студенттің құзыреттілігі Теориялық білімнің негізін біле отырып шығармашылық идеяларды құра білуге;
-сыни ойлау тұрғысынан ойлай білуді;
-диваргентті ойлауды, жағдаяттарды жаңаша шеше білуді,
-өзінің таңдаған мамандығының әлеуметтік маңыздылығын, болашақ кәсіби іс-әрекетте жоғары ойлауды сезіну;
-таңдаған мамандығының негізгі терминдік сөздерін, формалары мен әдістемелерін үйрену;
-таңдаған мамандығының болашақта жауапкершілігін сезіне білу.
Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері: Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері:
Пәннің пререквизиттері; Кәсіптік оқыту әдістемесі, Қолданбалы қол өнері негіздері
Пәннің постреквизиттері:
Курстың мазмұны: Бұл пәнде ұлтымыздың салт-дәстүріне тән көптеген бұйымдарды жасаудың әдіс-тәсілдерімен қатар олардың жасалу технологиясының теориялық, практикалық негіздері келтірілген. Мұндағы жасауға арналған бұйымдардың түпнұсқасы кәдесый түрінде берілген (мысалы асадал, келі-келсап, күбі, сандықша натюрморт т.б.).
Дәстүрлі материалдардың көркем өңдеуі пәні жоғары оқу орындарындағы студенттерге ұлттық дәстүрлі материалдарды топтастыруды және оны қазіргі заман талабын сай жасай білуді үйретеді. Бағдарламада музейге, көрмеге және атақты суретшілермен, халық шеберлерімен және жаңашыл суретшілермен кездесу қарастырылған. Тапсырмалар мен білім жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ емтиханды алуға арналған. Бұл пәнде дәріске арналған сағат бөлінбеген.
Бағдарламада теріні көркемдеп өңдеу туралы түсінік, көркемдеп өңдеудің түрлері, көркемөнер бұйымдардың, халықтық бұйымдардың және теріден жасалынған сувинерлер кәсібінің дамуы, өңдеу, технологиялық өңдеудің ерекшелігі, өңдеудің түрлерін, көркемөнер мүмкіндіктерін және өңдеуді қолдану арқылы бұйымдарды жасау барсын көрсету қарастырылады. Сонымен қатар дәстүрлі сәндік қолданбалы өнер түрлері ұлттық киім, ондағы ою-өрнектер, ұлттық тұрмыстық бұйымдардың жасалу жолдарымен таныса отырып қазіргі заман талабына сай ұлттық бұйым алаша тоқудың бір түрі гобелен өнеріне тоқталады.