Ќазаќстан Республикасыныњ білім жѕне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата17.11.2022
өлшемі379.16 Kb.
#465092
1   2   3   4   5
39a305f5975067242b4c6b4021216cf5

Іс-әрекет тұлға дамуының негізі, құралы және шешуші 
шарты. Бұл факт педагогикалық зерттеулермен педагогика 
практикасында іс-әрекеттік тұрғысынан қаратыруды іске 
асыруды қажет етеді. 
Іс-әректттік тұрғысынан қарастыру баланы тану, еңбек және 
қарым-қатынас субъектісі позициясына қоюды талап етеді. Бұдан, 
өз кезегінде, адамның мәні оның іс-әрекетімен салыстырғанда 
анағұрлым бай, жан-жақты және күрделілігінен туындайтын 
полисубъектілік (диалогтік)  тұрғысынан қарастыру пайда болды. 
Полисубъектілік тұрғысынан қарастыру адамның позитивті 
потенциалына, оның өзін-өзі жетілдіру және тұрақты дамуының 
шексіз шығармашылық мүмкіндіктеріне сеніміне негізделеді. 
Полисубъектілік, тұлғалық және іс-әрекеттік тұрғыларынан 
қарастырумен бірлікте ізгілік (гуманистік) педагогикасының 
негізін құрайды. 
Жоғарыда 
аталған 
әдіснамалық 
қағидатер 
мәдениеттанушылық тұрғысынан қарастырумен бірге іске 
асырылады. Мәдениет бұл жағдайда адамзат іс-әрекетінің 
айрықша түрі ретінде қарастырылады. Іс-әрекеттің универсалды 
сипаттамасы ретінде ол іс-әрекеттің әлеуметтік-гуманистік 


бағдарламасын және бағытын, құндылық ерекшеліктерін, 
нәтижелерін анықтайды. Сонымен, тұлғаның мәдениетті игеруі 
оның шығармашылық іс-әрекет әдістерін игеруін де көздейді. 
Адам, бала нақты мәдениәлеуметтік ортада өмір сүреді және 
бір этносқа жатады. Осыған сәйкес мәдениеттанушылық 
қағидаінен этнопедагогикалық қағидаі туындайды. Осыдан 
интернационалдықтың (жалпыадамзаттықтың), ұлттықтың және 
даралықтың бірлігін көруге болады. 
Аталған әдіснамалық қағидатер біріншіден, жалған емес, 
шын, айқын мәселелерді бөліп алуға және оларды шешу 
әдістерін, стратегиясын анықтауға, екіншіден, өте маңызды білім 
бағдарламары жиынтығын диалектикалық бірлікте және 
тұтастықта талдау, үшіншіден, объективті білімдер алуға 
мүмкіндік береді. 
№ 3 тақырып. Педагогикалық зерттеудің мәні. 
Жоспары: 
1.Зерттеудің объектісін, зерттеу пәнін таңдау, проблемалары 
мен мақсатын белгілеу. 
2. Мәселе қою және зерттеудің болжамдарын жүйелеу. 
1. Зерттеудің объектісін, зерттеу пәнін таңдау, проблемалары 
мен мақсатын белгілеу. Ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз – 
адамның еңбектену іс-әрекетінің ерекше түрі. Бұл іс-әрекет 
адамнан еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша туындаған сәтсіздікті 
жеңе білу қабілетін, оның интеллектуальды мүмкіндіктерін 
барынша пайдалануды қажет етеді. Ғылыми еңбектің мақсаты 
адамзатқа осы уақытқа дейін беймәлім ақиқатты ашу, табиғат 
жұмбақтарына тереңірек үңілу, адамзат игілігіне пайдаланатын 
табиғи күштерді қолданудың жаңа жолдарын, адамды, оның ішкі, 
яғни дене күштерін және рухани қайратын зерттеу. Ғылым 
аясында еңбек ету әрқашанда құрметті және мәртебелі болып 
саналған. Өздерін ғылымға арнаған адамзат баласының ең жақсы 
өкілдерінің есімдері халық жүрегінде мәңгі сақталуда. 
Ғылымда бір нәрсе жасау үшін жас ғалым осы салада терең 
білімге, еңбекқорлыққа ие болу керек, өз таным іс-әрекетінде 
қомақты нәтижеге жету үшін басқа да қажетті талаптарға сай 
болу керек. 


Зерттеу объектісі бойынша ғылым жаратылыстану және 
гуманитарлы болып бөлінеді. 
Зерттеу – бұл жаңа ғылыми білімнің құрылу, әлемді 
танудың кеңеюінің процесі - адамзат іс-әрекетінің бір түрі болып 
табылады. Ғылыи зерттеу объектілігінен, қайта өндеумен, 
дәлелдеумен, алынған нәтиженін дәлдігімен сипатталады. 
Ғылыми қорытындының объективтілігі мен сенімділігі
зерттейтін процесс пен құбылыстардың мәнінің түснігіне жалпы 
ыңғайына тәуелді. Педагогикалық іс-әрекетті зерттеуінің
методологиялық платформасы – бұл таным теориясы. Жалпы 
ғылыми танымның әдісі бағыттағыш функцияны атқарады. 
Факт түрінде зерттеу мәселесі оның ғылыми зерттеу 
мақсатына айналады, себебі знрттеуші өзінің шығармашылық 
ізденіс барысында қалыптасқан мәселені шешуге мүмкіндік 
беретін қолайлы жағдайлар мен шаралар жүйесін жоспарлауға 
тырысады. 
2. Мәселе қою және зерттеудің болжамдарын жүйелеу. 
Белгілі бір проблеманы шешу кез келген ғылыми зерттеудің 
мақсаты болып табылады. 
Мақсат – зерттеудің нақты міндеттеріне бөлінеді. Зерттеу 
міндеттерін зерттеуші пайда болған проблемаларды теориялық 
талдау негізіне және оны шешуді мектеп практикасында бағалау 
негінде қояды. Бар нәрсені талдап алмай болуға тиіс жобаны 
игеру мүмкін емес. Өкінішке қарай мұндай кемшіліктер 
педагогикалық зерттеуде әлі де кездеседі. 
Қандай да бір проблеманы шешудің теориялық және 
практикалық жағдайын талдау осы мәселеге қатысты әдебиеттер 
мен танысудан басталады. Бұл ретте проблеманың теориясына 
қатысты кітаптармен ғана емес, сонымен бірге мектептердің 
белгіленген бағыттағы жұмыс тәжірибесі туралы жарық көрген 
шығармалармен де қаруланған да дұрыс. 
Зерттеудің міндеттері мынадай элементтерді өз құрамына 
кіргізеді: 
- жалпы проблеманың құрамына кіретін белгілі бір 
теориялық мәселелерді шешу; 
- осы проблеманың практикалық шешімдерін тәжірибе 
жүзінде оқып үйрету, оның түрлері жағдайын анықтау, түрлі 
кемшіліктері мен қиындықтарын, олардың себептерін озық 


тәдірибелерінің түрлі сипаттарын, тағы басқа қасиеттерін 
белгілеу; 
- Алға қойылған дидактикалық міндеттерді шешу үшін 
қажетті шаралар жүйесін негіздеу; 
- Ұсынылған шаралар жүйесінің негізінде тәжірибелік 
тексерулер жүргізу және олардың тиімділік талаптарына сай 
келуін анықтау; 
- Зерттеудің нәтижелерін практикалық жұмыста пайдалану 
үшін әдістемелік ұсыныстар әзірлеу. 
Айтылып отырған міндеттердің жиынтығы зерттеудің 
мақсатын тұтастай көрсетуге бағытталған. Жұмыстың мақсаты 
зерттеу проблемасына сақадай сай келуі қажет. Мұндай 
логиканың бұзылуы зерттеуге бей берекетсіздікке жол беріп, 
қойылған мінлеттерді толық орындауға кедергі жасайды. 
Бір де бір ғылыми зерттеу зерттеушінің оның жүрісі мен 
нәтижесін болжап, алдын алуынсыз жүрмейді. Ғылыми алдын алу 
– педагогикалық зерттеудің ойдағыдай жүзеге асуының ең басты 
жағдайларының бірі. Ғылыми алдын алудың жалпы қабылданған 
түрі болжам болып табылады. Болжамды ұсыну ғылыми 
заңдардың 
ашылуына, 
педагогикалық 
құбылыстардың 
арасындағы жаңа байланыстардың, жаңа білімдердің ашылуына 
әсер етеді. Болжамды тұжырымдау жиі өткенді шолатын талдау, 
оның тенденцияларының шығуы мен осы тенденциялардың 
келешекке таралу негізінде жүзеге асырылады. Негізінен, ғылыми 
болжам – зерттеу мәселесінде қалыптасқан сұраққа болжамалы 
жауап, бұл зертеушінің мақсатқа жетуінің (қозғалуының) 
сипаттамасы, бұл жазылған болжам, ой, ақыл-ойда өзіндік 
зерттеу, теориялық ойлау түрлерінің бірі, осылардың арқасында 
ғылымда жаңаның, жаңалықтың ашылуы болады. 
№4 
тақырып. 
Педагогикалық 
зерттеу 
әдіснамалық 
сипаттамалары. 
Жоспары: 
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері. 
2. Педагогикалық зерттеуді жүргізу әдістемесі. 
1. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.
Әр ғалами зерттеу болашақғылыми ізденістің негізгі 
(бастапқы) позицияларын белгілеуден басталады. Зерттеу іс-


әрекетінде бұндай өзгеше санау нүктесі болып ғылымның 
әдіснамасы саналады. Ғылыми зерттеудің әдіснамалық негізінің 
мәнін бағалау қиын. Онсыз зерттеу алғашқы кезеңдерінен ақ 
субъективті, аргументтелген, зерттеушінің өз түсінік шеңберімен 
шектелген болады. Оның (зерттеушінің) ізденісі көп мөлшерде 
сынау мен қателер әдісімен байланысты, ал егер зерттеушіні 
кейбір болжамға және қорытындыға әкелсе де, бұл кездейсоқ 
болады. Мұқият, ойланған әдіснамалық негіз зерттеушіні, 
зерттелетін құбылыс пен процестер талдауына, тек қана шын 
ғылыми объективті ыңғаймен қамтамасыз етпей, сонымен қоса 
зерттеу нәтижесінің болжауын ұзақ уақытқа қамтамасыз етеді. 
«Әдіснама» ұғымын анықтайық. Әдіснама (грек сөзінен 
аударғанда methodologos - әдістуралы ғылым) ғылыми білім 
саласы ретінде біршама жас. Ол ғалымдардың ғылыми іс-әрекеті 
негізінде, ғалымдардың шығармашылық іс-әрекеті процесінде 
қолданатын тәсіл мен әдістердің талдауы негізінде, оларды 
жүйеге келтіруі және салыстыруы негізінде шықты. Әдіснама - 
күрделі ұғым және ғылымда кең әрі бір жақты мағынада 
түсіндіріледі. Кең мағынада әдіснама бүкіл ғылыми пәндерге әр 
жақты ғылыми танымның философиялық негізгі позициясын 
қамтамасыз етеді. Философиялық энциклопедия әдіснамаға 
мынадай анықтама береді – «бұл таным әдістері мен болмысты 
өзгерту туралы философиялық ілім, таным процесіне, жалпы 
рухани шығармаға қолданатын дүние тану принциптері туралы 
ілім». Бүкіл ғылымдарға бұндай универсалдық (әр жақты) негізі 
позиция болып материалистік диалектика саналады, табиғаттың, 
қоғамның және адам ойлауы жалпы дамуының ең жалпы заңдары 
туралы ғылыми білімнің саласы. 
2. Педагогикалық зерттеуді жүргізу әдістемесі. 
Педагогикадығы жүйелік ыңғайдың айқын көрінетін 
көрсеткіші 
болып 
толық 
педагогикалық 
процестің 
проблемаларының жете зерттеуі болып табылады. (В.Е.Гурман, 
М.А.Данилов, Ф.Ф.Королев, В.В.Краевский, В.А.Сластенин, 
Н.Д.Хмель). Н.Д.Хмельдің теориялық жұмыстарында келесісі 
сендіре айғақталады: мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі болып 
педагогикалық процесс табылады. Оның мазмұны «мұғалімдер-
оқушылар» жүйенің ішіндегі педагог ролінің жетекшілігімен 
мақсатталып бағытталған іс-әрекеттің ұйымдастыруынан тұрады. 


Жүйелік ыңғай позициясынан жете зерттелген педагогикалық 
процестің теориялық моделі келесіні айғақтауға көмектеседі – 
мұғалімге өз іс-әрекет объектісінің кей ғана компоненттерін 
жақсарту жеткіліксіз. Оның бүкіл құрастырушылары туралы 
толық жүйелік көзқарас қажет, негізгі заңдылықтарды білу қажет, 
қозғаушы күш, тәрбмелік механизмдержәне педагогикалық 
процестің 
өзінің 
ішіндегі 
басқару 
қарым-қатынастың 
спецификасын білу қажет. Бұл деген мұғалімге қажет 
профессинолдық қасиеттердің жиынтығы. 
Педагогикалық 
ғылымның 
әдіснамасының 
маңызды 
ерекшелігі болып педагогикалық құбылыстар мен процестерді 
зерттегенде қолданатын тарихи ыңғай саналады. Бәріне белгілі, 
әр ғылымның нәтижелі дамуы көбіне бұрын жиналған 
идеялардың потенциалына тәуелді болатындығы. Педагогикадағы 
тарихи 
зерттеушінің 
творчествалық 
ізденісінде 
сүйеніш 
позицияларының тұжырымын белгілейді, бұл жерде алған 
нәтижелерінің шындығын көрсететін әрекет ретінде шығады. 
№5 тақырып. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық 
әдістері. 
1. Зерттеудің логикалық әдістері. 
2. Модельді құрастыру әдістері. Модель түрлері. 
1. Зерттеудің логикалық әдістері. Қандай болмасын 
зерттеудің негізгі мәселелерінің бірі ақиқатқа әкелетін 
зерттеушілік қадамдардың логикалық кезектесуін анықтай 
отырып, едәуір сенімді, экономикалық жолмен шығармашылық 
ізденісін жүзеге асырып көру болып табылады. Көптеген 
ғасырлар бойы ақиқатқа қарай қозғалыс басты түрде интуиция 
мен бақылау жолымен іске асырылды, бірақ ғылыми қызметтің 
бүкіл аудандарында шығармашылық ізденіс процесі бірте-бірте 
ғалымға өнімді ізденіс қамтамасыз ететін зерттеу процесі мен 
жағдайларының талдауы қажет болған көлемін (масштабын) 
қабылдады. 
Ғалымдармен зерттеудің сәттілігі көбіне зерттеушінің 
логикалық қадамдарын тиянақты ойластыруынан, зерттеушілік іс-
әрекеттің өзіндік алгаритміне байланысты екені бекітілді. 
Зерттеушінің ғылыми ізденістің логикаксындағы алғашқы қадамы 
танымдық қарама-қайшылықты анықтау болып табылады. 


Ғылымның дамуын сол тәжірибелі берілгендер түсіндіре 
алмайтын, немесе олардың ғылымда баяндамасы бір мағыналы 
емес бар ғылыми теориялар мен жаңа жағдайлардың, жаңа 
тәжірибеліберілгендердің, жаңа фактілердің арасындағы, білу мен 
білмеудің арасындағы қайшылықтарды шешу мен жеңусіз, 
жаңаны құру көрінісінсіз көруге болмайды. Педагогикалық 
зерттеудің 
ерекшелігі 
педагогикалық 
құбылыстар 
мен 
процестерді ғылыми зерттеу негізінде жатқан қайшылықтың 
әрдайым әлеуметтілігімен негізделеді, өйткені педагогикалық 
ғылым жалпы, педагогикалық зерттеу жеке «қоғам» жүйесінің 
жүйе тармағы бола отырып оның мәселелерін бейнелі 
сипаттайды. 
2. Модельді құрастыру әдістері. Модель түрлері. 
Модельдеу әдісінің талдауына ауыса отырып, ол ғылымның 
жаңаша бейнеленуі сияқты мәселе емес екенін ескеру қажет. 
Модельдеу тарихына мыңдаған жылдар болды. Медицина атасы 
Гиппократтың өзі адам көзінің зерттеуі кезінде модель ретінде 
бұқа көзін пайдаланды. Бұған қарамастан қазіргі уақытта ғана 
модельдеу арнайы және философиялық зерттеулердің пәні болып 
қарастырылды. Бұл осы әдіс электроника мен кибернетиканың 
дамуымен байланысты революциялық жағдайдан өтуімен 
түсіндіріледі. Модельдеу ғылыми танымның ерекше және 
әмбебап әдісі ретінде танылады. Бұл әдіс спорадиялық және 
стихиялық түрде пайдаланылады. 
Модельдер деп таным объектін ауыстыратын және ол туралы 
ақпарат көзі қызметін атқаратын материалдық жүйелер ретінде 
түсіндіріледі. Зерттеу мақсатына тәуелді модельдер әртүрлі 
принциптерге классификацияланады. Олардың ішінде жалпылары 
деп келесілерді көрсетуге болады: 
- таным процесіндегі қолдану мақсатына қарай модельдердің 
классификация принципі; 
- түп- нұсқасы жайлы ақпаратты қайта жасау тәсілдеріне 
қарай модельдердің классификация принципі; 
- модель жасауындағы адамның қатысу дәрежесіне қарай 
модельдердің классификация принципі. 


№ 6 тақырып. Педагогикалық зерттеудегі мәліметтерді 
статистикалық және математикалық әдістер. 
Жоспары: 
1. Математикалық әдістер. 
2. Статистикалық әдістер. 
1. Математикалық әдістер. Адамды қоршаған әлемнің екі 
жағы бар – сандық және сапалық. Сапас – заттың қандай 
екендігін көрсететін қасиеттер жиынтығы. Ал саны (количество) 
осы қасиеттің шамасын, мөлшерін анықтайды. 
Педагогикалық құбылыстарды зерттеуде сандық әдістерді 
қолданудағы негізгі кедергі олардың табиғаты және сипатымен 
байланысты. Классикалық матемаикалық аппарат педагогикалық 
күрделі құбылыстарды талдау үшін ыңғайланбаған. Бұл 
кемшілікті екі жолмен жоюға болады:
1) дәстүрлі математикалық әдістермен талдау үшін 
құбылыстарды қарапайым түрге келтіру; 
2) формалды сипаттаудың жаңа әдістерін жасау және 
қолдану.
Педагогикада сандық әдістерді қолданудың екі бағытын 
ажырату қажет. Біріншісі – бақылаудың, сауалнаманың және 
эксперименттің нәтижелерін өңдеу үшін, екіншісі – оқыту-тәрбие 
процесін модельдеу, диагнстикалау, болжау, компьютерленіру 
үшін. 
Бірінші бағыт әдістері қазіргі кезде кең қолданылады. Оған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет