МҚБЖ –мәліметтер қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Қолданылу түріне байланысты
МҚБЖ дербес және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access т.б. жатады. Көпшiлiк қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпқолданылушы МҚБЖ-не
Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады. МҚБЖ-ң негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады.
Мәліметтерді анықтау (Data definition) –сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдай-ларда сіз, сонымен қатар, мәліметтерді тексеру форматы мен критерийін бере аласыз;
Мәліметтерді өңдеу – мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады;
Мәліметтерді басқаруда–сiз мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен қатар, мәліметтерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі дегеніміз-жаңа мәліметтер базасын құруға, оны мәліметтермен толтыруға, мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға арналған программалық құралдар кешені. Дүние жүзінде мәліметтер қорын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі обьектілермен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын түрінің өзгешелігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар
кешені қалыптасқан.
Қазіргі МҚБЖ-ін жобалау кезінде CASE-технологияның элементтері қолданылады:
Мәліметтер қорының көрінетін схемасы;
әртүрлі өзгертулер кезінде мәліметтер қорының бүтіндігін автоматты түрде сақтау (мәліметтер қорындағы мәліметтерді қосу, жою және модификациялау);
жобалау кезінде “шебер” қызметі қолданылады-кестелер шебері, форма шебері, есеп шебері және т.б.
кең қолданылатын мәліметтер қорының, формалардың, есептердің және т.б құрылымының прототипі(шаблоны) құрылған.
Қарапайым мәліметтер қорының құрылымы
Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да ол мәліметтер қоры болып қала береді. Өйткені онда мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген обьектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады. Екі өлшемді кестенің құрылымы жолдар мен бағандардан тұрады, соған сәйкес мәліметтер қорының құрылымы өрістер мен жазбалардан тұрады.
Өрістер мәліметтер қорының құрылымын ғана емес, сонымен қатар мәліметтердің топтық қасиеттерін де анықтайды.
Өріс атауы-кесте бағандарының тақырыптары ретінде қолданылады, мәліметтер қорына автоматтандыру операцияларын қолданғанда осы өрістің элементтеріне қандай қатынаста болу керектігін анықтайды;
өріс типі-берілген өрістегі мәліметтер типін анықтайды,
өріс өлшемі-берілген өріске енгізілетін символдардың ақырғы ұзындығын анықтайды,
Енгізу қалқасы (маска ввода)-енгізудің түрін анықтайды;
Қолтаңба(подпись)-берілген өріс үшін кесте бағанының тақырыбын анықтайды(егер қолтаңба көрсетілмесе, онда баған тақырыбына өріс атауы қасиеті пайдаланылады);
Үнсіз келісім бойынша қабылданатын мән(значение по умолчанию)
ұяшыққа автоматты түрде енгізілетін мән;
Мәнге қойылатын шарт(условие на значение)- мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексеру үшін қолданылатын шектеу;
Қате туралы хабар(сообщение об ошибке)-қате мәліметтерді енгізген кезде пайда болатын ескерту;
Міндетті өріс (обьязательное поле)- мәліметтер қорын толтырғанда берілген өрісті міндетті түрде толтыру қажеттігін анықтайтын қасиет;
Бос жолдар (пустые строки)-бос жолдан тұратын мәліметтерді енгізуге рұқсат беретін қасиет;
Индекстелген өріс(индексированное поле)- егер өріске осы қасиет берілсе, онда осы өрісте сақталынған жазбаларды сұрыптаумен, іздестірумен байланысты амалдар жылжамдатылады. Индекстелген өрістер үшін
жазбалардағы мәндердің қайталануын тексеруді ұйымдастыруға болады. Бұл өрістер қасиеті мәтіндік типті өріске қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: |