. Сізбен сөйлескелі әдейі жолға шықтым. 5. Ол көп оқығандықтан үнемі «бестік» алады. 6. Ол қазақша менен гөрі жақсы сөйлейді.
3.8. Сөйлемдегі сөздердің орнын тауып жазыңыз, аударыңыз.
1. Ғажайып, олардың, қол жеткізді, табыстарға, фирмасы.
2. Табыс, жақсы, ол, білсек, әкеледі, бізге, экономиканы, жақсы.
3. Жақсы, өндіріс, істесе, болады, жұмыс, көп, табыс.
4. Берді, табысын, әкесіне, ол, тапқан, апарып.
3.9. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз, аударыңыз.
1. Елімізде заңды тәртіппен бекітілген ақша белгілері бар. 2. Құн өлшемі қызметінде ақша – баға белгілеу құралы. 3. Өнімді бөлуге, айырбас жасауға және тұтынуға қызмет қызмет ету процестерінде ақша қозғалыс жасап, ақша айналымын құрайды.
3.10. Шағын мәтінді орысшадан қазақшаға аударыңыз.
О священных числах
У казахского народа числа семь, девять, двенадцать, сорок считаются священными. С числом «семь» связаны словосочетания семь сокровищниц, семь дней недели, семь влюбленных, семь джутов и др. Указ Тауке хана, изданный в 16 веке, назывался «Семь указов». Когда кто-то умирает, справляют семь дней, пекут семь лепешек. Число семь упоминается в пословицах. Например, «Жетіге
келгенше жерден жеті таяқ жерсің», «Жеті қабат жер астында», т.б.
4 - нұсқа
1. Тапсырма. Шығыс, жатыс септіктері туралы мәлімет жазыңыз.
2. Тапсырма. Банктер
Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз. 15 сөз жаттап алыңыз.
Банктік жүйе - өндірістік инфрақұрылым. Өндіріс болса, банк те керек. Банк бос капиталды өзіне жинап, оны мұқтаж болып отырған кәсіпорындар мен адамдарға қарызға береді.
Қазақстанның банктік жүйесі мемлекеттік, коммерциялық банктерден тұрады. Коммерциялық банктер екінші деңгейдегі банктерге жатады. Жеке де, акционерлік те болады. Коммерциялық банктер әр түрлі банктік операциялары арқылы несие-есептік қызмет атқарады. Коммерциялық банктер негізінен халыққа қызмет етеді.
Банк - қарыз беруші мен қарыз алушының арасында делдалдық жасайтын, сөйтіп ақша капиталымен сауда жүргізетін мекеме.
Банктер ақша, несие, валюталық саясатты жүзеге асырады. Көптеген банктер шетел валюталарымен жұмыс істеуге лицензия алды. Банктік жүйе жақсы жұмыс істемесе, мемлекет қарызға батады.
2.1. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз, оқытушымен сұхбатқа дайын болыңыз.
1. Банктік жүйе – ол не?
2. Банктің негізгі қызметі қандай?
3. Қандай банктер болады?
4. Коммерциялық банктер қандай банктерге жатады?
5. Банк қандай мекеме?
6. Банк қандай саясат жүргізеді?
7. Банктік жүйенің маңызы неде?
3. Тапсырма
3.1. Мәтіннен сын есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
Мысалы: мемлекеттік-государственный, мемлекет-түбір, зат есім. – тік сын есім жасаушы жұрнақ.
3.2. Мына сөздерді септеңіз, қандай да болмасын бір септікте тұрған сөзді
пайдаланып сөйлем құраңыз. Мысалы: Мен банкке барып, несиеге (Б.с.) өтініш жасадым.
Несие, деңгей, мұқтаждық.
3.3. «Банкте» тақырыбына диалог жазыңыз.
3.4. Мына терминдердің қазақша баламасын табыңыз, қалаған үш сөз тіркесімен сөйлем құрыңыз. Мысалы: свободная торговля - еркін сауда. Нарықта еркін саудаға жол ашық.
Свободная торговля, денежная единица, денежные знаки, денежно-кредитный крезис, банковские услуги, рыночный курс, валютный курс, банковская система.
3.5. Мына сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз, жасалу жол-дарын түсіндіріңіз.
1. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін - өзі қадағалайды. 2. Өзіне - өзі бағыт белгілейді. 3. Дүниедегі ең жаман дерт – еріншектікті жеңеді. 4. Қазір бизнес әлемін басқаратын – уақыт.
3.6. Мына етістіктерді келер шақта жіктеңіз, келер шақтың жасалуы туралы айтуға дайын болыңыз.
Үйрен, тыңда, сөйле.
3.7. Сөйлемдерді аударып, есімдіктің мағыналық түрін анықтаңыз.
1. Біздің институтта ғылыми конференция, семинарлар өтеді. 2. Әр жыл сайын студенттердің үлгерімі көтеріліп келеді. 3. Алдыңа қойған мақсатыңа өз еңбегіңмен ғана жете аласың. 4. Ертең бәріміз емтиханға келеміз. 5. Ана кітапты берші, емтихан сұрақтарын қайталайын. 6. Емтиханға ешкімнің кешікпеуі керек.
-
Сөйлемдегі сөздердің орнын тауып жазыңыз, аударыңыз.
1. Керек, мына, сату, бағаға, кітапты, қымбат.
2. Сапалы, қойылған, өте, баға, төмен, тауарға.
3. Жаздық, төмендету, бағасын, керек, 50 пайызға, тауарлардың.
4. Мен, тілінен, бағасын, қазақ, бестік, алдым, бүгін.
3.9. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз, аударыңыз.
1. Кәсіпкерлер шағын және орта бизнеспен айналысады. 2. Кәсіпкерлер өздерінің жеке фирмасын, серіктестігін, акционерлік қоғамын құрады. 3. Кәсіп-керлер өз кәсібіне қаржыны өздері табады. 4. Мемлекетіміз кәсіпкерлерге үнемі қолдау көрсетеді.
3.10. Шағын мәтінді орысшадан қазақшаға аударыңыз.
Социальная сфера
Заметны положительные изменения на рынке труда. За 2006 год в центр занятости по вопросам трудоустройства обратились более 17 000 человек. Из них около 10 000 человек получили работу. Это составляет 56 % . В сельской местности нашли работу 2,8 тысячи человек. Уровень официальной безработицы постоянно снижается. Это - хороший показатель.
5 - нұсқа
1. Тапсырма. Шығыс, жатыс септіктері туралы мәлімет жазыңыз.
2. Тапсырма. Қазақстан өнеркәсібі
Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңыз. 15 сөз жаттап алыңыз.
Еліміз экономикасына нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өндірістік компаниялар белсенді жұмыс істеуде. Көптеген ірі өндірістер жекеліктерге берілген. Олардың қатарында «Испат» фирмасына берілген Қарағанды металлургия комбинатын, «Самсунг» фирмасына берілген «Қаз ЦИНК», «Жезқазғанцветмет» АҚ-ын, т.б айтуға болады. Бұл елімізге шетелдік қаржыгерлерді тартуға жол ашты. Қазіргі таңда еліміздің жеке меншік бөлігінде жалпы өнімнің 70 пайызы шығарылады. Ал мемлекет бақылауында темір және автомобил жолдары, труба-құбыр көлігі, электр қуаты, іргелі ғылым, білім, денсаулық сақтау, қорғаныс өнеркәсіптері қалып отыр. Экономика мен әлеументік өмірдің маңызды салаларында мемлекеттік саясатты жүргізу үшін «Қазақ Трансойл», «Кегок», «Қазақстан теміржолы» сияқты ірі ұлттық компаниялар құрылды. Бұрынғы ірі кәсіпорындар базасында уақыт талабына, нарықтық қатынастарға жауап бере алатын өндірістік акционерлік қоғамдар ұйымдастырылды. Мысалы: «Соколов-Сарыбай» кен өндіру бірлестігі, оның құрамына Сарыбай, Қашар, Қоржынкөл, Соколов жер асты кеніштері бар. Мұнда темір-кен концентраты, темір кені, долмит, известняк өндіріледі.
2.1. Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз, оқытушымен сұхбатқа дайын
болыңыз.
1. Қазір өндірістік компаниялар қалай жұмыс істейді?
2. Жекеліктерге берілген қандай өндіріс орындарын білесіз?
3. Өндірістің жеке меншік бөлігінде жалпы өнімнің қанша пайызы
шығарылады?
4. Мемлекет меншігінде қандай өнеркәсіптер бар?
5. Акционерлік қоғамдар не үшін керек болды?
6. Соколов-сарыбай кен орны қашан ашылды?
7. Ол не өндіреді?
3. Тапсырма
3.1. Мәтіннен сын есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
Мысалы: мемлекеттік - государственный, мемлекет - түбір, зат есім. – тік сын есім жасаушы жұрнақ.
3.2. Мына сөздерді септеңіз, қандай да болмасын бір септікте тұрған сөзді
пайдаланып сөйлем құраңыз. Мысалы: Елбасы елдің экономикасына (Б.с.) жақсы баға берді. Экономика, үнем, нарық.
3.3. «Соколов-Сарыбай» кен өндіру бірлестігінің бүгінгі өмірі туралы жазып келіңіз.
3.4. Мына терминдердің қазақша баламасын табыңыз, қалаған үш сөз тіркесімен сөйлем құрыңыз.
Мысалы: свободная торговля-еркін сауда. Нарықта еркін саудаға жол ашық.
Свободная торговля, шетелдік әріптес, үстеме баға, орталық банк, несие алу, валюта айырбастау, бәсекеге қабілетті, нарықтық экономика.
3.5. Мына сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз, жасалу жолдарын түсіндіріңіз.
1. Тамақ өнеркәсібі өңдеу өнеркәсібінің үштен бірін қамтиды. 2. Бұл сала халықтың негізгі азық-түлік өнімдеріне деген сұраныстарын қамтиды. 3. Жеңіл өнеркәсіпке тоқыма, тігін, былғары - аяқ киім саласы жатады. 4. «Баянсұлу» АҚ кондитер өнімдерін шығарады.
3.6. Мына етістіктерді күрделі осы шақта жіктеңіз, күрделі осы шақтың
жасалуы туралы айтуға дайын болыңыз.
Үнемде, өндір, бақыла.
3.7. Сөйлемдерді аударып, үстеудің мағыналық түрін анықтаңыз.
1. Былтыр біз Астанада болдық. 2. Кітаптар сонда жатыр. 3. Олег Рудныйға әдейі келді. 4. Менің қаншама жұмысым бар. 5. Самат қазақша сауатты жазады. 6. Ол өте жақсы оқиды.
-
Сөйлемдегі сөздердің орнын тауып жазыңыз, аударыңыз.
-
Керек, пайда, жақсы, үшін, көп, табу, еңбектену.
-
Пайда, ол, жазда, көп, анасына, тигізді.
-
Қытайда, салық, рет, пайда болды, алғаш.
-
Жақсы, экономиканы, ол, пайда, саған, білсең, әкеледі.
3.9. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыз, аударыңыз.
1. Ұлттық валютаны алғаш енгiзгенде әлемдiк тәжiрибе бойынша 1 теңгелiк классикалық номинация түрi жасалды. 2. Сол кезде 3, 5, 10, 20, 50, 100 теңгелiк банкноттар енгiзiлдi, оларға Әл-Фараби, Абай, Сүйiнбай, Шоқан, Құрманғазы, Абылай, Әбiлқайыр хан бейнелерi салынды. 3. Кейiннен инфляция жағдайында олар айналымнан шығып қалды.
3.10. Шағын мәтінді орысшадан қазақшаға аударыңыз.
Письмо
Дорогой друг! Ты уже знаешь, что я студент. Я учусь в городе Рудном. Там есть индустриальный институт. Я дружу с Ерланом и Арманом, они хорошие ребята. Я изучаю казахский язык, уже немного говорю по-казахски. Мы понимаем, когда преподаватель говорит медленно. Мне нравится учиться здесь.
Пиши! Жду ответа. До свидания. Олег.
3 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Бақылау тапсырмалары студенттік өз бетімен жұмыс істеуіне негізделеді. Қазақ тілінен қандай да болмасын жетістікке жету үшін институттағы 1-ші күніңізден бастап қазақ тілінен біліміңізді толықтыруға тырысыңыз. Сөздік қорды күн сайын қолданып, қайталап, толықтырып отыру қажет. Сіздің бұл бастамаңызда осы әдістемелік нұсқау көмек береді деп ойлаймыз.
Нұсқауда қазақ тілі курсын оқып жалғастыруға, бақылау жұмысын орындауға қажетті теориялық сұрақтар – грамматикалық минумум берілген. Ол материалдарды мұқият оқып шығып, бақылау жұмысын орындауда пайдаланыңыз.
Бақылау жұмысының әр нұсқасы 10 тапсырмадан тұрады. 1-ші тапсырмада емтихандағы монолог тақырыптары жазылған. Ол курстың лексикалық минимумы болып табылады және емтихандағы монолог тақырыптарын құрайды. 2-10 тапсырмалар грамматикалық тақырып-тарды бекітуге, айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым дағдыларын дамытуға арналған түрлі тапсырмаларды қамтиды. Осындай тапсырмалардан құрылған грамматикалық тестілерге жауап беру емтихан кезінде де талап етіледі. Бақылау жұмысын орындауда сіздің сөздік қорыңыз көбейіп, біліміңіз толығуы тиіс.
4 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Бақылау жұмысының орындалу ретін қазақ тілі сабағында оқытушы түсіндіреді.
Бақылау жұмысы арнаулы оқушы дәптеріне орындалады. Көлемі оқушы дәптерінің 10-12 бетінен аспауы тиіс. Бақылау жұмысын орындауда дәптердің бірінші бетіне ешнәрсе жазылмайды. Жұмысты орындауда дәптерде міндетті түрде кең қызыл сызық (широкие поля) сызылады. Бұл рецензентке пікір, түзетулер жазу үшін қажет. Жұмыс мұқият, таза, әрі әріптер дұрыс та, әдемі жазылуы шарт. Жұмыс тор көз дәптерге (тетрадь в клетку) орындалса, онда жол қалдырылып (пишется через строчку) жазылады. Жұмысты орындауда қазақша мәтін дәптердің сол жақ бетіне, ал оң жақ бетіне сол тапсырмалардың орысша аудармасы жазылады.
Әр тапсырмалар жаңа жолдан басталуы тиіс. Әр тапсырмада қойылған немесе жазылған қосымшалар анық белгіленуі тиіс. Мысалы, септік жалғауын табу керек болса, табылған жалғаулар белгіленіп, үстіне септігі жазылады.
Бақылау жұмысының соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі беріледі. Бақылау жұмысы оқытушыға сабақ басталмас бұрын тапсырылады, тексеруге бір апта уақыт беріледі. Оқытушы қажет деген жағдайда жұмыс студентке қайтарылады. Түзетілген жұмыс қайтадан таза дәптерге жазылады. Емтихан сессиясына дейін студент бақылау жұмысын қорғап шығу тиіс.
Егер бақылау жұмысы студенттің шифрына сай келмесе, әлде оған қойылатын талаптар орындалмаса оқытушы оны тексерместен қайтарып беруге құқылы.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Бектұров Ш.К. Қазақ тілі для начинающих. Алматы, Рауан, 1994.-
345 б.
2. Казахско-русский, русско-казахский терминологический словарь. Экономика и финансы, Алматы, Рауан, 2000.- 340 с.
3. Кущанова К.А., Сұлтанғалиева М.Д. «Қазақстан экономикасы» 050506 «Экономика», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттері үшін қазақ тілі пәнінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау, Рудный, РИИ, 2006. - 32 б.
4. Күзекова З. Қазақ тілі (экономикалық мамандықтар үшін). Алматы, Раритет, 1999. - 172 б.
5. Құлмағамбетова Б., Елемесова Ж. Қазақ тілін үйренушілерге көмек. Алматы, Рауан, 1990. – 208 б.
6. Махмудов Х. Қазақша-орысша сөздік. Алматы, Өнер, 2001. - 544 б.
7. Мурзалина Б. Казахский язык для интенсивного обучения. Алматы,
Рауан, 1990. – 152 с.
8. Нургалиев П. Краткий русско-казахский словарь. Алматы, Каз.Совет. Энциклопедиясы, 1989.-448 б.
9. Оралбаева Н. Практикалық қазақ тілі. Алматы, Ана тілі, 1993. –
272 б.
10. Сариева К. Мы говорим по-казахски. Алматы, Казахстан, НКС Гаклия, 1992. - 109 с.
11. Султангалиева М.Д. 050901 ОПД мамандығы үшін қазақ тілінен практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау. Рудный, 2006. – 67 б.
12. Түймебаев Ж.Қ. Қазақ тілі. Грамматикалық анықтағыш. Алматы, Ғылым, 2004. – 107 б.
Қосымша А
(анықтамалық)
Бақылау жұмысының негізгі парағының (титульный лист) үлгісі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Рудный индустриалдық институты
Қазақ тілі кафедрасы
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Пәні: «Қазақ тілі»
Орындаған:
Тобы:
Шифры:
Тексерген:
«__» _________ 200_ ж.
Рудный 2008
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Рудный индустриалдық институты
Қазақ тілі кафедрасының мәжілісінде қарастырылды
Хаттама № ____ , «___» ____________ 2008 ж.
Кафедра меңгерушісі Ж.Ж.Мұстафина
ЭжАЖФ-нің ӘК мәжілісінде мақұлданды
Хаттама № ____ , «___» ____________ 2008 ж.
ӘК төрайымы Л.П.Курбетьева
ОӘК–нің мәжілісінде бекітілді
Хаттама № ____, «___» ____________ 2008 ж.
ОӘК төрағасы Е.С.Зұлқарнаев
Казақ тілі кафедрасы
050506 «Экономика», 050507 «Менеджмент», 050511 «Маркетинг» мамандықтарының студенттері үшін «Қазақ тілі» пәнінен бақылау
жұмыстарын орындауға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Рудный 2008
Достарыңызбен бөлісу: |