Ќазаќстан Республикасыныњ білім жѕне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата17.11.2022
өлшемі379.16 Kb.
#465092
1   2   3   4   5
39a305f5975067242b4c6b4021216cf5

 және 
параметрлік емес әдістер. 
Қазіргі кезде кең қолданылатын параметрлік әдістерде орта 
мән немесе деректер дисперсиясы (дисперсия данных) сияқты 
параметрлер қолданылады. 
Параметрлік емес әдістер зерттеуші өте аз таңдаулармен 
немесе сапалық деректермен жұмыс істегенде қолданылады. Бұл 
әдістер есептеу жағынан да, қолдану жағынан да қарапайым. 


№7 тақырып. Педагогикалық эксперимент. 
Жоспары: 
1. Педагогикалық эксперименттің мәні. 
2. Эксперименттің түрлері. 
1. Педагогикалық эксперименттің мәні. Педагогикаклық 
тәжірибе. Ғылымда эксперимент деп (латын сөзінен experimentum 
– сынау, байқау, тәжірибе) процестің немесе құбылыстың 
көшірілуі немесе өзгеруін оны қолайлы жағдайларда оқып білу 
мақсатымен ұсынатын зерттеу әдістері аталады. 
Экспериментальді ғылымның басшысы – Фрэнсис Бэкон, 
ғалым, тек қана жинап, жинағандарын пайдаланатын құмырсқаға 
да, өз ойынша өрмек тоқитын өрмекшіге ұқсамауы керек, ол 
гүлдерден салық жинап, оны балға өңдейтін ара іспеттес болуы 
керек. 
Эксперименттік зерттеу адамзаттың қоғамдық тарихи және 
теориялық, танымдық өміріндегі аса маңызды қырларының бірі, 
оның ғылымдағы маңызы да үлкен. 
Эксперимент – адамзат практикасындағы болжамдардың 
ақтқаттығын тексеруге арналған әрекеттердің бірі. Ғылыми таным 
әдісі ретіндегі педагогикалық эксперименттің мәні недк? Біршама 
анықтамаға жүгінейік: «Педагогикалық эксперимент дәл есепке 
алынған жағдайдағы тәрбие құбылыстарына жасалған ғылыми 
тәжірибелер немесе бақылаулар». Осының барысында тәрбие мен 
оқытудың шарттары мен оның нәтижелерінің арасындағы 
қандайда бір педагогикалық ықпалдылықтың тәуелділігі 
анықталады (Педагогикалық сөздік). 
2. Эксперименттің түрлері. 
Педагогикалық эксперимент әртүрлі болуы мүмкін және ол 
бірнеше белгілердің негізінде топтастырылады: а) эксперимент 
шарты әрекеттің уақыты бойынша – ұзақ және қысқа мерзімдік. ә) 
зерттелетін педагогикалық құбылыстың құрылымы бойынша 
қарапайым және күрделі. Б) зерттеудің мақсаты бойынша – 
педагогикалық процестің барысын өзгертуші эксперимент 
(немесе оны қалыптастырушы эксперимент, жасампаздық 
эксперимент деп атайды), дәйектеуші эксперимент, бақылаушы 
эксперимент және т.б. 
Экспериментті 
жүргізуді 
ұйымдастыру 
бойынша 
– 
лабороториялық, табиғи, кешенді (комплексті) болады. 


Дәйектеуші эксперимент игерілген білімді немесе белгілі бір 
болжамдарды нақтылау, тексеру үшін пайдаланылады. Қандай да 
бір 
педагогикалық 
процестерді 
оқып-үйрету 
барысында 
педагогикалық ықпал мен нәтиженің арақатынасын дәйектеу 
қажет болады. Эксперименттің кез-келген түрі мынадай 
жағдайлардың болуын талап етеді: а) болжамдардың әзірленуі; ә) 
эксперименттік 
жұмыстар 
бағдарламасының 
жасалуы, 
практикалық тәрбие тәжірибесіне қатысатын әдістер мен 
әдістердің анықталуы; б) эксперименттік жұмыстар процесін 
жүзеге асыру үшін қажетті шашалардың атқарылуы; в) 
эксперимент 
барысы 
мен 
нәтижесін 
қаржыландыратын 
жолдармен тәсілдердің әзірленуі; г) жетекші ғылымның 
эксперимент жүргізушінің бұл жұмысқа қатысатын барлық 
мұғалімдерді (студенттерді) әзірлеу; ғ) зерттеу жүргізушілермен 
зерттелетіндердің ара-қатынасының дұрыс жолға қойылуы. 
Эксперимент үш сатыдан тұрады: 
- бастапқы білім және шеберлік бақылауы
- қабылданған факторға әсері; 
- білімнің қорытынды бақылауы. 
Өткізілген орны бойынша табиғи және лабораториялық 
педагогикалық эксперимент жүргізіледі. Табиғи экспериментті 
атақты орыс психологы А.Ф. Лазуровский (1874-1917) ұсынған. 
Оның мақсаты бойынша, зерттеуші сол немесе басқа 
педагогикалық құбылыстарды қорыта келіп оқушылар мен 
мұғалімдер күнделікті әрекеттерін бұзбай педагогикалық жағдай 
тудыруға тырысады. 
№8 
тақырып. 
Білім 
беру 
мекемесіндегі 
ғылыми-
экспериментальдық жұмыс.
Жоспары: 
1. Эксперименттік іс-тәжірибе, зерттеу жұмысының әдістері, 
эмпирикалық, теориялық, анықтаушы және қалыптастыру 
әдістері 
Ақырғы он бес жылдар ішіндегі өзгерістер, қоғамдағы 
демократиялық және рыноктық экономика өзінің соңынан білім 
беру саласындағы негізгі фигура мұғалімдерге де жетті. Даму 
бәрімізге белгілі инновациялық процесс арқылы жүреді. 
Дегенмен жаңалықтар еңгізу және оны игерудегі педагогтардың 


зерттеп-ізденушілігі 
мен 
эксперименттік 
іс-әрекеттерін 
жатқызамыз. 
Бүгінгі таңда мұғалімнің негізгі міндеті-шығармашылықты 
жұмыс жасауға ізденуі, эксперименттер жүргізуі керек. 
Оқушыңның жеке тұлғасын жетілдіру мақсатында әдіс-тәсілдер 
мен оқу-тәрбие процесінің мазмұны мен әдістерін жаңадан құру 
талап етіледі. Ол үшін бүгінгі күн талабына сай болашақ 
мұғалімдердің даярлығын қамтамасыз ететін педагогикалық 
шарттарды анықтап алу қажет. 
Мектептерде, 
лицейлерде, 
мұғалімдер 
зерттеу 
жұмыстарымен айналысады. 
Зерттеу іс-әрекетінің обьектісі бала болып табылады. Демек 
мұғалім балаға білім беріп, білігі мен дағдысын қалыптастыруда 
зертеулер жүргізіп, барлық жауапкершілікті өзіне алады. Демек 
мұғалімнен жеке басының компетенттігі, кәсібимаман екендігіне 
сенімі мол болуы талап етіледі. Мұғалімнің компетенттігін кәсіби 
маман екендігін, оның зерттеуге даярлаған әдістемесі мен 
ғылыми негізде ұйымдастырылып өткізуінен байқауға болады. 
Зерттеу (латын сөзінен тікелей аударғанда іс-тәжірибе, іденіс 
бастауы немесе ғылыми негізделген іс-тәжірибе деп аталады). 
Зерттеу жасалған әдістемені (жаңа технология, жүйелі 
мәселені 
т.б.)жаңа 
жағдайда 
педагогтар 
мен 
немесе 
басқарушылар мен жүзеге асыру. 
Зерттеу- мектептегі белгілі проблемма бойынша зерттеу 
жұмысын жүргізу. Зерттеу-таным әдісі, нақты немесе қолдан 
жасау, басқарылатын және бақылауға келетін педагогикалық 
құбылысты зерттеу, жаңалықтарды іздестіру педагогикалық 
проблемманы және міндеттерді шешетін сапалы тәсіл. 
Зерттеу- мектепті басқару, балаларды оқыту, тәрбиелеу және 
дамытуға бағытталған және бақылауға келетін педагогикалық 
жаңа технологияларды апробациялайтын және жағдай туғызатын 
педагогикалық іс-әрекет. 
Зерттеу-зерттеу әдісі-нақты фактылерды анықтайтын, 
педагогикалық іс-әрекеттің және факторлардың оптималды 
нәтижесін шығару үшін мақсатты қолдану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет