Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі


Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар



Pdf көрінісі
бет29/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42
kozhamzharov

3.Қарулы қақтығыстағы арнайы әскери іс-қимылдар 
Жалпы әскери бӛлімшелердің шағын аймақтағы соғыс 
қимылдарының ұрыс тәжірибесінің айғақтағанындай, қалыпсыз 
қарақшылық құрамалармен күресудің жаңа тәсілдерін іздеп 
табудың қажеттілгі пайда болды, ол тәсілдер қарсы күресудің 
таптаурын тактика деп аталатын позициялық ұрыстың түрінен 
елеулі ерекшеленетін болу керек. 
Арнайы 
әскери 
іс-қимылдар 
(АӘҚ) 
тактикалық 
шаралардың тәсілдері мен уақыты, орны, тапсырмалары 
бойынша ӛзара байланысты және мақсаты бір бӛлімдер мен 
бӛлімшелер әрекетінің жиынтығын құрайды. Ол құрлық 
әскерлерінің бӛлімдері мен бӛлімшелерінің, басқа қарулы 
күштердің құрылымдарымен ӛзара әрекет ететін ланкестік, 


92 
диверсиялық және басқа да қарақшылықпен айналысатын 
жасақтар мен топтарды қырып-жоюға бағытталған шараларды 
жүзеге асырады. АӘҚ-тың басты ӛзгешелігі — олар заңсыз 
қаруланған құрылымдарға қарсы күрес жүргізеді. Заңсыз 
қаруланған құрылымдар тұрақты әскерлермен ашық қарулы 
қақтығысқа келмейді, ол соққысын астыртын жүргізеді, 
"әлсіздің" "күштіге" қарсы қимылының әдісін пайдалана отырып 
титықтатады. 
Лаңкестікке және диверсияға қарсы акцияларды ӛткізудің 
ерекше маңыздылығы сонда—тұрақты әскерлерге күтпеген 
жерден кез келген уақытта және кез келген орында пайда 
болатын және әп-сәтте кӛзден таса болатын жаудың қарсы 
тұруында. Сондықтан да мұнда нақты белгіленген майдан шебі 
болмайды» бірақ жер-жерде күрес жүреді, біршама қауіпсіздік 
аймағындай тыл жоқ. Барлық жердегі майдан, жан-жақтан тӛнген 
қауіпті жағдай әскери қызметшілердің психологиясына әсер етеді 
және олардың дене күшін әлсіретіп, моральдық тұрғыдан 
күйзелтеді. 
Осындай жағдайдағы қарсыласпен күрес оның ниеті мен 
жоспарын ӛз уақытында ашып, айлакерлік пен әскери ӛнерге 
баулиды. Мұнда маңызды рӛлді тиімді іздеу-барлау іс-
қимылдары атқарады. Олардың мақсаты — заңсыз қаруланған 
құрылымдар жасақтарының орналасу орнын, олардың ұрыстық 
құрамының, басқару пункттерінің, қоймаларының, базаларының, 
тірек пункттерінің бар болуын анықтау. Бұл үшін агентура, 
тараптық, әуе, радио және радиотехникалық барлау, арнайы 
тағайындалған барлау ұйымдары және әскери барлаудың күштері 
мен құралдары жұмылдырылуы мүмкін. Осылардан алынған 
мәліметтерді нақтылау үшін іздеу-барлау топтарын жұмылдыру 
тиімді болып табылады. Олардың құрамы — бӛлімшедегі 
взводқа дейін. Міндетті орындаудың негізгі тәсілі — іздеу. 
Іздеу жүргізудегі іздеу-барлау топтарының әрекет циклы 
мынадай болуы мүмкін: 3-4 тәулік — жауынгерлік тапсырманы 
орындау; 2-3 тәулік — демалыс, әскери техника мен қару-
жарақты күту; 3-4 тәулік — ішкі күзеттегі қызметті атқару; 2-3 
тәулік — ұрыс тапсырмасын орындауға дайындық. 


93 
Іздеу-барлау топтарын іздеу ауданына шығу тәсілі 
жағдайдың шартына байланысты мынадай болуы мүмкік 
тікұшақтардан десант түсіру; соңынан сауытты техникада 
жылжу, жаяу реттегі іс-әрекеттер, парашютті тәсілмен түсіру. 
Содырлар отрядын іздеу үшін, әсіресе, олар кең кӛлемді 
аумақтарда шашыраңқы орналасса, ұшақтар, тікұшақтар, 
ұшқышсыз ұшу апараттары қолданылуы мүмкін. 
Террорлық, диверсиялық жасақтар мен топтарды тікелей 
жою барлау-соққылары және рейдті шабуылдау барысында 
жасалады. 
Барлау-соққы беру ұрыс қимылдары заңсыз қаруланған 
жасақтардың орналасқан жерін іздеу барысында жеткілікті 
дәрежеде анықталмаған жағдайларда қолданылады. Олар 
байланысшыларды, 
барлаушыларды 
содырлардың 
шағын 
топтарын басып алу және жою үшін, сондай-ақ қамтамасыз ету 
базасын (топтарын), оқ-дәрі қоймаларын, басқару (штаб) 
пункттерін; тұтқындарды және қару-жарақтардың үлгісін басып 
алу; нысандарды жоюда әуе соққысымен, содан соң артиллерия 
атысымен аяқтау, арнайы тағайындалған бӛлімшелерді (барлау-
соққы беру тобын (БСТ) пайдаланып, ірі қарақшы жасақтарының 
шоғырлану аудандарын, жылжу бағыттарын барлау үшін 
жүргізіледі. Мұндай ұрыс қимылдардың ең нәтижелі тәсілдері 
мынадай: торуыл, қосарлы торуыл, алдап-аңду торуылы, күтпелі 
торуыл, спрут торуыл, соққы торуыл, тап беру торуыл, қамаушы 
торуыл, алдауыш торуыл, шабуыл торуылы, соққы тап беру, 
қосарланған тап беру. 
Торуыл – барлау-соққы беру тобының немесе оның бӛлімінің 
ұрыс қимылдарының тәсілдері. Бұл кезде олар қарақшылардың 
жылжу жолына орналасып, содан соң оларды жою, қолға түсіру, 
құжаттарды, қару-жарақтардың үлгісін және әскери техниканы 
қолға түсіру үшін шабуыл жасайды. Олардын ұрыстық (күшінің) 
әлеуетін тӛмендетіп, қимылдарын үзеді. Торуыл жергілікті 
жабық жерлерде, тар жерлерде, шатқалдарда, асуларда 
ұйымдастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет