Зерттеліп отырған белгісінің шамасы (величина признака)
көп объектіге ондай белгісінің шамасы аз объектіден үлкен сан
беріледі. Ал көрші рангтерінің мәндерінің
ара қашықтығы еркін
болуы мүмкін (оны зерттеушінің өзі анықтайды).
Рангтік бағалау үлгісі ретінде оқушылардың жұмыстарын
және жауаптарын бес балдық шкала бойынша бағалауды айтуға
болады.
Өсу ретінде жазылған кез–келген
сандар реті жарамды,
себебі санаудың нольдік нүктесі мен терттік өлшеудегі көрші екі
сандардың арасындағы интервал белгісіз.
Бұл сандар осы бақылау жұмысы, бөлімы, курсы және т.с.с.
бойынша оқушылардың білім көлемін емес, олардың білімдерінің
рангтік бағасын береді.
2. Статистикалық әдістер.
Статистиканың негізгі үш бөлімін көрсетуге болады:
1) сипаттау статистикасы;
2) индуктивтік статистика;
3) корреляция.
Сипаттау статиситикасы деректерді кестелер, графиктер
түрінде сипаттауға мүмкіндік береді.
Индуктивтік статистиканың міндеті - осы таңдаудағы
алынған
нәтижелерді
аталған
таңдау
алынған
барлық
популяцияға таратуға болатындығын немесе болмайтындығын
тексеру.
Корреляцияны өлшеу екі айнымалының бір-бірімен
қаншалықты байланысты екендігін білуге мүмкіндік береді. Осы
арқылы
бір айнымалының мәнін білсек, екінші айнымалының
мүмкін болатын мәнін болжауға болады.
Корреляция дәрежесін қорытуға немесе еспетеуге мүмкіндік
беретін статистикалық әдістердің екі түрі бар
: параметрлікДостарыңызбен бөлісу: