Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет27/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
kozhamzharov

Орманда бӛлімшелер орман жолдарын бойлай орналасады. 
Орманнан ӛрт шыққан жағдайда қосалқы ауданға шығу жолдары 
дайындалады. Құтқару жұмыстары мен ӛрт сӛндіруді кезекті 
бӛлімшелер, қажет жағдайда жеке құрам басқарады. 
Топырақта су саңылаулары кӛп болған жағдайда жеке 
құрамға арналған жертӛлелер мен паналар, қару-жарақ, ұрыс 
және басқа техникаға арналған оқпаналар мен тасалар 
үйінділермен жарақталады. 
Әуе қарсыласымен күресуге бӛлінген атыс құралдары 
қарсылас ұшақтары мен тікұшақтарын тауып атуға арналған 
алаңдарға, орман шетіне, алаңқайларға орналастырылады. Бұл 
атыс құралдарының кейбір бӛлігі ағашпен жарақталған 
алаңқайларға орналастырылуы да мүмкін. 
Шӛлде бӛлімшелер, негізінен, жыраттарда, жылғаларда 
сексеуіл ӛсінділері мен табиғи тасаларда, мүмкіндігінше, арықтар 
мен басқа да су кӛздеріне жақын жерлерде орналасады. Мұнда 
әуе шабуылына қарсы қорғанысқа, бүркемелеуге су кӛздері мен 
кӛшпелі құмдардың радиоактивті және химиялық зақымдануына 
барлау жасауға, жұқпалы аурулардың алдын алуға, су мен 
отынды үнемді пайдалануға, ішу режімін сақтауға және сумен 
жабдықтау пункттерін қорғауға айрықша кӛңіл бӛлінеді. 
Қысқа бӛлімшелерді орналастыру үшін желден қорғалған 
аудандар таңдалады. Бӛлімшелердің орналасқан ауданнан 
шығуға арналған жолдарының ашықтығына, жарамдылығына 
кӛңіл бӛлінеді. Жеке құрамды жылыту үшін жылытылған және 
от жағылатын тасалар жарақталады. Ұрыстың және басқа 
техникалар, қару-жарақтар ақ түске боялуы мүмкін. Машина 
тетіктері қажет жағдайда әлсін-әлсін қыздырылып отырады. 
Мұнда жеке құрамды газдан тұншығудан, үсу мен қатып қалудан 
сақтаудың шаралары қабылданады. 
Взвод сақтық күзетінде 
Бір орынға орналасу кезінде бӛлімдер (бӛлімшелер) тек 
тікелей емес, сонымен бірге қауіп тӛнетін бағыттарға қойылатын 


88 
және орналасу ауданына негізгі кіре берістерді қамтитын сақтық 
күзетімен де қорғалады. 
Сақтық күзетке бӛлінетін бӛлімшелердің саны мен құрамы 
күзетілетін бӛлімдердің қарсыластан қашықтығына, күзетілетін 
бағыттың маңыздылығына, күзетілетін бӛлімнің ұрысқа жазылуы 
мен кіруіне қажетті уақытта, жергілікті жер сипаты мен бақылау 
шарттарына байланысты болады. 
Күзет заставасы — күзет отряды немесе күзетілетін 
бӛлімшелерден 
жіберілген, 
әдетте, 
күшейтілген 
взвод 
құрамындағы сақтық күзетінің органы. Оның міндеті — 
күзетілген бӛлімшелерге қарсылас барлауының енуіне жол 
бермеу, жол үсті қарсыласын дереу табу, ол туралы күзетілетін 
әскерлерге хабарлау және қарсылас шабуылдаған жағдайда 
иеленген бекінісін табанды түрде қорғау. 
Түнгі уақытта және кӛру шектеулі жағдайларда және ашық 
қапталдарға бӛлімшелер позицияларының аралығындағы жерді 
байқау үшін қосарланған патрульдер, ал жасырын кіре 
берістерге, күндіз де қарсыласты дер кезінде табу және ол туралы 
күзет заставасы командиріне хабарлау үшін құпиялар жіберіледі. 
Күзет заставасына тағайындалған взвод командирінің 
жұмыс тәртібі әрбір нақты жағдайда ұрыс міндеттеріне, 
қалыптасқан жай мен уақытша байланысты болады. 
Сақтық күзеті қорғанысқа ыңғайлы және қарсылас бекінісін 
жақсы шолуды қамтамасыз ететін шепке орналасады. 
Патрульдерді жіберу кезінде взвод командирі олардың 
қозғалыс бағытын міндеттерін, қызмет ӛтеу тәртібін, қарсылас 
анықталған кезде қимылдау ретін түсіндіреді және рұқсат 
қағазын береді. Патрульдер кӛрсетілген бағытпен жүріп, 
жергілікті жерді мұқият тексереді. Қарсыластың жекелеген 
сарбазы кездессе, ол тұтқынға алынады, не жойылады. Қарсылас 
тобын байқаған сәтте, аға күзетіші оның қимылдарын бақылауды 
ұйымдастырады және ол туралы дереу күзет заставасы 
командиріне хабарлайды. 
Күзетілетін бӛлімшелерге енуге тырысқан қарсыластың 
шағын топтарын взвод тұтқынға алады немесе жояды. 
Қарсыластың басым күштерінің шабуылы кезінде взвод оған 
тиесілі атыс құралдарының нақты ату қашықтығына қарсылас 


89 
жақындағанда атыс жүргізеді. Күзет заставасын қорғаныс шебіне 
қарсыластың жақындау шамасына қарай атыс жоғары қарқында 
ӛтеді. Взвод бірінші кезекте қарсыластың танкілері мен басқа да 
сауытты машиналарын жояды, содан кейін пулемет, автомат, 
отшашардан ату арқылы танкіден жаяу әскерді бӛліп тастап, 
жояды. Күзет заставасы қорғанысының шебіне енген қарсыласты 
тірей ату арқылы гранатамен және қоян-қолтық айқаспен 
соғысады. Тереңдікке және қаптал жанына қарсыластың 
жылжуына жол бермеу үшін орлар мен оқпаналарда, қатынас 
жолдарында шұғыл түрде кірпілер, керме бӛгеуілдер және басқа 
да алдын ала дайындалған тасымал кедергілер қойылады. 
Қарсылас тың шебін орағыта ӛткен жағдайда күзет 
заставасы айналма қорғанысқа кӛшеді де, иемденген бекінісін 
күзетілетін бӛлімшелер жақындағанша немесе шегіну туралы 
бұйрық алғанша табанды түрде ұстап тұруды жалғастырады. 
Негізгі және қосымша позициялардан қарудың барлық түрінен 
ату арқылы қарсыласты жояды. Шегіну, жергілікті жер 
қатпарларын, бӛгеттерді және түтінді қолдана отырып, жобалап 
ату арқылы жүзеге асырылады. 
Күзет заставасы ӛз позициясын биік жоталарда, асуларда, 
жол тораптарына, арналарда, анғарларда, жергілікті жердің басқа 
да маңызды жерлерінде жабдықтайды. Бӛлім позициялары 
құлама, ығысу мен бату мүмкіндігі жоқ жерден таңдалады. Олар 
қарсыласты кӛп қабатты қапталдан, айқастыра және бойлай 
атуды қамтамасыз ететіндей және "бос" кеңістік болмайтындай 
етіп таңдалуы керек. 
Атыс құралдары қабат-қабат орналастырылады, атыс 
жүйесі олардың арасында байланыс болатындай және айнала 
қорғаныс қамтамасыз етілетіндей болып құрылады. Жаяу 
әскердің ұрыс машиналары мен танкілерінін атыс позициясы 
алыс қашықтыққа атыс жүргізуді қамтамасыз ететін жерде 
орналасады. 
Позицияны инженерлік қамтамасыз етуде тастар, құм мен 
топырағы бар қатпар пайдаланылады. Инженерлік Құрылғылар 
оған оқ қоспалары мен су ақпайтындай және граната домалап 
түспейтіндей етіп жарақталады. Күзет заставасы айналып ӛтетін 
бағыттарға күзет посттары, құпиялы орындар қойылып, 


90 
патрульдеу ұйымдастырылуы мүмкін. Қарсыластың жүру 
жолына арнайы дайындалған топтар жасанды түрде құламалар 
мен ығысулар дайындауы мүмкін. Қарсылас жақтың шабуылы 
байқалған шақта гранаталар кеңінен қолданылады және оны 
лақтырғанда домалап кетуі ескеріледі. Қарсылас жақтың 
танкілерін дӛңес жерлерде, әсіресе жіңішке жолдарда жойған 
дұрыс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет