Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет4/60
Дата03.10.2023
өлшемі1.42 Mb.
#479683
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
МК-Лекция

3 Ақпарат, түрлері, формалары және қасиеттері.
Ақпарат тасымалдауыштар

Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан.Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелеу. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.


Ақпарат –қоршаған ортадағы объектілер мен құбылыстардың параметрлері,қасиеттері, жай күйі туралы білімді кеңейтетін, анықталмағандықтарды азайтатын мәліметтер жиыны.
Бізді қоршаған ортадағы сан алуан ақпаратты әр түрлі белгілерге байланысты топтауға болады.
Ақпарат шығу облысына байланысты былай бөлінеді:
 қарапайым–бұл жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді;
 биологиялық– өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.
 әлеуметтік– қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді. Ол адамның практикалық өмір тіршілігімен тығыз байланысты, сондықтан адамның қанша тіршілік түрі болса, сонша әлеуметтік ақпараттық түрі мен типін ажыратуға болады. мысалы, қоғамға байланысты ақпаратты көпшілік, арнайы және жеке деп жіктеуге болады.
Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей ажыратады:
 визуальды- көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады;
аудиальды дыбыс арқылы таратылады;
 тактильді – сезім арқылы;
органо-лептикалық иіс және дәм арқылы;
 машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады. Информатикада ақпараттың екі түрін қарастырады.
1. аналогтік, яғни кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, Адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар);
2. үзілісті, яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал. Дискретті процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире).
Информатика тұрғысында ақпараттың негізгі қасиеттері мынадай:
оның анықталған бір жүйемен үзіліссіз байланысы;
 құрылымдылығы – түскен сигналдардан ақпаратты айқындауға мүмкіндік береді.
 пайдалылығы - ақпараттың мақсаты мен міндетін анықтауға мүмкіншілік береді.
 Құндылығы–ақпараттың тұтастығымен, анықтылығымен, актуальділігімен, пайдалылы-ғымен анықталады.
Есептеу техникасының өзінің жүйесі бар– ол екілік кодтау деп аталады және мәліметтерді 1 мен 0-ден тұратын екі белгінің тізбегімен жазуға мүмкіндік береді. Бұл белгілер екілік цифрлар немесе биттер деп аталады (bit- ағылшынша, binary digit-тің қысқаша жазылуы).
Бит–ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. 8 биттің комбинациясы байт деп аталады. ЭЕМ-да кез-келген таңбаны және санды биттердің көмегімен жазуға болады. Практикада ақпаратты өлшеу үшін үлкен өлшем бірліктер қолданылады:
1 Кбайт = 210 байт; 1 Мбайт = 210 Кбайт; 1 Гбайт = 210 Мбайт.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет