Қазақстан республикасыныњ білім жңне ѓылым министрлігі


Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10]



Pdf көрінісі
бет17/42
Дата16.06.2023
өлшемі0.86 Mb.
#475137
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42
kozhamzharov

 
Негізгі әдебиеттер: [5, 9,10]. 
 
№ 7 тақырып. Шабуылдағы взвод. 2 сағат 
1.Штаттық қару-жарақ пен ұрыс техникасы 
2. Қазіргі заманғы ұрыстың сипаттамасы және оның 
түрлері 


66 
3.Мотоатқыштар взводының (ротасының) жорықтық, ұрысқа 
кіру және ұрыстық реті. 
 
1.Штаттық қару-жарақ пен ұрыс техникасы 
Тактика — ұрыс туралы ілім. Ол Қарулы Күштердегі 
барлық әскер түрлерінің бӛлімшелері мен бӛлімдерін ұрысқа 
дайындау мен ұйымдастыру және жүргізудің теориясы мен 
тактикасын қамтиды. Тактика жауынгерлер, бӛлімдер мен 
бӛлімшелерден жоғары жауынгерлік машықты, жеке қару-
жарақтың ұрыстық мүмкіндіктерін толық пайдалануды, сондай-
ақ бӛлімдер мен белімшелердің қару-жарақ пен техниканы, ұрыс 
жүргізудің 
тәсілдері 
мен 
әдістерінің 
сан 
түрін 
шығармашылықпен қолдануды талап етеді. 
Тактиканы дұрыс таңдап алудағы мақсат — ұрыста жеңіске 
жету. Тактика ӛнері жетілген сайын және жауынгерлер, бӛлімдер 
мен бӛлімшелер тактикалық тәсілдер мен әрекеттерді неғұрлым 
кӛп игерген сайын, жену мүмкіндігі де соғұрлым мол. Кез келген 
ұрыс тактикалық тәсілдерден басталады, жүзеге асады және 
аяқталады. Тактикалық дайындық жауынгерлерді оқытудағы 
барлық әскери пәндердің басын біріктіретін маңызды пән боп 
саналады. 
Тактиканы терең меңгеру ұрыста дұрыс қимылдай алу және 
ӛз қаруы мен техникасын жетік қолдана білу жауынгерлерге 
мықты қарсыластарды жеңуіде мүмкіндік береді. 
Штаттық қару-жарақ пен ұрыс техникасы 
Мотоатқыш бӛлімшелері — взвод, рота — тактикалық 
бӛлімше болып саналады. Олар ұйымдастырылған түрде 
мотоатқыштар бӛлімінің негізін құрайтын және жалпы-әскери 
бӛлімше болып табылатын мотоатқыш батальонының құрамына 
кіреді. 
Мотоатқыш взводының (МАВ) құрамында ӛз взвод 
командирі, взвод сержанты және үш мотоатқыш бӛлімшесі 
(МАБ) болады. Сондай-ақ взводта жаяу әскер ұрыс машинасы — 
ЖҰМ (БТР), Макаров тапаншалары, Калашников қол 
пулеметтері 
мен 
автоматтары, 
танкіге 
қарсы 
қол 
гранататқыштары, танкіге қарсы және жарықшақты қол 
гранаталар болады. 


67 
Мотоатқыш ротасы (МАР) үш мотоатқыш взводынан 
құралады. Ротада атқыш-зенитшілер болуы мүмкін. ротанын 
қару-жарағында 
ЖҰМ 
(БТР), 
Макаров 
тапаншалары, 
Калашников автоматы мен қол пулеметтері, танкіге қарсы қол 
гранататқыштары, жарықшақты және танкіге қарсы қол 
гранаталары, сондай-ақ атқыш-зенитшілер қолдануы мүмкін 
зенитті-ракеталар болуы керек (1-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет