Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет35/60
Дата03.10.2023
өлшемі1.42 Mb.
#479683
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60
МК-Лекция

Мәлiметтер қоры – ақпараттар сақталатын қойма. Мәлiметтер қорынан керегiне қарай қажеттi мәлiметтер алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады.
Мәліметтер базасының обьектілері
Кестелер. Бұл кез-келген мәліметтер базасының негізгі обьектісі болып табылады және мәліметтер базасының құрылымын анықтайды. Ал басқа обьектілер алдын-ала дайындалған кестелердің негізінде құрылады.
Кесте-мәліметтерді жазба және өріс түрінде сақтауға арналған обьект болып табылады.
Сұраныс. Бұл обьекті мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде шығарып береді. Сұраныс бір немесе бірнеше дайын кестелердің негізінде құрылады. Сұраныстың көмегімен мәліметтерді сұрыптау, сүзгілеу амалдары орындалады. Сұраныстың ерекшелігі-олар негізгі кестелердегі мәліметтердің негізінде уақытша қорытынды кесте құрады.
Қалыптар. Мәліметтерді енгізу құралы болып табылады. Ол қолданушыға тек толтыруға рұқсат етілген өрістерді толтыру құралдарын ұсынады.
Есептер. Өзінің қасиеттері мен құрылымы жағынан есептер қалыпқа өте ұқсас келеді, бірақ ол мәліметтерді тек баспаға шығаруға арналған.
 Беттер. Web-бетте орналастырылатын және қолданушыға сол Web-беттен берілетін, HTML кодында жазылатын өте айрықша обьект.
Макростар мен модульдер. Бұл категориядағы обьектілер осы МҚБЖ-
мен жұмыс істеу кезінде қайталанатын операцияларды автоматтандыруға және программалау арқылы жаңа функцияларды құруға арналған.
Сұранысты ұйымдастыру әдiстерi және түрлерi
Сұрау (запрос) белгiлi бiр ақпараттарды алуға талап болып табылады. Сұрау бiр немесе бiрнеше кестелерден құрылады. Сұраудың нәтижесi таңдау (выборка) деп аталады. Мәлiметтер қорында таңдау сақталмайды; ол әрбiр рет сұрауды орындағанда жаңадан құрылады да оны жапқанда жоғалады.
Сонымен, ақпараттарды таңдау үшiн бiрiншiден, қандай ақпарат керек болып тұрғандығын; одан кейiн ол ақпарат қай кестеде сақталғандығын бiлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет